Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет74/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí


Дәріс №27-28
Тақырыбы: Адамның қалыпты микрофлорасы және микроорганизмдерді қолданылу аймағы
Жоспары:
1. Адамға пайдалы микрофлора және оның рөлі.
2. Адам және жануарлар патогенді микроорганизмдері
3.Микроорганизмдерді қолданылуға негізделген тағамдық өндіріс.
4.Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында, химиялық және дәрілік препараттарды өндіруде қолданылуы.


Микрофлораның қалыпты жағдайы эубиоз деп аталады. Микрофлора-ның басты функцясы ағзаның түрлі ауруларға төзе алушылық қабілетін қалыптастыру болып табылады. Нәрестенің ең алғаш дем алғанынан бастап оның денесін көптеген пайдалы микроағзалар бойлайды. Жаңа «микротұр-ғындар» асқорыту және зәршығару жолдарынан орын алып өздерінің күрделі және маңызды жұмыстарын бастап кетеді. Олар тамақты қорытып, дәретті қадағалайды, В және К дәрумендерін, темір, кальций, Д дәруменін таратуға арналған аминқышқылдарын өндіріп шығарады. Нәрестенің микрофлорасы үлкен адамдікіндей болып 3-ші айдың соңында қалыптасады.
Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде (микро-биоценоз) микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Асқорыту жолдарында ең кем дегенде 300 түрлі бактериялар бар, ал адам ағзасындағы барлық бактериялардың жалпы массасы 3-4 кг. Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды. Әртүрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп- жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмде тұрақты және транзитті микрофлора болады.
Тұрақты (резидентті, индигенді, автохтонды) микрофлора –органи-змде тұрақты болатын микроорганизмдер. Тұрақты микрофлораны облигатты және факультативті деп бөлуге болады. Облигатты микрофлора (бифидо-бактерия, лактобактерия, пептострептококк, ішек таяқшасы және т.б).-микро-биоценоздың негізі болып, ал факультативті микрофлора (стафилококтар, стрептококтар, клебсиеллалар, клостридиялар, кейбір саңырауқұлақтар және т.б. ) – микробиоценоздың аздаған бөлігін құрайды
Транзиторлы (тұрақсыз немесе аллохтонды ) микрофлора – органи-змде ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз. Олар ішекке кейбір тағамдар арқылы еніп, сонда көптеген уақыт бойы сақталуы мүмкін, ал содан кейін ағзаға түскенде бірден жойылады.
Адам ағзасындағы пайдалы микрофлораның атқартын негізігі қыз-меттері:

  • В және К тобы дәрумендерін, биологиялы активті гормонтәріздес заттар (ең қызықты зат – инсульттәріздес активтілігі бар агмантин) синтездейді;

  • Азықтандырушы заттардың ішекке бөлініп, одан кейін олардың қанға өтіп заталмасу үрдісіне қатысуын қадағалайды;

  • Асқорыту жұмысының дұрыс өтуін, ішекке азықтандыру заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етіп отыратын, ішектің тонусын қалыпта сақтап тұрады;

  • Ағзадан биологиялы активті заттар, стероидты гормондар, көп мөлшерде интоксикацияға ұшырататын кейбір өтпелі заталмасу заттарын шығаруға көмектеседі;

  • Аурутудырушы микроағзалардың көбеюін болдырмайды;

  • Микрофлораның «тірі» кезінде көп жылу таратылады, сондықтан дене температурасы қалыпты жағдайда сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет