Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


-топ. Грам-теріс, анаэробты, тік , иілген немесе спираль тәрізді таяқшалар



бет38/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

6-топ. Грам-теріс, анаэробты, тік , иілген немесе спираль тәрізді таяқшалар. Бұл топ бір ғана Bacteroidaceae тұқымдастарынан тұрады, бірақ ол алуан түрлі. Қатал анаэробтар. Дұрыс таяқша спора түзбейді, қозғалмайды не қозғалғыш келеді. Адам мен жануарлардың, бунақденелілердің ішектерінде, ағын сулардың лайында тіршілік етеді. Патогенді түрлері де бар, олар ішек- қарын, тері және басқа дене мүшелерінде ауру тудырады. Туыстары: Acetivibrio, Acetoanaerobium, Acetogenium, Acetomicrobium, Anaerovibrio, Leptotrichia.
7-топ. Күкірт пен сульфаттың диссимиляциялық тотықсыздануын жүзеге асыратын бактериялар. Морфологиясы жағынан әр түрлі өкілдері біріктіреді, оларға тән ортақ белгілер: қатаң анаэробтар, грам-теріс, спора түзетін, кейде түзбейтін, қозғалғыш және қозғалмайтын, электрон акцепторы ретінде молекулалы күкіртпен оның тотыққан қосылыстарын пайдаланады. Электрон доноры ретінде молекулалы сутекті не органикалық қосылыстарды пайдаланады. Мекен ету орталары – оттексіз тұнбалар, тұзды су алқаптарының түбі, термофилді ыстық су көздері. Бұл топқа 4 топша және 16 туыс бірігеді. Туыстары: Desulfotomaculum, Desulfotulbus, Desulfomicrobium, Desulfomonas, Desulfovibrio, Theremodesulfobacterium, Desulfobacter, Desulfobacterium.
8-топ. Анаэробты грам-теріс коктар. Veillonellaceae тұқымдасына жатады. Әдетте, жұптасып, кейде дара, шоғырланып, тізбек құрып орналасады. Грам-теріс, қозғалмайтын анаэробтар, оксидаза ферменті жоқ. Хемоорганогетеротрофтар. Өсу үшін қоректік заттарға қажеттілігі жоғары. Ашу процесі нәтижесінде газ, ұшқыш майлы қышқылдарды, лактат түзеді. Ең алдымен, олар жылы қанды жануарлардың (күйіс қайыратын жануарлар, кеміргіштер, шошқа және адам) паразиттері. Бұл топ 4 туыстан тұрады: Acidaminococcus, Megasphaera, Syntrophococus, Vellionella.
9-топ. Риккетсиялар мен хламидиялар. Бұл топтың микроорга-низмдері 2 қатардан тұрады.
10-топ. Аноксигенді фототрофты бактериялар. Клеткалары сфера, таяқша, вибрион, спираль тәрізді,бір қатарлы көпклеткалы жіпшелі. Грам-теріс, қозғалатын және қозғалмайтын түрлері де бар. Бөліну немесе бүршікетену арқылы көбейеді. Фототүзуші пигменттер (бактериохлорофилл, каратиноидтер) цитоплазмалық мембранада, цитоплазмадағы мембрана жүйесінде және хлоросомаларда орналасады. Мекендейтін жерлері: оттексіз ылғал топырақ, теңіз, тұщы және тұзды су алқаптары.
Топ 7 топшадан тұрады:
1.Қара – қошқыл күкіртті. Күкірт клетка ішінде жиналады.
2.Қара – қошқыл күкіртті. Күкірт клетка сыртында жиналады.
3.Қара – қошқыл күкіртсіз бактериялар. Фотоорганоттрофтар. Жарықта органикалық заттарды тотықтырады. Микроаэофильдер.
4.Бактериохлорофилл g бар бактериялар. Гелиобактериялар. Қатал анаэробтар. Гетеротрофтар.
5.Жасылкүкірт. Фотолитотрофтар. Қатал анаэробтар.
6.Көп клеткалы жіпшелі жасыл бактериялар. Факультативті анаэробтар.
7.Анаэробты хемотрофтар. Эритробактериялар.Бактериохлорофилл а типті, қатал анаэробтар және органогетеротрофтар. Жарық энергиясын аз пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет