А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


б/п  алмасуы  (пұтақ-бұтақ,  періп  қалу-беріп  қалу);  д/л



Pdf көрінісі
бет161/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

б/п  алмасуы  (пұтақ-бұтақ,  періп  қалу-беріп  қалу);  д/л  алмасуы 
(таңлай-таңдай,  тыңлау-тыңдау);  там  (үй),  нор  (шоғыр),  тесе 
(шот),  кҿрпелдес  (кҿрпеш,кҿбей),  пысу  (пісу),  тыстау  (тастау), 
ати  жҿнелу  (ата  жҿнелу),  ұры  қылу  (ұрлық  қылу),чығарға  чығу 
(тысқа шығу), қос айдау (жер жырту), сиықты (сияқты), т.б. Бірақ 
бұл  говордың  жоғарыдағы  негізгі  екі  говорлық  топқа  қандай 
қатынасы бар екені ҽлі анықталған жоқ деп есептейді. 
Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілер туралы. 
Профессор  Н.Сауранбаев  ҿз  еңбектерінде  тіл  тарихына 
байланыстыра 
отырып, 
қазақ 
тіліндегі 
диалектілік 
ерекшеліктердің пайда болуы, жалпы сипаты жайында бірсыпыра 
пікір айтты. Ол пікірлер мынаған тіреледі. Қазақ тіліндегі қазіргі 
диалектілік  ерекшеліктер  15-ғасырдан  кейін,  яғни  қазақтың 
біртұтас  халық  тілі  қалыптаса  бастаған  кезде  пайда  болған.  Бұл 
ерекшеліктер  ҿзінің  сипаты,тараған  кҿлемі  жағынан  ерте  кезде 
қазақ  жерінде  болған  ру-тайпалар  жігіне  сай  келмейді.  Ҽрине, 
бұған  қарап  Қазақстан  жерінде  кҿне  замандарда  болған,  қазақ 
халқының этникалық құрамына енген ру-тайпа тілдерімен қазіргі 
қазақ  тілінің  тарихи  байланысын  біржола  жоққа  шығаруға 
болмайды. 
Дегенмен,  халық  тарихындағы,тілдегі  кейінгі  замандарда 
болған  ҿзгерістердің  нҽтижесінде  бұл  байланыс  қазіргі  күнде 
байқалмайтын  дҽрежеге  жеткен.Қазақтың  біртұтас  халық  тілінің 
қалыптасу  процесі  ру-тайпалық  тіл  белгілерінің  жоғалуымен 
тікелей байланысты. Онымен бірге түркі негіздес ру-тайпалардың 
ҿз  ішінде  жҽне  басқа  этникалық  топтармен  бірде  бірігіп,бірде 


162 
 
бҿлініп  араласып  отырғанын  да  ескеру  керек,қазақ  халқының 
этникалық  құрамы  мұның  айқын  айғағы  бола  алады.Сҿйтіп,ҽр 
түрлі  рулар  мен  тайпалардың  араласуы,бірігуі,кейіннен  біртұтас 
халық  құрамына  ене  отырып,кҿшпелі  мал  шаруашылығы 
жағдайында  онан  ҽрі  дамуы  бұрынғы  ру-тайпа  тілдерінің 
сіңіп,жоғалып  кетуіне  алып  келеді.Демек,қазіргі  диалектілік 
ерекшеліктерді  бұрынғы  ру-тайпалық  тілдер  (диалектілер) 
тұрғысына 
қарап 
анықтау,жіктеу 
тарихи 
шындықпен 
жанаспайды. 
Диалектілер мен сҿйленістердің сипаты жҽне ҿзара қатынасы 
тіл  дамуы  тарихының  барлық  кезеңдерінде  бірқалыпты  болуы 
мүмкін емес. Қоғамдық – экономикалық жағдайларда жҽне басқа 
халықтармен  қарым  –  қатынас  сипатына  байланысты  тілдегі 
диалектілік  белгілер  ҿзгеріске  ұшырап  отырады.  Қазақ  тіліндегі 
осы  күнгі  диалектілік  ерекшеліктер  –  Қазақстанның  ҽр  түрлі 
аудандарындағы  жергілікті  халықтың  қоғамдық-ҽлеуметтік, 
шаруашылық – мҽдени ҿміріндегі ҿзгерістерге байланысты кейіннен 
қалыптасқан  құбылыстар.  Міне,  профессор  Н.Т.  Сауранбаевтың 
қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, пайда болуы 
туралы пікірі негізінен алғанда осындай. 
Бірақ  қазақ  тіліндегі  қазіргі  диалектілік  ерекшеліктерді  –
ғасырдан  кейін  тек  жергілікті  халықтың  қоғамдық  –  ҽлеуметтік, 
шаруашылық  –  мҽдени  ҿміріндегі  ҿзгерістердің  негізінде  ғана 
қалыптасқан деп  қарау  –  ҽлі де  даулы,дҽлелденбеген пікір.Қазақ 
тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктердің  ішінде  бұрынғы  тайпалық 
тіл белгілерімен ұштасып жатқандары аз емес. Ал олардың пайда 
болу себебінің жергілікті халық ҿміріндегі кейінгі ҿзгерістерімен 
немесе  кҿрші  тілдермен  байланысы  шамалы.  Қазіргі  қазақ 
тіліндегі кҿптеген диалектілік ерекшеліктердің ерте замандардан 
қалған ескерткіштерде кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Мұның 
ҿзі  ондай  ерекшеліктердің  пайда  болу  ғасыры  15  –  ғасырдан  ҽрі 
жатқанын байқатады. 
Профессор  Н.Т.Сауранбаев  қазақ  тіліндегі  диалектілерді 
фонетикалық  ҿзгешелікке  –  ш  орнына  ч,  д  орнына  л  айтылуына 
қарап  –  екі  үлкен  топқа  бҿледі:  а)  Қазақстанның  солтүстігі  мен 
батыс  облыстарындағы  ш,  д  диалектілер  тобы;  ҽ)  Қазақстанның 
оңтүстік  жҽне  оңтүстік  –  шығыс  облыстарындағы  ч,  л 
диалектілер  тобы.Соңғы  топ  Сырдариядан  бастап  Батыс  Алтай 
мен Тарбағатайға дейінгі жерді қамтиды.Мысалы:бірінші топта – 


163 
 
шикі, кҿпшілік, шүберек, шақпақ, қамшы; маңдай, таңдай, тыңда, 
тірідей,  түндік,  теңдік  болып  айтылса,  екінші  топта  чикі, 
кҿпчілік,  чақпақ,  қамчы;  маңлай,  таңлай,  тыңла,  тірілей,  түңлік, 
теңлік болып айтылады. 
Бұл  екі  негізгі  дыбыстық  алмасудан  басқа  тараған  белгілі 
аймағы  жоқ,жалпылама  айтыла  беретін  алмасулар  бар  екенін 
кҿрсетеді.Оған  с/ш  (тексеру  –  текшеру,ұқсас  –  ұқшаш,мысық  – 
мышық,масқара  –машқара),  т/д  (топ  –  доп,тым  –  дым,тізгін  – 
дізгін,теңіз  –  деңіз),  м/б  (мекіре  –  бекіре,шымшық  – 
шыбшық,шымыш  –  шыбыш),  п/б  (пайда  –  байла,пида  –  бұйда, 
перне – берне,пиялай – биялай) сияқты алмасуларды жатқызады. 
Дегенмен,  бұл  алмасулардың  бҽрі  бірдей  қазақ  тілінде 
жалпылама  айтыла  бермейтінін,  кейбіреулерінің  тараған  аймағы 
белгілі  екенін  ескерткен  жҿн,мысалы,  с/ш  алмасуы  оңтүстік  – 
батыс аудандарында айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет