Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Хазіреті Әлидің пайғамбарымызбен қауышуы



бет102/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Хазіреті Әлидің пайғамбарымызбен қауышуы
Хазіреті Әли Пайғамбардың тапсыруымен құрайыштардың Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) аманат еткен бағалы заттарын иелеріне таратып беру үшін Меккеде қалып еді.
Өзіне жүктелген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындаған соң Хазіреті Мұхаммедтен үш күн кейін ол да жолға шыққан. Арып-ашып үздіксіз жүріп отырған күйі Пайғамбарымызды Құба ауылында қуып жетті. Көп жүргеннен аяқтары ісініп, табаны тілім-тілім болған бауырымен Хазіреті Мұхаммед жылап көрісті. Құшақтасып, мауқын басқан соң Әли үшін Аллаh Тағалаға қол жайып, шипа тіледі де мүбәрак қолымен аяғын сылап, ісігін айықтырды.
Аллаһ Расулы Құба ауылында он күн түнеп, бұл уақыт ішінде Құба мешітінің құрылысын аяқтап, құтты мекенде намаз оқиды.
Бұған дейін де мұсылмандар тарапынан кішігірім мешіт салынғанмен, Ислам жамағаты үшін тұңғыш тұрғызылған ғибадатхана осы Құба мешіті саналады.
Гүлсім ибн Хидмның құрма кептіретін алқабында іргетасы қаланған бұл мешіттің құрылысында Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) аянбай еңбек етті. Кесектің ең ауырын, құрылысқа қажетті тақтайдың ең үлкенін көтеріп, өзгелерге өнеге көрсетті. Бұл көрініске бейқам қарап қала алмаған сахабалар:
“Уа, Расулаллаh! Өзіміз-ақ жасаймыз. Сен тек нұсқаушымыз бол”- деп қанша айтса да, Пайғамбары- мыз (с.а.у.) көнбей, мұсылмандардың қатарында тер төгіп қызмет еткен. Аллаh Расулының қажыр-қайраты, тақуасы, батылдығы мен еңбекқорлығы мұсылмандарға өшпес өнеге болған. Бола береді де…
Құба мешітінің маңызы
Құба мешіті Ислам тарихында ерекше маңызға ие. Пайғамбардың өзі бас болып құрылысына қатысқан, мүбәрак қолдарымен кірпішін қалаған бұл ғибадатхана Құранда “Тақуа мешіті” деп бейнеленген.
Тәуба сүресінің 108-аятында Аллаh Тағала бұл мешіт жайында былай деген:
«(Мұхаммед!) Ол мешітте әсте намаз оқыма. Әу бастан-ақ тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа әбден лайық. Онда заттық және рухани кірлерден тазалануды жанындай сүйетін адамдар бар. Аллаһ та тазаланғандарды сүйеді.»
Бұл ғибадатханаға Аллаh Расулы ғұмыры бойынша әр сенбі сайын жаяу не көлікпен келіп зиярат етіп, ішінде намаз оқитын. Мұсылмандарға да барынша тазарып келіп, Құба мешітінде намаз оқыған адамға Умра – кіші қажылық сауабы жазылатынын ескерткен.
Ислам жолындағы кедергілер ақырындап жойылып, иман нұры шартарапқа жайыла бастаған кезеңде тұрғызылуының өзі Құба ауылындағы мешіттің маңызын арттыра түсетіндей…
Құбадан аттаныс
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құбада он күн болып, кезекті жұма күні Мәдинаға аттанды. Кәсуа атты түйесіне мінген Аллаһ Елшісі жанында Нәжжар ұлдарынан қарулы жүз әскер, садық досы Хазіреті Әбу Бәкір бар еді. Сырттай қарағанда Құба ауылынан Мәдинаға бет түзегендердің көрінісі көңіл қуантарлықтай, ғибратқа толы болатын. Бір кездері Меккеде өзін қолдайтын біде-бір адам болмай, азапты күндерді өткерген Пайғамбарлар Сұлтаны енді жүректерін иман жаулаған нұр жүзді, жүздеген тілеулестерінің ортасында келе жатыр. Бұл топ өздеріне дүние мен ақыреттің жолын көрсеткен ұлы тұлғамен таңның атысы, күннің батысы зарыға, сарыла қауышқан еді. Әрбіреуінің жүзіндегі сол сәттегі шаттықты тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
Өмір ағысы оңалған сыңайлы. Тағдыр тауқыметін көтере алғандарға күле қарай бастаған. Мұсылмандар көңілі жайланған, өмірлеріне дән риза. Бәлкім, адамзат тарихындағы ең бақытты шақтың көрінісі осы ма еді, кім білсін?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет