А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Тамырдың «Алтын тамыр» деп аталуының мәнісі



Pdf көрінісі
бет25/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

3. Тамырдың «Алтын тамыр» деп аталуының мәнісі
A) Өте бағалы өсімдік болғандықтан 
B) Бағасы алтынмен бірдей болғандықтан 
C) Медицинада 400 жылдық тарихы бар
D) Тамырының сырт жағы алтын түстес
E) Екінші қабығы лимон түстес болғандықтан 
4. Алтын тамырдың құрамындағы заттар
A) Глюкозид, кальций
B) Фосфор, крахмал
C) Крахмал, эфир майы
D) Трахома, кальций
E) Флавоноид, лимон
5. Біздің елімізде алтын тамырды тапқан уақыт
A) 20-ғасырдың ортасы
B) 21-ғасырдың басы
C) 19-ғасырдың басы


38 
D) 20- ғасырдың басы
E) 20-ғасырдың алпысыншы жылдары
6. Алтын тамырға ғана тән қасиет
A) Ішкі қабығынан кейін мұрынға хош иіс келеді
B) Тамырының сынған жері лимон түстес болады
C) Тамырының сыртқы жағы ақ түсті
D) Тамырының денеге қуат беретін күші бар
E) Сыртқы қабығын аршығаннан-ақ, мұрынға хош иіс келеді
 
Мәтін №3 
Тірі жан тіршілік етпестей көрінетін құзар шыңдар мен тау мұздықтарды 
мекен еткен бұл аңның тарихына қатысты аңыз-әфсаналар жетіп артылады. 
Ежелгі парсы елдері барысты аңшылық үшін қолға үйреткен деген де деректер 
бар. Түрік тілінен тәржімалағанда «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деген мағынаға 
саяды. Халқымыз жыртқыштың өмір сүру салтына қарап «тау барысы немесе 
қар барысы» деп атап кеткен. Мысық тұқымдастар санатына жататын жыртқыш 
аңның дене тұрқы 125-135, биіктігі – 60, құйрығы бір метрге дейін жетеді. 
Шұбатылған ұзын құйрығы тым сезімтал әрі аса сақ жануардың басқан ізін 
жасырып, қауіп-қатерден сақтайды.
Ілбісті тау қабыланынан даралап тұратын да осы ұзын құйрығы болса 
керек. Ірілерінің салмағы 30-40 келі тартады. Денесінде сақина тәрізді қара 
дақтары бар жүні қалың жыртқыштың түсі теңбіл-шұбар, көк сұр. Олардың 
азайып кетуінің басты себебі – қашаннан табиғат заңын бұзуға бейіл тұратын 
адамдар. Өткен күндер еншісіне көз жүгіртсек, қар барысы қауіпті жыртқыш 
саналғандықтан, жыл бойы оған аңшылық құруға рұқсат берілген кезеңдер де 
болған. Мәселен, XX ғасырдың басында жылына 1000 теріден артық емес 
көлемде аулауға рұқсат берілген. Кейбір деректерге сүйенсек, 1910 жылға 
қарай қол жеткен тері саны 750-ге жеткен. Ал жүзжылдықтың ортасында 
бұрынғы Кеңес одағы аумағында бұл сан бірнеше ондыққа дейін азайып, тіпті 
қолға түскен жануар үшін сыйақы беріліпті. Сол кезеңдерде аса бағалы аңның 
терісі бар-жоғы 3 рубьлге бағаланған деген де дерек бар. Мұндай аяусыз аулау 
әрекеттері табиғат тағысын адамнан аулақтатып, санын күрт кеміткен. Іс 
насырға шауып ілбістердің жоғалып кету қаупі туа бастағанда табиғатты қорғау 
халықаралық одағы жыртқышты Қызыл кітапқа енгізіп, оны аулауға түбегейлі 
тыйым салған. Алайда, осы саланың шетінде жүрген ғалымдар әлемде сирек 
кездесетін аңдарға қатысты браконьерлік әрекеттер әлі де тыйылмай тұрғанын 
айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет