3. Қазақ философиясының кезеңдері



бет1/7
Дата11.10.2024
өлшемі305 Kb.
#147688
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақ философиясы

  • Жоспар:
  • Көне қазақтардың философиясы (б.з.д.VІІ-б.з.Vғғ.);
  • Орта ғасырлық түркі кезеңі (VІ-ХІVғғ.);
  • Қазақ ақын-жырау философиясы (ХV-ХVІІІғ.ғ.);
  • “Зар заман”, ағартушылық философиясы (ХІХ – ХХғ. басы);
  • Қазіргі қазақ философиясы (ХХғ. 30 жылдарынан бері).

Қазақ философиясының ерекшелік сипаты:

  • Тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;
  • Философиялық ой ерекше формада – әдеби шығармада, өлең-жырларды, нақыл сөздер мен қара сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;
  • Батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке ойшылдардың дүниеуи көзқарастары құныдылыққа ие;
  • Адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптары басым.

Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады.

  • Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады.
  • Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзгге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген. Ұлт дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.

Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:

  • Заратуштра осында үш мың жыл бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбардың бірі.
  • Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен. Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық деген сөзі бар.
  • Анахарс ескерткішіне: “Тіліңе, құлқына, тәніне ие бол!” деп жазылған. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші не? –деген сұраққа ол: “Тіл” деп жауап берген.

Ортағасырлық түркі кезеңі философиясының ерекшеліктері:

  • Ортағасырлық түркі кезеңі философиясының ерекшеліктері:
  • Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм элементтері;
  • Жоғары құдай Тәңірі – көк идеясы;
  • Ислам дінінің өзге діндерді ығыстырып шығара бастауы;
  • Қазақилық түркі мәдениетінің қалыптасуы
  • Қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық –генетикалық және этникалық–лингвистикалық процестерінің дамуы;
  • Қазақ эпос–жырларындағы философиялық толғаулар;
  • Авторы мәлім поэзияның, шығармалардың ең ертедегі үлгілерінің пайда бола бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет