А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем



Pdf көрінісі
бет61/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
3. Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем 
A) Тұмар патшайым келіссөз жүргізуді құптайды. 
B) Парсылармен қиян-кескі ұрыс жүргізеді.
C) Ақылдылығымен жау әскеріне жол көрсетеді.
D) Парсы билеушісі Кирден жеңіліс табады.
E) Шырақ шөл далада адасып қалады.
4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Тұмар патшайым
B) Ержүрек сақтар
C) Жеңілген Кир 
D) Жауынгер Шырақ
E) Тарихшылар жазбасы
5. Мәтіндегі Шыраққа тән қасиет
A) Бейжайлық
B) Енжарлық
C) Ұлтжандылық
D) Менмендік
E) Көрсеқызарлық
6. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын нақыл сөз 
A) Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек. 
B) Ешкімде іштей батыр болып тумайды. 
C) Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.
D) Ер жігіт не көрмейді, Ер көңіл не бермейді.
E) Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады 
№3 мәтін 
Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы (Большая 
Медведица). Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) 
тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң 
алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал 
шаруашылығымен 
шұғылданған 
ата-бабаларымыз 
Жетіқарақшының 


91 
қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты 
есебінде пайдалаған. Жетіқарақшы туралы этномәдени когнитивтік ақпарат 
төмендегі аңызда кеңінен баяндалады. 
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін 
ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы 
басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – 
алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың 
құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі 
жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа 
арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты 
айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып 
жүреді. Ұрылар қайтсе де осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетші 
алдындағысынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен 
Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады. Ертеңінде тағы солай болады. 
Ұрылар жетеу ғана емес. Қалың жау – қырық қарақшы алыста торуылдап 
жүр. Анау Босаға мен Жетіқарақшының арасынан көрінген ұсақ жұлдыздар 
Қырыққарақшы жұлдызы. Жетіқарақшы – олардың барлаушысы. Алдымен 
батырлардың мықты аттарын қолға түсіріп алып, Қырыққарақшы содан кейін 
елді шаппақшы деген халықтың дүниетанымында қатталған аңыздың көне 
нұсқасы мифологиялық наным-сенімнен бастау алса керек. 
Жетіқарақшы (Большая Медведица) ожау бейнесі бар жеті жұлдыздан 
(алдыңғы төртеу ожаудың басы, соңғы үш тізілген жұлдыздар ожаудың сабы) 
тұрғандықтан, әрі халық түсінігі бойынша елді күзететін қарақшы ретінде 
танылғаннан кейін «Жетіқарақшы» атанған болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет