Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


-топ.Эндоспора түзетін грам-оң таяқшалар мен коктар



бет40/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

18-топ.Эндоспора түзетін грам-оң таяқшалар мен коктар. Клеткалары кокк немесе таяқша тәріздес, грам-оң, талшықтары арқылы қозғалады, термотұрақты эндоспора түзеді. Оларға – Clostriduim, Bacillus, Desulfotomaculum туысы. Топқа 10 туыс кіреді.
19-топ. Грам-оң спора түзбейтін дұрыс пішінді таяқшалар. Топ морфологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша ұқсас 8 туыстан тұрады. Клеткалары таяқшалы, кейде ұзын таяқшалы, мезофилдер, спора түзбейді, қозғалмайды. Оларға - Lactobacillus туысына 50 түр топтасқан.
20-топ. Грам-оң спора түзбейтін бұрыс пішінді таяқшалар. 37алуан түрлі туыс кіретін топ. Көпшілігі грам-оң, бұрыс пішінді таяқшалар. Эндоспоралар түзбейді. Сонымен қатар Грам бойынша боялмайтын клеткалары дұрыс пішінді кокк және таяқша тәрізді, қатал анаэробты бактерияларда бар. Оларға – Corynebacterium, Arthrobacter, Cellulomonas,
Propionibacterium, Eubacterium облигатты аэробтар жатады.
21-топ.Микобактериялар. Бұл топқа бір ғана Mycobacterium туысы жатады. Грам-оң, қозғалмайтын, спора түзбейтін жіңішке таяқшалар, дұрыс пішінді. Таяқша тәрізділер даму барысында кокк пішінді түрлерге айналады.
M.tuberculosis туберкулез ауруын , ал M.leprae проказа ауруын қоздырады.
22-29-топ. Актиномицеттер. Актиномицеттер грам-оң эубактерия-ларға жатады. 22-29 топтарға құрамы жіпшелі ерекше бактериялар топтастырылады. Оларға - актиномицеттер жатады. Актиномицеттерді 4-топша және 19 туысқа жіктеледі.
23-топ. Көп ұялы спорангиялары бар туыстар. Өздеріне тән вегета-тивті циклі бар организмдер тобы: мицелиалды жіпшелері тігінен не көлденең бөлініп, спорангий түріндегі клеткалар массасын түзеді. Бұл топқа 3 туыс кіреді: Dermatophilus, Frankia, Geodermatophilus.
24-топ. Актинопландар. Суда мекендейтін қозғалмалы тіршілік цикліне ие организмдер. Дамыған субстратты мицелий қаңқамен бөлінеді, ал жіпшелер фрагменттерге бөлінбейді. Ауа мицелийі жоқ немесе нашар дамыған. Олар спорангиефораларда, болмаса ағар ішінде не гифтардың ұштарында орналасқан. Спорангия ішіндегі споралар сфера немесе қысқа таяқша тәрізді. Хемоорганотрофтар, аэробты сапрофиттер немесе факультативті паразиттер. Таралған жерлері: тұщы сулар, топырақ, өсімдік пен жануарлар қалдығы. Бұл топқа 6 туыс кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет