Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Бірнші жолы - Эмбден-Мейергоф-Парнас немесе фруктоза екі фосфат жолы. Оны баскаша гликолиз



бет49/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Бірнші жолы - Эмбден-Мейергоф-Парнас немесе фруктоза екі фосфат жолы. Оны баскаша гликолиз деп те атайды. Бұл процесс бактерияларда, анаэробты облигатты және факультативті анаэробты организмдер тіршілігінде байкалады. Аэробты және факультативті аэробты организмдерде пирожүзім қышқылы Кребс айналымында және тыныс алу тізбегінде тотығады. Ал анаэробты бактерияларда әртүрлі өнімдерге тотықсызданады (спирт, майлы қышқыл, сүт қышқылы және т.б.). Өнімдердің түрлері бактериялардың түрлеріне байланысты.
Екшші жолы - пентозофосфат жолы. Ол көптеген прокариот және эукариот организмдерде кездеседі.
Үшінші жолы - Этнер-Дудоров. Глюкозаны ыдырататын үшінші жолды Энтнер мен Дудоров Pseudomonas saccharophilia жататын бактерияларды зерттеу барысында ашты. Кейіннен бұл жол басқа бактерияларда да табылды. Ол көбінесе аэробты бактериялардан табылған.
Энергия алу және оны жүзеге асыру жолдары прокариоттардың, соған қоса, бейорганикалық қосылыстардың энергиясын да биологиялық түрге-АҮФ-ке айналдыратын қабілеті бар. Прокариоттардың энергия алу әдістері мынадай 3 топқа жіктеледі:
1.Ашу процесі. Органикалық заттардың тотығу процесіне ешбір қосымша электрон акцепторлары қатыспайды.
2.Аэробты тыныс алу. Сыртқы электрон ацепторы қатысады, оның рөлін оттегі атқарады.
3.Анаэробты тыныс алу. Электрон акцепторы ретінде құрамында оттегі бар бейорганикалық заттар пайдаланылады.
Өсімдіктерге аса кежтті заттың бірі - көмір кышкыл газы. Ол ауаның 0,03%-тей көлемін алады. Күн сәулесінін көмегімен жасыл өсімдіктер мұны күрделі органикалык заттарға - көмірсуларға, белокка және майға айнал- дырады. Егер жер бетінде өсетін өсімдіктердің барлығы бұл газды пайдаланатынын ескерсек, көмір қышқыл газының табиғаттағы мөлшері аз уакыттың ішінде таусылып қалар еді. Бірак мұндай жагдайды біз байкамаймыз. Өйткені көмір қышқыл газы органикалық заттардан атмосфераға кайтып оралады. Осы процесте микроорганизмдердің атқаратын рөлі үлкен. Көмір қышкыл газының атмосфераға кайтып оралатын жолының бірі- ашу процесі.
Ашу дегеніміз, басқаша айтқанда, тотығу тотықсыздану процесі. Бұл процесс кезінде энергия көзі АҮФ түзіледі. Бүнда сутегі атомдарының доноры да, акцепторыда ашу процесі кезінде пайда болған органикалық қосылыстар. Ашу кезінде субстрат соңғы өнімдерге ыдырайды. Сонда ашу өнімдері мен ашушы заттардың тотығу дәрежелері бір- біріне тең келеді. Микроорганизмдер көбінесе көмірсуларын, ал кейде басқа заттарды да (органикалық қышқылдарды, амин қышқылдарын, пуриндерді және пирими- диндерді) ашытады. Ал АҮФ ашу барысында қолданылатын субстраттық фосфорлануынан барып түзіледі.
Әдетте ашу процесін облигатты аэробтар ауасыз жерде коздырады. Л. Пастер (1860) ашу оттегі жоқ жердегі тіршілік деген. Қазіргі түсінікте тіршілік тірі организмде жер беті атмосферасында оттегі жок кезде пайда болған. Сондықтан ашуды анаэробты жағдайда қоректік заттардан тіршілікке кажетті энергияны алуды қамтамасыз ететін биологиялық тотығудың ең қарапайым көрінісі деп атауға болады.
Соңғы кезде ғылымда көптеген ашудың типтері белгілі. Әрбір ашуды жеке микроорганизмдер коздырады және оның ақырғы өнімшің өзіндік ерешелігі болады. Көптеген ашу процестерінің халық шаруашылығьшда зор маңызы бар.
Ашу екі сатыда жүретін процесс: бірі (глюкозаның пирожүзім кышкылына айналуы) глюкозаның көміртектік байланысынын ажырауы және одан сутегінің екі атомының бөлінуі. Бүл ашудың тотығу бөлігі. Ол мына сызба-нұскада көрсетілген:
С6НІ206 →2СН3СОСООН + 2
көмірсу пирожүзім сутегі
қышкылы

Екіншісі (тотыксыздану) сутегі атомы пирожүзім қышқылын немесе одан түзілген қосылыстарды тотыксыздандыруға жұмсалады.


Ашу процесінің табиғатын зерттеуге көп еңбек сіңірген және бірқатар жаңалықтар коскан шетел және орыс ғалымдары Л. А. Иванов, С. П. Костычев, А. Н. Лебедев, А. Н. Бах, В. И. Палладин, В. А. Энгельгард, Нейберге, Мейергоф, Гарден және Эмбдендер болды.
XIX ғасырдың 30 жылдары мироскоптық зерттеулердің дамыған уақыты болды. 1827 ж. француз химигі Ж. Б. Демазьер (J, B. Demazier, 1783-1862) организмдердің құрылысын (ашытқыларды), сыра бетіндегі жұқа қабықшаны сипаттап берді. Бұдан 10 жылдан кейін француз ботанигі Ш. Каньяр де Латур (Ch. Cagniard de Latour, 1777-1859) сыраның бетіндегі жұқа қабықша ол тірі зат , яғни ашытқының әсері екенін тапты. Дәл осы мезгілде немістің табиғат зерттеушісі Ф. Кютцинг (F. Kuthzing, 1807-1893) сірке қышқылының спирттен пайда болатынын сұйықтықтың беткі қабатындағы қоймалжың массаға көңіл аударды. Ол тірі организмдерден тұратыны белгілі болды. Дәл соған ұқсас қорытындыға немістің табиғат зеріттеушісі Т. Шванн (Th. Schwann, 1810-1882) келді. Сонымен, бұл үш ғалымдар Ш. Каньяр де Латур, Ф. Кютцинг және Т. Шванн бір- біріне ешқандай қатысы жоқ және бір мезгілде ашытқы тірі микроскоптық зат деген тұжырымға келген.
Ашудың көптеген түрі (шарап, сыра, сүт тағамдарын даярлауда) адам баласына өте ертеден таныс болғанымен, оның ішкі табиғаты XIX ғасырдын екінші жартысында дейін белгісіз болып келді. Ашу процесіне микроорганизмдердің белсенді түрде қатысатынын алғаш Л. Пастер (1857) зерттеген болатын. Соңғы жылдары жүргізген көптеген жұмыстарға қарағанда, ашу процесі көбінесе микроорганизмдердегі ферменттерге және солардың құрамына байланысты болатыны анықталды.
Ашудың бірнеше түрлері бар. Ашу бұл таза микробиологиялық процесс. Мұнда электрон доноры ретінде органикалық заттар қанттар, аминқышқылдары және т.б. пайдаланылады. Олар гликолиз немесе КДФГ –жолымен пирожүзім қышқылына дейін тотығады. ПЖҚ одан әрі тотықпай, соңғы өнімдерге айналады: сүт қышқылы, этанол, көмірқышқыл газы, майлы қышқылдар, ацетон, т.б. Ашу процесі оның ең соңында түзілетін өнімдердін атымен аталады. Мәселен, кантты ашытқанда, одан акырында спирт түзілсе, оны спирттік ашу деп,- ал сүт қышкылы бөлінсе, сүт қышұқылы ашу деп атайды. Кейде өзгеріске түсетін бастапкы заттың атымен де (пектин, целлюлоза т. б.) аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет