Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы



бет103/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы
Аллаһ Елшісі жолшыбай Салим ибн Ауф ұлдарының мекеніне соғып, Рануна алаңқайында жұма намазын оқыды.
Бұл – Пайғамбарымыздың Мәдинадағы тұңғыш жұма намазы. Намаздан кейін Аллаh Расулы екі хұтба жасады. Аллаhқа мадақ айтқан соң ол былай деді:
“Уа, халайық!
Денсаулығыңыз бар кезде ақырет үшін азық жинаңыздар. Қиямет-қайымда шопансыз қалған қойдың да сұрауы болады. Хақ Тағала барлық пенделерін есепке тартады.
“Саған мен елшімді жібердім. Расулым тура жолды түсіндірмеді ме? Мен саған мал-мүлік, ғұмырың бойынша ырзық-несібе бердім. Ал сен ақырет үшін не жинадың?” дегенде пенде оңына, солына қарап, ештеңе көре алмайды. Ақыретке азық жинамаған болса, алдынан тозақ оты көрінеді. Сондықтан кімде-кім мына дүниеде жарты құрмамен болса да, жақсылық жасасын. Өзін ақырзаманда құтқаратын амал жасасын. Ол да болмаса, жақсы сөз сөйлеп құтқаруға тырыссын. Жақсы сөз де – сауап.
Аллаhтың сәлемі, берекеті мен рақметі жаусын!”
Екінші хұтба
Екінші хұтбаның қысқаша қысқаша мазмұны былай:
“Аллаh Тағала ғана мақтауға лайық. Аллаhты мадақтап, оған шүкір ете отырып, одан жәрдем тілеймін. Нәпсіміздің шерінен (жаманшылығынан) және жамандық жасаудан Аллаhқа сыйынамын. Аллаh таңдап хақ жолға түсірген пендесіне ешкім де кедергі бола алмайды. Аллаh қаламағанды ешкім де тура бағытқа сала алмайды.
Аллаhтан басқа тәңірінің жоқтығына куәлік келтіремін. Ол – жалғыз, серіксіз.
Сөздің ең көрнектісі – Аллаhтың кәламы. Кімде-кімнің жүрегіне Аллаh Тағала Құранмен өрнек салып, күпірліктен айықтырған соң, ол пенде Құранды басқа сөзден төмен санаса, ақыры қайыр болмайды.
Шынында да, көркем сөздің мәйегі – Аллаhтың кітабында. Аллаhтың ұнатқанын ұнатып, ұлы Жаратқанға шексіз сүйіспеншілікпен беріліңіздер. Аллаhты зікір етуден (еске алып, айтудан) жалығушы болмаңыздар. Аллаhтың сөзіне шүбә келтірмеңіздер. Өйткені, Ол не нәрсенің де ең жақсысын таңдай біледі. Адамға арам мен адалды ажыратып көрсеткен де – Сол. Аллаhқа ғибадат етіңіздер. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңыздар. Тек қана жақсылық жасауға әрекеттеніңіздер. Бір-біріңізді Аллаh ризалығы үшін жақсы көріңіздер. Аллаh антын бұзғандарға азап береді.
Бәріңізге Аллаhтың сәлемі, рақымы жаусын!”
Ақабадағы келісім бойынша мәдиналық мұсылмандар Аллаһ Елшісін көздерінің қарашығындай қорғауға тиіс болатын. Сол уағдаларын жүзеге асырар сәт те келіп жеткен еді. Пайғамбарымыз екінші хұтбасын айтып болған соң Мәдинаға бет түзейтінін білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет