А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
7. Қарыс дегеніміз 
A) Бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасы
B) Алақан мен бас бармақ арасы
C) Ортаңғы саусақ пен кішкене саусақ арасы
D) Бас бармақ пен екінші саусақ арасы
E) Екінші саусақ пен кішкене саусақ арасы
8. Елінің түрлері
A) Кере елі, сүйем елі
B) Пышақ сырты, пышақ қабы
C) Қыл елі, кере елі
D) Сере елі, сүйем елі
E) Табан елі, шынашақ елі
9. Өлшем бірліктеріне байланысты туған тіркесті сөздер мен даналық 
ойлары кездеспейтін бөлімдер
A) 3 пен 6
B) 1 мен 7
C) 4 пен 5
D) 2 мен 7
E) 1 мен 5
10. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемді көрсетіңіз
A) Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың созылуы – қарыс.
B) Қазақ тілінде де ұзындықөлшем атаулары осы дене мүше атауларының 
негізінде дамып қалыптасқан. 
C) Халқымыз дене мүшелерін де ұзындық өлшемі ретінде қолдана білген.
D) Ұзындық өлшемін білдіретін қарыс атауын өлшемнің құрамдас бөлшегі 
ретінде тануымызға болады.
E) Бұл тек қазақ халқының тілінде ғана нақты көрініс тапқан. 


46 
11. Дене мүшелері атаулары негізінде қалыптасқан атау 
A) Биіктік
B) Дөңгелек 
C) Қысқа
D) Ыстық
E) Қызыл 
12. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Өлшем атауларының шығу тегі
B) Ұзындық атауларының шығуы
C) Елі атауының жасалу жолы 
D) Биіктік атауларының тарихы
E) Өлшем атауларының сөзжасамы
Мәтін №4 
1.Камзол
жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден төмен 
болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. Қазақстанның Оңтүстік 
және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек 
жең бешпентті де камзол деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай 
камзолдар жібек камзол, мақпал камзол, қазақы камзол, қынай бел камзол, 
тірсек камзол деп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты 
халық тілінде Камзолды қамзол, кәжекей, көкірекше, кеудеше, күрме, күрдек, 
қаркеспе деген атаулар қалыптасқан. Сонымен қатар, кей өңірлерде балалар 
мен ер адамдар киетін бешпент, кәжекей де деген. 
2.Камзол жалпы түркі халықтарына тән киім болғандықтан, оның тігілуі 
ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ, қырғыз, татар, башқұрт елдерінде өте 
ұқсас болды. Камзолды барқыт, пүліш, жібек, гүлді мақпалдан, атластан, шұға, 
мауыты т.б. маталардан безендiрiп тіккен. Жүн тартылып, аң терісінен 
астарланып тігілетін түрлері де болады. Көбінесе, оның тысы мен астары 
арасына «бидайы» аталатын шүберек салынады. Камзолдың ұзындығы 
әйелдердің жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді. Орта және егде 
жастағы әйелдер бір түсті шымқай, қызыл, көк, жасыл, қара түстiң бірін таңдап, 
киген. 
3.Жас қыздарға арналған камзолға көбінесе ашық түсті мата таңдап, 
жағасына, етегіне зер, кестелі немесе жапсырма өрнектер жүргізіп қысқа, 
шолақтау етіп киген. Қыздар камзол ының белі міндетті түрде қыналып тігіледі. 
Белдің қыналып тігілуі жастардың дене бітімін аша түседі, тал шыбықтай 
немесе құмырсқа бел теңеулері қыз камзолының осындай пішіміне қарай 
айтылған. Сән қуған жастар камзолмен бірге тақия, етіктің де түсін бірыңғай 
етіп киюге тырысқан. 
4.Камзолды әшекейлеудегі жергілікті ерекшелік туралы И.В. Захарова
Р.Д. Ходжаева оңтүстікте камзолдың жағасы, өңірі мен белдегі тігісіне 
моншақтап тізілген күміс теңгелер тағатынын, ал Жетісуда теңгені бір-екі қатар 


47 
етіп тақса, басқа өңірлерде камзолды жиегі мен белін шашақты таспамен 
сәндейтіндігін, Көкшетау өңірінде оның өн бойына көлдеңінен қатарластыра 2-
3 дана күміс теңге тағу кең таралғандығын атап өтеді. Батыс Қазақстан өңірінде 
камзолдың жағасы, өңірі, етегіне шымқай ақ түсті моншақтармен ою-өрнектер 
салынады. Сонымен қатар, камзолдың алдыңғы екі өңіріне кесте тігіліп, күміс 
қапсырмалар таққан. 
5.Камзол әйелдердің күні бойы үй шаруасымен айналысуына, жұмыс 
істеуіне, бойын жылы ұстауына өте қолайлы киім. Камзолдың алдыңғы өңірі 
бір-бірімен айқаспай беттесіп тұрады, оған ілгекті-ілмекті қапсырма қадалады, 
кей жерде ақ тана тақса, кейде әшекейлі күміс, не болмаса қарапайым металл 
түймелер тағылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет