АҢдатпа 6-бет 5-бет


–   Б ү г і н д е   Қ ұ р а н н ы ң   м ә н ­



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–   Б ү г і н д е   Қ ұ р а н н ы ң   м ә н ­

м а ғ ы н а с ы   к ө п т е г е н   т і л д е р г е 

аударылды. Осыған орай, тікелей 

Қ ұ р а н д ы   б а с ш ы л ы қ қ а   а л ы п , 

сондағы нұсқаулармен жүру қажет 

деп  санайтын  уаххаби,  сәлафи 

сияқты діни ағымдар шықты. Осы 

жайында не айтасыз?

–  Арабтың  тілі  өте  бай.  Тіпті, 

бір  сөздің  15-20  мағына  беретін 

жайлары  да  кездеседі.  Сондықтан 

да, Құранды тікелей қабылдап, оның 

мән-мағынасын  дәл  түсінеміз  деу 

мүлдем қате. Қазіргі таңда Құранның 

исламтанушы ғалымдар 10-20 пайыз-

дайын ғана түсіндіре алады. Ал қалған 

80-90  пайызы  бізге  жұмбақ  күйінде 

қалып отыр. 

Шын  мәнінде  Құранның  мән-

мазмұны  шексіз  терең.  Оның  ішкі 

және сыртқы мағынасы бар. Сыртқы 

мағынасына  қарап  түсіндіру  толық 

түсінік болмайды. Мәселен, шкафтың 

алдынан  қарасақ,  ол  жалпақ  болып 

көрінеді,  ал  жанынан  қарасақ,  ол 

жіңішке сияқты көрінеді. Шкафқа дәл 

сипат  беру  үшін  оны  жан-жағынан, 

яғни алдынан да, бүйірінен, артынан, 

төбесі мен табанынан назар аударып, 

содан  кейін  барып  сипаттауымыз 

қажет  болады.  Сол  сияқты,  Құран 

Кәрімді де ішкі, сыртқы мағыналарын 

жан-жақты  зерттеп,  зерделеген  соң 

ғана толық түсінік ала аламыз.

Жоғарыда  айтқанымыздай,  араб 

тілі  өте  бай  тіл.  Мәселен,  Құранда 

н а м а з ғ а   т ұ р ғ а н д а   ж ү з д е р і ң д і , 

а я қ т а р ы ң д ы   ж у ы п ,   ш а ш т а р ы ң а 

мәсіх  тартып  тұрыңдар  деген  аят 

бар. Жуыну, яғни арабша «би» деген 

сөзді  бір  ғалымдар  толық  жуыну 

деп  түсіндірсе,  екіншілері  ішінара 

жуыну  деп  қабылдайды,  ал  енді  бір 

ғалымдар  денеге  су  тисе  жуынған 

болып саналады дейді. Біздің Ханафи 

мәзхабында  дәрет  алу  үшін  дененің 

төрттен біріне су тигізу шарт. Ал енді 

осыны,  яғни,  дәрет  алуды  тікелей 

Құранға  сүйеніп  жасасақ,  не  болар 

еді?  Әркім  әртүрлі  түсініп,  өзінше 

дәрет алу рәсімін жүргізер еді. 



– Ораза ұстауға қатысты шарт­

тарда  да  түсіндіруді  қажет  ететін 

тұс тар бар.

–  Иә,  оны  өзіміз  де  көріп,  біліп 

жүрміз.  Осы  орайда,  ертеде  болған 

мынадай оқиғаға байланысты әңгіме 

бар.  Пайғамбарымыздың  заманында 

алғашқы мұсылмандардың бірі болған 

бір  сахаба  рамазан  айында  ораза 

ұстайды.  Ол  Құранда  айтылғандай, 

қ а р а   ж і п   п е н   а қ   ж і п т і ң   а р а с ы 

айырылған  кезге  дейін  ішіп-жейді. 

Бұл  үшін  терезесінің  алдына  қара 

және ақ жіп қойып, сол көрінген кезге 

дейін  тамақтанатын  болған.  Ақ  жіп 

пен қара жіптің анық көрінген кезі таң 

әбден  атып,  күн  қызарып  шығатын 

кезге  тура  келеді  екен.  Бірде  ол 

пайғамбарымызға осы жайды айтады. 

Сонда  пайғамбарымыз  күліп,  ақ  жіп 

пен қара жіптің айырылған кезі деген 

қараңғылық  кетіп,  таң  шапағы  енді 

ғана  біліне  бастаған  кез  екендігін 

айтып түсіндіреді. Егер де біз де сол 

сахаба сияқты ақ жіп пен қара жіптің 

Айтарым бар



Серік ХАЛЫҚОВ, Жақия қажы мешітінің имамы, исламтанушы: 

«ҚҰРАНДЫ ТІКЕЛЕЙ ҚАБЫЛДАП, 

ОНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫН ДӘЛ 

ТҮСІНЕМІЗ ДЕУ ҚАТЕ

»

ЛІМІЗДІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН ЛАҢ-



КЕСТІК ОҚИҒА ӘСІРЕДІН ДАРЛАР ТАРАПЫНАН ЕЛІ-

МІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҮЛКЕН ҚАТЕР БАРЛЫҒЫН ТАҒЫ 

ДА КӨРСЕТКЕНДЕЙ БОЛДЫ. ҚАУҒИТЫП САҚАЛ ҚОЙЫП, 

ӘЙЕЛДЕРІН БАСТАН-АЯҚ ҚАРА МАТАМЕН БҮРКЕП, ӨЗДЕРІН 

ДІН ИСЛАМНЫҢ ТІРЕГІНДЕЙ СЕЗІНІП ЖҮРЕТІН СӘЛАФИ, 

УАХАБИ ДЕЙТІН АҒЫМДАРДЫ ҰСТАНАТЫНДАРДЫҢ ЖОЛЫ 

ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС? МӘЗХАБТЫ МОЙЫНДАМАЙ, ТІКЕЛЕЙ 

ҚҰРАН НҰС ҚАУЫМЕН ЖҮРЕМІЗ ДЕЙТІН ОНДАЙ ЛАРДЫҢ 

ӘРЕ КЕТІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДІН ЖОЛЫ НА СЫЙЫМДЫ? ОСЫ 

ЖАЙЫНДА КӨКШЕТАУДАҒЫ ЖАҚИЯ ҚАЖЫ МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ, 

ИСЛАМТАНУШЫ СЕРІК ХАЛЫҚОВ ӨЗ ОЙ-ПІКІРЛЕРІМЕН 

БӨЛІСЕДІ.

Осыған қарап, аздап арақ ішіп, қызып 

тұрған  кезде  намаз  оқуға  болады 

екен ғой деп ойлауға болады. Бірақ, 

кейін келген аятта доңыз еті, өлексе, 

Алланың  атын  айтып  бауыздалмаған 

мал еті харам делініп, алдыңғы аяттың 

күші жойылады. 

Құранның  мән-мағынасын  түсін-

діретін  фикх  негіздері  (усул  а  фикх) 

деген  ғылым  бар.  Жалпы  Құраннан 

және хадистерден барлық сауалдарға 

жауап таба аламыз, егер біз оның мән-

мағнасына дін шеңберінде ой жүгіртіп, 

ақыл  таразысына  салар  болсақ.  Ал 

егер тікелей түсінер болсақ, Құраннан 

бүгінгі  күнгі  көптеген  мәселелерге 

жауап  таба  алмаймыз.  Мұның  өзі 

Құранды  әлсіретіп,  оның  Алладан 

келген  ақиқаттығына  күмән  туғызар 

еді.  Мәселен,  пайғамбарымыздың 

заманында  болмаған  ұялы  телефон, 

компьютер,  интернет  деген  қазір 

күнделікті  өмірімізде  көп  қолда-

нылады. Егер бір имамнан біреу «скаип 

желісі арқылы күйеу бала Алматыда, 

қалыңдық Лондонда, бір куә Астанада, 

екінші куә Көкшетауда болса, осындай 

жағдайда    неке  қиюға  бола  ма?» 

деп  сұраса,  оған  Құран  арқылы  не 

деп  жауап  бере  аласыз?  Әрине, 

бұл  туралы  Құранда  да,  хадисте  де 

ештеңе  айтылмаған.  Осыған  қарап, 

Құранда  барлық  сауалға  жауап  бар 

дегені қайда деп күмән келтірушілер 

болары анық. 

Негізінен  Құранға  логикалық  ой 

қисыны тұрғысынан қарап, ислам діні 

шеңберінде оның шарттарын түсіндіру 

қажет.  Осы  орайда,  тәпсір  ілімі  бұл 

маңызды мәселені зерттеп-зерделеуге 

үлкен  ықпалын  тигізеді.  Құранды 

Құранмен  тәпсірлеу,  яғни,  түсіндіру 

деген  бар.  Мәселен,  Құранда  бір 

аяттың  мағынасын  басқа  бір  аят 

арқылы түсіндіреді. Сондай-ақ, Құран 

аяттарын хадис арқылы түсіндіру бар. 

Онан қалды, тілдік мағынасы арқылы 

да түсіндіріледі. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  Құран 

түпсіз  терең  мұхит  іспетті.  Оның 

мән-мағынасын  дәл  тауып  түсінеміз 

деу мүмкін емес. Әсіресе, Құранның 

і ш к і   т ы л с ы м   м а ғ ы н а с ы   т е р е ң . 

Сондықтан  да,  діни  шарттарды 

Құранды  тікелей  басшылыққа  ала 

отырып  жүргіземіз  деу  дұрыс  емес. 

Пайғамбарымыздың  заманында 

пайғамбарымыздың  өзі  тікелей  діни 

шарттарды қалай орындау қажеттігін 

түсіндіріп  отырды.  Ал  кейін  ислам 

ілімін жан-жақты меңгерген ғалымдар 

Құранның  мән-мағнасы  мен  діни 

шарттарды қалай орындау қажеттігін 

түсіндірді.  Осындай  жол  –  мәзхаб. 

Діни парыздарды сол мәзхаб нұсқаған 

үкімдер арқылы орындауымыз шарт. 

Сонда қателесуден аулақ боламыз.    

Дәретпен жүрудің пайдалылығы

Дәретпен  жүрудің  пайдасы  өте 

көп.  Ол  жөнінде  хадис-шәрфтерде 

былай делінген:

«Дәретті жүрген адам ораза тұтқан 

адам сияқты» (Дәйләми);

«Жақсылап  алынған  дәрет  – 

иманның жартысы» (Ибн Хиббан);

«Дәрет  алған  адамның  ағаш-

тан  жапырақтары  төгілген  сияқты 

күнәлары төгіледі» (Табарани);

«Жан  алушы  періште  келген 

кезде  дәретті  болған  адам  шаһид 

мәртебесіне қауышады» (Табарани);

«Дәрет  алғаннан  кейін  «Қадір» 

сүресін  оқыған  адам  сыддықтардан, 

екі  рет  оқыған  адам  шәһидтердің 

қатарына  жазылады,  үш  рет  оқыған 

адам пайғамбарлармен бірге тіріледі 

((Дәйлами).



Ренжітудің баяны

Ислам  дінінде  адамды  ренжіту, 

к ө ң і л і н   қ а л д ы р у   ү л к е н   к ү н ә 

с а н а л а д ы .   Р е н ж і т у   –   Қ а ғ б а н ы 

жетпіс рет бұзғаннан да ауыр күнә. 

Осыдан кейін мұсылман адам қалай 

біреуді  ұрып-соғып,  балағаттай 

алады  немесе  қол  көтеріп,  өлтіре 

алады? Бұл ақылға қонымды нәрсе 

емес.  Ренжітуге  байланысты  ислам 

әлемінде есімі танымал үлкен тұлға 

Азиз Махмуд Худаи туралы мынадай 

әңгіме бар. 

Уфтада  хазіреті  шәкірттерінің 

ішінен  Азиз  Махмуд  Худаиді  өте 

жақсы  көреді  екен.  Осыны  білетін 

басқа шәкірттері бұған қызғанышпен 

қарайтын.  Шәкірттерінің  бұндай 

і ш т а р л ы қ т а р ы н   б і л е т і н   У ф т а д а 

хазіреті бір күні шәкірттерімен қырға 

серуенге  шыққанда  оларға:  «Маған 

бір-бір  бау  гүл  әкеліп  беріңдер» 

дейді.  Ұстаздарының  тапсырмасын 

алысымен  шәкірттері  бірден  гүл 

теруге  кірісіп  кетеді.  Біраз  уақыттан 

к е й і н   ш ә к і р т т е р і   ұ с т а з д а р ы н а 

қырда  өскен  көркі  көз  тартар  әдемі 

гүлдерді  әкеліп  береді.  Тек  Азиз 

Махмуд Худаи ұстазына қурап қалған 

гүл  әкеледі.  Сонда  Уфтада  хазіреті 

Худаи хазіретінен: «Қарашы достарың 

қандай  әдемі  гүлдер  әкелді,  ал  сен 

болсаң  қурап  қалғанын  әкеліпсің. 

Бізді осыған лайық көрдің бе?» -деп 

сұрайды. 

Худаи хазіреті: «Ұстазым, әрине сіз 

ең әдемі гүлдер алуға лайықсыз. Бірақ 

қай гүлге барсам да барлығы Аллаһты 

зікір  етіп  тұрды.  Сондықтан  оларды 

жұлып  алуға  батылым  бармады.  Ал 

мына қураған гүл енді Аллаһты зікір 

етуге шамасы жоқ болғандықтан, сізге 

осы  гүлді  әкелуге  мәжбүр  болдым» 

-деп  жауап  береді.  Сонда  Уфтада 

хазіреті  басқа  шәкірттеріне  қарап: 

«Міне,  сендердің  араларыңдағы 

айырмашылық осы», – дейді.

Ойлап көріңіз, бір гүлдің өзін жұла 

алмайтын діннің өкілдері қалайша бір 

адамды  ұра  алады  немесе  қалайша 

бейкүнә адамдарды дін атынан өлтіре 

алады, бұл ақылға қонбайтын нәрсе. 

Бұлай  болып  жатқан  болса,  демек 

мұнда  бір  надандық  бар.  Өйткені, 

пайғамбарымыз алаейкиссалам: «Ілім 

қай  жерде  болса,  дін  сол  жерде. 

Дін  қайда  болса,  ілім  сол  жерде»,  – 

деген. 


Я ғ н и ,   і л і м с і з   д і н   б о л м а й д ы . 

Сол  сияқты  дін  болмаған  жерде 

де  ілім  болмайды.  Бұл  екеуі  бір-

бірінен  ажырамайды.  Иә,  иман 

ету  шарт,  бірақ  иманнан  кейін  ең 

бірінші істелетін нәрсе – ілім үйрену. 

Ө й т к е н і   н а м а з   о қ и т ы н   б о л с а қ , 

ораза  ұстайтын  болсақ,  саудамен 

айналысатын  болсақ,  бұлардың 

барлығының  қалай  орындалатынын 

білуіміз  шарт  болады.  Қандай  іспен 

айналыссаң да сол істің ілімін білуің 

керек. 

– Әңгімеңізге рақмет. 

Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

алуға қауіптенген ата-ананың көпшілігі бұл тұста 

тәрбиенің негізі дін деп түсінген еді. 

Діни танымдық мектептерге, мешіттерге ұл-

қызын өз қолдарымен жетектеп ертіп барған ата-

ананың осы күні бармақтарын тістеп жүргендері 

баршылық.  Сол  сияқты,  тәрбиесіне  көнбеген, 

нашаға,  араққа  салынған  балаларын  түзу 

жолға  түсіру  ниетімен  секталардың  көмегіне 

жүгінгендер де аз емес.  Ұрпағын өз қолымен 

сектанттардың  қолына  тапсырып  тұрып  «Еті  – 

сенікі, сүйегі – менікі»  дегенді айтқан үлкендер 

ол кезде өз істеріне есеп бере қоймаған. Міне, 

араға  жылдар  салып,  тәрбиелі  азамат  болады 

деп сенген балалары «сенің ұстанған дінің дұрыс 

емес»,  –  деп  өздеріне  қарсы  шыққанда  ғана 

көпшілігінің ойлана бастағаны  анық.  Енді  міне, 

сол  кездегі  салғырттықтың  нәтижелері  біліне 

бастады.  Соқтасы  толған  сыздауықты  қанша 

жасырып, жапқанымызбен, ол ақыры жарылып 

тынды. Ақтөбедегі Шұбарши ауылынан басталып, 

бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен көрініс бере 

бастаған лаңкестік әрекеттер соның дәлелі.

Тәуелсіздіктен  кейінгі  жылдары  елде 

қалыптасқан діни ахуал назардан тыс қалмағанда 

мұндай  оқыс  оқиғалар  орын  алмас  та  еді. 

діншілдер  мазарларды,  бейіт  басына  қойылған 

құлпытастарды  қирата  бастады.  Қоғам  тағы 

меңіреу қалпында қалды. Естімеді. Міне, әсіре- 

діншілдерді өсіріп отырған да осы жауапсыздық.

Өзбекстан  да,  Тәжікстан  да  қазір  Араб 

елдерінде,  Пәкістанда  діни  сауатын  арттырып 

жатқан  жастарды  елге  алдырып,  бұл  жақта 

білімін  жетілдіруге  тыйым  салып  жатыр. 

Бізде  де  шетелге  барып,  білімін  көтеруге 

талаптанушылар  аз  емес.  Әрине,  жастардың 

жан-жақты  болғаны  жақсы.  Бірақ,  мемлекеттің 

қаржысына  оқытқан  балаларымыздың  ертең 

мемлекетке  қарсы  шықпауына,  елге  қарсы 

шығатын  топты  ұйымдастырмауына  өзіміз 

мүдделі болуға тиіспіз. Осыған орай, бүгінде дін 

істеріне қатысты арнайы министрліктің құрылуы 

көңілге  көп  үміт  сыйлайды.  Және  соңғы  кезде 

мектеп, арнаулы орта, жоғары оқу орындарына 

дінтану пәнін енгізу бойынша көтеріліп отырған 

бастаманың  да  қоғамға  оң  ықпалын  тигізері 

даусыз.  Тек  бұл  курстарда  діннің  тарихы  ғана 

емес, жастардың діни сауаттылығын жан-жақты 

көтеретін тақырыптар қамтылуы тиіс.



Мақпал МӘЛІКҚЫЗЫ

«АДАСҚАНДАРДЫ» ҚАЙТСЕК АЗАЙТАМЫЗ?

Пікір

Өйткені,  бұл  жағдай  кеше  немесе  бүгін  ғана 



байқалып  отырған  жоқ.  Мұндай  мәселенің 

барлығы  ақпарат  құралдарында  оқтын-оқтын 

болсын көтеріліп қалатын. Жастардың арасында 

діни көзқарасы бөлек ортаның қалыптасып келе 

жатқаны,  мектепте  хиджап  киген  қыздардың 

көбейіп,  сақалдылар  санының  артқаны  да 

талай  талқыланды.  Алғашында  бұл  түйткілге 

құлақ  түрген  ешкім  болмады.  Ауыл  адамдары 

да  жас  балалардың  көз  алдыларында  діни 

фанатқа айналып бара жатқанын елеп-ескермеді. 

Ақыры,  шектеу  көрмеген  жастар    өздерінің 

ілім-білімін  сіңіруге  тырысып,  үлкендерге 

қарсы  шыққаны  аздай,  араға  уақыт  салып  

қазақтың тәу еткен киелі орындарын қиратуды 

бастады. Содырлардың қолымен жермен жексен 

болғандардың алғашқысы Қыз әулие ескерткіш-

белгісі.  Жанында  өсіп  тұрған  жалғыз  ағашты 

кескендері  аздай,  түбірін  өртеп  тып-типыл 

еткен  сақалдылар  ескерткіштен  де  ештеңе 

қалдырмаған еді. Ел шулады. Әрлі-берлі өткенде 

жалғыз ағашты пана тұтып, ақ матасын байлап 

кететін  риясыз  халық  үшін  бұл  үлкен  соққы 

емес  пе?  Соққы  екені  рас.  Кейіннен  өлген 

адамның  басына  тас  қойдырмайтын  жаңа 

айрылған  кезіне  дейін  ішіп-жейтін 

болсақ, онда ұстаған оразамыз түгел 

бұзылар еді. Құранда Құранды оқып, 

оған ой жүгіртпей ме деген аят бар. 

Оның мәні Құранға философиялық ой 

жүгірту емес, ислам діні шеңберінде 

ой жүгірту болып табылады. 

–  Сіздіңше  адаспаудың  жолы 

неде?

–  Құранда  күші  осы  күнге  дейін 

сақталған үкімдер және күші жойылған 

үкімдер  бар.  Мәселен,  Құранда 

араққа  қатысты  бірнеше  аятта 

айтылған. Намазға  есін білмейтіндей 

мас күйде тұруға болмайды делінеді. 

Е 


10

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@mail.ru



ӘЛЕУМЕТ

Рас, басқа елдерде де ғасыр та-

жалымен  күрес  оң  нәтижесін  беріп 

жатыр деу қиын. Мәселен, Өзбекстан 

ВИЧ індетін кең тарататын елдер қа­

тарына еніп отыр. Сарапшылар «Ор-

талық Азия елдері ішінде Өзбекстан 

азаматтары ВИЧ індетін көп жұқтыра-

ды әрі таратады» деген тоқ тамға кел-

ген. ЮНЭЙДС өкілінің ха барлауын ша, 

Түрікменстан  –  БҰҰ­ға  ВИЧ  індеті 

жөнінде  ақпарат  бермей  отырған 

жалғыз  мемлекет.  Сондықтан,  ел 

ден саулығына  алаңдаған  халықара-

лық ұйымдар мүмкіндігінше ВИЧ­пен 

бірігіп күресуге шақыруда.

Ауруды емдегеннен 

оның алдын алған 

тиімдірек

Мамандар  әрқашан  да  атап  ай-

татын қағида – «ауруды емдегеннен 

гөрі сырқаттың алдын алған әлдеқай-

да тиімді». Мәселен, әрбір науқасты 

емдеуге  мемлекет  жылына  500­900 

млн теңге шығындауға мәжбүр көрі-

неді. Бұл шын мәнінде қыруар қаржы. 

Сондықтан,  мамандар  «жастар  үй-

ленбей тұрып ВИЧ­тестіден өтуі ке­

рек  деген  секілді  қарапайым  қағи-

даларды да сақтау арқылы ВИЧ­пен 

тиімді күресуге болар еді» дейді. 

Алматыда  өткен  жылы  21  аяғы 

ауыр әйелден ВИЧ індеті анықталған. 

Бұл шын мәнінде сұмдық статисти-

ка.  Еліміздің  ақ  халаттылары  АИТВ 

(ВИЧ)  індетін  жұқтырғандар  саны 

артып  бара  жатқанын  айтып  дабыл 

қағуда. Бұрын нашақорлар арасында 

ине арқылы кең тараған қатерлі ин-

фекцияны бүгінде жыныстық жолмен 

жұқтыратындар  көбейген.  Айықпас 

дертке шалдыққандар саны әсіресе 

Ақтөбе  және  Атырау  облыстарында 

артып барады.

Сәби  денінің  саулығы  тікелей 

ата­анасының денсаулығына байла-

нысты.  Ата­ананың  бойындағы  қан-

дай да бір жұқпалы дерт міндетті түр-

де болашақ ұрпақтың бойында қылаң 

береді  екен.  Сондықтан,  Қытай  елі 

жас жұбайларды денсаулығы туралы 

анықтама  әкелген  соң  ғана  некеге 

тіркейді.  Егер  жас  жұбайлардың 

біреуі дерт жұқтырған болса немесе 

денсаулығынан кінәрат табылса, онда 

оларға некеге отыруға тыйым салы-

нады.  Осылайша  болашақта  өмірге 

келетін сәби денсаулығына алаңдап, 

дені сау ұрпақ қалыптастыруды мақ-

сат  еткен  қытайлықтардың  негізгі 

мақ саты ұлт қауіпсіздігін қамтама сыз 

ету  болып  отырғаны  анық.  Өйткені, 

мамандар  соңғы  кезде  еліміздегі 

ВИЧ, СПИД секілді қауіпті дерттерді 

жыныстық  жолмен  жұқтыру  фак-

тілерінің  күрт  көбейгендігін  айтып 

отыр. Оның ішінде заңды некедегі ер-

лі­зайыптылардың өмірге ВИЧ індетін 

ала туатын ұрпақтар санын көбейтіп 

отырғаны алаңдатарлық жағдай.

Осы орайда, ұлттың ұрпақ арқылы 

қалыптасатынын  ескерсек,  жас  жұ-

байлардың  өздерінің  денсаулығына 

деген жауапкершілігін арттыру қажет-

тілігі сезіледі. Өкінішке қарай, еліміз-

де үйленер алдында жас жұбайлар-

дан  денсаулығы  туралы  анықтама 

талап етілмейді. Шындығында, біз ол 

анықтамаға жай қағаз ретінде емес, 

ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қара-

уымыз керектігі ұмыт қалып отыр.

Мақпал ТОҚТАРОВА, 

заңгер:

– Елімізде некеге отырар алдын-

да  жас  жұбайлардан  денсаулығы 

туралы  анықтама  талап  етілмейді. 

Бірақ, некеге отыруға өтініш берген 

кезде  өтініштің  астыңғы  жағында 

«некеге отыру шарттарымен таны-

стық,  бір-біріміздің  денсаулығы-

мыз туралы білеміз» деген секілді 

бөлімдерге қол қоя ды. Яғни, олар 

өздері үшін денсау лықтарын меди-

циналық тексеру ден өткізіп көруге 

болады.  Ал,  біз дің  тарапымыздан 

ондай талап қо йылмайды. Бұл Неке 

(ерлі-зайыптылық)  және  отбасы 

туралы кодекстің 13-бабында анық 

көрсетілген. Сол кодекстің негізінде 

ға на жас жұбайлардың үйленер ал-

дындағы өтінішінің астыңғы жа ғына 

арнайы бөлім енгізгенбіз.

Осылайша заңымызда да, некеге 

тіркейтін АХАТ бөлімдерінде де жас 

жұбайлардың  денсаулығына  алаң­

даушылық  байқалмайды.  Заң  «ден-

саулығын  өздері  үшін  тексертсін» 

десе,  АХАТ­тықтар  қағаз  жүзінде 

жас тардың «өзара бір­біріміздің ден­

саулығымызды  білеміз»  деген  ма­

құлдауына  малданып  отыр.  Әрине, 

ауруы жанына батпай дәрігер алдына 

бармайтын ұлтымыздың қанына сің-

ген әдеті жас жұбайларды отау тігіп, 

үй болар алдында да өз еріктерімен 

дәрігер алдына сүйремесі белгілі.

Ал,  медициналық  тексерусіз  не-

кеге  тұрып  болған  соң  жас  жұбай-

лардың  бірқатарының  бала  болмай 

кестіктерін тексертіп жататын жастар 

елімізде жоқтың қасы.

Әсіресе, соңғы кездері ВИЧ індетін 

жұқтырушылар  арасында  ерлі­за­

йыптылардың да кездесіп қалуы ма-

мандарды алаңдатуда. Осыған орай, 

Қарағанды қаласының салауатты өмір 

салтын  қалыптастыру  орталығының 

мамандары  «үйленер  алдында  жас 

жұбайларды ВИЧ инфекциясына тек-

серістен өтуін талап ететін заң қабыл-

данса»  дейді.  Осы  мақсатта  некеге 

тұруға  өтініш  берген  жастарға  неке 

қию  қызметкерлері  телефон  соғып, 

ВИЧ тестіден өтуге де шақыруда.

Тынысхан ӘУБӘКІРОВА, 

СӨС орталығының 

дәрігер-үйлестірушісі:

–  Өткен  жылдың  қарашасында 

ВИЧ және СПИД-тің алдын алу үшін 

айлық өтті. Содан кейін біз резолю-

ция қабылдап, Әділет министрлігіне 

үйленетін  жас  жұбайларға  арнап 

семинар өткізу туралы хат жаздық. 

Олар  бұл  ше шімімізді  қолдады. 

Біз елімізде үйленер алдында жас 

жұбайларды  ВИЧ  тестіден  өтуге 

міндеттейтін  заң  қабылданғанын 

қалар  едік.  Бүгінде  жігіт  те,  қыз 

да бір-біріне «бұл тестіден өт» деп 

ашық  кесіп  айта  алмайды.  Олай 

дейтін болса, бір-біріне сенімсіздік 

танытқандық  болып  шығады.  Ал, 

тиісті орындар тарапынан ВИЧ тес-

тіден  өту  туралы  талап  енгізілсе 

көптеген  мәселенің  алдын  алар 

едік.

Расында да, соңғы кездері еліміз-

де  ВИЧ  инфекциясын  жұқтырған 

әйел дер қатарының артқаны байқал­

ған. «Қазақстанда ВИЧ инфекция сын 

жұқ тырған  әйелдер  қатары  көбейіп 

ке леді. Бұл оның жұғу жолының өзгер­

генін  білдіреді.  Яғни,  бұрынғыдай 

инъекциялық есірткі қабылдаушылар 

арасында дерт жұқтырғандар қатары 

азайып,  жыныстық  жолмен  берілу 

көр сеткіші артқан», – дейді мамандар. 

Және  ерлі­зайыптылардың  ара-

сында  да  қауіпті  дертті  жұқтырған-

дар  саны  бар  екенін  жасырмайды. 

ВИЧ  қана  емес,  жүрек­қан  тамыр 

аурулары  мен  бүйрек,  буын  ауру-

ларының  барлығын  ата­анасының 

бойынан дер кезінде анықтап, алдын 

алған жағдайда өмірге дені сау ұрпақ 

әкелудің мүмкіндігі жоғары көрінеді. 

Мамандар «жас жұбайларды үйлен-

бес  бұрын,  денсаулығын  тексеруді 

міндеттеу  арқылы  денсаулық  сала-

сына бөлінетін мемлекеттік бюджетті 

де  үнемдеуге  мүмкіндік  туар  еді. 

Біз  жас  жұбайлардың  денсаулығын 

тексерместен, үйленуге рұқсат беру 

арқылы  тумай  жатып  ауру  атанған, 

мүгедек  ұрпақтың  санын  көбейтуге 

мұрындық болып отырмыз» дейді.

Алдын алудан гөрі 

аластатуды дұрыс 

көреді


Жасыратыны  жоқ,  елімізде  ВИЧ, 

СПИД секілді ғасыр дертімен ауыра-

тын науқастармен дұрыс қарым­қа-

тынас орнамаған. Оның алдын алудан 

ның тапталуы жиілеп кеткен көрінеді.

Айта  кетер  жайт,  Шығыс  Еуро-

па  елдерінде  мұндай  дертке  шал-

дыққан  адамдарға  дұрыс  көзқарас 

қалыптасып,  құқықтары  қорғалған. 

Соңғы статистикалық деректер бой-

ынша, елімізде СПИД­ке шалдыққан 

адамдар саны 20 мыңнан асқан. Бұл 

–  ресми  түрде  тіркелгендері  ғана. 

Ал, тіркелмегендерін қоссақ, бұл сан 

әлдеқайда көбейе түседі. Сондықтан, 

біз  осы  бастан  ВИЧ  пен  СПИД­ке 

деген  қоғам  көзқарасын  дұрыс  қа-

лыптастыру жұмыстарын жүргізуіміз 

керек. Ал, оларды аластатып, қуда-

лаумен іс бітпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет