А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


«Монарх» көбелегін шыдамды санауының себебі



Pdf көрінісі
бет37/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

3.«Монарх» көбелегін шыдамды санауының себебі 
A) Тез ұша алатындығынан 
B) Аралардан кейінгі екінші тозаңдандырғыш болғандықтан 
C) Ол түнде ғана тез ұша алатындықтан 
D) Ешуақытта ұйықтамайтындықтан 
E) Ұзақ шақырымдарды ұшып өте алатындықтан 
4. Көбелектің ғажап түстері неден түзілгенін анықтаңыз 
A) Күн сәулесінен 
B) Түнгі табиғаттан 
C) Көз линзаларынан 
D)Табиғатынан солай 
E) Түнгі сәулелерден 
5. Көбелектер өмірінің кезеңдеріне жатпайтын қатар 
A) Шынжыртабан 
B) Қуыршақ
C) Имаго
D) Жұмыртқа
E) Линза
6. Көбелектердің күрделі мүшесі
A) Көзі
B) Қанаты
C) Мұртшасы
D) Майлы линзасы
E) Қуыршақ мүсіні 


56 
Мәтін №3 
1.Катонқарағай ұлттық саябағы – Қазақстандағы ең үлкен ұлттық саябақ 
және еліміздегі ең тартымды туристік аймақтардың бірі. Ол жақта туристерді 
қызықтыратын бірнеше объект бар. 
2.Катонқарағай ұлттық саябағы 2001 жылы Шығыс Қазақстан 
облысындағы, Катонқарағай ауданында ұйымдастырылды. Жалпы ауданы 643 
мың гектарды алып жатыр. Оның 215 мың гектарында орман орналасқан. 
3.Мұнда 80 метр биіктіктен құлайтын Көккөл сарқырамасы, Арасан, Қара 
Берел, Рахман көлдерінің сарқырама тармақтары, Рахман қайнар бұлағы
Язевое көлі, Мұзтау, Берел қорымы бар. 
4.Рахман көлін тұрғындары “өлі көл” деп атайды. Онда балық та, одан 
өзге тірі жәндіктер де жоқ, бірақ суы мөп-мөлдір. Суы өте суық, жаздың 
күндері – 10-12 градусқа дейін ғана жылиды.Сонымен бірге Ұлы Жібек 
жолының солтүстік тармағы осы маңнан өткен. Ұлттық саябақ аумағында жаяу, 
паром, автомобиль, ат, автобус туризмі жақсы дамыған. 
5.Катон-Қарағай ұлттық саябағының аумағы Алтай-Саян экоауданының 
қазақстандық бөлігіне кіреді. Онда флора мен фаунаның алуан түрлері 
шоғырланған, ішінде 30 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 
6.Ал аталған туристік аймаққа жеке көлікпен шығатын болсаңыз діттеген 
жеріңізге дейін 1 368 шақырым екенін есіңізге саламыз. Сағатына 70-80 
шақырым жылдамдықпен жүрсеңіз, арасында тамақтануға тоқтайтын 
уақытыңызды қосқанда орташа есеппен 19,5 сағатта жетуге болады. Бұл жолға 
жеке көлігіңізбен шығуға аясаңыз, көлік жалдап алуға болады. Ол үшін сізге 
көлік жолдарының картасы қажет. 
7.2017 жылы 14 маусымда Парижде "Үлкен Алтай" трансшекаралық 
биосфералық резерваты номинациясы мақұлданды. 2017 жылы қазақстан-ресей 
трансшекаралық биосфералық резерваты ретінде ЮНЕСКО Дүниежүзілік 
биосфералық резерваттар желісіне қосылды. 
8.Ұлттық парктің ұйымдастырушылық құрылымы келесідей: 
Әкімшілік-басқару персоналы, алты бөлім және бес филиал. Парк аумағы 10 
орманшылық, 30 шеберлік учаске, 248 инспекторлық айналымға бөлінген. 
Қорғау қызметінің штаты – 335 мемлекеттік инспекторды құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет