А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет159/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   200
Грамматика 
саласында. 
Солтүстік-батыс 
говорлар 
тобындағы  мына  сияқты  грамматикалық  екешеліктер  оңтүстік-
шығыс говорларда кездеспейді: 
1)  Кейбір  септіктер  бірінің  орнына  бірі  қолданыла  береді, 
қызметі  жағынан  толық  ажырамаған:суда  жүзеді-суға  жүзеді; 
бұрын  молдадан  оқыды-бұрын  молдаға  оқыды;былтыр  осы  айда 
жаңбыр жауды-былтыр осы айға жаңбыр жауды. 
2)  Етістіктің  ҿткен  шағының  тұйық  етістікке  –улы,  -ҥлі 
қосымшасын  қосу  арқылы  жасалған  түрі  кездеседі:  барулы, 
жаюлы, бағулы. 
3)  Есімше  –жақ,  -шақ  тұлғасында  да  кездеседі:  баражақ  // 
барашақ, алажақ // алашақ. 
4)  Оңтүстік-шығыс  говорлардағы  бара  йатқан,бара  йатыр, 
баратыр  тұлғалары  бара  жатқан  //  бара  жатырған,  бара  жатыр 
түрінде қолданылады. 
Оңтүстік-шығыс  говорлардағы  мына  сияқты  грамматикалық 
ерекшеліктер солт-батыс говорларда кездеспейді. 
1)  Бұйрық  райдың  жекеше  екінші  жағы-қын,-ғын,-кін,-гін 
қосымшалары арқылы жасалады: айтқын (айт, айтыңыз орнына) 
2)  Ұйықтағым  бар,  ұйықтағым  жоқ  тҽрізді  қалау  райдың 
күрделі түрі қолданылады. 
3)  Кҿмектес  септік  –мынан,-бынан,-пынан  сияқты  кҿне 
тұлғада кездеседі: Мен атпынан келдім. 
4)  Жатыс  септік  орнына  –лы  қосымшасының  қолданылуы 
кездеседі:жұмысқа уақытылы келеді (жұмысқа уақытында келеді 
деудің орнына). 
5)  Қалау  райдың  кҿпше  І  жағы  –лы,-лі  қосымшасы  арқылы 
жасалады:  кҿрелі  (кҿрейік,  кҿрелік),  баралы  (барайық,  баралық), 
аңқаралы (қаралық,қарайық). 
2.  Ж.Доқараевтың  бұл  классификациясындағы  оңтүстік-
шығыс  говорлар  тобы  таралған  аймағы,тілдік  сипаты  жағынан 
С.Аманжоловтың  оңтүстік  диалектісіне  жуық  келеді,айырма  тек 
екі  түрлі  аталуында.  Ал  солтүстік-батыс  говорлар  тобына 
келсек,мұнда  кейбір  қайшылықтар  байқалады.Ол  қайшылықтар 
говорлардың  бұл  тобын  тарихи  жағынан  негіздеуде  де,  тілдік 
материалдарды  жіктегенде  де  айқын  кҿрінеді.  Автордың 
солтүстік-батыс  говорлардың  ҿз  ішінде  кездесетін  кейбір 


160 
 
дыбыстық,  лексикалық  айырмашылықтар  соншалықты  елеусіз, 
тіпті  оларды  диалектілік  ерекшілік  дуге  келмейді  деген 
тұжырымымен  келісуге  болмайды.  Шынында,  Ж.Досқараев  бұл 
бҿлуді  тарихи  жағынан  дҽлелдеген  жоқ.  Ал  оның  тілдік 
материалдары  жіктеуіне  келсек,  бір  жақтылық,  диалектілік 
ерекшеліктердің  тараған  кҿлемін  дұрыс  анықтамаушылық 
байқалады.  Мысалы,  Гурьев,  Батыс  Қазақстан,  Ақтҿбе 
облыстарындағы 
жҽне 
Қызылорланың 
солтүстік-батыс 
аудандарындағы жергілікті халық тілінде кездесетін мына сияқты 
негізгі  ерекшеліктерді  солтүстік-шығыс,орталық  облыстардағы 
(Семей,  Қарағанды,  Кҿкшетау  т.б.)  халық  тіліне  тҽн  деуге  тіпті 
болмайды.Мысалы,  дыбыстық  алмасулар  –о/ҧ  (қолдану,  сорақы, 
монша, ойран деудің орнына құлдану,сұрақы,мұнша, ұйран деу)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет