Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет78/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Вирустар репродукциясы (көбеюі) - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бес сатылардан тұрады: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады.
Вирустар титрі - арнайы реакция құра алатын вирустардың ең аз мөлшері. Вирустардың титрі гемагглютинация туғыза алатын, инфекция жұқтыра алатын қасиеттерімен анықталады. Вирустардың титрі биологиялық белсенділік бірлігімен (дозасымен) белгіленеді: леталді доза (ЛД), инфекциялы доза (ИД), эмбрионды инфекциялық доза (ЭИД), эмбрионды леталді доза (ЭЛД), цитопатикалы доза (ЦД). Бұлардың бəрі арнайы əдістермен анықталады.

«Микробиология және вирусология» пәнінен студенттердің білімін бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылады.

Білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың балдық-рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша анықталады.


1. 95-100% және 4,0 сандык баламасы бар «Өте жақсы» деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді.
Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған студенттің өзбетінше жұмыстарын уақытылы әрі дүрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсыр-ған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
2. 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 3,0 болса В, ,пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В- ға сәйкес келеді, пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы болса С+ сәйкес келеді.
Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 70%-дан кем игер-месе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, студенттің өзбетінше жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұскауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген жағдайда қойылады.
3. 65-69% және 2,0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауы С-% пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сәйкес келеді.
Бұл баға студентке егер ол студенттің өзбетінше жұмыстарын орындауда кем дегенде 50% игерген, бұған қоса, тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиет-термен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
4. 25-49% және 0,5 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға ҒХ, пайыздық мөлшері 0-24% және 0 сандық баламасы бар Ғ бағалауы сәйкес келеді.
Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі кателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарасты-рылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет