А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Никколланың арманы туралы айтылған бөлім



Pdf көрінісі
бет34/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

7. Никколланың арманы туралы айтылған бөлім 
A) 2
B) 1
C) 3
D) 4
E) 5
8. Никколаның жұмыстарының бірі 
A) Әдемі жерлердегі тастар
B) Ақ қалта 
C) Толқынды тастар
D) Аяз салған суреттер
E) Табиғат қашаған мүсіндер 
9. Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A) Никколла табиғатқа бала кезден ғашық.
B) Ақ қалтаны Никколла түсірген.
C) Аталған өңір қант ұнтағындай.
D) Толқынды тастар 910 метр биікке көтеріледі.
E) Ақ қалта табиғаттың ерекше жаратылысы.
10. Ақ қалтаға тән сипаттама
A) Ақ қалта аяз салған өрнектер.
B) Ақ қалта табиғат қашаған мүсіндер.
C) Ақ қалтамәрмәрдан соғылған.
D) Ақ қалта қолмен жасалған мүсін.
E) Ақ қалта құмды жер.
11.Мәтіндегі: «Табиғаттың шеберлігінде шек жоқ» деген сөйлемге тән 
жауаптың дұрысын көрсетіңіз 
A) Табиғаттың еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ.
B) Табиғат адамның араласуынсыз-ақ тамаша мүсіндерді сомдаған.
C) Табиғат шөл далада да қант ұнтағынан ерекше мүсіндер жасаған.
D) Адамды да табиғат шеберлікпен тамаша мүсіндеп сомдаған.
E) Табиғат айналаны жақпар тастармен көмкерген.
12. Ақ қалтаға ұзақ зерттеу жүргізілуінің себебі
A) Мүсін қызықты болғандықтан
B) Ақ қалта ақ түстен ғана тұрғандықтан
C) Ақ қалтаны жергілікті тұрғындар ғана білгендіктен
D) Ақ қалтаны табиғат сүер қауым тамашалайтындықтан
E) Сыры толық ашылмағандықтан
 
Мәтін №4 
1.Қазақ тарихында ел қорғаған атақты батырлармен бірге олардың ерекше 
қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. Әсіресе, осындай сәйгүліктердің 


52 
есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі 
кездеседі. Халқымыз атақты сәйгүліктердің, жүйрік бәйге аттарының, 
батырларға серік болған тұлпарлардың етін ешқашан да жемеген. Өз ажалынан 
өлген мұндай аттарды қадірлеп жерлеген. 
2.Атап айтар болсақ, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың 
Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы, Бөгенбайдың 
Қызыл аты, Ақанның Құлагері, Тілеулі батырдың Кез құлағы, Бармақ батырдың 
Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі 
мергеннің Кераты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұбары, Ерқосайдың 
Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы т.б. Бұл тізімді әрмен қарай жалғастыра 
беруге де болар еді. Алайда, біздің мақсатымыз қазақ ұмытпайтын 
сәйгүліктерді атап өту емес, оларға жеке тоқталып, бүгінгі жастарымызға 
таныстырып өту...
3.Ертеде қазақ-қалмақ елдері бас қосып үлкен ас беріпті. Жетпіс 
шақырымнан асатын аламан бәйгеге үш жүзден аса ат қатысқан. Қалмақтар 
бәйгеден озып келе жатқан Әймәмбет бидің қара атын жолда ұстап алып, қақпа 
тасқа қамап қойыпты. Қара ат құйындатып шауып бара жатқан аттардың 
дүбірін естіп, тастан тіке секіргенде үстіндегі шабандоз бала түсіп қалған. Ал 
өзі алдына шығып кеткен аттарды басып озып бірінші келген көрінеді. Содан 
бері бұл жер «Қара ат қамаған» деп аталып кеткен. Алтай өлкесі Қосағаш 
ауданындағы «Қара ат қамаған» жартасының жанынан өткен халық «Шіркін-
ай!» Жануардың естісін-ай, бәйгеден қалам деп істеген айласын қарашы!» деп 
таң қалысады екен. 
4.Көкдөнен - қазақтың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген ұлт-
азаттық соғысының батыры Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) 
тұлпары. Бірде бала Жәнібек нағашыларының ауылына барады. Көп жылқының 
арасынан Көкдөненге көзі түсіп, сол сәйгүлікті сұрайды. «Барлық жылқыны ал, 
бірақ Көкдөненді бере алмаймыз» депті туыстары. Жәнібек айтқанынан 
қайтпай тұрып алады. Жиендері өкпелеп кететін болған соң нағашылары еріксіз 
атты берген екен. Көптеген шайқаста Жәнібек осы тұлпармен ерліктер жасаған. 
5.1750 жылы сексен күндік Шорға соғысында қазақ-қалмақтан он 
мыңдаған жауынгер қатысқан жан алысқан ұрыс болады. Абылай ханның аты 
оққа ұшып, жаяу қалады. Сол мезетте жан-жанындағы жауды қоғаша жапырған 
Жәнібек Абылай ханның жанына шауып келіп, Көкдөненді кесе көлденең 
тартқан екен. Абылай хан атқа мініп жатып:
– Өзің жау қолында жаяу қалдың ғой, - дейді. Сонда Жәнібек: – Мен 
өлсем, қазақтың екі әйелінің бірі батыр табар, сіз өлсеңіз қалың қазақ хансыз 
қалар - деген екен. Осы ұрыстан кейін ел Жәнібектің арғымағын «Абылайдың 
өзін құтқарған Көкдөнен» деп қадірлеген. Сол заманнан хабар беретін 
«Жәнібектің Көкдөнені» атты күй бар. Айта кетейік, қолбасшының аты өліп, 


53 
оны жауынгердің бірінің атына мінгізіп, соғыстан аман алып қалуды «ат сүйек 
беру» деп атайды. Бұл – ежелден келе жатқан әскери ғұрып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет