Аэрофототїсіріс негіздері



бет6/6
Дата13.04.2023
өлшемі125 Kb.
#82026
1   2   3   4   5   6
Қорытынды

Қорыта айтқанда фотосуретте геологиялық және топырақ, яғни жердің негізгі жағдайлары суреттін өзгешелігімен және де кескін өңінің қоюлығымен, ал стереомодельде жер бедерімен және микро жер бедерінің сипатымен көрсетілген, ал олар жергілікті жердегі тау жыныстарының белгілі литологиялық құрамы мен жату орындары жағдайына сәйкес болады. Аэрофотосурет жұмыстары геологиялық және жер қатпарлануының кеңістіктегі орналасу шектерін, олардың шамасын және жергілікті жердегі орнын анықтайды, ал келешекте олардың орнын жобаланып отырған құрылыс трассасы нүктелеріне байланысты табады.


Стереомодельде жер бедері арқылы құрамы және құрылымы әр түрлі тау жыныстарының және жерлердің шектерін, олардың пайда болуын, карстық құбылысты, шөгіндіні, көшкіндерді және т. с. с. табады. Жеке қабаттардың микро жер бедерінің сипаты арқылы және қабат жыныстардың түсін бейнелейтін кескіндердің өңі арқылы дешифрлеу процесінде жергілікті жердің стратиграфиялық қимасын салады. Жер бедерінің суретте көрсетілген өзгешелігі арқылы тағы да бұзылған жер сызығын, ығысуды, жылжуды және жеке қатпарланудың жер бетіне шығуын анықтаудын мүмкіндігі туады. Ал олар арқылы пластардың жату сипатын, олардың қатпарлығын табуға болады.
Фотосуреттердегі жер бедерінің пішіні арқылы пластардық; литологиялық айырым шектерін белуге, және олардың созылуын бақылауға мүмкіндік туады. Аэросуреттерде сай жүйелері, шұңқырлар және кішкене өзендер түрінде эрозиялық бөлшектенулер арқылы тау жыныстары және геологиялық құрылымдар ерекше айқын көрінеді.
Дешифрлеу кезінде жыныстардың әр түрлі құрамын анықтау жыныстар мен жердің геофизикалық қасиеттерімен, олардың қаттылығымен және эрозиямен желге мүжілу процесінде сипаты жағынан іріктелуді қоздыратын су сіңірушілікпен тығыз байланысты. Осылар мезо және микро жер бедерінің белгілі пішіндерінің пайда болуына әсерін тигізеді. Ең қатты ұсақ түйіршіктер және үлкен тығыз жыныстар қиратылуға және желге мүжілуге аз ұшырайды, ал керісінше қаттылығы төмен біркелкі емес ірі түйіршікті және кеуекті жыныстар біршама қиратылуға ұшырайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет