Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Микроорганизмдерге радиоактивті



бет72/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Микроорганизмдерге радиоактивті сәулелердің де әсері зор. Оларға атомдар мен молекулалардың иондануы тән. Сонда клетканың молекулалық құрылымы бүлініп, ол тіршілігін жояды. Бұл сәулелердің азғана мелшері әсер етсе, микроорганизмдер клеткасындағы тұқым қуалаушылық қасиеті атқаратын ДНҚ молекулаларын кейбір өзгеріске ұшыратады. Ал сәулелердің мөлшері арта бастаса, клеткадағы зат алмасуы бұзылып, яғни клетка ауруға шалдығады да, ақыр аяғында тіршілігі жойылады. Радиоактивті сәулелердің белгілі бір мөлшерімен әсер ете отырып, микроорганизмдер клеткасындағы майдың, нуклеин кышқылдарының немесе олар түзетін антибиотиктер мен витаминдердің мөлшерін арттыруға болады. Бұл қазіргі кезде микробио-логиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылып келеді.
Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері. Түрлі химия-лық заттар әртүрлі микроорганизмдерге түрліше әсер етеді. Мәселен, ішінде шіріту бактериялары бар суға алдын ала пептон заты бар шыны каппилляр түтікті малса, бірнеше секундтан кейін осы араға бактери­ялар жиналады. Мұндай құбылысты оң хемотаксис деп атайды. Теріс хемотаксисте болуы мүмкін. Мұнда керісінше, бактериялар жаңағы зат толтырылған капиляр түтігі малынған жерден қашықтайды. Пептон, минерал тұздар және фосфор қышқылы тұздары ортада өте аз мөлшерде болса, әдетте оң хемотаксис реакциясын көрсетеді. Ал сілтілер мен спирттердің әсерінен көп бактериялар теріс хемотаксис реакциясын керсетеді.
Ортаның химиялық құрамы. Микроорганизмдер тіршілігіңде ортаның химиялық құрамының маңызы зор. Бұлай болатын себебі ортада микроорга-низмдерге қажетті заттармен бірге, зиянды улы заттардың да болуы мүмкін. Олар клеткаға еніп, цитоплазмамен байланысып, осының нәтижесінде микроорганизм келткасының тіршілігін жойып жібереді. Бұл заттардың улы әсері ерітіңді концентрациясы мен етінді темпаратурасына, олардың әсер ету мерзіміне және микроорганизмдердің түріне байланысты. Әлсіз ерітіңді микробтар тіршілігін өршітуі де ықтимал, ал күшті ертіндіде микроорга-низмдердің тек вегетативті денелері ғана қырылады, концентрациялары күшті ерітінділер спораларды да қырьп жібереді. Белгілі химиялық қосылыстың өзі әртүрлі микробтарға түрліше әсер етуі мүмкін. Кейбір металдар ерітіндісі белгілі бір микробтарды қыра алатын болса, қалғандарына тіпті әсер де ете алмайды.
Микроорганизмдер тіршілігін жоятын улы заттардан ауыр металдар-дың тұздарын (сынап, күміс т. б.) атап өтуге болады. Сонымен қатар, ауыр металдар (күміс, мыс, мырыш т. б.) және хлор, йод, сутек пероксиді, мырыш қышқыл калий, күкіртті газ, күкіртті қышқыл, көміртек тотығы және көмір қышқыл газы, спирттер, органикалық қышқылдар және басқа да заттар иондары да микроорганизмдерге күшті әсер етеді. Практикада бұл заттарды антисептиктер деп атайды. Әртүрлі антисептиктердің микроорганизмдерге қолайсыз әсері - олардың ортадағы концентрациясына және әсер ету уақытына, температура мен ортаның реакциясына байланысты
Қазір антисептиктер медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданы-лады. Олардың көмегімен үйлерді, құралдарды және аспаптарды залалсыз-дандыруға болады. Міне микробиологияда осы антисептиктермен өңдеуді дезинфекциялау деп атайды. Дезинфекциялаушы заттар ретінде карбол қышқылын, формалинді, хлорлы ізбесті, крезолды және күкіртті газды қолданады. Сұйық антисептиктерді дезинфекциялаушы затқа бүркеді, ал газдарды - ыстау жолымен қолданады. Қолдану мөлшері әртүрлі антисептик үшін түрліше болады. Мәселен, карбол қышқылының 2-5%-дық ерітіндісі бактериялардың басым көпшілігінің қырылып кетуіне себепші болады. Бұл мақсатқа формалиннің 1% ерітіндісі де қолданылады. Антисептиктермен әсер еткенде микробтардың кейбір түрлері бірден қырылып кетпейді. Оның микробтарды жойып жіберудегі әрекетін арттыру үшін температураны арттыру қажет. Соңғы жылдары тағамдарды консервілеуге, ауылшаруашы-лық зиянкестеріне қарсы қолданылатын көптеген антисептиктер ұсынылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет