АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Абыз қала туралы 

аңыз көп...

Тарихи деректерге сүйенсек, қала 

туралы  тарихи  құнды  жәдігерлер 

де,  деректер  де  өте  көп.  Қала 

тұрған  жерді  ежелден  қазақ  ұлтын 

құраған  тайпалар  мекен  еткен.  Іле 

Алатауының  етегінде  орналасқан 

тайпалар  дәуірінен  бастау  алған 

тарихымызды қала тарихымен байла-

ныстырушылар  баршылық.  Ғалым-

дарымыз:  «Ежелгі  Жібек  жолының 

бір нүктесі болған шаһардың кемінде 

1000  жылдық  тарихы  бар»,  –  деген 

деректі  бұрыннан  айтып  келеді. 

Оған  археолог-ғалымдар  тапқан 

керамикалық заттар мен ұсталардың 

ескі құрал-саймандары дәлел. 

С о н д а й - а қ ,   Х І І І   ғ а с ы р д а ғ ы 

«Алмату»  деген  жазуы  бар  тиынның 

табылуы ғалымдар пайымын нақтылай 

түсті.  ЮНЕСКО-да  ресми  тіркету 

туралы келісім ұзаққа созылғанымен, 

нәтижесінде  Алматының  1000  жыл-

дығы әлемдік атаулы күндер қатарына 

енгізілді.

  Алмату  қаласы  туралы  алғашқы 

жазба  деректер  Рашид  ад-Диннің 

шығармаларында  кездеседі.  Бабыр 

Шыңғыс  хан  шапқыншылығынан 

қираған  Алмалык,  Алмату  қалалары 

туралы  жазады.  Мухаммед  Хайдар 

Дулати  және  Шараф  ад-Дин  Йезди 

өз  шығармаларында  Алматуды  атап 

кеткен.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати 

«Тарих-и-Рашиди»  атты  кітабында 

Алматы  қаласы  туралы  жазып,  оны 

«өңірдегі  ең  танымал  жер»  деп 

көрсетеді. Археологиялық зерттеулер 

қазіргі  Алматының  орнында  ерте-

ректе  сақтар,  кейінірек  үйсін,  орта 

ғасырларда  дулат  тайпалары  өмір 

кешкен елді мекендер мен қалашықтар, 

Алмалық  пен  Алмату  қалалары 

(екеуі  екі  басқа  қала)  болғандығын 

дәлелдеп  отыр.  Бұл  қалалардың 

қираған  құрылыстарын  1251–1259 

жылы  француз  королі  IX  Людвигтің 

елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан  

Дэ  өз  көздерімен  көргендіктерін 

жазған.  Алмату  қаласының  аты 

жазылған күміс ақшалар, сақтардың 

25  барыс  бейнесімен  безендірілген 

«Жетісу құрбандық табағы», ғажайып 

«Қарғалы тәттісі» бұл жердің мыңдаған 

жылдық тарихы  бар өркениетті өлкенің 

орталығы болғандығын көрсетеді.

Сондай-ақ    К.Ақышев  бастаған 

қазақстандық  ғалымдар  1969  жылы 

Алматы  маңында  Есік  қорғанындағы 

қазба  жұмыстары  кезінде  «Алтын 

адамды»  табады.  Оның  б.э.д.  V-VI 

ғасырларды  қамтитын  сақ  дәуіріне 

жататыны  белгілі  болды.  Бұл  сол 

уақытта Алматы қаласының аумағында 

е л д і м е к е н д е р д і ң   б о л ғ а н д ы ғ ы н 

айқындайды.  XVI  ғасыр  жазушысы 

және  ақын  Захир  әд-Дин  Мұхаммед 

Бабыр Алматы қаласы туралы «Тараз-

кент»  атты  кітабында  келесідей 

мәліметтерді  келтіреді:  «Ферғана  – 

бесінші  климаттағы  аудан,  игерілген 

егістік жер шекарасында орналасқан. 

Оның шығысында Қашқар, батысында 

Самарқанд,  оңтүстігінде  Бадахшан 

шекара таулары, солтүстігінде Алма-

лық, Алмату және Янги сияқты қалалар 

бар». Бұл жазбада орта ғасырлық қала 

Алмату  –  Алматы  туралы  жазылғаны 

анық.  Тізе  берсек  мұндай  деректер 

өте  көп.  Бастысы  осы  деректерді 

тарихшыларымыз  тереңдеп  зерттеп, 

бір тұжырымға келсе дейміз. 



Асфальт астындағы 

тарих

Алматының  ежелгі  тарихын  зерт-

теудегі қиындықтардың бірі – қазіргі 

кезде  археологиялық  нысан дардың 

көбі құрылыс астында көміліп қалған.

Академик Карл Байпақов келтірген 

дерекке  қарағанда,  1980  жылдары 

қазіргі 10-шағынаудандағы қорымның 

үстіне  үйлер  салынып  кеткен.  «Ол 

кезде  барынша  қарсыластық,  бірақ 

шенеуніктердің бюрократизмін жеңу-

ге  шамамыз  келмеді»,  –  дейді  ол. 

Археологиялық нысандарын жойылып 

кетуден қорғау проблемасын көптеген 

ғалымдар  айтып  жүр.  Археолог 

Александр  Горячевтің  айтуынша, 

Бұтақты  (Бутаковка)  шатқалынан 

ежелгі 11 қоныс табылған. Ол экспе-

диция  шығарып  зерттеуге  кіріскенге 

дейін оның алтауы ғана қалып, қалға-

ны  құрылыс  салған  кезде  жойылып 

кеткен.


Жасыратыны жоқ, ғалымдарымыз 

қала  тарихы  түгілі,  жалпы  қазақ 

тарихында  бір  келісімге  келе  алмай 

әрқайсысы өз уәждерін тықпалайтын 

кездері  аз  емес.  Демек,  алдағы 

уақытта  тарихшыларымыз  тамыры 

терең тарихымыздың нақты ақиқатына 

жетсе болғаны...



Алматы 

туристік қала...

Елімізде  көне  қалалар  жетерлік. 

Түркістан,  Отырар,  Сауран  секілді 

біздің  рухани  бай  қалаларымыз 

туристерге, тағзым етушілерге толы. 

Алматы  да  сол  сияқты  ірі  туристік 

орталыққа айналып келе жатыр. Әрине, 

мыңжылдық  тарихы  бар,  қойнауы 

жәдігерге  толы  қаланың  көрсетері 

мол.  Этнотуризм  мен  заманауи  мол 

жетістіктерді  жетілдіре  отырып, 

Алматы  қаласына  саяхатшыларды 

тартудың мүмкіндігі мол. 

Алматы еліміздің туристік сала сында 

көрсетілетін қызметтердің 60 пайызын 

қамтиды  екен.  Қаланың  туристік 

мүмкіндігі мол екенін Елбасы да жоғары 

бағалап: «Алматының туристік кластерін 

дамыту  арқылы  90  мың  тұрғынды 

жұмыспен қамтуға болады», – деген 

болатын.  Былтырғы    жылы  Алматы 

қаласының  ТМД  бойынша  туристер 

үшін ең тартымды қала лардың бестігіне 

кіргені осының дәлелі.

 «БЭЛТА» басылымының дерегінше, 

ТМД-дағы туристік қалалардың үздік 

ондығын  Минск,  Киев  және  Баку 

қалалары  бастап  тұр.  Ал,  Алматы 

қаласы төртінші, Елордамыз – Астана 

алтыншы  орынды  еншілеген.  Осы 

орайда  мамандар  тұрақтылық  пен 

бейбітшілікті сүйетін елімізге ат басын 

тірегісі келетін туристер санының жыл 

санап артып тұрғанын айтады. 

Отандық  туризмнің  дамуына 

10  елдің  азаматтарын  визасыз 

қабылдау тәртібінің енгізілгені үлкен 

сеп  болғанын  айта  кеткен  жөн. 

Соның  арқасында  Батыс  Еуропа, 

Америка және Азия елдерінен келетін 

саяхатшылар  саны  артып  келеді. 

Табиғатты тамашалау мен тынығудан 

бөлек, бизнесін дөңгелетуге келетін-

дердің  қатары  да  соңғы  жылдары 

әжептәуір ұлғайған.

«Алматыда  туризм  өте  жақсы 

дамып  келеді.  Соңғы  бес  жылды 

алатын болсақ, қалаға келген турис-

тер  саны  70  пайызға  артып  отыр. 

Оған экономиканың дамуы, қаладағы 

әртүрлі  туристік  орындардың  көбеюі 

с е б е п » , –   д е д і   А л м а т ы   о б л ы с ы 

әкімдігінің туризмді дамыту бөлімінің 

басшысы Жанар Алшымбаева.

Туристер  қызығушылық  танытып 

отырған орындардың қатарына Шым-

бұлақ, Медеу, ҚР Тұңғыш Прези денті 

атындағы  саябақ,  Арбат,  Тәуелсіздік 

алаңы,  Көктөбе,  М.Әуезов  атындағы 

драма  театры  енген.  Алып  шаһарда 

саяхатшылар  үшін  ерек  орынның 

бірі  –  Ықылас  атындағы  музыкалық 

аспаптар  мұражайы.  «Бізде  дәл 

осындай  музыкалық  аспаптар  мұра-

жайы  жоқ  деп  толық  сеніммен  айта 

аламын.  Бұл  музей  өте  қызықты  әрі 

танымды  екен.  Бұл  жерде  тек  қазақ 

ұлттық аспаптары ғана емес, сонымен 

қатар  өзге  ұлттардың  жәдігерлері 

жеткілікті»,  –  дейді  ресейлік  турист 

Марина Боева.

Айта  кетер  жайт,  Алматының 

айналасында  орналасқан  Үлкен 

Алматы көлі, Шарын шатқалы, Жоңғар 

Алатауы  ұлттық  табиғи  парктері, 

Көлсай көлі, Қайыңды көлі, Шымбұлақ 

шипажайы, Медеу, Көк Жайлау, Үстірт 

табиғи  қорығы  секілді  мекендердің 

қайсысы  болмасын  туристердің 

демалуына  да,  тамашалауына  да 

лайық  жерлер.  Қайткен  күнде  жер 

жаннаты  саналатын  Жетісу  өңірінің 

қызығы  мол.  Тек  туристерді  тарта 

білсек болғаны...



Бизнесті дамытуға 

лайықты қала

«Алматы  инновация  және  техно-

логия  орталығы  болады.  Бұған 

қаражат  жеткілікті  және  идеялар  да 

бар».  Бұл  Алматы  қаласының  әкімі 

Бауыржан  Байбек  мырзаның  қалаға 

берген бағасы. Байбектің айтуынша, 

Алматы  макроэкономикалық,  әлеу-

меттік көрсеткіш бойынша алда келеді. 

«Қаланың  экономикалық  өсімі  халық 

санының артуымен тікелей байланысты. 

Қаламыз  соңғы  екі  жылда  екі  есе 

ұлғайды, халық саны 20 пайызға көбейді. 

Қысқа мерзімді болжамға сәйкес бұл 

үлкен тәуекел, дегенмен, мұның бәрі 

қаланың  игілігі  үшін…  Қазіргі  кезде 

бюджеттің 75 пайызы жаңадан қосылған 

аудандарды  дамыту  үшін  жұмсалып 

жатыр», – деді қала әкімі.

Демек,  қала  әлі  де  өркендей 

бермек. Тағы айта кетерлік жайт, бұл 

қала  қазіргі  қазақ  қоғамындағы  ірі 

мегаполистердің  бірі.  Жаңа  заманға 

сай  дамыған  ғимараттарымен  де 

ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің 

орталығы және болашағынан біршама 

биік  белес  күттіретін  қала  әлі  талай 

халықаралық  жиындардың  мекені 

бола бермек. 

Алманы бренд ете 

алдық па?

Қаланың атының өзі айтып тұрға-

нындай,  Алматы  ежелден  алманың 

отаны.  Бұл  жер  сан  ғасыр  бұрын 

Алмалық атанып, мұнда алманың неше 

алуан түрі отырғызылып, өсірілген. Мұны 

көне тарих та растай түседі. Мысалы, 

1908 жылы алғаш рет Германияда өткен 

бау-бақша өнімдерінің көрмесінде көне 

қала Алмалықта өсірілген апорт алмасы 

өте  жоғары  бағаланған.  Апорттың 

бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай 

кез  келген  жерде  өспейді.  Тек  қана 

топырағы  шұрайлы  тау  беткейінде, 

теңіз  деңгейінен  900  –  1200  метр 

биіктікте жақсы өседі. Мұны бау-бақша 

зерттеуші  ғалымдар  да  дәлелдеп 

отыр. Демек, алдағы уақытта дәл осы 

апорттың даңқын арттырып, апортты 

Алматының  бренді  ретінде  таныта 

білсек, қанекей!

Алматы – дерек

Қала күн санап өркендеп, аумағы 

к е ң у   ү с т і н д е .   Х а л ы қ а р а л ы қ   і р і 

басқосулар мен спорттық шараларға 

келген  қонақтар  Алматының  сұлу-

лығына,  халқының  қонақжай  һәм 

мейірбандығына  таңданыстарын 

жасырмайды. Ел дамуына ерекше үлес 

қосып отырған Алматыда атқарылған іс 

те көп, атқарар шаруа да шаш етектен.

Қазақстан халқының 10 пайызына 

жуығы  немесе  2  миллионға  жуық 

адам осы Алматы қаласында тұрады. 

Республикалық ішкі жалпы өнімнің 18 

пайызын құрап, мемлекеттік қазынаға 

түсетін барлық табыстың 25 пайызын 

өндіріп отырған бұл шаһардың бюд-

жеті  354  миллиардтан  астам  деп 

саналады.  Мұндай  көлем  Моңғолия, 

Тәжікстан, Қырғызстан және Армения 

мемлекеттерінің  бюджеттеріне  сай 

келеді екен.

Алматы  –  Қазақстанның  ең  ірі 

мегаполисі.  Ғылыми,  білім  беру, 

мәдени,  тарихи,  экономикалық, 

қаржылық, банктік және елдің индус-

триялық  орталығы  болып  табылады. 

Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» 

деп аударылады.

Алматы – Іле Алатауының бөктерінде, 

Тянь-Шаньның  солтүстік  жотасының 

етегінде, Қазақстан Республикасының 

оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлы-

ғының орталығында орналасқан. Қала 

аумағында  бақтар  мен  бақшалар, 

саябақтар мен бульварлар сегіз мыңнан 

астам гектар жерді алып жатыр. 

М ұ н д а   к ө п т е г е н   д і н д е р   м е н 

түрлі  ұлт  өкілдері  бар.  Қазіргі  таңда 

Алматы  қаласында  18  театр,  45 

мұражай  мен  сурет  галереялары 

жұмыс  істейді.  Мұнда  музыканың 

түрлі салаларындағы көптеген фести-

вальдар  өтуде:  Джаз,  рок  фести-

вальдар,  ретро  фестивальдар  өз 

көрермендерін  бір  ортаға  жинауда. 

Алматыда қаланың ерекше мәртебесін 

көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің 

бөлімшелері,  сондай-ақ,  қаржылық 

институттар және еншілес компаниялар 

орналасқан.  Қазақстан  Ұлттық 

ғылым  академиясы,  Орталық  Азия 

географиялық  қоғамы,  «Каменское 

плато»  обсерваториясы,  сондай-ақ, 

көптеген  жетекші  универ ситеттер 

мен  ғылыми-зерттеу  институттары 

бар.  Қаланың  шетінде  Медеу  және 

Шымбұлақ  тау  шаңғысы  орталығы 

секілді  көптеген  спорт  кешен дері, 

альпинист  туристік  лагерлер,  шипа-

жайлар, демалыс орталық тары және 

кемпингтер салынған.



Болашақтың қаласы

Оңтүстік  астана  аталып  жүр-

г е н   А л м а т ы   қ а л а с ы н ы ң   қ а з і р г і 

қолданыстағы  бас  жоспары  13  жыл 

бұрын  бекітілген  көрінеді.  Құрылыс 

нормалары  бойынша  бас  жоспар  әр 

бес  жыл  сайын  түзетіліп  тұруы  тиіс. 

Бұған дейін енгізілген жалғыз түзетуге 

сәйкес,  2004  жылы  қала  аумағына 

2  мың  гектар  территория  кірген. 

Қазіргі бас жоспар 2020 жылға дейін 

қолданылып, Алматы халқы саны бір 

жарым  миллион  адамға  жетеді  деп 

болжанған.  Бірақ  2013  жылы  халық 

саны  болжанған  шамаға  мерзімнен 

ерте  жетіп,  қазіргі  бас  жоспарға 

түзету  енгізу  қажеттігі  туған.  Оның 

үстіне қала территориясы да ұлғайып 

кеткен.  Қалаға  жаңадан  сегізінші 

аудан қосылған. 

Түзетуге  сәйкес,  бас  жоспарды 

қолдану  мерзімі  15  жылға  –  2030 

жылға  дейін  деп  есептелген.  Ол 

кезге қарай Алматы халқы 2 миллион 

400  мыңға,  ал  2020  жылға  қарай  2 

миллион 100 мың адамға жетеді деп 

болжанады.  Алматы  аумағы  да  өсіп, 

2020 жылға қарай – оған 1 мың 500, 

ал 2030 жылға қара тағы 7 мың гектар 

жер қосылады деп күтілуде.

Бас  жоспарға  сәйкес,  1  миллион 

шаршы метр ескі баспана 8 миллион 

шаршы  метр  жаңа  баспанамен 

ауыстырылады деп болжанады. Жаңа 

жоспар  бойынша,  қазір  пайдала-

нылып жүрген 1 мың шаршыметр су 

құбырын қайта жаңартып, 1 мың 300 

шаршыметр жаңа құбыр тарту қажет. 

1  мың  600  шаршыметр  жерде  кәріз 

құбырларының  ескісі  жаңартылып, 

жаңасы тартылуы тиіс. Бұл шамамен 

Алматы  мен  Көкшетау  қалалары 

аралығындай қашықтық.

Алматы  халқының  санын  азайту 

үшін қала маңы аймақтарын дамытып, 

олардағы  тұрмыс  сапасын  жақсарту 

жоспарланған. Демек, қала халқының 

қолайлы  өмір  сүруі  үшін  алдағы 

уақытта да бар жағдай жасалынады.

Айта  кетер  жайт,  қаланың  эколо-

гиялық  жағдайы  үлкен  мәселеге 

айналып  отыр.  Мамандар  бұл  мәсе-

ленің  де  алдағы  уақытта  шешімін 

табатынына  сендіреді.  Тұрғындар 

санының  шамадан  тыс  көбеюі, 

көліктің өсуі экологияның бұзылуына, 

криминалдық  жағдайдың  ушығуы-

на  түрткі  болғанын  да  жасыруға 

болмайды. Тағы бір мәселе – көшедегі 

кептеліс  қаншама  жолдар  қайта 

жасалып,  кеңейтіліп,  жолайрықтар 

салынғанымен  әлі  күнге  сол  күйінде 

қалуда. Дегенмен, ынта болса еліміздің 

сүйікті қаласының басты мәселелері 

шешімін табатын күн алыс емес! 

Қуаныш ЕРМЕКОВА


№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

5

zangazet@mail.ru



ТҰЛҒА

–  Елімізде  заң  шығару  ин-

ститутын құру жайлы түрлі пікір 

өрбуде.  Сіздің  бұл  тұрғыдағы 

ойыңыз?

– Біз мынаны ұмытпауымыз керек, 

заң  шығарушы  орган  –  Парламент 

жұмысын жетілдіріп, сапалы заң жаз-

байынша, құқықтық мемлекет құру-

дың  ауылы  алыс.  Мақсатқа  жетудің 

ең  бастысы  –  Парламент  жанынан 

арнайы заң шығару институтын құру. 

Және  онда  білікті  заңгерлердің  жұ-

мыс істеуіне мүмкіндік жасау. Солар 

арқылы  заңның  мүлтіксіз  орындалу 

тетіктерін  табу.  Олай  деп  отырға-

ным, егемендік алдық, қаншама заң 

шығуда.  Бірақ,  біз  Кеңес  тұсынан 

қалған  ескі  жобаларды  түзетумен 

ғана  шектелудеміз.  Өкінішке  қарай, 

жаңа мемлекеттің жаңа ерекшелігін, 

экономикалық,  құқықтық  жағдайын 

ескеретін  заңдарға  әлі  жете  алмай 

жатырмыз.  Жету  үшін  көп  уақыт 

керек.  Ол  белгілі  жағдай,  алайда,  

талмай еңбек етуге тиіспіз. Заң жо-

баларын  дайындайтын  арнайы  инс­

титут  Ресейде  бар.  Бір  ғана  мысал 

айтайын. Елімізде қазір мемлекеттік, 

жеке меншік оқу орындары бар. Кон-

ституция бойынша оқу, орта, жоғары 

білім  алу  тегін.  Бірақ,  қазір  олар 

ақылы болып кетті. Бүгінде білім алу 

жарысқа түсті. Жүзден астам жоғары 

оқу орны болса, оның үштен бірі ғана 

мемлекеттік.  Олардың  да  көпшілігі 

ақылы. Осы оқу орындарындағы бала 

біткеннің  жалғыз  мақсаты  –  білім 

алу. Ақылы оқу орындарының бағасы 

әртүрлі.  Бір  мемлекетте  тұрамыз. 

Білім  сапасы,  диплом  деңгейі,  ала-

тын мамандық бір. Дипломның күші 

бірдей  жүретіндігі  Конституциямен 

нақтыланған.  Осы  мәселе  мемле-

кеттік тұрғыда реттеуді қажет етеді. 

Бірдей мамандықтарға білімінің ақы-

сы да бірдей болсын. Конституция да 

адамдар  құқығы  тең.  Білім  алуда 

азаматтардың  сол  конституциялық 

құқығы  бұзылуда.  Бізде  Парламент 

бар,  өкінішке  қарай,  осыны  ойлап 

жатқан депутат жоқ. 



–  Ұстаз-ғалымсыз,  дүние-

жүзілік  білімнің  жетістіктерін 

жастар қайтсе меңгереді?

– Қазақстанның өсіп­өркендеуінің 

кілті  жастарда.  Ел  дамуының  жаңа 

кезеңі  мен  тәуелсіздігіміздің  үшінші 

он  жылдығында  білімді,  тәрбиелі, 

өнегелі жастарды қалыптастыру тә­

уелсіз мемлекетіміздің өркен жаюы­

ның  негізі  екендігін  Елбасы  үнемі 

айтуда.  Негізі,  оқу,  білім  жолында 

талмай  ізденгенде  ғана  нәтиже  бо-

лады.  Ең  бастысы  жалған  білімнен, 

өзіңді  де,  өзгені  де  алдаудан  аулақ 

болған  абзал.  Себебі,  дүниежүзілік 

білімнің  жетістіктеріне  жету  көп  ең-

бекті қажет етеді. Бұл жолда көп тіл 

білудің  маңызы  зор.  Көп  тілді  білу, 

көп салалы ғылым мен білімді игеру-

дің айқын көзі. Туған тіліңді білу мін-

детің, қалғандарын меңгеру құқығың. 

Қазақстанды әлем тәуелсіз мемлекет 

ретінде  таниды.  Кезінде  бодан  ел 

болдық.  Сондықтан,  бүгінгі  күнді 

көрген ұрпақ бақытты. Ендігі мақсат 

– Отанды сүйіп, оның өсіп­өркендеуі 

жолында қызмет ету. Қазақтың осын-

ша жерге ие болуының қыр­сырына 

терең  бойлаған  абзал.  Қазақтың 

әдет­ғұрпы,  Қасымханның  қасқа 

жолы,  Есімханның  ескі  жолы,  Тәуке 

ханның тура жолы бар. Тәуке ханның 

тура жолы дегенді Тәуке ханның Жеті 

жарғысы деп айтып жүр. Жеті жарғы 

– қазақты тура жолға бастаған. От-

басылық  қатынастарда  әдет­ғұрып-

ты  білген  жөн.  Қазір  теңдікті  желеу 

етіп  әрқайсысы,  еркек  те,  әйел  де, 

бала  да  өзінің  білгенін  істейді.  Қа-

зақта отбасының қарым­қатынастық 

құқықтық  жағдайы  қашаннан  берік 

болған. Үйдің азаматы, иесі – еркек, 

ал, киесі – әйел болған. Тәрбие әйел-

ден басталған. Бала­шаға ата­ананың 

айтқанын  екі  етпеген.  Осындай  ба-

баларымыздың ұлағатты тәрбиесінің 

бәрін ескі заңдардан алып, өмірімізге 

жаңаша ендіруден ұтарымыз көп.



–  Қалай  ендіреміз,  ол  үшін 

қайтпек керек? 

– Бұл мемлекеттік деңгейде қолға 

алынатын  шаура.  Жоғарыда  айтқа-

нымдай,  заң  шығарушы  органнан 

үлкен  жауапкершілік  күтіледі.  Бізде 

өткен  тарихты  зерттеп­зерделеу 

кемшін. Мықты заңгер ғалымдар көп 

қой,  соларды  тарту  керек.  Баланы 

іште  жатқаннан  мейірімділік  пен 

әділеттілікке  тәрбиелеу  жолдарын 

ұстанудың маңызы зор. 

–  Білім  гранттарын  бөлуге 

қатысты ойыңызды білсек. 

– Білім гранттары жан­жақты са-

раланып, әр өңірдің жағдайына қарай 

әділетті  бөлінуі  керек.  Қынжылар-

лығы, бізде осы мәселелер ескеріл-

мейді.  Кейде  білім  грантының  аты 

болғанымен,  заты  бөлек  болып  ке-

теді. Грантқа лайықты емес жандар 

ие  болады.  Білім  министрлігі  оқу 

орындарына  білім  гранты  не  үшін, 

қандай жағдайға байланысты бөліну-

де соны білуі тиіс. Тіпті, жыл сайын 

арнайы  комиссия  құрып,  солардың 

зерттеулерінен кейін ғана білім гран-

тын  бөлсе,  онда  үлкен  жетістікке 

жетеміз. Қазіргі үлкен мәселе, бала 

грантпен оқығанымен, оқуды бітірген 

соң жұмыс таба ала ма? Осыған келіп 

тірелуде. Білім грантымен оқыған ба-

ланың жұмыссыз қалмауы, ол оқуға 

түскен  күннен  бастап  қамтамасыз 

етілуі тиіс. Бала оқуының сұрауы бар 

екенін  біледі.  Диплом  алсам  болды 

деген көзқарастан арылады. Егер ол 

оқуды бітірісімен жұмысқа тұратыны-

на сенімді болса. 



–  Қоғамымызда  докторан-

тураға  түсудің  де  түрлі  қитұр-

қылықтары  бары  жайлы  әңгі-

мелер  желдей  еседі.  Осылар 

қан шалықты  шындыққа  жана-

сады?

– Бұл үлкен мәселе, білім жүйесі-

не  докторантура  пейджи  енді.  Док-

торантураға түсу үшін бұрын байқау 

жариялаушы  еді.  Бүгінде  ол  жоқ. 

Орын береді, сол орындарға дайын 

адамдар  пайда  болады.  Жасыра-

тыны  жоқ,  бұл  жерде  де  тамыр­та-

ныстықтың  иісі  аңқып  тұр.  Оқитын, 

білімді балалар докторантураға түсе 

алмайды. Бұл да білім гранты сияқты. 

Баланы  ақысыз  оқытуға  бюджеттен 

қаржы  шыққан  соң,  оның  сұрауы 

болуы керек. Болашақты ойлау үшін 

білім грантына, ғылыми атақ алатын 

оқу  орындарына  қатысты  заңдық 

жайттарды  реттеген  жөн.  Ол  үшін 

конкурстық  комиссия  құру  керек. 

Бізде жоғары оқу орындарының көбі 

жекеде. Олардың мақсаты, қаражат 

алып, диплом беру. Мәселе білімде. 

Әділетті комиссия құрып, білім грант-

тарын қажетті мамандықтарға бөлсе, 

жастар жұмыссыз қалмайды.



–  Патриот  болу,  тілді  білу 

керек  дейсіз.  Жалпы,  мақ-

сат-мұратына  жету  жолында 

адам ға не қажет?

–  Патриоттықтың  бірінші  белгісі 

– ұлтты сүю. Отанды, жерді құрмет-

теп,  елдің  бірлігін  қастерлеу.  Ескі 

дәстүрді сыйлау. Адамның өзі патри-

от болмайынша, ешкім оны ешкімге 

міндеттей  алмайды.  Адамда  міндет 

пен  мақсат бар. Мақсат ішкі ойдан, 

тәрбиеден, білімнен шығады. Ал, мін-

дет – мемлекеттік, қоғамдық шаруа. 

Мысалы,  заңдар  міндеттейді.  Қыл-

мыстық заңды алсақ, онда құқық пен 

міндет  бар.  Екіге  бөлінеді.  Мақсат 

–  адамның  заңды  құрметтеуі,  таза 

жүруі сынды ішкі сезімнен құралады. 

Көбімізде  осы  мақсат  жетіспейді. 

Мысалы, бізде мемлекеттік тіл – қа-

зақ  тілі.  Сондықтан,  Парламент  қа-

зақша жұмыс істеп, бүкіл заң қазақ 

тілінде  жазылуға  міндетті.  Өкінішке 

қарай,  бұл  мәселеде  де  мақтана 

алмаймыз. Ресми тіл орыс тілі деген-

ді  қырғыздар  да  алып  тастады.  Бір 

мемлекетте  –  бір  ғана  мемлекеттік 

тіл ұстанымы болуы керек. Ал, басқа 

тілдерде  сөйлей  ме,  жаза  ма,  ол 

қарапайым  азаматтардың  өздерінің 

құқығы.  Парламент  пен  Конститу-

циялық  кеңестен  мемлекеттік  тілде 

сөйлеуді талап ететін кез жетті. Мем-

лекеттегі  ең  үлкен  лауазым  иесі  – 

Президенттен мемлекеттік тіл талап 

етілгенде, неге осы заңдылық Парла-

мент, Үкімет, Конституциялық кеңес 

мүшелерінен  де  сұралмайды.  Қазір 

қазақтардың саны 70 пайыздан асты 

деген мәлімет бар. Сондықтан, бәрі 

қазақ  тілінде  болуы  керек.  Парла-

ментте 25 жылда екі­ақ заң қазақша 

жазылыпты. Бұл енді өзге елдерден 

ұят.  Мұның  өзі  Конституция  ереже-

лерін сақтамаудың анық көрінісі. Ре-

сейдің бүкіл басылымы бізге келеді. 

Неге Қазақстанның газет­журналда-

ры  шетелдерге  барып  сатылмайды. 

Өйткені,  қазақ  тілінің  мысын  өзіміз 

басып  отырмыз.  Бізге  латын  әрпіне 

жедел көшу керек. Егер латын әрпіне 

көшсек, баспасөзіміздің де қадірі ар-

тады. Түркі тілдес халықтар бір­бірін 

түсінеді, бағалайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет