55
см болатын «Attacus aitas» түнгі көбелегін
жиі құстармен шатастыратын
көрінеді. Ең шыдамды көбелек – «Монарх». Ол
мыңдаған шақырымдарды
тоқтаусыз ұшып өтеді. «Монархтың» жылдамдығы сағатына 12
шақырымды
болады екен. Тіпті сағатына 31 шақырым ұшып өтетін түрлері де
кездесетін
көрінеді. Көздің жауын алатын әсем жәндіктердің бір құпиясы – олар күннің
сәулесі болмаса ұша алмайды.
Бір қызығы, көбелектің қанаты түссіз
мөлдір
болады екен.
Күн сәулесі мен сан – алуан гүлдер тозаңынан түзілген ғажап түстер,
қаттылау нәрсеге тисе немесе қажалса түсіп қалады.
Көбелектердің қысқа
ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек)
атты төрт кезеңнен тұрады. Жұмыртқасы әртүрлі формада болады: шар тәрізді,
дөңгелек, цилиндрлі және көпбұрышты бола береді. Ол көбелек түріне
байналысты болады. Көбелектер өз жұмыртқаларын
бір жерге көп жылдар
бойы сала береді. Бұл жәндіктер ешуақытта ұйықтамайды. Азия және Оңтүстік
Америкада бұл ғажап жәндіктерді деликатес ретінде де пайдаланады. Осынау
құпиясы мол жәндіктің ең күрделі мүшесі – көзі, ол 6 мың майда бөлшектерден
тұратын линза секілді. Көбелектер тек Антарктидада ғана болмайды екен. Олар
өте ежелгі дәуірде пайда болған жәндік. Осыдан 3,5 мың жыл бұрынғы Египет
аңыздарында көбелектер жайлы айтылыпты.
Достарыңызбен бөлісу: