Адыльбекова Раушан Калдыбековна


Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу



бет5/7
Дата25.06.2022
өлшемі111,34 Kb.
#37294
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адыльбекова Раушан Калдыбековн1

2.2 Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу


Қарқынды өзгерiп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе. Ал XXI ғасырда әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жүргізуде.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етіп отыр. Әлем осылай жылдам өзгеруде. Оқу барысындағы білім сапасы жоғары және өмірде қолдана алатына көз жетіп, егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт-бағдар алуда. Қазіргі таңда жаңа оқытудың негізгі мақсаты-балаға білім бере отырып, оның ойлау қабілетін дамытуға, ойын ашық айтуға, өмірге бейім, сабаққа деген белсенділігін арттыру, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу негізін қалау, өздігінен шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп атап көрсеткен. Мұғалім оқушылардың бойына, сенім, парасаттылық қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары қабілетті –тұлға.
Сондықтан біз өзгеруіміз керек, өйткені оқу үздіксіз жүріп жатқан үдеріс, ал оны тоқтату мүмкін емес.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қолға алынған. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту аясында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар көп ұлтты қоғамдағы әртүрлі жағдайларды табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністікте өздерінің коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен тілдік дағдыларын жетілдіре алады.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасы осы талаптарға сәйкес тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі қолдануы ерекшеліктері туралы білімді меңгеруге қолдау көрсетеді.
Осының нәтижесінде оқушылар сөздік қорларын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен және фразеологиялық тіркестерімен толықтырып, оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларын жетілдіреді, нақты тақырыптар бойынша рөлдік ойындардың көмегімен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп қазақ және орыс мәдениетін, сондай-ақ басқа да халықтардың мәдениетін түсініп, құндылықтарын бағалауды үйренді. Қазақ тілін оқу барысында жаңаша даму тенденциялары, әсіресе жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдер арналған оқу бағдарламалары мен әдістемелік кешендерді қолданды.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында1 сынып оқушыларымен жаңартылған білім беру құрамымен, жаңа педагогикалық тәсілдері мен оқытудың белсенді формалармен жұмыс істедім. Жаңартылған мазмұны бойынша сабақтарда келесі сұрақтар қарастырылады: - Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер; - Критериалды бағалаудың негізі;
- Жаңа үлгі бойынша сабақ жоспарлауы; - Білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру. Білім бере отырып,тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық.
Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әртүрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді,сауатты,өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті тұлға болып саналады. Сыни ойлау-ашық қоғам негізі.
Сыни ойлау дегеніміз-әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап,белгілі-бір қорытынды шығарып,өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Нағыз сабақ-ол әрқашан диалог,іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қазақ тілі сабағында «Топтау», «Ойлану», « Жұпта талқылау», «Әлемді шарлу» т. б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылып жатқанына, ал бағалау тәсілдері оқушыларға қажетті және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне көзіміз жеткілікті.
Жалпы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық нақты етіп бере білу жолында. « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тіл дамыту жұмыстарында көмегін көптеп тигізері анық. Сыни тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді,негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді,ойлауды дамытады,қызығушылықты артттырады,кез келген сабақты,кез келген сабақты меңгереді,оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.
Жаңалыққа жаны құмар мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс деп есептеймін.
Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Сол себептен алдымызда тұрған өзгерістерді енгізіп, 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жұмыс барысында болдық.
Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан дүниесін сенім мен тілектін шуағымен нұрландыра түседі. Сондықтан мұғалімнің сабақ алды мұқият дайындығы, жүйелі жоспары, дұрыс ұйымдастыруы шеберлігі-нәтижелі білім берудің кепілі.
Бастауыш мектеп Қазақстан Республикасы Білім беру стандарттарының озық аспектілері мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасын ұсынады. Бастауыш мектеп Халықаралық «Мирас» мектебі кампусының үш ғимаратына орналастырылған. 3-4 жастағы балаларға арналған балабақша қауіпсіз ойын алаңы бар арнайы жабдықталған ғимаратта қоныс тепкен. 5 жастағы балаларға арналған мектепалды жеке ғимаратта жұмыс істейді. 1-4 сынып студенттері мектептің бас ғимаратына тікелей өтетін Бастауыш мектептің ғимаратында оқып, білім алады. 
Халықаралық «Мирас» мектебі Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша білім беретін бірден бір мектеп болып табылады.
Бастауыш мектепте сабақ жүргізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Бастауыш мектепте сабақтардың 50%-ын ағылшын тілінде жүргізуге тырысамыз.
Балабақшада балалар бес топ бойынша жұмыс істейді. 3-жасар балалардың (А3 және К3 топтары), ата-аналары топтағы оқу тілін, яғни қазақ және орыс тілін таңдап алуға құқылы, сонымен қатар олар 4 жастағы студенттер (А4 және К4 топтары) топтағы қазақ және орыс тіліндегі оқудан басқа, сабақтары негізінен ағылшын тілінде өтетін халықаралық топқа (В4) қосыла алады.Балабақша қызметі 3 пен 4 жас аралығындағы балаларға арналған, ол PYP Early Childhood және ҚР білім стандарттарына негізделеді.
Мектепалдының кіріктірілген бағдарламасы 5-6 жастағы студенттерді оқытуға арналған, ол PYP1 және ҚР білім стандарттары талаптарына сәйкес келеді. Үш KG сыныбы жұмыс істейді, олар - KGA, KGB және KGC.
1–4 сыныптарға арналған оқу жоспары 2–5 сыныптарға арналған PYP бағдарламасына және бастауыш мектепке арналған қазақстандық стандарттарға негізделген.
Мектепалдыдан 4 сыныпқа дейінгі әр параллельде 3 бөлім бар. Бірінші бөлімде оқыту негізінен орыс тілінде жүреді, онда ағылшын және қазақ тілдері қосымша тіл ретінде жүргізіледі; келесі бөлімде қазақ тілі - негізгі тіл, ағылшын және орыс тілдері - қосымша тілдер; үшінші бөлімде ағылшын тілі - негізгі тіл, ал орыс және қазақ тілдері екінші тілдер ретінде жүргізіледі.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақстандық білім беру бағдарламасына сәйкес KG және 1-оқу жылы бойынша математика мен тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылады.
Бастауыш мектептің оқу жоспары
Бастауыш мектепте Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім беру стандарттары бойынша оқытудың озық аспектілері қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасы ұсынылады.
Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш мектепке арналған Бағдарламасы (IB PYP) - Халықаралық Бакалавриат ұсынатын үш бағдарламаның бірі болып табылады. Бағдарлама 3 жастан 11-12 жасқа дейінгі оқушыларға арналған. Бұл бағдарламада баланың жан-жақты дамуына, әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, мәдени және академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға аса маңызды мән беріледі.
Бағдарламаның басты атрибутына ұлттық және халықаралық тәжірибенің озық үлгілерін қолдану, балаларға сапалы білім беру жүйесін жасау мақсатымен еліміздегі білім беру саласына халықаралық оқу бағдарламалары мен нормаларын енгізу және оны тарату жатады.
PYP халықаралық академиялық бағдарламасы баланы сыныпта да, сыртқы ортада да зерттеуші ретінде дамытуға бағытталған. PYP студенттердің халықаралық ой-санасын және оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыра отырып, олардың өмір бойы білім алуға деген ынтасын оятады. IB Primary Years Programme бізге білім беру МАЗМҰНЫН, ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН және оқушының ОҚУ ҮЛГЕРІМІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН таңдау керектігін анықтайды. Оқыту мен оқудағы негізгі қадам зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл студенттің немесе мұғалімнің бастамасымен басталып, оқушының жаңа, күрделі түсіну деңгейіне жетуіне көмектесетін процесс. Кіріктірілген оқу бағдарламасының болуына байланысты біздің пәндік бағыттар негізінен Зерттеу бағдарламасы (Programme of Inquiry) аясында оқытылады, яғни студенттер төменде аталған мазмұнды мәнмәтін бойынша білім алады:
«A» тілі (орыс, қазақ, ағылшын тілдері);
«B» тілі (орыс, қазақ, ағылшын тілдері);
Математика;
Қоғамтану және жаратылыстану;
Бейнелеу өнері;
Музыка;
Информатика;
Физикалық, әлеуметтік және жеке білім (PSPE): Өзін-өзі тану, дене тәрбиесі, хореография
IBPYP туралы қосымша ақпаратпен www.ibo.org сайты арқылы танысуға болады.
Математика мен тілдер тереңдетіліп оқытылатын KG тобы мен 1-сыныпқа арналған қазақстандық оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС негізгі пәндерінен басқа, математикалық логика, робототехника, LEGO-құрылымдау, шахмат және ағылшын тілі пәндерін қамтиды.
Орта мектеп
Орта мектепте Білім берудің Ұлттық стандарттарының мазмұнды компоненттерін Халықаралық Бакалавриат бағдарламалары оқу философиясы мен оқыту қадамдарына қойылатын талаптарымен кіріктіру арқылы жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелер енгізіледі
Бұл академиялық бағдарлама орта мектепке арналған халықаралық бағдарлама (IB MYP) талаптары мен ҚР білім стандарттарына сәйкес кіріктірілген. Негізгі мектеп: 5-10 сынып
MYP - алты жылдық бағдарлама, ол 5-сынып үшін MYP-0 (бастауыш мектептен орта мектепке және MYP-ге ауысу жылындағы нөлдік деңгей) және 10-сынып үшін MYP-5-пен аяқталады. Бесінші сыныптар мектептің кіріктірілген бағдарламасы мен MYP кіріспе курсын жүзеге асыратын «MYP-0» моделі бойынша оқиды. MYP-0 деңгейі - 6-сыныпқа арналған MYP-1 бағдарламасына дайындық болып табылады. MYP-1 бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері 5-сынып оқушылары деңгейіне сәйкес әзірленген.
Халықаралық бағдарламаның мақсаты заманауи қоғам талаптарына сәйкес оқушылардың білім алуына, білік және дағдыларды дамытуды көздейді. MYP бағдарламасында үш іргелі тұжырым маңызды рөл атқарады, олар: біртұтас оқыту, мәдениетаралық түсіністік және дамыған қарым-қатынас жасау дағдылары.
Халықаралық Бакалавриат мектептерден бағдарламаның әрбір кезеңінде пәндерді кеңінен және теңгерімді таңдауды қамтамасыз етуін талап етеді. Халықаралық Бакалавриат шығарған оқу бағдарламасымен таныстыру басшылығында әрбір пәндер тобы бойынша тұжырымдар мен дағдылар көрсетілген, олардың қызметі - МYP мектептері арасында басшылық жасау, кеңес беру және жаһандық бірлік (қауымдастық) орнату. MYP мектептерінің бағдарламалары әр пәндер тобы бойынша мақсаттарға қол жеткізетіндей етіп құрылымдануы қажет, бұл бағдарлама курсы соңында мәрелік бағалау барысында Халықаралық Бакалавриат расталуы тиіс.
Пән салалары
Пән салаcы келесі пәндерді қамтиды:

  • Тіл және әдебиет (мектептегі оқыту тілі немесе оқушының ана тілі) – ағылшын, орыс немесе қазақ тілі

  • В тілі (шет тілі – мектепте қосымша оқитын тіл) - ағылшын, орыс, қазақ, француз тілі

  • Жаратылыстану ғылымдары – жалпы пән ретінде 6-8 сыныптарда, жеке-жеке үш пән ретінде 9-10 сыныптарда

  • Математика

  • Дизайн

  • Гуманитарлық ғылымдар

  • Дене тәрбиесі

  • Өнер – бейнелеу өнері, музыка және театр өнері

Жаһандық мәнмәтін
МУР бағдарламасындағы оқу пәндерінің мазмұны «Жаһандық мәнмәтін» деп аталатын арнаулы тақырыптар төңірегінде ұйымдастырылған. Олар студенттерге шынайы өмір мен сыныпта зерттелетін материалдар арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.
МУР бағдарламасы бойынша оқыту және білім беру мәнмәтіндегі тұжырымдарды зерттеуді қамтиды. Жаһандық мәнмәтіндер әрекет етуші мәнмәтіндік оқытудың ортақ тұғырын қамтамасыз етеді. Олар оқыту және білім беру үшін нақты қадамдарды қамтамасыз ететін айрықша параметрлерді, оқиғалар мен жағдайларды анықтайды.
Жаһандық алты мәнмәтін адамзаттың болашағы туралы ойландырады және ортақ жер планетамызға деген жауапкершілікті оятады. Олар 11-16 жастағы жасөспірімдерге алдарында тұрған жергілікті, мемлекеттік, әлемдік проблемалар туралы, сондай-ақ күнделікті мәселелер туралы ой салады, ойландырады. Әрбір зерттелетін тарау үшін мұғалімдер мазмұнды оқыту мен білім беру үшін назарға алынатын бір жаһандық мәтінді анықтайды. Оқу процесінде студенттер барлық алты жаһандық мәнмәтінді зерттеулері тиісті, олар: «Ұқсастық пен өзара қарым-қатынас», «Кеңістік пен уақыттағы бағдарлану», «Жеке тұлғаның өзін өзі танытуы және мәдениет», «Ғылыми-техникалық инновациялар», «Жаһандану және тұрақты даму», «Адалдық және даму».
Жаһандық мәнмәтіндер бойынша бағалау Жеке жоба көмегімен жүзеге асырылады, ол өз бетінше орындалған жұмыс, MYP бағдарламасының биік шыңына жеткен оқиғасы болып табылады.
Жеке жоба студенттің MYP бағдарламасын оқып-үйренуі, зерттеуі, яғни өтуіне қарай Жаһандық мәнмәтіндерді түсінуін көрсетуге бағытталған, ол өз кезегінде өз бетінше әрекет ететін тұлға ретінде студенттің дамуын көрсетеді. Студенттер жұмысты бастамастан бұрын MYP-дің бір немесе бірнеше мұғалімін қолдау кезінде жобаны жасайтын пән мен тақырыпты анықтайды. Студентке супервайзер тағайындалады, жобаны орындайтын барлық кезеңде ол студентке қолдау көрсетеді. Жобаны дайындау оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, өйткені бұл студент әрекетінің мәрелік өнімі болып табылады, сондықтан студент Жеке жобаны жасаудың барлық процесін кезең-кезең бойынша көрсетіп, тіркеу журналын жүргізеді. Студенттердің Жеке жобасын бағалау үшін мектепте арнаулы бағалау критерийлері қолданылады. Оған қоса, осы жобалар модерациялау үшін Халықаралық Бакалавриат ұйымына жіберіледі.
Бағалау типтері
МYР бағдарламасы бойынша екі типті бағалау жүзеге асырылады, олардың әрқайсысының өз қызметі бар.

Аралық бағалау


Аралық бағалау студент үлгерімі деңгейі мен оқуының тиімділігін ұдайы бақылап отыруға, сондай-ақ оқушының мақсатқа бара жатқандағы жеткен кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осыдан кейін мұғалім оқыту әдістемесіне қажетті түзетулер енгізеді, ал оқушылар өздерінің оқу үлгерімін, білім деңгейін білуге, оның ішінде оқудағы ақтаңдақтарды да анықтауға мүмкіндік алады. Аралық бағалаудың мақсаты әр оқушының үлгерім деңгейін анықтау және оны дамытуға ықпал ету. Бағалау бойынша жазбалар Оқушы Келбеті журналында жүзеге асырылады.
Қорытынды бағалау
Қорытынды бағалау жыл бойы, әдетте әр тақырып соңында жүргізіледі. Қорытынды бағалаудың мақсаты – әр студенттің мақсаттарына сәйкес жетістіктерін көрсету. Бұл бағалау MYP бағдарламасының нақты аспектілері бойынша оқушының қол жеткізген дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. MYP бағдарламасы бойынша сабақ беретін мұғалімдер MYP-дің барлық бағалау түрлері, аралық бағалауда да, қорытынды бағалауда да Халықаралық Бакалавриат орнықтырған ұстанымбелгілеріне сәйкес жүзеге асырады. Критерийлер топтар мен олардың пәндері бойынша қойылған мақсаттарға сәйкес анықталады. Қазіргі кезде сыртқы емтихандарды өткізу ресми түрде қарастырылмаған. Оның орнына Халықаралық Бакалавриат сыртқы модерациялау арқылы авторизацияланған мектептердің бағалау стандарттарын бекітеді.
Қазақ және орыс тілінде оқитын сынып студенттері арасында MYP бағалауынан басқа, яғни қазақстандық стандарттарға сәйкес бағалау түрі жүргізіледі. Берілетін деңгей MYP пәндік критерийлерге сәйкес келеді. Әр пән бойынша деңгейді анықтауға болатын арнаулы меже орнықтырылған, олар әр пән бойынша жетістіктер деңгейін анықтайды.

IBMYP сертификаты мен үлгерім табелі


10-сынып соңында берілетін IBMYP сертификаты мен үлгерім табелі - MYP бағдарламасы бойынша оқушылардың үлгерім көрсеткіштерін көрсететін ресми құжаттар, оларды IB ұйымы eAssessment процедурасы арқылы растайды. Қорытынды бағалар онлайн емтихан нәтижелеріне немесе ePortfolio деректеріне сәйкес қойылады. Сертификат орнықтырылған талаптарды орындаған студенттерге ғана беріледі.
Мирастағы тиімді бағалау процедуралары түсінікті де мазмұнды есепті әзірлеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде ата-аналарды өздерінің балаларының оқу процесіне барынша белсенді қатысуға әкеледі деп санаймыз.
«Мирас» мектебі «тиімді бағалау – үлгерім туралы ақпараттар мен есептерді берудің тәжірибелік жүйесін жасауға ықпал етеді, ол өз кезегінде ата-аналарды балаларының оқу процесіне қызығушылығын арттырады, өзіне тартады» деп санайды. MYP бағдарламасы әр пән тобы аясында оқушылардың түрлі дағдыларын дамыту дегенді білдіреді және осындай оқыту қадамынан бас тарту студенттерді тек емтихан тапсыруға ғана даярлау деген түсінікті тудырады. Дегенмен әр тақырып (юнит) соңында және жыл соңында жүргізілетін тест жұмыстары ары қарай жалғасады. Бұл әдісті қаталдық тұрғысынан кем түсетін әдіс деп айта алмаймыз. Керісінше. Мектеп қабырғасында жыл соңына қарай кешенді тестілеу жұмыстары ұдайы жүргізілетін болады. MYP бағдарламасын аяқтаған соң студенттердің алдында Дипломдық Бағдарлама бойынша күрделі оқу курсынан өту қажет. Оқушылардың уақытты дұрыс та ұтымды пайдалануы аса маңызды, мысалы, өткен материалдарды қайталау, тест, емтихан тапсыру кезінде қиындықтарға кездеседі, осылардың бәрі оқып-білім алудағы сіңірген еңбектің зая кетпей, ақталғанын, лайықты қайтарымы болғанын талап етеді.
11 сынып (Қазақстан бағдарламасы)
Студенттер 10 сыныптан кейін 11 сыныпқа (Қазақстан бағдарламасы) немесе 11IB сыныпқа (Дипломдық бағдарлама) түсе алады.
Халықаралық «Мирас» мектебіндегі 11 сыныпқа арналған Қазақстан оқу бағдарламасы ҚР мемлекеттік оқу стандарттары мен халықаралық оқыту қадамдарын кіріктіреді. Бұл бағдарлама 16 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған. Ол халықаралық ой-сананы, өз бетінше зерттеу дағдысын, студенттердің өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқуға деген оң көзқарасын дамытады.
Оқушы Келбетінде баланы жан-жақты, атап айтқанда - физикалық, зияткерлік, эмоционалдық, этикалық жағынан дамытуға назар аударылады.
Оқу бағдарламасы өзара байланысты үш бөліктен тұрады:

  • • жазу (Written curriculum)

  • • тәжірибе (сынып жұмысы) (Taught curriculum)

  • • баға (бағалау) (Assessed curriculum)

Теңгерімді және логикалық жағынан сабақтас оқу бағдарламасында басты назар MYP бағдарламасымен байланыс пен вертикалды жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық бағдарламаның 11- сыныбында пәндердің инвариантты бөлігі (міндетті пәндер) оқытылады, олар: математика, бірінші тіл (қазақ немесе орыс тілі), екінші тіл (орыс немесе қазақ тілі), шет тілі (ағылшын тілі), информатика, Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі, өзін-өзі тану және БӘД (НВП). Курстың вариативті бөлігі жоғары немесе стандартты деңгейде оқитын пәндерден тұрады. Жоғары деңгейде (HL) оқып үйрену үшін гуманитарлық топтан екі пән таңдалуы керек, олар: дүниежүзілік тарих, география, екінші шет тілі немесе құқық негіздері. Тағы да екі пән стандартты деңгейде (SL) оқып үйрену үшін таңдалынады, бұлар биология, химия, физика немесе кәсіпкерлік және бизнес негіздері. Ары қарай, студенттердің ЖОО-ға дайындалуына сәйкес пәндер ұсынылады.
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беруде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы - жан – жақты дамыған, мемлекеттік тілде еркін сөйлей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесіне ұстаздың берері мол. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру, ізденісті білім беру жолында ұстаздарға көп ізденіп, көп еңбек етуге тура келеді.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің жарқын болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім беру мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ету.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білу қажет. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты.
Білім беру бағдарламасында мұғалімдердің жүргізетін жұмыс жүйесі: жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Егер ұстаз өз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Жаңа бағдарлама негізінде мұғалімдер төмендегідей жұмыс түрлерін жандандыруы керек. Олар:
- әдеби тілдік норма;
- білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
- сыни тұрғыдан ойлау;
- критериалды бағалау түрлері;
- жеке, жұппен, топпен жұмыс;
- белсенді оқу – оушы, белсенді оқыту – мұғалім.
Қазіргі білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу күннен – күнге басты басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Сондықтан дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, белсенді оқу әдісі қолданылғанда оқушылардың үлгерімі жақсарып, олар оң нәтиже береді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білулерін, оларды оқуға жетелеу қабілеттерінің артуы үшін күнделікті сабақтарымда қолданылатын әдіс – тәсілдерім: АКТ – ны қолдану, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді оқыту әдіс – тәсілдері (бірлескен оқу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс – әрекеттерінен көрініс табады. Қазақ тілі пәнінен оқушылар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмасын орындау, өзара диалог құрастыра білуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар қазақ тілін оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, төл дыбыстарды қатесіз жазуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды, жаңа сөздерді, олардың мағынасын таба білуді, суретпен, мәтінмен жұмыс жасауды үйренеді.
Мысалы: 2 «Б» сыныбында «Менің отбасым» атты тақырыпты өткенде қызығушылықтарын ояту мақсатында сабақтың басында «Шеңбер бойындағы әңгімелеуден» бастадым. Оқушылар отбасы туралы салып келген суреттері бойынша бір – екі сөйлем айтып шығады. Бірін – бірі бағалау үшін оқушыларға жүрек түріндегі стикерлер беріледі. Олар өздеріне ұнаған жұмысқа жүрекше сыйлайды. Сабақтың ортасында «Сыңарын тап!» ойынын ойнаттым. Мұнда оқушылар сурет пен сөйлемді сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінді. Содан кейін «Суреттер сөйлейді» әдісін қолдандым. Әр жұпқа отбасы мүшелері мен түрлі заттардың суреттері берілді. Оқушылар отбасы мүшелері мен заттарды байланыстырды. Байланыстырған суреттерін келесі жұпқа көрсетті. Ол жұп суреттерге қарап, сөйлем айтады. Бұл жерде өзін – өзі бағалауы болды. Whiteboard қағаздарына смайлик суретін салу арқылы жұпқа жасаған жұмысына баға берді. Сергіту сәтін орындады. Бейнематериалдардағы қимылдарды қайталап істеді. Сабақ соңында «Ойлан, жаз!» әдісін пайдаландым. Оқушылар мәтіннің басы мен аяғы берілген дайын шаблонды сұрақтарға жауап беру арқылы үш сөйлеммен толықтырып жазды. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдерде отбасы мүшелерін сипаттап, іс – әрекеттерін жаза алды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар тірек сөздердің көмегімен сипаттап жазды. Жазбаша жұмысты дискриптор арқылы бағаладым. Сонымен қатар сабақ кезінде оқушылардың дағдыларын дамыту барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданамын. Сабақтың басында «Сигнал карталарымен жұмыс», «Миға шабуыл», «Қадамдар», «Ертеңгілік шеңбер», сабақтың ортасында «LearningApps» бағдарламасымен жұмыс, «5 жолды өлең», «Адасқан сөздер», «Сызбаны сөйлет», «Кел, сөйлесейік!», «5 минуттық жазу», «Диалогтік жұмыс», сабақтың соңында «Жетістік баспалдағы, «Балдық көрсеткіш» сяқты тағы да басқа әдістер.
Әр сабағымды жоспарлап, одан кейін іс – әрекет арқылы қадағалап, кері рефлексия жүргізіп отырамын. Өйткені жіберілген кемшіліктерді келесі жұмыстарымды болдырмау бағытында кері байланыстың әсері мол. Әрі оқушылар өз ойларын, сабақта не үйренгендіктерін айта алады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда бағалаудың бағдаршам көздері, смайлик, бес бармақ, жетон, екі жұлдыз, бір тілек, өзін – өзі бағалау, бір – бірін бағалау, мадақтау, «джокер» әдісі арқылы бағалау, топ басшысы бағалау түрлерін қолданамын.
Сабақтарда көптеген әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып және оқушылардың ынтасын арттыру үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып жиынтық бағалаудан жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасап отырамын. (МАН) Қазіргі оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жаңа қағидаларға негізделген. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсінік сияқты қасиеттер. Баланы өз сөзін қорықпай, сеніммен айта алатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдлып мақталады да, қатесі де түзетіледі.
Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушылардың арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қарым – қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды (жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым) дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Білім – өскелең ұрпақтың тағдыры. Н.Ә.Назарбаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - дегендей, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз атанып, үлкен нәтижеге жетуге болады.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Қозғалатын мәселе орыс тілді оқушылардың қазақ тілінде сөздік қорын дамыту тәсілдері жайлы болмақ. Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Ал бұл сөздік қорды дамытпайынша іске аспайтын тілдік күрделі үдеріс екені мәлім. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті – сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны ауызекі сөйлеу тілінде, жазба тілде дұрыс қолдану. Сөздік қордың бай болуы – маңызды мәселе. Сөздік қорды дамытудың тәжірибеде қолданып жүрген түрлі әдіс – тәсілдердің тиімділігіне тоқталсақ:
Түсіндіру әдісі – жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1 – 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талғамда, ірі екі немесе үш түстен болуы керек. Ы. Алтынсарин натуральды әдіс деп көрсеткен бұл әдіс туралы: «балаға айтып түсіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген [1]. Бұл әдіс әдетте сөздік қорды дамытуда бастауыш сыныптарда қолданады.
Тірек сызбалар әдісі – түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Сондай-ақ, сөздік қорды дамытудың тәжірибеде жиі қолданылатын тиімді тәсілдері:
а) шығармашылық тапсырмалар беру;
ә) кешенді түрдегі үй тапсырмаларын орындату;
б) проблемалық сұрақтарға жауап бергізу;
в) жағдаяттық тапсырмалар
г) ойын элементтерін қолдану;
ғ) деңгейлік тапсырмалар жүйесін орындату;
д) СТО технологиясының элементтерін қолдану.
Шығармашылық жұмыс түрлеріне келсек, балалардың ойын, қиялын дамытатын әңгімелер жаздыру, диологтар, ребустар, тест сұрақтарын құрастырту. Бастауыш сыныптарда сурет бойынша сөйлемдер құруға болады. Мысалы: жыл мезгілдері, жемістер, азық-түліктер, жануарлар т.с.с. тақырыптар бойынша қысқаша әңгімелер немесе тірек сөздер беру арқылы сөйлемдер не әңгімелер құрастырады.
Кешенді үй тапсырмалары. Мұнда өтілген материалдармен байланыстырып және оқушылардың өздері ізденетіндей етіп тапсырма беріледі. Мысалы, өтілген материалдар бойынша тест сұрақтарын құрастыру немесе тек сұрақтар әзірлеу. Не болмаса белгілі адамдарға байланысты қосымша материал іздету. Мысалы, Қ. Сәтбаевтың ғалым достары жайлы 5 сөйлем жазып келу деген сияқты тапсырмалар.
Амонашвилидің ситуациялық-рөлдік ойындары.
Мәселен, «Дүкенде», «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т.б. тақырыптарда диалог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байланысты 3-4 жұптан рөлдік ойындарды жүйелі өткізу сөздік қорды дамытудың тиімді әдістері ретінде танылады. Бұл тәсіл оқушылардың тілдерін жаттықтырып, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыра түседі.
Ойын элементтері арқылы дамыту оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Әсіресе, бастауыш сыныптар мен орта буындарда жиі қолдануға болады. Жиі кездесетін түрлеріне тоқталар болсақ: «Домино», «Кім жылдам?», «Алтын балық», «Ойлан, тап», «Жұмбақ айтысы», «Мақал сайысы», «Сөзжұмбақтар», «Қызықты грамматика», «Лото», «Брейнг-ринг», «XXI ғасыр – 23» т.б.
Дегенмен, мемлекеттік тілді үйрету басты мақсат болғандықтан, этнопедагогикалық ұстаным болу керек. Ендеше, ойындарды ұйымдастыруда ұлттық мәдениетті насихаттайтын ойындарды таңдаған жөн деп ойлаймыз.
Деңгейлік тапсырмалар жүйесі арқылы дамыту. Қабілет деңгейі, материалды меңгеру деңгейі түрлі оқушыларды қарқынды дамытуға арналған тапсырмалар жүйесін орындату арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте әр оқушының шығармашылық бейімділігі де ескерілуі керек.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы элементтерін қолдану арқылы дамыту. Сабақ барысында топтастыру не ассосация, кластер, кубизм, Венн диаграммасы, Сейнквейн сияқты әдістерді қолдану күтілетін нәтижеге жетудің тиімді жолдары болып табылады. Қазақ тілін оқытудың мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалық міндеттері жөнінде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту міндеті айқын бағытталған [2]. Ендеше, қазақ тілін үйретуде оқытудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық міндетті орындау мақсатында оқушылардың сөздік қорын дамыту мәселесі өзекті мәселе болып отырғандығы заңды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет