«Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы Абай оқулары байқауының сценарийі Жүргізуші: Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі - Абай.
Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол-Абай.
Жүргізуші: Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.
Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Ендеше мектебіміздің талапты жастары қатысқалы отырған «Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бұл сайысқа 8-10 сыныптардан жалпы саны 10 оқушы қатысып отыр.
Олай болса, ортаға қатысушыларды шақырайық.
Ортаға қатысушылар шығады Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, келесі кезекте бүгінгі сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Каржаубаева Гулфайрус Нуфтуллақызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Хасан Оралхан Сайтқұлұлы - Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
------------------Ақжүніс -----------------------------қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Ал енді сайыс шарттарымен таныс болыңызда
Жоғары сыныптар үшін
1 кезең - «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу,
2 кезең – «Абай жолы» роман эпопеясынан үзінді оқу,
3 кезең – «Білгенге маржан» сұрақ-жауап сайысы
7-сыныптар үшін 1 кезең - «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу бөлімі
Олай болса, қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, оларды сахна сыртына шығарып салайық.
(Сахнаға әншілер шығып, «Әсемпаз болма әрнеге» әнін орындайды.) Ал енді сайысымыздың негізгі кезеңдеріне көшейік Жүргізуші: Алғашқы болып ортаға 9-10-сынып оқушылары шығып, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқиды. Қарсы алайық!
(Өлең оқып болған соң күй кетеді) Жүргізуші: Майысып қос шегіңнен күй өткенде,
Ой туар жүрек түгіл, сүйектен де.
Домбырам қайран менің, қайран менің,
Ризамын сені маған сый еткенге – деп ақын Жұмекен Нәжімеденов жырлағандай, сіздерге 9-сынып оқушысы Атшыбай Қолғанат «Көңіл толқыны» күйін тарту етеді, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған. Ал Абайдың табиғатты жырлауы мүлдем ерекше.
Жүргізуші: Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Олай болса, 7-сынып оқушылары табиғатты Абай тілімен түрлендірсін, ортаға шақыралық.
(7-сынып оқушылары өлең оқиды)
Ал енді сайысымыздың келесі бөліміне де келіп жеттік.
Бұл бөлімде жоғары сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқиды
Алғашқы болып ортаға 10-сынып оқушысы Исатаев Әмір шығады.
Көшкінбаева Ұлдана
Абзалқызы Ұлжан
Нұрлыбай Аиза
Шыңғысқызы Жайдары
Дәулет Әлия
Оқушылар кезекпен-кезек үзінділерін оқиды.
Жұргізуші: 2-бөлімді артқа тастап, 3-бөлімге де келіп жеттік, ары қарай қатысушыларымыз кезектесіп әділқазылар алқасының алдында тұрған сұрақтарды суырып, жауап береді, әр оқушы 2 сұрақ суырады, жоғары сынып қатысушыларын ортаға шақырамыз.
Барлығы шығып, кезекпен сурақ суырып, жауап береді. Осыдан кейін ортаға Нилюфар мен Мәруа шығады Осымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мұраларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Адамзаттың Абайы» Абай оқулары байқауы өз мәресіне жетті, баршаңызға рақмет айтамыз, қош сау болыңыздар.
«Ф.Оңғарсынова атындағы №29 ЖББОМ» КММ «Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы Абай оқулары байқауының сценарийі