А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет2/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
 
 



ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу 
қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол 
жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне 
араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе 
мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген 
білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін 
бағалауға бағытталған. 
Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық 
сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты 
назар аударыла бастады. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай 
болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің 
біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, 
жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын
өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға 
болуы тиіс. 
"Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, 
қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс 
жасау". (PISA, 2009). Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы бар,олар: жағдай, 
мәтін, аспект. 
1-құрамдауыш: Жағдай: 
Жағдайдың санаттары: жеке пайдаланым үшін оқу, көпшілік пайдалану 
үшін оқу (қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу. 
2-құрамдауыш: Мәтін: 
Мәтін формасы: тұтас және жадағай. Мәтін типі: сипаттама, мазмұндау, 
мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім. 
3-құрамдауыш: Аспект: 
Аспектілер – бұл оқырман мәтінде, мәтін айналасында және мәтін 
арасында аталған тәсілдерді келісу үшін пайдаланатын психологиялық 
стратегиялар, тәсілдер және тапсырмалар. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын 
әзірлеумен айналысатын бес аспект: 
• ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу; 
• кеңінен түсінуді қалыптастыру; 
• интерпретациялауды дамыту; 
• мәтін мазмұнын көрсету және бағалау; 
• мәтін нысанын көрсету және бағалау. 
[4-5] 
Әлемдік контекстте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген 
дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. 
Жалпы білім беретін мектептерден бастап балаларды оқытудағы негізгі 
жетістіктердің бірі - оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру. 
Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы 
болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша 



мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс-
тәсілдерін тауып қолдану талап етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет