80
B) Салыстыру
C) Зерттеу
D) Ақпарат
E) Диалог
Мәтін №3
Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар.
Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен,
күр-күр еткен Күршім бар. Алтай, Күршім – не заманнан калың найман мекені.
Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт
түлік
мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін
аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны.
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы,
түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған –
ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі – алты ай жазы тау еркесі – киік болып, өзге
елдерден
биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.
Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп,
отын жеген сары қарын,
тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау,
құт сорғалап,
көнек-көнек лықылдайды;
қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз,
быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл
қор
қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас
болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың
тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс,
алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны. Әлгі
Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлық айнадай боп, көзі
құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-
сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса –
есің кетіп, сұңқыл
қақса – шым-шым етіп,
бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.
(Ж.Аймауытов)
Достарыңызбен бөлісу: