Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет97/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
Үңгірден аттаныс
Рәби’уләууал айының төртінші дүйсенбісі…
Үңгірден шығар сәт те келіп жетті…
Хазіреті Әбу Бәкір екі түйенің қоңдырағын досы Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) ұсынып:
“Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ, міне мінітің де әзір”- деді.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):
“Тұра тұр, асықпа досым. Мен мына түйенің құнын төлемей міне алмаймын”- деді.
Хазіреті Әбу Бәкір:
“О не дегенің, сенің жолыңда мал түгілі жанымыз пида. Кел мін”- деді.
Мұхаммед (с.а.у.) келіспеген соң Хазіреті Әбу Бәкір түйенің сатып алғандағы бағасын айтуға және оны алуға мәжбүр болды. Үрайкиттің ұлы Абдуллаһ бастап, қастарына Әбу Бәкірдің қызметшісі Амирді де алып, екі дос Сәуірмен қош айтысты.
Аллаһ Елшісіне туып-өскен мекенінен айырылу оңай болмады. Артына қайта-қайта қарайлап, мұңды жанарын Меккеге тігумен болды. Хәзрауа алқабына келгенде түйесін тоқтатып көз ұшында қалып бара жатқан туған қаласына деген қимастық сезімін төмендегі сөздермен білдірді:
“Уаллаһи, сен Аллаhтың жаратқан мекендерінің ішінде ең құттысысың. Аллаh сүйген орынсың.
Мен үшін де сенен қайырлы, сенен әсем жұрт жоқ.
Кетуге мәжбүр болмасам, басқа жерден қоныс іздеп көшпес едім. Қош бол, туған жер – атамекенім!”
Хақ Тағала осы сәтте сүйікті құлын жұбату мақсатымен төмендегі аяттарын түсірді:
Әрине, ол Құранды түсіріп, таратуды саған парыз қылған Аллаh сені қайтадан қауышар мекеніңе (Меккеге) оралтады.” (Қасас сүресі, 85-аят)
Дұшпанның қолына түсіп қалмау үшін Мәдинаға көпшілік жүретін жолдан гөрі тасалау жолға түскенді дұрыс деп біліп, жолаушылар оңтүстікке қарай Қызыл теңіз жағалауындағы Тихама елді мекеніне дейін барып, сосын солтүстікке бұрылды. Теңізден қашықтап, шөлді бетке алып аяңдай берді. Сейсенбі күні түске дейін түйеден түспей жол жүрді. Екінші күні түс әлетінде жолай кішкене тыныстап алмақ болып тоқтайды. Пайғамбарымыз көз шырымын алуға жатады. Хазіреті Әбу Бәкір болса, аяулы досын күзетіп, айналасын қырағы көзбен шолып отырады. Әлден уақытта ұзақта қой жайып жүрген шопанға көзі түседі. Асығыс орнынан тұрып, қойшыға барып, жөн сұрасып, бір ішім сүт сұрап әкеледі. Онысын қоярда – қоймай пайғамбарымызға ішкізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет