А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
 
 
 


24 
БАЙҚАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны 
бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. 
Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
 
 
І нұсқа 
Мәтін №1 
Күйеу қоржын 
Жас жұбайлар, той иелері, құда-құдағи, жүректі жарып шыққан ақ тілектер
көңілді әуен, қызықты шоу-бағдарлама және осының барлығын бір – бірімен 
байланыстырып, өмірде бір рет қана болатын оқиғаны барынша есте 
қалатындай етіп өткізуге өз үлесін қосатындарынды асаба. Бұның барлығы бір 
күнде ғана орын алатын оқиғалар. Алайда, дайындығы мен машақаты бірнеше 
айларға созылады. Той алдында әулеттің ақылдасуы (құрылтай), тойға 
дайындық, ас мәзірі, қонақтар тізімі, өтетін орны (мейрамхана), киіт және 
басқада кәде сыйларды дайындау, бұның барлығы уақыт бөлуді қажет ететін 
жұмыстар. «Тойдың боларынан, боладысы қызық» деген содан қалса керек. 
Бұдан бөлек, міндетті түрде өткізу керек жөн-жоралғылар, салт-дәстүрлер де 
бар. Оларды өткізу үшін де арнайы дайындық қажет.
1. Той алдындағы әулеттің ақылдасуы 
A) Ақыл шай 
B) Мейрамхана
C) Кәде сый
D) Құрылтай
E) Құда қоржын
2. Тойдың дайындығының реті 
1. Құрылтай
2. Тойға дайындық 
3.Қонақтар тізімі 
4. Ас мәзірі 
5. Кәде сыйлар дайындау 
6. Өтетін орны 
A) 1, 2, 4, 3, 6, 5 
B) 1,4, 6, 3, 5, 2 
C) 5, 1, 6, 4, 3, 2
D) 6, 4, 2, 5, 1, 3
E) 3, 4, 1, 2, 6, 5
Мәтін №2 
Көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думандатып өткізсе, қысқы күнде ит 
жүгіртіп, құс салып саятшылық құрған. Сөйтіп, аңға салатын құстарды, мінетін 
атты – жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар деп 


25 
ерекше қасиеттерімен атаған. Осындағы құмай тазының қасиетіне тереңірек 
тоқталсақ… Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы деп 
атайды. Халқымыз тазының ең күштісіне, жүйрігіне «нағыз құмай екен, 
қанатты құмай екен» деген секілді мадақ сөздер айтқан, оның ерекше 
қабілеттеріне сүйсінген. Өз бойына біткен ептілік, жылдамдық, әдісқойлық, 
түлкі-қоянды құйындай соғатын, тіпті арқарға, қасқырға шабатын қасиеттердің 
бәрі құмайға тән. Құмай тазы өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан 
жүйріктігімен, сұлу мүсінімен өз аталастарының ішіндегі сырттаны, төресі деп 
есептелген.
Асылы, құмайдың ерекше белгілері күшік кезінен-ақ байқалса керек. 
Мысалы, М.Мағауиннің «Тазының өлімі» атты шығармасындағы құмай тазы – 
Лашынның күшік кезіндегі сипаты: «Кеуделі екен, ұзаққа шабар. Қысқа мойын, 
әрі шықшытты, езулі көрінеді, қайратсыз да болмас. Артқы аяғы да келісті
маймақ біткен – жүйріктіктің белгісі», ал өсе келе «Шодыр төбелі басына түйе 
жапырақтай жалпақ, ұзын шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр. Сойдақ 
тістері…». Осы шығармадағы аты аңызға айналған Бесқара құмайдың бейнесі: 
«Кеудесі шынтақтан сынық сүйем десем өтірік, тура үш елі төмен, құшақ 
жетпес зор; бір қырындап жантаймаса, түзу жата алмайтын. Басы үлкен, 
шықшытты. Дене бітімі мөлшерден тыс ірі болатын. Өз тұрғыластарынан озып 
туған ерекше тазы», – деп суреттелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет