А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Мәтін мазмұнына лайықты тақырып



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

7. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Балқарағайдың түрлері
B) Балқарағайдың майы
C) Балқарағайдың дәні
D) Балқарағайдың пайдасы
E) Балқарағайдың сипаты
8. Мәтіндегі: «Ал Қазақстанда балқарағай әзірге ауладағы орындықта 
отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр»,- деген 
сөйлемнің мәнісі 
A) Қазақстанда балқарағай майын өңдеуді құнттамайтыны
B) Қазақстанда балқарағай майына сұраныстың жоқтығы
C) Қазақстанда балқарағай майын өңдейтін өндірістің жоқтығы
D) Қазақстанда оны шағу арқылы денсаулыққа пайдаланатыны
E) Балқарағайдың Қазақстандағы молшылығы 
9. Балқарағай майы ем болатын аурулар атауы
A) Бауыр, бүйрек
B) Атеросклероз, жүрек
C) Омырау безі, тамақ
D) Асқазан, қан қысымы
E) Иммундық жүйе, құлақ 
10. Балқарағай майының құрамындағы пайдалы дәрумендер
A) Тмин, көмірсу
B) Йод, кальций
C) Кобальт, ақуыз
D) Тиамин, кальций
E) Флабиан, йод


33 
11. Иван Грозныйдың Швеция мен Англияға балқарағай жөнелтуінің 
себебі
A) Швецияда балқарағайдын май, дәрілер жасаған 
B) Швецияда омырау ауруларына қолданған
C) Балқарағай Швецияда өспеген
D) Англияда аурулар асқынып тұрған
E) Екі ел арасындағы шарттың орындалуы
12. Балқарағайды шағудың әдісін білетіндер
A) Ресейліктер
B) Швед дәрігерлері
C) Катондықтар
D) Орыс емшілері
E) Қытайлықтар 
Мәтін №4 
1. Қазақ бейнелеу өнері - көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және 
қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген 
көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың 
қолөнері болып табылады. 
2. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу 
және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым 
Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, 
графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан 
оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның 
қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі 
өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып 
жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс 
ұйғырларының киімі”, т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық 
саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары 
шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”). Қазақстанда бейнелеу өнерінің 
кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда 
Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді. 
3. 1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті 
құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік 
мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл 
өткен соң Алматыда Қазақ мемлекеттік көркем сурет галереясы ашылды. 
Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. 
Қазақ бейнелеу өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер 
шығармаларымен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін 
бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. 
Өздерінің 
шығармашылық 
жолын 
республика 
өмірімен 
тікелей 
байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер – А.А. Риттих, 


34 
Н.В. Соловьев, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, Л.П. Леонтьев, графиктер 
Г.А. Брылов, Б.А. Чекалин, Л.В. Гербановский, т.б. 30 жылдардағы қазақ 
бейнелеу өнеріне белсене атсалысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан 
суретшілерінің І съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын 
қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 
40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға 
жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қылқалам шеберлері өз 
өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, 
бүкіл халықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. 
Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, 
М.С. Лизогуб, т.б. табысты еңбек етті.
4. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда қазақ бейнелеу өнерінің барлық 
түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек 
халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы 
академик-суретші О.Н. Таңсықбаев қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын 
алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, 
жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын 
ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан 
жолдары”, “Көш”, т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ 
Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен 
ерекшеленеді. Қазақ бейнелеу өнерінде графика елеулі орын алады. 
5. 60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның 
өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. 
Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіпжетілді.
6. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев 
гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу 
Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар 
Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері 
мұражайына қойылды, шетел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан 
суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып 
қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, 
Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла 
бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның 
мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын 
айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына 
А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, 
С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің 
тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген 
Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 
– 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С.Айтбаев, 


35 
Ш.Сариев, 
Т.Тоғызбаев, 
Ә.Садыханов, 
О.Нұржұмаев, 
А.Ақанаев 
шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, 
символикаға құштарлық тән болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет