Геносистематика – молекулалы биология мен генетика әдістерін таксондар үшін қолдану. Бұл әдістерді 2 мақсатқа қолданылады: геномды сипаттау; геномның жеке учаскелерін салыстыру.
Идентификацияның практикалық жұмысын жеңілдету үшін бактериялардың Берги анықтағышы жасалды. Ол 1923 жылы Американың бактериологиялық қоғамының бірінші авторы және редакторы атымен аталған. Бактериялардың жаңа туысатары мен түрлері жөнінде мәліметтердің жиналуына байланысты бұл нұсқа бірнешерет қайта басылып шықты. Оның үшеуін (1925, 1930, 1934 жж.) Берги өзі шығарды, ал кейінгілері ол қайтыс болған соң шықты. Ең соңғы 9-шы басылым 1997 жылы орыс тілінде шықты. Бұл анықтамада барлық прокариоттар 35 топқа бөлінген.
1988 жылы Р.Муррей (Murrey.) бактерияларды клетка қабықшасының құрылысы мен құрамына қарай 4 бөлімге біріктірді:
Грациликутес (латынша «gracilius»- жұқа, нәзік, «cutes» - тері, қабық) – жасуша қабықшасы Грам әдісімен боялатын коккалар, таяқшалар жатады. Олардың қозғалатын, қозғалмайтын түрлері бар және екіге бөліну, бүршікте-ну арқылы көбейеді. Споралар түзбейді. Аэробты, анаэробты, факультативті анаэробты түрлері бар. Бұл бөлім 2 классқа бөлінеді: Фототүзуші және скотобактериялар (фототүзуге қабілеті жоқ).
Фирмикутес (латынша «firmis»-қалың «cutes» - тері, қабық) - жасуша қабықшасы, грамм оң бактериялар. Олардың қозғалатын, қозғалмайтын түрлері бар және екіге бөліну көбейеді. Кейбіреулері эндоспора (клетка ішінде) түзеді. Кейбіреулерінде споралар гифтерге не спорагийлерде пайда болады. Аэробтар, анаэробтар, факультативті анаэробтар. Морфологиялық ерекшеліктер бойынша 2 классқа бөлінеді: Firmibacteria (коктар, таяқша, жіпше) және Thallobacteria (бұтақтанатын түрлер).
Тенерикутес (Tenericutes) - жасуша қабықшасы жоқ прокариоттар жатады. Клеткалары ЦПМ қоршалған плеоморфты. Екіге бөлініп, бүршік-теніп, фрагментация (үзінділерге бөлініп) арқылы көбейеді. Грам-теріс. Сапрофиттер, паразиттер, патогенді түрлер де бар. Барлығы Mollicutes класына жатады.
Мендосикутес (Mendosicutes) -пептидогликаны жоқ жасуша қабықшасы жетілмеген коккалар, таяқшалар, жіпше жатады. Грам-оңға боялған, қалғаны грам-теріс, көбісі анаэробтар,аэробты түрлері де кездеседі. Эндоспора түзбейді. Барлығы Аrchiobacteria класына жатады.
Идентификацияның практикалық жұмысын жеңілдету үшін бактерия-лардың Берги анықтағышы жасалды. Ол 1923 жылы Американың бактерио-логиялық қоғамының бірінші авторы және редакторы атымен аталған. Бактериялардың жаңа туысатары мен түрлері жөнінде мәліметтердің жиналуына байланысты бұл нұсқа бірнешерет қайта басылып шықты. Оның үшеуін (1925, 1930, 1934 жж.) Берги өзі шығарды, ал кейінгілері ол қайтыс болған соң шықты. Ең соңғы 9-шы басылым 1997 жылы орыс тілінде шықты. Бұл анықтамалықта барлық прокариоттар 35- топқа бөлінген.