А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


-Ғын,  -гін,  -қын,  -кін



Pdf көрінісі
бет90/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200
-Ғын,  -гін,  -қын,  -кін.  Бұл  да  онтүстік  аймақтарында  жиі 
кездесетін  бұйрық  райдың  бір  тұлғасы.  Мысалы:  Мұғалімге 
менің  сҿзімді  барып  айтқын  (Жамб.,  Жамб.).  Бұл  тұлға  ҽсіресе 
оңтүстік  аймақтарда  туып-ҿскен  ақын-жазушылардың  тілінде 
жиі ұшырайды. 
Ажары - гүл адамның, тіл - бұлбұлы,  
Азаматтар, абайла, білгін мұны (Н. Бекежанов). 


99 
 
Қазақстанның  шығыс  аймақтарында  кетті  емес  пе?  (кеткен 
жоқ  па?),  бардың  емес  пе?  (барған  жоқсың  ба?)  сияқты 
конструкциялар жиі кездеседі. 
Қазақ говорларында сирек айтылатын есімшенін -мыш, -міш 
жұрнағы - Қостанай облысында сақталып қалған тұлға. Мысалы: 
Ыбырай  кҿп  оқып,  кҿп  кҿр-міш  (Қост.,  Торғ.).  Бұл  форма 
кҿптеген  түркі  тілдерінде,  тіпті  М.  Қашғаридің  сҿздігінде  де 
кездеседі. 
3.  Кейбір  жұрнақтарды  диалектілік  ерекшеліктерге  қосуға 
болмағанмен,  олардың  қолданылуында  кейде  ҿзгешеліктер 
байқалып  отырады.  Мысалы,  кейбір  жұрнақтар  оңтүстік 
аймақтарда  жиі  қолданылып,  диалектілік  туынды  сҿздердің 
жасалуына  кҿбірек  қатысады  да,  солтүстік  аймақтарда  сирек 
айтылады. Басқа тілдерден ауысқан -хана жұрнағы арқылы жаңа 
сҿз тудыру амалы солтүстік аймақтармен салыстырғанда, ҽсіресе 
оңтүстік  аймақтарда  жиі  кездеседі.  Ҽдеби  тілде  қолданылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет