Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет34/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Идентификация – зертейтін обьектіні бір таксонға жатқызу. Таксоно-мия мен идентификация бір – бірімен байланысты.
Номенклатура – таксондарды атау ережелерінің жинағы. Бактериялар-дың аталымы бактериялардың Халықаралық номенклатуралық кодекс ережесіне сәйкес беріледі. Номенклатураның биноминалды жүйесі бойынша кез келген биологиялық түр екі латын сөзінен тұратын аталыммен жазылады. Бірінші сөз – туыстасты, екінші нақтылы сол туыстастыққа жататын түрді білдіреді. Туыстас аты үлкен әріппен жазылады, мысалы, Escherichia (туыстас аталымы) coli (түр аталымы).Әдетте қысқартып жазу үшін туыстас аталымын алғашқы әріпке дейін қысқартып жазады: E.coli.
Биологиялық номенклатураның иерархиялық жүйесінде мынандай біртендеп төмендейтін рангтерді ажыратады:
патшалық (Regnum),
бөлім (Philum),
класс (Classis),
қатар (Ordo),
тұқымдас (Familia),
туыс (Genus),
түр (Species).
Бұл таксономиялық категорияның негізгі – түр. Қазіргі кезде түр деп шығу тегі бір, өзара жақын, белгілі бір ортаға бейімделген, морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық сипаттамалары ортақ, бірақ басқа органи-змдерден ерекшеленетін бактериялар тобын атайды.
Организмдердің белгілі бір түрге жатқызуға негізгі белгісі болып оның будандаса алатындығы және өмір сүре алатын ұрпақ беретіндігі ескеріледі. Дегенмен, прокариоттар жынысты жолмен көбеймейді, сондықтан да түрді бұл белігімен анықтауға болмайды. Прокариотты организмдерді бір немесе әр түрлі түрге эмперизмдік жолмен, көптеген белгілерін анықтап жатқызады.
Тірі организмдердің түрлер санына қарай олардың рангілерінің саны әр түрлі болады.
Штамм – әртүрлі жерден бір уақытта немесе бір жерден әртүрлі уақытта бөлініп алынған бір түрге жататын бактериялардың дақылы. Штамдар арасындағы ерекшеліктер бір түрдің ішінде болуы мүмкін.
Клон – одан да тереңірек ұғым, бұл бір клеткадан бөлініп алынған бактерия дақыл.
Систематика мақсатына қарай екі түрге бөлінеді:
1.Филогенетикалық (эволюциялық) немесе табиғи – организмдер арасындағы эвоюциялық қарым- қатынасқа негізделген;
2.Фенотиптік – организмдердің морфологиялық, биохимиялық және т.б. қасиеттерінің ұқсастығына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет