Адыльбекова Раушан Калдыбековна



бет2/7
Дата25.06.2022
өлшемі111,34 Kb.
#37294
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адыльбекова Раушан Калдыбековн1

Зерттеу пәні. Оқушылардың дене тәрбие жүйесі.
Зерттеу нысаны. Жалпы білім беретін және спорт мектептеріндегі дене тәрбиесіне оқыту – тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу міндеттері.
1. Қазақстандағы дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету.
2. Мектеп оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дене тәрбиенің ерекшеліктерін анықтау.






1.1Қазақ сыныптарындағы орыс тілін оқытудың әдістемесі


Қазіргі қоғам дамуындағы ең басты факторлардың бірі – оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру мен тұлғаны қалыптастыру. Мектепте тек білім беріп қоймай, бойына адами құндылықтар дарыған ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыға өз ойын басқа біреуге жеткізе алу үшін коммуникативтік дағды мен білік игертіліп, тіл үйретіледі. Мұғалім өзі жаңа технологияны жете меңгермей, оқушыға тілді үйрете алмайды. Қазіргі мектептерде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның элементтерін орыс тілді үйретуде дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің шеберлігі оқушыны түсінуден, онымен рухани қарым-қатынаста болудан тұрады.
Орыс тілімізді биіктен көрсету , басқа ұлт балаларына орыс тілін үйрету – басты мәселе. Орыс халқының сұлу, әдемі тілін басқа ұлт өкілдері оқып-үйреніп, таза сөйлеуі – орыс тілге деген құрмет.
Орыс тілі жастарға ертеңгі күні өмірге араласқанда, қызметіне көмегін тигізетін болу керек. Орыс тілі пәні мұғалімінің әлеуметтік дәрежесін қалыптастыруға негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істеу, өз білімі мен біліктілігінің нәтижесін көрсете білу.
Қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың:
- практикалық мақсаты – оқушылардың сөздік қорын байыту, орысша ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, бір-бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге жаттықтыру;
- Білімділік мақсаты – орыс тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушыларға орыс халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы мағлұматтар беру;
- Тәрбиелік мақсаты – орыс тілімен танысу арқылы оқушыларды азаматтық, адамгершілік рухта тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу.
Орыс тілді үйрену арқылы оқушылар орысша ауызекі сөзге түсініп, өздері орыс тілінде көріп-білгенін, оны айтып, жаза алатын дәрежеге жетеді.
Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады.
Шәкірттердің бойына терең біліммен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – мұғалімнің міндеті.Әрбір ұстаз оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты техникалық құрал-жабдықтармен, көрнекілікпен күрделендіру керек.
Мен алдыма қойған мақсатым – балалардың сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, нәтижесінде білген-үйренгенін өзінің күнделікті өмірінде пайдалануға дағдыландыру.
Жоғары динамикалық қоғамдық даму барысы мен кең хабарлы ағында оқушылардың белсенділігін арттыру және олардың өмірдегі келелі мәселелерді шеше білуге ,өзіне қызмет етуді үйрету - өзекті мәселелердің бірі. Оқушылардың өз бетімен оқу жұмыстары – оқу-тәрбие барысында жоғары нәтиже беретін амал. Оқушылардың зерттеу қызметі жеке тұлға сапасы мен даму қабілетін арттырудың бірден-бір жолы деп саналады.
Жобалау технологиясының ерекшелігі – оқу құралының орнына көптеген зерттеу материалдары қолданылады.
Жобалық оқыту – оқушылардың өзіндік шығармашылық қызметі. Бұл - жобаны іске асыру, орындау барысы, ақпарат іздеу, жинаған материал бойынша қорытындылау, талдау. Жобалық оқытудың мақсаты – оқушылардың мектеп қабырғасында іскерлік қабілеттерін арттыру.
Бұл жұмыс кезіндегі мұғалімнің қызметі қандай?
- Қолайлы тақырып таңдап алу;
- Тақырыпты тақырыпшаларға бөлу;
- Тақырыпты балалармен бірге таңдау;
- Оқушыларға ұсыну;
- Тақырыпты талқылауға қатысу;
- Оқушыларды ұйымдастыру;
- Керекті әдебиетті ұсыну.
Ал оқушылардың жұмысы қандай?
- Жұмыстың негізгі мақсат пен міндеттерін анықтау;
- Шешу жолындағы ізденісті ұйымдастыру;
- Жұмыс нәтижесін дұрыс жеткізу.
Жоба жұмысы оқушылардан шығармашылықты қажет етеді.Бұл жұмыс түрін сыныпта жеке оқушы, жұп немесе топ болып өткізуге болады. Мен сабақтарымда көбіне топ жұмыстарын ұйымдастырамын, өйткені топпен жұмыс балаларды интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік істерге жетелейді.
Жобалап оқыту технологиясы – проблемалық оқытудың идеясын дамыту, қарым-қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істеген кезде балалар ақпарат жинайды, әр түрлі ғылыми және әдеби зерттеулерден (хат, пресса, кітаптар) мәлімет қолданады .Жобаны қорғау кезінде фильм, слайд пайдаланады. (Сабақ үлгісі)
Орыс тілінде оқылатын мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым мен жазылым арқылы екі бағытта іс жүзіне асырыла алады. Басқа ұлт өкілдеріне орыс тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ. Дегенмен, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында орыс тілді қолдану аясы кеңейіп, іс қағаздары орысша жүргізіліп жатқанда, мемлекеттік тілде тек ауызекі сөйлеу жеткіліксіз деген ойламын. Ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге артуда. Балалар өз ойын жазбаша да, сауатты, көркем тілде жеткізе білулері қажет. Ал бұл нәтижеге жетуде жазбаша тіл дамыту жұмыстары жүргізілуі керек деп ойлаймын.Бұл:
- Сөздердің дыбысталуы бойынша жұмыс;
- Еркін, тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс;
- Сөйлем бойынша жұмыс;
- Тіл мәдениеті бойынша жұмыс;
- Стилистика бойынша жұмыс;
- Ауызекі сөйлеу бойынша жұмыс.
Сабақтарымызды түрлендіріп, балаларымызды өз тілімізге қызықтырып, орыс тілді үйренуге баулуымыз керек.
Оқушы өз ойын орысша дұрыс жеткізу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібімен сөйлем жасау жолдарын жақсы меңгеру керек. Мұғалім үшін басты міндет – оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту
Мәтінмен жұмыс кезінде:
- қарамен жазылған сөздердің қосымшаларынкатегорияларын анықта;
- Синоним, омоним, антоним сөздерді тап;
- Негізгі, туынды сөздерді теріп жаз;
- Жаңа тақырыпқа байланысты сөздерді тап;
- Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құра;
- Құрмалас сөйлемдерден жай сөйлем құра;
- Мәтіннің енгізгі ойын айт;
- Асты сызылған сөздермен сөйлем құра;
- Белгіленген сөйлемді талда;
- Сөзді сөзге, сөз тіркесіне алмастыр;
- Белгілі бір сөз таптарына мысалдар жаз, т.б. тапсырмалар орындауға болады.
Орыс тілі пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау- оны міндетті тіл дәрежесіне көтеруді, оқушының ой-өрісі мен танымдық қабілетін жетілдіруді көздейді.
«Қай тілдің де болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет: бірі – сол тілдің жүйесі қалай құрылған, екіншісі – оны практикалық жағынан қалай меңгеру керек. Демек, орыс тілінің құрылысын және оны практикалық жағынан меңгеру процессінде бірте-бірте коммуникативтік тәсілді ұйымдастыру тиімді» деген пікір бар.
Қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу.
Мектептерде оқыту жолында әр түрлі технологияларды қолдану - заман талабы. Бұл – В.П.Беспалько, М.В.Клариндердің бағдарлы оқытуы, А.С. Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, М.М.Жанпейісованың модульдік оқытуы, К.О.Өмірбаеваның деңгейлік оқыту әдісі,Ш.А. Амонашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы.
Әрбір педагогикалық технология өзіндік әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.
Орыс тілін меңгертуде қолданылатын тиімді әдістердің бірі – деңгейлік оқыту.
Өз тәжірибемде деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолданып жүремін.Оқыту барысында оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Оқушының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылысы білім сапасының жоғарылауына ықпал етеді. әр сатыға көтерілген сайын олардың оқуға деген ынтасы, белсенділігі артып, дамып отырады.Өз бетінше, шығармашылық жұмыс істеуге үйренеді. Сабақта түрлі ойындар, диалог және рольдік ойындарды жиі қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға, бірін-бірі түсініп, орыс тілінде ауызекі сөйлесе алуға үйретуге болатынына көзім жетті.
Қазақ тілді мектептерде оқытылатын орыс тіл сол тілде сөйлейтін ұлттың басты құндылықтарының бірі екені ескерілу, пән бойынша берілетін білім мазмұны бүгінгі қоғамдық әлеуметтік сұранымдарға сай болу керек.
Балаларға лексика-грамматикалық минимумды меңгерту мен сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім) модульдік жүйе бойынша жүзеге асады. Әр модульде лексикалық тапсырмалар, грамматикалық тапсырмалар, тақырып бойынша мәтін, мәтін бойынша лексика-грамматикалық жұмыс түрлері, әр тақырып бойынша нәтижені тексеру үшін тест тапсырмалары, танымдық сұрақтар пайдаланылады.
Қазіргі таңда орыс тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану – жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.Осындай жаңа жолдардың біріне заман талабына сай сабақта компьютермен тіл үйретуді жатқызуға болады. Компьютерді қолдану барысында мұғалім оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырады,ізденіс және шығармашылық тұрғысынан жұмыс істеуге жетелейді. Мұғалім мұндай сабақ кезінде жай ғана бақылаушы болады.
Балаларды орысша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алуға,біреудің сөйлеген сөзін түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін пайдаланылатын жұмыс түрлерінің бірі – ойын. Интеллектуалдық, грамматикалық және дидактикалық ойындақ сабақтың тиімділігін ,сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Ойын – оқушы әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы ол қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Жаңа сөздерді қайталау, бекіту мақсатында қолданылатын ойын жаттығулар мен олардың әр түрлі тақырыптық нұсқалары оқушылардың сөздік қорын ғана арттырыа қоймайды, сөзді жандандыра түседі.
Жаңа сабақты түсіндіргенде де, өткенді қайталау кезінде де, сабақты пысықтау-қорытындылау кезеңінде де ойын элементін қолданамын.
Жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс-қылықтардың етек жаюы – халықтық тәрбиеден қол үзіп қалғанымыздың салдары екенін жақсы білеміз.
Ұрпақтардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеп, ұлттық дүниетанымын байыту -оқу пәндерін оқытудың негізгі міндеттері. Өмір мен қоғам жас ұрпақты өз халқын, елін, жерін, әдеби-мәдени мұраларын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрлерін, даналығын,тұрмыс-тіршілігін таныту керек.К.Ушинский : «Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деген еді.
Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында адамгершілікқасиеттерін қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда – орыс тілі сабағының орны өзгеше.
Өз тәжірибемде орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында этнопедагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланамын. Тыйым сөздер – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.Тыйым сөздер балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандырады. «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Табалдырықты баспа», «Үлкеннің сөзін бөлме» «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба» сияқты сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта , табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатқан. Жас кезінен жүрегінен орын алған мұндай мейірімділік сезімдер баланың өмір бойына сақталады емес пе?
Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты - мектеп түлектерінің орыс тілін басқа тілдерден гөрі еркін меңгеруге, Орысстандық патриот, полимәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге, басқа халықтардың тілін, мәдениетін құрметтеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұйымдарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды..
Қазіргі кезде оқу үрдісін ақпараттық коммуникациялық құралдарсыз көзге елестету қиын. Әсіресе, интернет технологиясы арқылы оқыту өте танымал болып келеді. Интернет технологиясы арқылы оқыту (E-learning) – бұл интернет желісі арқылы оқу үрдісіне қажетті ақпараттың үлкен көлемін тасымалдауды және оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік арақатынасты жүзеге асырып, осы процестерді компьютерлік бақылауға негізделген. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім беру үрдісінің барлық құрамдас бөліктерінің үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі тіл мамандарының алдында өте күрделі міндет тұр: бір жағынан ,міндетті білім деңгейін, біліктілік пен дағдыларын жетілдіру, ал екінші жағынан - жоғары деңгейдегі оқушылардың потенциалдық шығармашылық мүмкіндіктері мен ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақта ақпараттық технологияны қолдану мақсат түрінде емес, оқушы әлемін жетілдірудің бір жолы , пән бойынша қосымша ақпарат көзі, баланың жеке белсенділігі ортасын дамыту түрі, оқытушы мен оқушының өз беттерімен жұмыстануы мен өзіндік білімдерін жетілдіру әдісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі мектеп, соның ішінде ауылдық мектеп алдында білім алушылардың мүмкіндіктерін,қызығушылығы мен икемділіктерін ескере отырып,сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр,тұлғаның әлеуметтену белсендігін дамытып,әдістемелік құралдарды тұтастай қайта қарауға міндетті. Жаңа ақпараттық технологиялар,сөзсіз, маңызды роль атқарады.
АКТ-ны сабақта қолдану білім алушылардың танымдық қызметін қалыптастырады,білім сапасын көтеруге септігі тиеді, сапалы және тез сабақ дайындалады.
АКТ-ны қолданудың негізгі мақсаты ойлауды дамыту, ойлау қызметінің тәсілдерін қалыптастыру болып табылады.
Компьютерді қолдану мұғалімді сабақтағы күнделікті қайталанатын жұмыстан босатады, яғни тақтаға жазу, тақтаны сүрту. Көрнекі құралдарды таңдауда да жұмысы жеңілдейді. Компьютер мұғалімге жаңа мүмкіндіктер жасайды.Заманауи ақпараттық технологиялар оқушыларға дәстүрлі емес ақпарат көздеріне жол сілтейді,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеруді үйретеді.
Орыс тілі мен әдебиетін оқыту үшін қызығушылығын ояту қазіргі уақытта қиындығы бар мәселе,бірақ мүмкіндік бар деп есептеймін. Бұл жерде көмекке мультимедиялық тұсаукесерлер көмекке келеді, оларды жаңа сабақ түсіндіру ,сабақты бекіту,қайталау кезеңдерінде қолдануға болады.
Өзімнің оқыту жұмысымда интербелсенді тақтаны қолданамын.
Мақсатым – белсенді, өмірде қолдана алатындай жоғары білім деңгейі бар тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін, мен алдыма мынадай міндеттерді қоямын:
- Интербелсенді оқуға дайындығын қалыптастыру;
- Оқу-тәрбие жағдайындағы өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту;
- Өз пәнімді оқытуда оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін қалыптастырып және дамытатын жаңа интерактивтік тәсілдерді енгізу.
Болашақ азаматтар
v Бірге жұмыстануы
v Тең жұмыстану,сонымен бірге басқара да жетекшілік жасай да білу;.
v Өзгені сыйлау;
v Өз көзқарасын білдіру.
v Өз пікірін қорғау және түрлі жағдаяттармен байланыстыра білуі керек.
Әр мұғалімнің алдында: оқушы қызығушылығын қалай тұрақтандыру, білім сапасын қалай көтеруге болады деген сұрақтар туындайды. Оның жауабы, әдісте,жаңа технологияларды оқып үйреніп,одан кейін өз жұмысыңда қолдану.
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында интербелсенді әдістер оқу процессіндегі өте қажетті нәрсе деп білемін.

  1. Интербелсенді тақтаны меңгеремін.

  2. Интербелсенді тақта тұсаукесерлермен жұмыс жасауда жаңа мүмкіндіктер береді,яғни слайдтарды көрсету кезінде тақтада берілген мәтінге маркермен түзету енгізуге болады. Жаттығу жұмысында – сөздерге әріптер ,тыныс белгілерін қою, жақшаларды ашу.

  3. Жаттығулардың келесі түрі – тесттік жаттығулар. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындыққа есептелген. ҰБТ-ге дайындалуға арналған жаттығулар жиынтығын қолдана отырып,барлық тараулар бойынша ұқсас жаттығулар дайындауға болады.

  4. Қазір орыс тілінен тесттік жаттығулардың тренажерлары бар.

Оларды да интербелсенді тақтамен жұмыстану үшін қолданамыз,өте тез оқыған тақырып бойынша білімдерін тексеруге жеңіл, әрі сабақтағы уақытыңды үнемдеуге болады.

  1. Жаттығулардың тағы бір тобы - сызба немесе кесте бойынша жетіспейтін 

  2. элементтерін толтыру.

  3. Сөздік жұмыс.Экранға бір сөз немесе топ сөз шығарылады,есте сақтау үшін жазылуы, лексикалық түсінігі беріледі.

  4. Үй тапсырмасын тексеруді түрлендіру үшін интербелсенді тақтада мұғалімнің немесе бір-екі оқушының алдын ала дайындаған жаттығу материалдары бойынша өзін-өзі тексеру, өзара тексеру түрлері тиімді.

  5. Тақырыптың теориялық материалын түсіндіру үшін сызба немесе кесте түрінде беруге болады.

  6. Емле ережесін есте сақтау үшін алгоритм құрастыру жұмысын жасауға болады.

  7. Өткен тақырыпты бекіту үшін дұрыс жауаптары берілген сұрақтарды, кезектеп ашып көрсету арқылы білімдері тексеріледі.

  8. Дайын дидактикалық материал.

  9. Тест түріндегі бақылау.

  10. Мәтінмен жұмыс. Мәтін –мұғаліммен алдын ала дайындалған модель,жан-жақты талдаудың негізі болып табылады:орфографиялық,лексикалық, пунктуациялық. Мәтінде ерекше назар аударуға жататын ерекшеленген сөздер,сөз тіркестері,сөйлемдер болуы мүмкін.

  11. Мәтінмен кешенді жұмыс.

  12. Грамматикалық талдау түрлері.

  13. Орфографиялық сауаттылығын дамыту.

  14. Интербелсенді тақтада тест арқылы оқушы жоғары қызығушылықпен өткен сабақты қайталап,бекітіп, сол мезгілде өз жұмыстарының қорытындысын көре алады.

Интербелсенді тақта қызметі компьютер мүмкіндіктерін толықтырады және сабағыңды түрлендіруге ,есте қалатындай,сабақтың негізгі сәттерін бөліп көрсетуге және оны сақтап қоюға көмегі тиеді. Интербелсенді тақтаны қолдану сабақта уақытты дұрыс пайдалануды үйретеді.Интерактивті әдістердің құндылығы,олардың оқушыны машықтандырып,білім,білік-дағдыларын сабақта және шынайы өмірде жаттықтыруында.
Сонымен даму үстіндегі қоғамға заманауи,білімді,тәрбиелі, жауапты шешім қабылдай алатын, өзара әрекеттесуге қабілетті, жауапкершілігі мол адамдар керек.
Өз жұмыс тәжірибеме сүйене отырып, интербелсенді оқыту арқылы белсенді өмірлік позициясы бар еркін тұлға тәрбиелейтінімізді атап айтқым келеді. Тек өз пікірін жақтап қана қоймай, басқаны да тыңдай білетін тұлға.
АКТ-ны қолданып өткізген сабақ – көрнекті, ақпараты мол, интербелсенді, сабақта мұғалім мен оқушы уақытын үнемдейді,оқушыға өз ырқында жұмыс жасауға жағдай жасайды,мұғалімге оқушымен топпен немесе жеке жұмыстануға ,бірігіп тексеріп,оқыту нәтижесін бағалауға көмектеседі,
Колледжде жалпы білім беретін пәндерді оқытуда АКТ-ны қолдану білім сапасын арттыруға бағыттайды.
Тәжірибеміз бойынша оқушылар:
- Егер сабақта АКТ қолданылса, балалар жоғары жетістікпен оқу материалын меңгереді.
- Интеллектуалдық даму бағытында АКТ-ның маңызы зор.
- Колледж студенттерін әлеуметтенуі үшін өте қажетті - ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
- Студенттің рухани,әлеуметтік,мәдени ойы дамиды.
Колледждерде орыс тілін оқытуда компьютерлендіру жұмыс әдісін өзгертеді,ең бастысы нәтижесін береді.
Біріншіден, компьютер өз жадында мол материалды сақтай алады, дер кезінде қажетті ақпаратты тауып бере алады,оны қайта өңдеп, салыстырып, қайта құрайды. / 2 , б 4/
Екіншіден , ең маңыздысы компьютер оқушымен диалог жүргізеді. Оның көмегімен кері байланыс жасалады, компьютер «сұхбаттасушы» бола алады, оқушының әр ісіне жауап береді, жауаптарын бағалайды т.б.
Үшіншіден, компьютерді қолдану оқу ақпаратын кеңейтеді. Графика,мультипликация,дыбыс,яғни барлық заманауи видеотехника құралдарын қолдануға болады.
Төртіншіден,компьютермен жұмыс оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ол белсенді түрде оқыған материалдарының ең маңызды аспектілеріне назар аударуға көмектеседі,
Бәрінен бұрын, компьютер психологиялық күйзелістен арылтады және қате жауап беріп қалудан қорқуды сейілтеді. /2 б.5/
Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесін тапсырыс берушілер: бұлар мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі жөнінде пікірлерімен анықтауда. SMART құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды ерекше атап өтуге болады. SMART құрылғылары білім беру жүйесінде де, жоғары білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда. SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз "грифельді" тақталар, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді. SMART education-нің негізгі идеясы техникалық құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің барлық аспектісін жетілдіру болып табылады. Мұндай стратегия АҚШ, Корея, Жапон және еуропа елдері үшін эталонға айналды. Ал Кореяда инновациялық білім беру технологиялары 1996 жылдан беру белсенді дамып келетінін ескеретін болсақ, біздің білім беру саласындағы мұндай инновациялық жаңалығымыз кешеуілдеп дамып келе жатқандығын көрсетеді Егер дамыған 30 елдердің қатарына енгіміз келсе, білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатын қойып, білім саласын қаржыландыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет