79
D) Ақырғы тілек
E) Араздасу
Мәтін №2
Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалы сұр бұлттар
көшкен керуен сықылды, тіркесіп оңтүстікке карай жылжып ұшып, күннің көзі
біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырай нұрын шаша бастады. Әйткенмен
солдан соққан салқын жел өзінің өткірлігімен жұқа киімнен ызғарын өткізіп,
тоңдырып, сентябрь айының жеткендігін жолаушыға еріксіз ойлатарлық еді.
Біз екеу едік. Менің астымда жортақылау тапал торы ат; жүргіштеу. Ер-
тоқымым ескілеу, байлардың малға мінетін ер-тоқымы. Үстімде қонған үйімнен
сұрап киген шидем күпі. Қолтығымдағы жыртығынан жел өтіп мазамды
алыңқырап келеді. Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы жер ортасы
адам, сиректеу сақал,мұрты бар; кара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара
кезді, пішініне қарағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді.Астында қойшылар
мінген қаракер бесті, үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді. Жел
артымыздан еді, ауылдан он-он бес шақырым шықтық. Жаздай жайлап елдің
шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбылаға бет алып келе
жатырмыз. Жанды қарға жоқ.Бірен-саран шалшық сулардың басында ұйлығып
отырған топ-топ қаздарды көресің. Елдің жұртында жер ошақтың
араларындағы сүйек-саяқтарды, елдің сыртындағы ескі апандардың маңайына
тасталған бірен-саран әлімтікке он-он бесі жиналып қарақұс, қарға, өгіз
шағалалар той-тойлап жатыр... (Б.Майлин)
3. Мәтіндегі мезгіл суреті
A) Жаз
B) Қыс
C) Көктем
D) Күз
E) Жазғытұры
Достарыңызбен бөлісу: