АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Б.НАЛИБАЕВА,

Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі 

Мінбер


АҢА ІСТІ БАСТАМАС БҰРЫН МЕЖЕ БЕЛГІЛЕП, МАҚСАТТЫ АЙҚЫНДАП АЛҒАН 

МАҢЫЗДЫ. ҚАРАП ОТЫРСАҚ, БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАНДАН-

ДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ КӨПТЕГЕН ҚАДАМ ЖАСАЛҒАН ЕКЕН. АТАП АЙТСАҚ, СОТ 

ЖҰМЫСЫНА, СУДЬЯЛАР ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ҚАЛАМ-ҚАҒАЗ-

ДАН БАСТАП, ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТҚА ДЕЙІНГІ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ 

БАРЛЫҒЫ ДЕРЛІК ШЕШІМІН ТАУЫПТЫ. БҮГІНДЕ ЖАЛДАМАЛЫ, ЕСКІ ҒИМАРАТ-

ТА ОТЫРҒАН СОТ ҰЖЫМЫ ЖОҚ. ЕҢСЕЛІ, БИІК ҒИМАРАТТАР, ЖАҢА ҮЛГІДЕ 

ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС БӨЛМЕЛЕРІ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҚТАН ТОЛЫҚ ЖАРАҚТАН-

ДЫРЫЛҒАН СОТ ЗАЛДАРЫ, БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА, ТӘУЕЛСІЗ СОТ ЖҮЙ-

ЕСІН ҚҰРУ, ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ, ОЛАРДЫ ЗАҢ ДЫҚ 

ТҰРҒЫДАН БЕКІТІП АЛУ, ЕЛ ІШІНДЕГІ СОТҚА ДЕГЕН ЖАҢАША КӨЗҚАРАСТЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРДЫҢ БІР 

ПАРАСЫ ІСПЕТТЕС. 

Ж

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ – 

ЕЛ НАЗАРЫНДА

Республикасындағы  соттар  және 

судья лардың мәртебесі туралы» Кон-

ституциялық заң күші бар Жарлыққа 

қол қойды. Осылайша, сот жүйесінде 

мемлекеттік  билікке  қажетті  барлық 

атрибуттар  еліміздегі  сот  төрелігінің 

тыңғылықты қалыптасқанын айқындап 

берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елі-



міздің сот жүйесін әлемдік стандарт-

тарға  сәйкестендіруде  көптеген  кө-

шелі міндеттерді алға қойғаны белгілі. 

Оның жыл өткен сайын сот төре лігінде 

орнығуын өзінің бақылауында ұстауда.

Қазірдің  өзінде  еліміздегі  бар-

лық  соттарда  электронды  сот  ісін 

жүр гізу  жүйесі  енгізілген.  Сонымен 

қатар, Жоғарғы Сот тың ғаламтор ре-

сурсын жаңарту, жергі лікті соттардың 

Интер нет-ресурстарын жетілдіру жұ-

мыс тары  тиянақты  жүргізіліп  келеді. 

Сот өндірі сіне қатысушылардың істің 

қозғалысы  туралы  жедел  ақпарат 

алуы на,  шығарылған  сот  актілерімен 

таны суына  барлық  мүмкіндіктер  жа-

салған.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 



әлемдік  дағдарысқа  қарсы  біртұтас 

болып көрсетуде баламасы жоқ, ұста-

нымы  кесімді  5  халықтық  бағыттан 

тұратын Ұлт жоспары – Қазақстанды 

әлемнің  алдыңғы  қатарлы  30  елінің 

қатарына  қосу  үшін  жасаған  ғасыр-

лық  межесі.  Өткір  де  ұтқыр  идеяға 

құрылған  5  институционалдық  ре-

форма  дегеніміз:  қазіргі  заманғы 

мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, 

заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету,  ин-

дустрияландыру  және  экономикалық 

өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспа-

рентті  және  есеп  беруші  мемлекет. 

Осы реформалар мен алға қойылған 

мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  ел 

Президенті  100  нақты  қадамды  ай-

қындап  берді.  Заңдарды  мүлтіксіз 

сақтаған мемлекет қана өркен жайып, 

гүлдене бермек. Президенттік рефор-

мада басты бағыттардың бірі ретінде 

заң  үстемдігіне  басымдылық  беріліп 

отырғаны да сондықтан.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспары 

реформасында сот жүйесіне баса на-

зар аударылған. Бұл мемлекеттің одан 

әрі  дамуындағы  соттардың  ерекше 

рөлін  көрсетеді.  Қазіргі  уақытта  сот 

төрелігінің  тиімділік  деңгейі  эконо-

микалық, әлеуметтік, құқықтық және 

өзге де салалардың табысты жаңғы-

руын айқындаушы фактор болып та-

былады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты 

дамыту үшін қажетті шарт.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспары 

аясында  сапалы  судьялар  корпусын 

қалыптастыруға  ерекше  мән  беріл-

ген.  Судьялар  корпусына  абыройлы, 

кәсіпқой,  руxани  бай,  тәжірибелі,  өз 

кәсібіне  жауапты  азаматтар  алынуы 

тиіс.  Сол  себепті  Жоғары  сот  кеңесі 

түбегейлі  реформаланды.  Құқықтық 

сот институты Жоғарғы Сотқа берілді. 

Осындай орасан зор реформалардың 

жемісті  жүргізілуі  Елбасының  саяси 

көрегенділігі  мен  қажырлы  күш-жі-

герінің, табандылығы мен позициясы-

ның беріктігінің арқасы дер едім.

Судьялардың  әлеуметтік  мәрте-

бесіне сай, еш алаңсыз қызмет етуіне 

қолайлы жағдай жасау, лайықты бас-

панамен қамтамасыз ету әр жылдары 

өз шешімін тыңғылықты түрде табуда. 

Мемлекет  басшысы  судьялардың 

әл-ауқатын үнемі жақсартып отыруды 

өзінің  назарынан  ешқашан  тыс  қал-

дырған  емес.  Сол  үшін  де  судьялар 

қауымының  ел  Президентіне  деген 

құрметі мен алғысы шексіз. 

О.ТҰРСЫНОВ,

Астана қалалық сотының 

судьясы 

Сот сөйлесін

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАЗЫСЫ 

ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Әлемдегі  кез  келген  мемле-

кеттің өсіп-өркендеуі мен табысқа 

жетуі  ең  алдымен  мемлекеттік 

органдардың тиімді және сапалы 

жұмыс  істеуімен  тығыз  байла-

ныс ты. Осы орайда, Қазақстанда 

сот  жүйесін  жетілдіруге  ерекше 

назар аударылып отыр. Өйткені, 

әділ және ашық сот қазіргі кез-

де  еліміздегі  заңдылық  сатысы 

мен  деңгейінің,  қоғамымыздағы 

демократиялық үдерістердің да-

муының басты көрсеткіші болып 

табылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаев  «100  нақты  қадам» 

–  Ұлт  жоспарында  отандық  сот 

жүйесін жетілдіруге бағытталған 

негізгі міндеттерді нақты белгілеп 

берді. Елбасы жаңа реформалар-



Ермек ТҰРБАЕВ, 

Арал аудандық сотының төрағасы

РЕФОРМА ЖАЛҒАСАДЫ

айқындап,  адаспас  жол,  айны-

мас бағытын белгілеп беріп отыр. 

«Мәңгілік Ел» идеясы – теңдессіз, 

патриоттыққа толы идея. Ата-баба-

ларымыздың арманы. Бүгінгі біздің 

өміріміз,  болашақтың  бақытты 

жолы. Сондықтан да, баршамыз тізе  

қосып, бір мақсат үшін, бір мүдде, 

бір болашақ үшін аянбай тер төгіп, 

қажымай қайрат қылуымыз, ерінбей 

еңбек етуіміз керек.

Ұлт жоспары Қазақстанды бәсе-

кеге қабілетті ең жоғары дамыған 

30 елдің қатарына қосуы тиіс. Бұл 

мақсат мемлекетке де, кәсіпорын-

дар мен әрбір азаматқа да ерекше 

жоғары  міндеттер  жүктейді.  Ең 

ілгері  дамыған  мемлекеттердің 

көрсет кіштері  мен  өмір  сапасына 

қарап бой түзеуге бізді өмірдің өзі 

итермелеп отыр. 

Қазіргі  таңда  Ұлт  жоспарының 

сот  жүйесіне  қатысты  барлық  он 

қадамы  орындалып  отыр.  Соның 

ішінде,  сот  сатыларын  оңтайлан-

дыру  бағытында  бес  сатылықтан 

үш сатылық сот төрелігі жүйесіне 

көшуі,  инвестициялық  дауларды 

қарайтын Жоғарғы Соттың маман-

дандырылған  алқасы  мен  Астана 

қалалық  сотының  маманданды-

рылған құрамының құрылуы, жаңа 

Азаматтық  процестік  кодекстің 

қабылданып, қолданысқа енгізілуі, 

барлық  сот  процестерінің  дыбыс 

және бейне жазба жүргізу арқылы 

өткізілуі, судья лауазымына канди-

даттарды  іріктеу  тәртібінің  қатай-

тылуы, сондай-ақ, алдағы VII съезде 

қабылданатын  судьялардың  жаңа 

Этикалық кодексінің жасалуы рес-

публиканың  сот  құрылымын  және 

сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру-

ге зор серпін берді. 



Л.ҰСТАҒАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысы 

мамандандырылған 

ауданаралық экономикалық 

сотының судьясы                            

ҚАСТЕРЛІ МЕРЕКЕ



14

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ТАЛҚЫ

СОТ – ДАУ-ЖАНЖАЛҒА СОҢ-

ҒЫ  НҮКТЕ  ҚОЯТЫН,  АҚ  ПЕН 

ҚАРАНЫ АЙЫРАТЫН ОРЫН. АЛ, 

МҰНДАЙ  МӘРТЕБЕЛІ  ОРТАНЫ 

С Ы Й Л А У   Ә Р   А З А М А Т Т Ы Ң 

ПАРЫЗЫ  ЖӘНЕ  ТӨРЕЛІК  ЕТЕР 

ТӨРДІ  СЫЙЛАМАҒАНДАРҒА 

ЖАЗАНЫҢ  ТАҒАЙЫНДАЛУЫ 

ОРЫНДЫ.

Сотқа 

құрметтемеушілік 

білдіру дегеніміз не?

Процеске  қатысушылардың  және 

өзге  де  адамдардың  қатысуынсыз 

соттың  iстi  одан  әрi  қарауы  мүмкiн 

болмайтын  жағдайларда,  олардың 

шақыру  қағазы,  хабарлау,  хабардар 

ету  немесе  шақыру  бойынша  сотқа 

дәлелді  себептерсіз  келмеуінен, 

сот  отырысында  төрағалық  етушiнiң 

өкiмдерiне  бағынбаудан,  сотта 

белгіленген  қағидаларды  бұзудан 

көрiнген  сотты  құрметтемеушiлiк, 

сондай-ақ,  сотты  және  (немесе) 

судьяны  құрметтемеушiлiк  туралы 

анық  көрінетін  өзге  де  әрекеттер 

(әрекетсiздiк)  сотты  құрметтемеу-

шіліктің белгілері болып табылады.

Сотты  және  (немесе)  судьяны 

құрметтемеушiлiк туралы анық көріне-

тін  өзге  де  әрекеттер  (әрекет сiздiк) 

белгілеріне  келесілерді  жатқызуға 

болады:


  іс жүргізуге қатысушының әкiм-

шiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  iстi 

қарайтын органға (лауазымды адамға) 

iс  бойынша  талқылауды  кейiнге 

қалдыруға  себепшi  болған  дәлелді 

себепсіз келуден бас тартуы немесе 

келмеуі;

  алқабидiң  мiндеттерiн  атқару 

үшiн  азаматтың  шақыру  бойынша 

дәлелді себептерсіз сотқа келмеуі;

  алқабидiң  сот  талқылауында 

iстi  қарауға  байланысты  Қазақстан 

Рес пуб ликасының заңдарында белгi-

ленген  міндеттерді  орындамауы, 

сондай-ақ, шектеулердi сақтамауы;

 әкiмшiлiк құқық бұзушылық тура-

лы  iстердi  қарауға  уәкiлеттiк  беріл-

ген  орган  (лауазымды  адам)  куә 

ретiнде сауал қоюға жататын адамның 

айғақтар беруден дәлелді себептерсіз 

бас тартуы немесе келмеуі;

    әкiмшiлiк құқық бұзушылық тура лы 

iстi қараған кезде және медициналық 

қызмет сараптамасын жүргiзу бары-

сында  органға  (лауазымды  адамға) 

куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған 

айғақтары,  сарапшының  көрiнеу 

жалған  қорытындысы,  сондай-ақ, 

сондай  жағдайларда  аудармашы 

жасаған көрiнеу дұрыс емес аударма 

беруі;

    лауазымды  адамның  соттың 



жекеше  ұйғарымын,  қаулысын, 

про курордың,  тергеушiнiң  немесе 

анық таушының  ұсынуын  қараусыз 

қалдыруы  не  оларда  көрсетiлген 

заңбұзушылықтарды  жоюға  шара 

қолданбау,  сол  сияқты  жекеше 

ұйғарымға,  қаулыға  немесе  ұсынуға 

уақтылы жауап қайтармауы;

    сот  үкiмiн,  сот  шешiмiн  немесе 

өзге де сот актiсiн және атқарушылық 

құжатты орындамауы сотқа құрметте-

меу шілік болып табылады.



Тәртіпті 

қадағалайтын 

тұлға кім?

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  мемлекеттің  құқықтық 

жүйесін  жаңғырту  үшін  бес  институ-

ционалдық реформаны жүзеге асыруға 

бағытталған  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарында  сот  жүйесін  одан  әрі 

жетілдіруге үнемі назар аударып, сот 

әділдігін жүзеге асырудың тиімділігін 

арттыру  қажеттігін  айтып,  осы  тап-

сырма  аясында  жаңа  Азаматтық 

процестік кодекс қолданысқа енгізіл-

гені бәрімізге аян.

Жаңа кодекстегі процессуалдық заң 

талаптары  халықаралық  талаптарға 

сай жүйеленген. Азаматтық процестік 

кодекс сотқа құрметтемеушілік білдір-

гені  үшін  жауапқа  тарту  тәртібіне 

көптеген  өзгерістер  ала  келді.  Осы 

орайда, төрағалық етуші судьяның сот 

отырысына тиісті дәрежеде басшылық 

етуінің көп маңызы бар. 

Төрағалық етушiнiң мiндетiн судья 

атқарады. Төрағалық етушi азаматтық 

сот ісін жүргізу қағидаттарына сәйкес, 

процестік әрекеттер жасаудың сабақ-

тастығы  мен  тәртiбінiң  сақталуын, 

процеске қатысушылардың процестік 

құқықтарын  жүзеге  асыруын  және 

олардың процестік міндеттерді орын-

дауын, процестің тәрбиелiк ықпалын 

қамтамасыз  ете  отырып  отырыстың 

барысына  басшылық  жасайды.  Іске 

қатысатын  қандай  да  бір  тұлғаның 

төрағалық етушiнiң процестік әрекет-

терiне қарсылық бiлдiруі сот отыры-

сының хаттамасына енгiзiледi.

Төрағалық  етушi  сот  отырысында 

тиiстi тәртiптi қамтамасыз етуге қажеттi 

шаралар қолданады. Сот отырысында 

тәртіпті  сақтау  жөніндегі  талаптар 

іске  қатысатын  барлық  тұлғалар 

және  олардың  өкілдері,  мамандар, 

сарапшылар,  аудармашылар  үшiн, 

ТӨРЕЛІК  ЕТЕР  ТӨРДІ 

СЫЙЛАУ  МІНДЕТ

Шешiм  шығармай  аяқталатын  істегі 

сот  шешiмiн  немесе  ұйғарымын 

сот  отырысы  залында  қатысып 

отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды. 

Іске  қатысатын  адамдар  мен  сот 

отырысы  залында  қатысып  отырған 

азаматтар судьяға «Құрметті сот» деп 

сөйлейді.

Түсініктемелер  мен  айғақтарды, 

сұрақтар  мен  оларға  жауаптарды 

процеске  қатысушылар  төрағалық 

етушінің  рұқсатымен  түрегеп  тұрып 

береді.  Бұл  қағидадан  ауытқуға 

төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана 

жол  берілуі  мүмкiн.  Іске  қатысатын 

адамдар,  сондай-ақ,  сот  отырысы 

залында қатысып отырған азаматтар 

сот  отырысы  залындағы  тәртіпті 

сақтауға міндетті.

Сот отырысы басталар кезде төра-

ғалық  етуші  тараптарға  олардың 

процессуалдық  құқықтары  мен 

міндет терін түсіндіреді. Яғни, төраға-

лық  етуші  тараптарға  олардың  іс 

материалдарымен танысуға, олардан 

үзінді көшірмелер жазып алуға және 

көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын 

мәлімдеуге;  дәлелдемелерді  табыс 

етуге  және  оларды  зерттеуге  қаты-

суға; іске қатысатын басқа да тұлға-

ларға,  куәларға,  сарапшылар  мен 

мамандарға  сұрақтар  қоюға;  өтініш-

хаттар,  оның  ішінде  талап  қоюды 

қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар 

қолдану  туралы,  дәлелдемелерді 

қамтамасыз  ету  бойынша,  қосымша 

дәлелдемелерді  талап  ету  туралы, 

татуластыру рәсімдерін қолдану туралы 

өтінішхаттар  беруге;  сотқа  ауызша 

және жазбаша түсініктемелер беруге; 

сот  процесі  барысында  туындайтын 

барлық  мәселелер  бойынша  өз 

дәлелдерін келтіруге; іске қатысатын 

басқа  да  адамдардың  өтінішхаттары 

мен  дәлелдеріне  қарсы  болуға; 

сот  жарыссөздеріне  қатысуға;  сот 

отырысының хаттамасымен танысуға 

және  оған  жазбаша  ескертпелер 

беруге; соттың шешімдеріне, ұйғарым-

д а р ы   м е н   қ а у л ы л а р ы н а   ш а ғ ы м 

жасауға; Қазақстан Республикасының 

азаматтық  сот  ісін  жүргізу  туралы 

заңнамасында  берілген  басқа  да 

процестік  құқықтарды  пайдалануға 

құқығы  бар  екенін  толықтай  түсін-

діреді.


Сонымен қатар, олар басқа адам-

дардың  құқықтарын  теріс  пайда-

ланбай, олардың мүдделерін бұзбай, 

өздеріне  тиесілі  барлық  процес-

тік  құқықтарды  адал  пайда лануға 

тиіс  екенін  және  істерді  қарау  мен 

шешу  мерзімдерін  қасақана  созып 

жіберуге жол бермеуге тиіс екендігін 

түсіндіреді. Сондай-ақ, іске қатысатын 

ға  төрағалық  етушi  соттың  атынан 

ескерту жасайды. 

Тәртiптi қайталап бұзған жағдайда 

iске қатысатын адам сот отырысының 

хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы 

бойынша  сот  талқылауының  барлық 

уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот 

отырысы залынан шығарып жiберiлуi 

мүмкiн.  Төрағалық  етушi  соңғы  жағ-

дайда  сот  отырысы  залына  қайта 

жiберiлген адамды ол болмаған кезде 

жасалған  процестік  әрекеттермен 

таныстырады. 

Сот отырысы залына қайта орал-

ған  адамдар  олар  болмаған  кезде 

зерттелген  мән-жайлар  бойынша 

түсініктеме беруге және іске қатыса-

тын басқа адамдарға сұрақтар қоюға 

құқылы.


Ашық сот 

отырысына қатысу 

тәртібі

Ашық сот отырысында іске қатыс-

пайтын  адамдардың  да  сот  залында 

тыңдарман  болып  отыруына  жол 

берілген. Ал, егер осы адамдар тара-

пы нан  тәртіп  бұзушылық  болған 

жағдайда  қандай  жауаптылық  көз-

делген?  Іске  қатыспайтын  және  сот 

отырысы  залында  қатысып  отырған 

адамдар  қайталап  тәртіп  бұзғаны 

үшін  төрағалық  етушінің  өкімімен 

отырыс залынан шығарып жіберіледі. 

Ал,  істi  талқылау  барысында  оған 

қатысушылар  жаппай  тәртiп  бұзған 

жағдайда  сот  iске  қатыспайтын 

адам дардың  барлығын  сот  отырысы 

залынан  шығарып  жіберуі  және  iстi 

жабық  отырыста  қарауы  немесе 

iстi  талқылауды  кейiнге  қалдыруы 

мүмкiн. Мұндай жағдайда істі жабық 

сот  отырысында  қарау  және  шешу 

туралы ұйғарым шығарылады, ол сот 

отырысының хаттамасына енгізіледі.

Тәртіптің 

сақталмауы істің 

сапалы қаралуына 

кедергі

Сот  отырысы  залында  сотқа 

құр меттемеушілік  анықталғаннан 

кейін  төрағалық  етуші  судья  келесі 

процессуалдық  әрекеттерді  жүзеге 

асырады: төрағалық етуші судья сот 

отыры сында  нақты  жеке  тұлғаның 

тарапы нан  сотқа  құрметтемеушілік 

фактісі  орын  алғанын  анықтаған 

шығарған  жағдайда  сот  қаулының 

қарар  бөлігін  жариялағаннан  кейін, 

әкімшілік  жауаптылыққа  тартылған 

тұлғаға қаулының толық мәтіні жазба-

ша  түрде  дайындалатынын  және 

оның көшірмесі оған тапсырылатыны 

туралы  түсіндіруге  міндетті.  Бұл 

ретте төрағалық етуші судья әкімшілік 

жауаптылыққа  тартылған  тұлғаға 

қаулыға  жеке  шағым  не  наразылық 

келтіру тәртібі мен мерзімін міндетті 

түрде  түсіндіруі  тиіс.  Мұндай  жағ-

дайда  қаулының  толық  мәтіні  ол 

жария ланған күннен бастап бір тәулік 

ішінде дайындалуға жатады.

Төрағалық етуші судьяның жоғары-

да  келтірілген  әрекеттерін  сот  оты-

рысының  хатшысы  міндетті  түрде 

сот отырысының хаттамасына енгізуі 

қажет.  Сонымен  қатар,  сот  отыры-

сының хаттамасында төрағалық етуші 

судьямен  қаулының  қашан  дайын 

болатыны,  кінәлі  тұлғаға  қаулының 

көшірмесі  қашан  табысталатынын 

және  қаулыға  шағым  келтіру  тәр-

тібі  түсіндірілгені  міндетті  түрде 

көрсетілуі тиіс. Қаулыға шағым беру 

мерзімі  өткеннен  кейін  сот  отырысы 

хатшысымен ат қару парағы жазылып, 

орындауға жол данады.

Жаза жауаптылықты 

арттырады

Процеске қатысушы тұлға тарапы-

нан тікелей сот талқылауы бары сын да 

сотты  құрметтемеу  фактісі  анық-

тал ған  кезде  кінәлі  адамға  қандай 

жауаптылық көзделген?

Процеске қатысушы тұлға тарапы-

нан тікелей сот талқылауы барысында 

сотты құрметтемеу фактісі анықталған 

кезде сот кінәлі адамға осы кодекстің 

120-бабында  белгіленген  тәртіппен 

әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

2016  жылдан  бастап  қолданысқа 

енгізілген  Азаматтық  процестік 

кодекстің  120-бабының  талабына 

сай, сот отырысында сотқа құрметте-

меушілік  білдіру  фактісі  анықтал-

ғанын істі тікелей жүргізуші судья (сот 

құрамы) құқық бұзушыға сот кеңесу 

бөлмесіне  кетпестен  бұрын  жария-

лайды.  Осы  факт  сот  отыры сының 

хаттамасында  тіркеледі.  Бұл  ретте 

әкімшілік  құқық  бұзушылық  тура-

лы  хаттама  жасалмайды.  Ал,  өзіне 

қатысты сотқа құрметтемеушілік біл-

діру фактісі анықталған адам, сондай-

ақ,  іске  қатысатын  өзге  де  адам дар 

өз  түсініктемелерін  беруге  құқылы. 

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

қаулыны  төрағалық  етуші  судья 

азаматтық  іс  бойынша  сот  отырысы 

аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде 

дайындайды,  оған  судьялар  (сот 

құрамы) қол қояды. 

Егер  сотқа  құрметтемеушілік  сот 

отырысында  білдірілсе  және  тәртіп 

бұзушы  сот  отырысының  залы нан 

шығып  кеткен  жағдайда  сот  оты-

ры сынан  тыс  сотқа  құрметте меу-

шілік  білдірілмеген  кезде,  сондай-

ақ,  егер  сот  отырысына  келуден 

жал тару  белгіленсе,  сот  приставы 

немесе  соттың  өзге  жұмыскері  сот 

төрағасының немесе сот отырысына 

төрағалық  етушінің  ауызша  өкімі 

бойынша  құқық  бұзушылық  туралы 

хаттама  жасайды.  Бұл  ретте  құқық 

бұзушылық  туралы  хаттама  қажетті 

материалдармен  бірге  Қазақстан 

Республикасының  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы кодексінде белгі-

ленген соттылыққа сәйкес қарау үшін 

сотқа жіберіледі.

Егер сот отырысында тәртіп бұзу-

шының  әрекеттерінде  қылмыстық 

құқық бұзушылық белгілері болса, сот 

бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне 

қатысты қаулы шығарылған адамға үш 

жұмыс күні ішінде тапсырылады және 

растайтын  материалдармен  бірге 

прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді 

ұйымдастыру үшін жолданады.

Қазақстан  Республикасының 

Әкім шілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодексінің  653-бабының  1-тарма-

ғының  талабына  сай,  процеске 

қатысушылардың  және  өзге  де 

адамдардың қатысуынсыз соттың iстi 

одан  әрi  қарауы  мүмкiн  болмайтын 

жағдайларда,  олардың  шақыру 

қағазы,  хабарлау,  хабардар  ету 

немесе  шақыру  бойынша  сотқа 

дәлелді  себептерсіз  келмеуінен, 

сот  отырысында  төрағалық  етушiнiң 

өкiмдерiне  бағынбаудан,  сотта 

белгіленген  қағидаларды  бұзудан 

көрiнген  сотты  құрметтемеушiлiк, 

сондай-ақ,  сотты  және  (немесе) 

судьяны  құрметтемеушiлiк  туралы 

анық  көрінетін  өзге  де  әрекеттер 

(әрекетсiздiк)  –  ескерту  жасауға  не 

жиырма  айлық  есептiк  көрсеткiш 

мөлшерiнде  айыппұл  салуға  не  бес 

тәулікке  дейінгі  мерзімге  әкімшілік 

қамаққа алуға әкеп соғады.

Қазақстан  Республикасының 

Әкім шілік  құқық  бұзушылық  тура-

лы  кодексінің  653-бабының  1-тар-

м а ғ ы н ы ң   т а л а б ы н а   с а й ,   о с ы 

баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, 

әкiмшiлiк  жаза  қолданылғаннан 

к е й i н   б i р   ж ы л   i ш i н д е   қ а й т а л а п 

жасалған  әрекеттер  (әрекетсiздiк) 

–  отыз  айлық  есептiк  көрсеткiш 

мөлшерiнде  айыппұл  салуға  не  он 

тәулікке  дейінгі  мерзімге  әкімшілік 

қамаққа алуға әкеп соғады.

Әкімшілік хаттама 

толтыру ережесі

Сот отырысынан тыс кезде сотқа 

құрметтемеушілік фактісі анықталған 

жағдайда  әкімшілік  жауапқа  тарту 

тәртібі немен ерекшеленеді? Мұндай 

жағдайда  соттың  аумағында,  бірақ, 

сот отырысынан тыс кезде әкімшілік 

іс өндірісі әкімшілік құқық бұзушылық 

әрекетіне куә болған судья мен  сот 

маманының  сот  төрағасының  атына 

жазылған арызы негізінде қозғалады. 

Сонымен  қатар,  әкімшілік  іс  өндірісі 

сот  приставының  баянхаты  негізінде 

де қозғалуы мүмкін.

Егер  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

әрекеті нақты тұлғаға қатысты жасалса 

(мысалы, сот қызметкеріне және т.б.), 

сот  приставы  құқық  бұзушыдан, 

жәбірленушіден,  куәлардан  түсінік-

теме алады. Осыдан соң сот приста вы 

әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

хаттама  жасақтайды  және  алынған 

арыз, түсініктемелерді хат тамаға қоса 

тіркейді. Әкімшілік құқық  бұзу шылық 

туралы  хаттаманың  көшір месі  құқық 

бұзушыға  қолхат  арқы лы  беріледі. 

Қажет  жағдайда  сот  ғимаратында 

алкогольдік немесе наша қорлық масаю 

күйінде жүріп-тұрған құқық бұзушыны 

дәрігерлік куәлан дыру актісі хаттамаға 

қоса жалғанады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

хаттама  жасақталғаннан  кейін  сот 

приставы ішіне арыз (баянхат), түсінік-

темелер, сот ғимаратында алкоголь дік 

немесе  нашақорлық  масаю  күйін-

де  жүріп-тұрған  құқық  бұзушыны 

дәрігерлік  куәландыру  актісі  және 

әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

хаттаманы тігу арқылы және олардың 

ішкі тізімдемесін жасау арқылы әкім-

шілік істі рәсімдейді.

Әкімшілік  іс  сот  төрағасының 

қолы қойылған жолдама хатпен бірге 

әкімшілік  іс  өз  мәнінде  қаралу  үшін 

сотқа  жолданады.  Мұндай  әкімшілік 

іс  мамандандырылған  әкімшілік 

сотпен  қаралады,  ал,  егер  ол  аудан 

аумағында  мамандандырылған  сот 

болмаған жағдайда аудандық соттың 

кеңсесіне  тіркеу  арқылы  сол  соттың 

судьясына қарау үшін беріледі.

Әкімшілік іс сотта Қазақстан Респуб-

ликасы  Әкімшілік  құқық  бұзушы лық 

туралы кодексінде белгіленген жалпы 

тәртіпте  және  прокурордың  міндетті 

түрде қатысуымен қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет