1.2 Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында оқитын оқушыларға қазақ тілін үйретудің жолдары
Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Осыған орай оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие. Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты - оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым -қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дүрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дүрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндет: оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым -қатынас деңгейінде меңгерту. Қазақ тілі сабағының әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Оқушылардың сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дүрыс бағытта жол ашу үшін,әр пәннің мұғалімі сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн.
Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет.
Психолог мамандар тіл үйренуде төмендегі қабілеттерді ерекше атап айтады. Олар: көру, сезу, есту. Тіл үйренуде естудің, сөйлеуде қабылдаудың орны ерекше. Өйткені, біздің байқауымызша, қай сыныпта болсын, оқушы ауызекі сөйлеуді тез меңгереді және өз қатарларымен тез тіл табысып сөйлеседі. Онда оқушылар дыбыстар мен сөздерді есту, сөйлеу арқылы қабылдап отырады. Бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің пайдалану жолын өздері-ақ меңгеріп кетуі мүмкін. Қазақ тіліндегі хабарлы сөйлем, лепті, сұраулы сөйлемдер екенін адамның сөйлеу мәнерінен, көңіл-күйінен білеміз. Мұны оқушы сөйлесу барысында, тілдің эмоциялық жағын, интонация ырғағын меңгеруі арқылы біледі.
Қазақ тілін оқытуда көрнекілік көп көмек береді. Қай пәнді де оқытуда да көрнекілік маңызды орын алатынын айтқым келеді. Сол сияқты тілді оқытуда, оның ішінде, екінші тілді оқытуда көрнекіліктің берер көмегі өте зор. Мүғалімнің сабақ беруіндегі бір ерекшелік - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізеді. Мысалы, бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады: онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады. Мысалы, Қ дыбысының айтылуы мен жазылуын жалаң күйде түсіндіргеннен гөрі, қуыршақты көрсетіп тұрып, Қ дыбысының сөздің алдында және соңында келетінін түсіндірсе, балалар тез қабылдайды. Оқушының байқау, көру қабілеттерін ескеріп, тілді дамытудың бір түрі - көрнекілік.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылыкөзбен көріп,қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала, бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлүматты өз беттерінше жинақтайды. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп ажырата білулері керек», - деген. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан зор: айнала қоршаған дүниені бақылау, соған байланысты әңгіме қүрастыру, оқушылардың жинаған заттары, түрлі картиналар, оқулықтағы суреттер т. б.
Сөздік жұмысыәңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жүмбақ жаттаумен байланысты. Осыған орай әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жүмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жүмбақ түсіндіргенде, сүрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді кестеге жазған дүрыс болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана танысып қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимін, антонимін, омонимдерді тауып жазады.
Мысалы: ақ-қара, күн-түн, биік-аласа, сүлу-әдемі, көркем, сымбатты.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып, хормен және жеке-жеке оқиды. Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.
Мысалы: «Қыс» деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге болады.
Қыс айлары - зимние месяцы;
суық - холодно;
қар - снег;
шаңғы - лыжи;
сырғанайды - катается: киеміз-одеваемся.
Желтоқсан - декабрь;
Қаңтар - январь;
Ақпан - февраль;
Жылы киім-теплая одежда;
Орыс мектебінде қазақ тілін үйрену әр сабақта жаңа сөздерді құрғақ жаттау емес, сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғынып, ауызша жэне жазбаша қолдана білу керек, үйреткен жаңа сөздерді оқушылар үмытып қалмау үшін жаттығудың мынадай түрлерін орындатқан пайдалы:
Жаңа сөздерді оқыту.
Қиын сөздерді хормен оқыту немесе арнайы дискілер арқылы тыңдатып, қайталату.
Жаңа сөзді сөз тіркесі, сөйлем ішінде оқыту.
Ауызша сұрақ-жауапты қолдану.
Сол сөздерді қолданып, сурет бойынша сөйлем құрату.
Заттың өзін немесе суретін көрсетіп, аттарын атату.
Жаттығулар орындау.
Таратпа материалдар бойынша өзіндік жүмыс орындау.
Осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып келесі сабақтарда да әлденеше рет қайталау арқылы оқушылардың есінде ұмытылмастай мәңгі қалдыруға болады. Өйткені, ондай сөздерді дұрыс айта, жаза білу орыс сыныбында оқитын оқушыларға қиынға соғады, сондықтан бұл дыбыстарды әр сабақ сайын қайталап келудің еш артығы жоқ. Жыл мезгілдеріне байланысты әр сабақ сайын сүрақ- жауап, әңгімелесулерді өткізіп отырамын.
Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір қыс мезгілі.
Қыс айларын ата. Қыс айлары - желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қар қандай болады? Қар ақ болады.
Қыста күндер қандай болады? Қыста күндер суық болады.
Балалар қыста не істейді? Балалар шаңғы,шана тебеді.
Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейінін, ойлау және қабылдау қасиетгерін жақсы білу керек. Оқушылардың қабылдауы мен ойлауында толып жатқан ерекшеліктері бар, сондықтан әр сабақта қай оқушы нені білетінін және соған көмектесу үшін не істеу керектігін анықтап, есеп жүргізген жөн. Сонда әр оқушыға жекелей қандай тапсырма беру керек, кіммен нендей жүмыс жүргізу қажет екендігін шатастырмай білесің. Әсіресе бүл білімі нашар балаға көп көмек береді. Оқушының жіберген қатесін дәптерге жазып және оның себебін анықтағаннан кейін, сол қатесін оқушы екінші рет қайталамау үшін соған қосымша жүмыс ұйымдастыру қажет. Мысалы, оқуға, жазуға үйрету барысында олар жеке әріптерді, дыбыстарды жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сөздерді дүрыс байланыстырып оқып, жаза алмайды. Сондықтан әрбір сөздің айтылуы мен жазылуын салыстырып, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөліп, немесе, керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз қүрастыру арқылы үйретсе, сол сөзді оқушылар дүрыс жазып оқиды және есінде үзақ сақтайды.
Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты - оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу болғандықтан, қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мүғалімнің міндеті. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:
І.Алфавитті дүрыс меңгерту;
2.Орфографияны дүрыс оқыту;
З.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
4.Грамматикалық құрылымды меңгеру;
5.0қушының ойын дамыту, дүрыс жазу, айту.
Алфавитті дүрыс меңгерту үшін барлық әріпке карточкалар жасалады. Мысалы карточкалардағы сол әріптен басталатын аңдардың суреттерін салуы. Бүл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдарын аттарын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйретеді.
Орфографияны дүрыс оқытуда алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде «Сөздіктен сөзді тап» сөзжұмбақтарды шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрыс керекті әріптерді айтады. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізу. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.
Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойынның мақсаты- сөздің бірінші әрпін тауып жазу.
IY. Дүрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Қазіргі мектептегі негізгі мәселелердің бірі-оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Сондай-ақ бүл мәселе өздігінен білім алуға да әсерін тигізеді. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырып, ой-өрістерін дамытады. Сонымен қатар дұрыс оқуға дағды алған оқушы мәтіннің ішінен өзіне қажетті деректі материалдарды таңдап алуға мүмкіншіліктері болады. Мәтін оқумен байланысты мақсаттар қойылады: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, мәтін не жөнінде айтылған, оқиға қай жерде болған, шығармадағы басты бейнелер. Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқылған мәтінге жоспар құрылады, оны бөлімдерге бөледі, ат қояды, оны анықтау мақсатында жоспар құрылады.
Ү. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырудың тағы бір жолы- грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі команда оқушылары: а) сөйлем, ә) жіктеу, б) жаттығу орындау, в) суреттеу, г) осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде әңгіме қүру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады. Оқушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде ойын элементтерінің үлкен әсері бар. Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер қүрастыру, сергіту ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ, алфавиттік жұмбақтар, метаграмма, анаграмма, кроссворд ойындары ұйымдастырылады.
«Тәрбие басы бесіктен» демекші, егер біз мектептегі тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен еліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.
Қай кезде болмасын,қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға-мұғалім. Әр балаға білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне,адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтын ой-танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі,оны ұйымдастырушысы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында" білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар,ғылым мен практикалық жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсібі шындарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудегі ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды
«Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі»
«Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі» деп аталуы да бекер емес. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты биылғы мақаласында қазақ тілінің мәртебесі жайында тереңірек сөз қозғаған болатын. Мақалада көрсетілгендей, халқымыздың рухани жаңғыруы үшін ана тілімізге де реформа енгізіледі. Яғни, жақын уақытта қазақ тілі латын әліпбиіне көшетін болады. Бұл өз кезегінде тіліміздің біртектілігін сақтап, әлемдік өркениетке қосылуымызға жол ашады деп айтылған.
ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 жарлығын іске асыруда.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Қазақстан азаматтарының әрқайсысы үлес қосуға міндетті, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тіл жанашырлары қатарынан орын алатындықтан, тапжылмай еңбек етіп үлестерін қосуға міндетті.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.
Орыс мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз үшін басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету.
Осы жауапкершілікті іске асыру үшін мен өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:
— орыс мектептеріндегі балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақсатында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;
— Қазақ тілі сабағында оқушының айтылым дағдысын қалыптастыру, сөз
байлығын молайту;
— Шығармашылықпен жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;
— Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Осы міндеттерді шешуге тиімді әдіс- тәсілдерді қолданамын:
Бүгінгі күні қазақ тілін үйретуде мұғалімнің ең бірінші көмекшісі – ақпараттық-техникалық құралдар.
«Болжау әдісі» - тақырыпқа байланысты видеороликті көрсетіп, тоқтатады, балаларға сұрақтар қойылады. Сұрақты оқушылар жұппен, топпен талқылайды. Бір шешімге келіп жауаптарын айтады. Постер қорғайды.
1.Балалар қайда келді?
2.Балалар ауылда не істеді?
3.Атасы не оқып отыр екен?
4.Кітап не туралы?
5.Бәйтерек қай қалада орналасқан?
6.Астанада тағы нелер бар?
Қалай ойлайсыңдар балалар Астанаға барды ма?
Атасы мен әжесі Астана қаласынына барды ма?
«Болжау әдісі»- тілді үйренуге қызығушылықтарын туғызып, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Қай сыныпта болса да, түрлі суреттерді көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек.
Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезінде киімдердің суретін көрсету арқылы әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерді үйретуге болады.
Келесі әдіс сұрақ – жауап әдісі.
Бұл әдіс балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Сабақтың қай кезеніңде болса да қолдануға болады . Өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ қойылады. Мысалы: мақал-мәтелдер тақырыбын өткен кезінде мақал-мәтелдерді тез есте сақтау үшін оқушыларға мақалдардың негізіне құрылған сұрақтар қойылады. Мысалы: -Әдепті бала қандай бала?
- Әдепті бала арлы бала.
-Әдепсіз бала қандай бала?
-Әдепсіз бала сорлы бала.
Сонда балалар, бұл мақалды тез жаттап алады.
Орыс сыныптарында айтылымға үйретуде рөлдік ойындарды, диалог, көрініс қою, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеуге үйретемін (Көрнекіліктер)
Мысалы «Мен қандаймын?» ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса,оған сол әріптен сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен-дарынды, Әйгерім-әдепті, Алма-ақылды.
«адасқан әріптер» ойыны.
З А Қ А Н –қазан
Р К Ү Қ Ы Й К Е –қыркүйек
Л Е Ж С А Н Т О Қ –желтоқсан
«Шығармашылыққа баулу әдісі»
Балаларға өлең құрастыру үшін, тірек сөздер қолданамын.
........................................баламыз,
.........................................саламыз.
..........................................сабақты,
..........................................боламыз
“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» стратегиясы
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз.
«Он сұрақ!» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Құпия зат»
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ
Амонашивилидің ситуациялық –рөлдік ойындары.
Мәселен, «Дүкенде», «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т.б. тақырыптарда диалог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байла-нысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыра түседі.
Қорытынды
Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.
Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Тіл дамыту - қазақ тілі пәні бойынша әрбір сабақтың ең негізгі мақсаттарының бірі болатындығы осы жұмыста дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |