А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Шекілдеуік қуырылғаннан кейінгі өзгеріс



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
3.Шекілдеуік қуырылғаннан кейінгі өзгеріс 
A) Құрамындағы пайдалы заттар сақталады. 
B) Құрамындағы дәрумендер жойылып кетеді. 
C) Құрамындағы май азайып кетеді. 
D) Құрамы құрғап кетеді. 
E) Құрамындағы мырыш жойылып кетеді. 
4. Құрамында темір көп шекілдеуіктің түрі 
A) Қара пісте 
B) Шекілдеуік пісте 
C) Ақ пісте 
D) Шемішке пісте 
E) Сары пісте 
5. Кәуап пен пістенің асқазанда қорытылуындағы уақыт мөлшеріндегі 
айырма
A) Екі жарым сағат
B) Үш сағат
C) Екі сағат
D) Жарты сағат


50 
E) Үш жарым сағат 
6. Диетологтердің пістеден бас тартуды талап етулерінің себебі 
A) Майы зиян тигізеді.
B) Пайдасыз тағам.
C) Салмақты арттырады. 
D) Созылмалы шаршатады. 
E) Аяқ сіңірі тартылып қалады 
 
Мәтін№3 
Табиғат тамашасы 
1.Қыс мезгілінде шыны терезеге салынған аяз өрнектеріне қарап тәтті 
қиялға берілген сәттеріміз көп. Аяз салған суреттерге қарап жатып суретшінің 
туындысын тамашалап отырғандай күйге бөленуші едік. Табиғаттың 
шеберлігінде шек жоқ екен. Тек оны көре алатын көз болса болғаны. 
Италиялық жас фотосуретші Никколо Бонфандинидің жұмыстарының ішінен 
табиғаттың өзі қашаған таңғажайып мүсіндерді табуға болады. Никколо бала 
кезінен бері табиғаттың сұлулығына қатты ғашық болып келеді. Жастайынан 
саяхатқа шығып, дала кезуді қалады. Оның бұл арманы фотосуретшілік жолға 
алып келді. Ол бүгінде фотоаппаратын асынып алып, табиғатты жиі кезетін 
болды. Әдемі жерлерді арнайы іздеп барып, суретке түсіреді. Еңбегі де елеусіз 
қалып жатқан жоқ. Никколо Бонфандини бұл фотосуреттер топтамасын 
«Арктиканың күзетшілері» деп атады. Бұл жұмыстар Финляндияның 
Лапландия ауданында түсірілген. 
2.Ақ қалта – Аризона мен Юта штаттарының шекарасында орналасқан 
Вермиллион ұлттық ескерткішінің аумағындағы шөл далада оқшау орналасқан 
құмды жер. Аймақтың барлығы да жақпар-жақпар сұр қабаттармен 
көмкерілген, кейде бірнеше сантиметрге ғана жететін жұқа қабаттарды да 
кездестіруге болады. Аталған өңір бір қарағанда қант ұнтағы себілгендей болып 
көрінсе, қабаттары қисайған келесі бір жерінде алып мәрмәр бәлішке ұқсап 
кетеді. 
3.Ақ қалтадағы әдеттегіден тыс геология әлі күнге дейін толық 
түсіндірілмей келеді. Кейбір геологтар бұл құбылыс юра дәуірінде шөгудің 
деформациялануы нәтижесінде пайда болды деген қорытынды шығарды. 
4.Ал Ақ қалтаға ең көп зерттеу жүргізген мұнай геологы Марк Десховиц 
жер сілкінудің әсерінен құмның мөлшері төмендеп осындай пейзаж пайда 
болды дегенді айтып отыр. Жұқа тілімшелердің ғасырлар бойы сақталып келе 
жатқандығы таңқалдырмасқа қоймайды. Қызыл, қоңыр, ақ түстердің белгілі бір 
ретпен орналасуы да ақылға қонымсыз құбылыс болып көрінеді. Толқынды 
тастар 910 метр биіктікке дейін көтеріле алады. 
5.Осыдан бір жыл бұрын Ақ Қалтаны тек қана жергілікті тұрғындар 
білетін еді. Кейіннен National Geographic Вермиллиондағы ғаламат құбылыс 


51 
туралы деректерді айдай әлемге таратты. Бүгінде Ақ Қалта әрбір саяхатшының, 
әрбір табиғат сүйер қауымның тізімінен орын алды десек, артық айтқандық 
емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет