АҢдатпа 6-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,52 Mb.
#9224
1   2   3   4   5   6

 Үстіміздегі жылдың ақпан 

айының соңында Елбасы Нұр-

сұлтан  Назарбаевтың  Жар-

лығымен судьялыққа тағайын-

далып, наурыз айынан бастап 

Қарасай аудандық сотында су-

дья  болып  қызмет  етудемін. 

Яғни, осы уақыт аралығында 

менің қарауыма түскен азамат-

тық  істердің  59-ы  медиация 

тәртібімен шешіліп, ол сот ак-

тісімен расталды. Мұнан бөлек, 

бейбіт келісімге келгені де бар. 

Бұл бір менің жетістігім емес, 

бұл облыстық деңгейде көрсетіл-

ген қолдаудың, бағыт-бағдардың 

жемісі.

Дейтұрғанмен, мұндай көр-



сеткіштер бізді тоқмейілсітпе-

уі тиіс. Керісінше, дау-дамай-

ларды сотқа жеткізбей шешуге 

мүмкіндігінше тырысуымыз қа-

жет. Жалпы, медиацияның ар-

тықшылығы жайлы аз айтылып 

жатқан жоқ. Керек десеңіз, Ел-

басының  өзі  дауды  бітімгер-

шілікпен шешудің қаншалықты 

маңызды екенін ісімен көрсетті 

емес пе? Ресей мен Түркия ара-

сындағы туындаған «қырғиқа-

бақ» қатынас Қазақстан Прези-

денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

араласуымен оң шешімін тапқа-

нына әлем куә болды. Бұл қажет 

болса, халықаралық деңгейдегі 

даудың өзін медиацияның мүм-

кіндігімен  шешуге  болатын-

дығының айғағы. 

Жуырда Астанада судьялар-

дың жетінші құрылтайы өтті. 

Онда  Елбасы  соттар  жүкте-

месінің әлі де болса ауыр екенін, 

қайта-қайта судьялардың санын 

көбейтудің реті жоқтығын ай-

тып, есесіне, дауды соттан тыс, 

баламалы жолмен шешу тетік-

терін барынша іске қосу қажет-

тігін ескертті. Бұл жәй ескерту 

емес, үлкен игілікті іске үндеу. 

Яғни, дау сотқа жетпей шешіл-

се, біздің де жүктемеміз айтар-

лықтай жеңілдейді. Сәйкесінше, 

сот өндірісіндегі басқа істердің 

сапасы артады. Дауласқан тарап-

тардың мүддесі сақталып, ол оң 

шешімін тауып, халық жағдайды 

бейбіт жолмен шешуге дағдыла-

нады. Түптеп келгенде, бір ауыз 

сөзге тоқтаған елдің береке, бір-

лігі артады. 



– Жоғарыда өзіңіздің ара-

ласуыңызбен  медиациялық 

тәртіпті  қолдану  арқылы 

шешімін  тапқан  істердің 

санаты қандай? Халық қан-

дай жағдайларда медиацияға 

көбірек жүгінеді?

– Аз да болса тәжірибе бары-

сында неке бұзумен байланысты 

істерді  медиациялық  тәртіп-

пен реттеу оң нәтиже көрсет-

ті.  Нақтырақ  айтқанда,  неке 

бұзу, ортақ дүние мүлікті бөлісу, 

Сот сөйлесін

Бақытжан ЖАСАНБАЕВ, 

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы:

«Бала бөліске 

салатын дүние емес»

алимент өндіру, балаға қатыс-

ты дау-дамайлар. Бұдан бөлек, 

азаматтар арасындағы қолхат 

арқылы берілген қарыздарды 

өндіру, банк қарыздарын қайта-

ру секілді істердің де нәтижесі 

жаман емес. 



–  Ажырасу  –  қарапайым 

дау емес, әлеуметтік мәселе 

емес пе?

– Келісемін. Сондықтан да 

мені медиация тәртібімен ше-

шіліп жатқан істердің арасын-

да неке бұзуға қатысты даулар 

үлесінің басым болғаны қуан-

тады. Некені бұза салу оңай, ал 

оның салдары тым қиын. Бір 

жапырақ неке бұзу туралы сот 

шешімінің  артында  қаншама 

адам тағдыры тұр. Әсіресе, еш 

жазығы жоқ балаларды айтса-

ңызшы. Әрине, заң ешкімге ажы-

расуға тыйым салмайды. Бұл 

олардың құқығы. Дейтұрғанмен, 

ерлі-зайыптылар ажырасса, ба-

лалардың  толыққанды  отба-

сында өсу құқығы мен бақытты 

балалық шағының шырқы бұ-

зылмай ма? Осындайда, меди-

ацияның тиімділігі кәдімгідей 

сезіледі. 

Бір  отбасының  болса  да 

сақталуына  себеп  болғанға 

не жетсін! Расында, ажырасу 

әлеуметтік мәселе ғана емес, 

қоғамға, келешекке қауіпті деп 

есептеймін. Мені жартылай от-

басында өскен балалардың бола-

шағы, анасының немесе әкесінің 

қамқорлығы  кемшін  болған 

олардың тәрбиесі алаңдатады. 

Сондықтан, ерлі-зайыптылар 

ажырасқан жағдайдың өзінде 

олардың бала тәрбиесіне бір 

адамдай атсалысқаны жөн. Бала 

бөліске салатын дүние емес. Заң 

да осыны айтады. Кейде тарап-

тар бізге келгенде ажырассақ 

болды, бәрі бітеді деп ойлайды. 

Бірақ, дау: некені бұзу бір, ортақ 

дүние мүлікті бөлу екі, алимент 

кесу, өндіру үш, бала кімде қа-

лады  төрт...  деп  кете  береді. 

Әрқайсысы өзінше шытырман, 

жеке-жеке іс. Төгілген көз жас, 

айғай-шу, бөліске түскен бала 

тағдыры, қарап отырсаңыз мұн-

дай тауқыметті ешкімнің басына 

бермесін деп тілейсіз. 



– Ажырасуға көп жағдай-

да не себеп болуда және неке 

бұзушылардың жас ерекшелік-

тері қандай?

– Әртүрлі. Дегенмен, мате-

риалдық мәселенің соңы ажы-

расуға дейін жеткізіп жатқаны 

ащы да болса шындық. Сосын, 

жастар арасында неке бұзуға 

ниет білдіріп келетіндер көп. Се-

бебі, тағы көбіне материалдық 

жағдайдың төмендігі. Өздеріңіз 

білесіздер, Қарасай ауданы ха-

лық көп шоғырланған, оралман-

дардан бөлек, ішкі миграциямен 

жан-жақтан келіп қоныстанған-

дар басым аудан. Сондықтан 

болар, сан түрлі тағдырға куә бо-

луға тура келеді. Кейде тараптар 

«ажырасудың нақты себебі жоқ, 

мінезіміз жараспады» дейді. Ал, 

Азаматтық Кодексте неке бұзу 

туралы талап-арыздарда көр-

сетілгендердің барлығы нақты 

құжаттармен,  фактілермен 

расталуы қажеттігі айтылған. 

Меніңше, мінез-құлықтарының 

сәйкес келмеуі некені бұзуға не-

гіз бола алмайды. Қалай болған-

да да, баланың құқығын аяқ асты 

етпеуіміз керек. Әсіресе, жас 

отбасылардың шаңырағының 

шайқалғаны кімнің де болса, 

жанына  батады.  Сондықтан, 

азамат ретінде жас отбасылар-

дың  бұзылуына  жол  бермеу 

мақсатында қандай да бір ша-

ралар  қарастырылса,  осыған 

әлеуметтік мәселе ретінде көңіл 

бөлінсе нұр үстіне, нұр болар 

еді. Көптеген жастардың қара-

пайым кәсіби мамандығы жоқ. 

Ал, нарықта кәсіби жұмыс күші 

жетіспейді. Осы жағынан оларға 

жол көрсетіп, қолдап отырсақ, 

материалдық мәселе шешілсе, 

ажырасу да азаятын еді.



– Cудьялардың медиатор 

ретінде істі қарау тәртібі қа-

лай жүзеге асады?

– Қолданыстағы Азаматтық 

процестік кодекске сай, судья  

медиатордың да міндетін атқа-

руға құқылы. Яғни, судья үзіліс 

жариялағаннан кейін мантиясыз 

медиация кабинетінде тарап-

тарға дауды медиация тәртібімен 

реттеуге болатынын, оның құ-

қықтық тәртіптерін егжей-тег-

жейлі түсіндіріп, тараптардың 

уәждерін  мұқият  тыңдайды. 

Іштей  олардың  эмоциялық 

жағдайын бақылай отырып, өзін 

бейтарап ұстауы тиіс. Бұл аса 

жауапты сәт. Судья тараптардың 

«судья менің жағымда немесе 

біреуіне бүйрегі бұрып тұр» деп 

ойлауына жол бермеуі тиіс. Ме-

диацияның артықшылықтарын 

бүге-шүгесіне дейін айтып, сот 

пен медиацияның бірін таңдау-

ға алып келуі керек. Тараптар 

бітімгершілікті таңдап жатса, 

құба-құп. Алайда, іс сот залына 

жетсе, судья сот отырысын бас-

тамас бұрын тараптарға тағы 

да дауды медиациямен шешуге 

әлі де кеш емес екенін ескер-

теді. Яғни, мүмкіндігінше даула-

сушыларға жол көрсетеміз. Әри-

не,  таңдау тараптардың еркінде.



–  Жиырма бес жаста қазы 

атанғандарға аса таңқалмай-

мыз, ал сіздің 55 жасқа кел-

генде судья болуыңыз ерекше 

жағдай екен.

–  Нені  меңзеп  отырғаны-

ңызды түсініп отырмын. Елуден 

асқанда алғаш сот залындағы 

мәртебелі судьяның орындығы-

на отырдым. Бірақ, бұған дейін 

де бірнеше сотта қызмет атқар-

дым. Сот залы маған жат емес. 

Маман ретінде сот қызметін бір 

кісідей меңгеріп, тәжірибеде 

шыңдалдым. Қазір судьялардың 

орташа жасы – отыз бес. Бұл 

туралы жақында өткен судья-

лардың жетінші съезінде Ел-

басының өзі айтты. Сондай-ақ, 

Мемлекет басшысы: «Төрелік-

ті тек өмірлік тәжірибесі мол, 

моральдық бет-бейнесі жоға-

ры,  кәсіби  мамандарға  сеніп 

тапсыру керек. Сотта бірде бір 

«кездейсоқ» адам болмауы ке-

рек» деп бүгінгі қазыларға қой-

ылатын  талаптарды  бір  ауыз 

сөзбен түйіндеді. Мен осы әділ 

әрі қатаң талаптарға сай іріктеу-

ден өтіп, тағайындалған судья-

лардың қатарынанмын. Сосын, 

жасыма келер болсақ, керісінше 

бұл үлкен артықшылық. Әсіресе, 

судья-медиаторлықта жас зор рөл 

атқарады екен. Қанша дегенмен, 

өмірлік тәжірибе бар, өзің жас 

болсаң, жастарға қалай ақыл 

айтасың? Біз үлкенді сыйлайтын, 

үлкеннің сөзіне құлақ салатын 

халықпыз. Ажырасуға немесе 

басқа дау-дамаймен келген аза-

маттарға жол көрсету мен секілді 

орта жастан асқан судьяларға жа-

расады. Сондықтан болар, істерді 

медиация тәртібімен шешуде 

жолымның болып жатқаны. 



– Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан 

Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ,

«Заң газеті» 

Мәселе


Сарапшылар соңғы кезде бас бостандығынан 

айырылғандардың ішінде зорлық, жас балаларға 

азғындық жасаған іс әрекеттер, өзгенің денсау-

лығына қасақана ауыр зардап келтіру сияқты 

қылмыстық істердің көбейгенін жасырмайды. 

Айталық, 2016 жылдың 9 айында 61 қылмыстық 

іс бойынша айыптау үкімі шығарылған. 

Сонымен бірге, қылмыс жасағандардың 

60 пайызы жәбірленушілермен ғаламтордағы 

әлеуметтік желілерді қолдану арқылы таны-

сып (Вконтакте, Инстаграмм, Майл.ру, Одно-

классники, т.б.), белгілі бір уақыт аралығында 

хат-алмасып отырыпты. Сөйтіп жәбірленушілер 

сеніміне кіріп, өздерінің қылмыстық ойын жү-

зеге асырған. Яғни, қылмыс жасауға оқталған 

адамдар  әлеуметтік  желі  арқылы  жәбірле-

нушілерді қақпанына түсірген. 

Жалпы, облыс көлемінде осы санаттағы қыл-

мыстардың өсуі кәмелетке толмаған жастардың 

әлеуметтік желіге шығу мүмкіндіктерінің пайда 

болу уақытымен сәйкес келуі кездейсоқтық 

емес. Өйткені, смартфон, планшет және ноут-

буктер, сондай-ақ USB-модемдер, ұтқыр Wi-Fi 

роутер құралдарын пайдалану мүмкіндіктері бар 

кәмелетке толмаған жастар кез келген орында, 

қалаған уақытында, ата-ананың және мұғалімнің 



Қазақ халқы қашанда қыз баланы құрметтеп, санасына ұлттық тәлім- 

тәрбиені сіңірген. Абыройына дақ түсірмей, қадағалауды міндет санаған. Ал, 

бүгінгі күні халқымыздың қалыптасқан дәстүрлі өмір сүру салты, ұрпаққа 

беретін тәрбиесі түп тамырымен өзгергендей. Соның салдарынан адами 

құндылықтар кеміп, нәпсіқұмарлық артып барады. Дәрменсіз жастарға көр-

сетіліп отырған зорлау секілді қылмыстық істер кеңінен етек алуда.

Әлеуметтік желідегі 



таныстық өкінтіп 

жүрмесін...

қадағалауынсыз шексіз интернет желісіне шығу 

мүмкіндігін пайдалана алады. 

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облыстық 

қыл мыстық істер жөніндегі мамандандырылған 

ау данаралық сотында Түркістан қаласы тұрғы-

нының қылмысы қаралды. Белгілі болғандай, ол 

дәрменсіз жас қызға күш көрсетіп, өзінің арам 

ойын жүзеге асырған. Өкініштісі сол, әлеуметтік 

желідегі ертегіге сенген 14 жастағы қыз арам 

ойлы жанға өз аяғымен келген. Жасөспірімді 

«жақсы қызсың, ешкімге айтпа» деп үйінің ау-

ласынан шығарып жіберген қаныпезер жазасыз 

қалатынына сенген секілді. 

Алайда, жәбірленуші қыз үйіне оралған ме-

зетте болған жайды толығымен өзінің үлкен әп-

кесіне баяндайды. Ал, әпкесі сіңлісінің айтқан-

дарын жұмыста отырған анасына хабарлаған. 

Анасы болған жайды ести сала үйіне тез арада 

оралып, қызымен қайта сөйлесіп, қылмыскер-

мен бетпе-бет сөйлеспек болады. Бірақ, Д жа-

саған  қылмысын  мойындамаған. Ол сот отыры-

сы кезінде де өзіне тағылған айыпты толығымен 

мойындағысы келмеді. Дегенмен, сот отырысы 

кезінде айыпталушының  қылмысы толығымен 

дәлелін тауып, ол сот үкімімен  он бес жылға 

бас бостандығынан айырылды. Жазаны қатаң 

режимдегі түзеу колониясында өтеу 

белгіленді.

Нәпсінің жетегімен бүлдіршін-

дердің өмірін қор қылғандардың 

басым бөлігі өз арамыздан шығуда. 

Осыған орай, ата-аналар балала-

рының немен айналысып, кіммен 

сөйлесіп жүргенін біліп жүрсе дей-

міз.  Ал,  ғаламтор  желісіне  қол-

жетімділік қызметін ұсыну бойынша 

талаптар мен шектеулерді күшейтіп, 

интернет-ресурс тарға азаматтарды 

ЖСН нөмірлері арқылы тіркеген 

жөн деп санаймын. 



Т. ЖҰМАНОВ, 

Оңтүстік Қазақстан облыстық  

прокуратурасының басқарма 

прокуроры.

Базына


Баланы өмірге әкелгеннен 

кейін  оның  дені  сау  болып 

өсіп, жақсы оқып, дұрыс тәр-

бие  алуына  ата-ана  тікелей 

міндетті.  Отбасы  –  адамзат 

бесігін  тербеткен  ұя  болса, 

баланың басты ұстазы – ата- 

анасы. Бұлар балаға отбасылық 

өмірдің алуан түрлі қыры мен 

сырын, тылсым дүние жұм-

бақтарын танытып, тағылым-

тәлімге, әдептілікке баулиды. 

Ата-ана күнделікті тіршілігінде 

еңбегі, адамдық бейнесі, жақсы 

мінез-құлқы, дұрыс қарым-қа-

тынасы арқылы балаға үлгі. Әр 

ата-ана баласының әдепті, арлы 

болып қалыптасуын армандай-

ды. Сол жолда еңбек етеді.

      Қазіргі  кезеңде  оқуға, 

еңбекке, қоғамдық өмірге ықы-

ласы жоқ балалар саны күн-

нен-күнге артуда. Бұл мәсе-

лені тудыратын себептердің 

бірі  –  отбасы  тәрбиесіндегі 

ата-аналардың жауапкершілік 

сезімінің жоқтығы. Ол бала 

мінезінде мейірімсіздікті, қаты-

гездікті, дөрекілікті, өзімшіл-

дікті туғызады.

Екінші себеп, отбасындағы 

ұрыс-керіс,  ата-аналардың 

жеңілтек мінез-құлқы нағыз 

шешуші рөл атқарады. Мұндай 

отбасындағы балалар жүйке 

ауруынан азап шегіп немесе 

ашушаң болып келеді.

Үшінші себеп, ұл балаға 

үнемі жеткіліксіз көңіл аудары-

лады. Кейбір отбасы баланың 

ішкі жан дүниесін, тілектерін, 

ойларын, қайғысын, қоршаған 

ортаға қатынасын жете біле 

бермейді. Бала тәрбиесіне ең 

әуелі оның ата-анасының ең-

бекқорлығы,  ұстамдылығы, 

кішіпейілдігі, ақыл-ойы, са-

на-сезімі, адамгершілігі әсер 

етпек. 

Әдетте әрбір жас ата- ана 



бала  тәрбиелеу  жөніндегі 

күр делі де жауапты мәселеге 

ата-бабамыздың мол тәжіри-

бесінен алынған дәстүрді қол-

дана отырып, іске зор тәуе-

келмен кіріседі. Тәжірибесі аз 

ата-аналар қиыншылық кез-

десе қалса бөгде адамдардың 

ақылына жиі жүгінеді. Отба-

сындағы тәрбиенің қателері 

мен сәтсіздіктері, кейде тіпті 

апатқа ұшырауының себептері 

ата-аналардың тәрбие жұмы-

сына дайындығының кем бо-

луына,  жас баланың психика-

лық дамуының күрделі мәселе 

екенін түсіне білмеуіне бай-

ланысты. Ата-аналар баланы 

тәрбиелеудегі міндеттерін өз-

дерінің тұрмыс жағдайларын, 

өз  балаларының  жеке  ерек-

шеліктерін есепке ала отырып, 

өздігінен шешуі керек.

«Ата-аналар мен балалар 

дос бола алады, дос болулары 

керек»  дейді  А.Макаренко. 

Анасы қызымен дос қана емес, 

сырлас дос болса, әкесі мен 

ұлы  ақылшы  дос  болуы  ке-

рек. Сонда ата-ана мен бала 

арасында өзара түсіністік қа-

рым-қатынас  пайда болады. Әр 

ата-ана өз баласының сыртқы, 

ішкі дүниесін зерттеп, оған 

ойын  жасырмай  ашық  айта 

алатындай мүмкіндіктер мен 

жағдайлар туғызып отырғаны 

жөн. Осындай жағдайлар туғы-

зу оқушының мінез-құлқына 

оң қасиеттерді қалыптастырып, 

өзін-өзі тәрбиелеуіне себепші 

болады. 


Ата-ана  мен  мектеп  ара-

сындағы  дұрыс  байланыс 

оқу-тәрбие  жұмыстарының 

алға басуына ықпал ететін бір-

ден-бір жол. Бала қашанда ба-

лалығын көрсетпей тұрмайды, 

сондықтан  оларға  әрдайым 

ата- ана, ұстаздар тарапынан 

қамқорлық пен түсіністік қа-

жет. Текті ұрпақ өсіргіміз кел-

се «Таяқтау оңай, тәрбиелеу 

қиын» екенін үнемі жадымызда 

ұстауымыз шарт.

Күләш БОЗЫМБЕКОВА,  

Кербұлақ ауданы 

Қарашоқы орта мектебінің 

мұғалімі 

АлМАТы ОБлыСы



таяқтау оңай, 

тәрбиелеу қиын

Әрбір ұлттың болашағы оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, 

адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпағының қолын-

да. «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы» демекші, баланы есті, 

саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының 

бірден-бір парызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет