Дәріс №1 Топырақ туралы түсінік Негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#5948
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс №1 Топырақ туралы түсінік 

Негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны: 

1.

 



Топырақтану және топырақ географиясы ғылымдары.  

2.

 

Курстың  мақсаты  мен  міндеттері,  негізгі  бағыттары  және  басқа 

ғылымдармен байланысы. 

3.

 



Топырақ зерттеулерінің тарихы.  

4.

 



Қазақстандағы топырақтанудың дамуы.  

5.

 



Топырақ - биосфераның экологиялық қуысы.   

1.

 

Топырақтану және топырақ географиясы ғылымдары.  

Топырақтану  –  фундаменталды  теориялық  ғылыми  пәндердің  бірі,  ол 

студенттерге  топырақ  –  барлық  биосфераның  негізгі  экологиялық  қоймасы, 

оның табиғаты, қасиеттері  және  қоршаған ортамен байланысы туралы  білім 

береді.  Топырақ  негізгі  биокостық  табиғи  деңе.  Ол  геологиялық  және 

биологиялық  деңелермен  тығыз  байланыста.  Топырақтану  –  топырақтардың 

пайда  болуы,  құрамы,  қасиеттері  және  функциялары,  оларды  қорғау  және 

тиімді пайдалану жолдары туралы ғылым. Топырақ ландшафтың өнімі және 

элементі  ретінде  жер  шарының  табиғаты  дамуында  маңызды  орта  болып 

табылады.  Зат  пен  энергия  арасында  боисферамен  және  оның 

компоненттермен  тұрақты  алмасу  жағдайында  болып,  топырақ  жамылғысы 

планетада тіршілік дамуына қажетті барлық сфералар арасында қалыптасқан 

тепе-теңдіктің  орыны  басылмас  жағдайы.  Құнарлық  қасиетіне  байланысты 

топырақ  өндірістің  негізігі  тәсілі.  Сондықтан  оны  зерттеу  географ  - 

мамандары үшін өте маңызды. 



Топырақтар  географиясы  топырақтанудың  негізгі  бағыттарының  бірі 

және  ол  топырақтанудың  басқа  бағыттарымен  байланысты  болады. 

Топырақтанудың негізгі бағыттары: 

-

 



топырақтардың қалыптасуы мен дамуы (топырақтар генезисы) туралы ілім

-

 



топырақ  жамылғысының  тұйық  кеңестік  пайда  болуы  және  оның  қоршаған 

ортамен байланысы туралы ілім (топырақтар географиясы және экологиясы); 

-

 

топырақ пен топырақ жамылғысының құнарлығы және оны агротехникалық 



және мелиоративті әдістермен реттеу принциптері туралы ілім; 

Топырақтанудың фундаменталдық бағыттары: 

-

 

топырақ массасының қасиеттері бойынша (топрықтар физикасы, топырақтар 



химиясы, топырақтар биологиясы және т.б.);      

Топырақтанудың қолданбалы бағыттары: 

 

-  топырақтың  және  топырақ  жамылғысының  пайдалану  формалары 



бойынша (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік); 

Топырақтар  географиясының  білімдері  және  басқа  топырақтану 

салаларының  материалдары  топырақтарды  картаға  түсіру  үшін,  олардың 

құнарлығын  сипаттау  және  кешеңдік  бағалау,  мемлекеттің  біріңғай  жер 

кадастрін  құрастыру  және  математикалық  банктерді  жинақтау  үшін  негізгі 

бөлім болады. 

ТОПЫРАҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫМЕН байланысты ғылымдар: геология, 

топырақтану,  топырақтар  экологиясы,  геоморфология,  биогеография, 

гидрология,  метеорология  климатология  негіздерімен,  құрлықтар  мен 


мұхиттардың 

физикалық 

географиясы, 

Қазақстанның 

физикалық 

географиясы, ТМД физикалық география. 



3.Топырақ зерттеулерінің тарихы: 

-  антикалық  кезеңі(егіншілермен  жинақталғантопырақ  туралы  білімдердің 

алғашқы  қорытындысы).  Мысалы:  көне  грек  философтарының  Аристотель 

және Теофраст шығармаларында топырақтардың өте жақсы, жақсы, құнарлы, 

қолайлы, кедей, құнарсыз болып бөлінуін кездестіреміз. 

-  XVIII  ғ.  аяғында  -  XIX    ғ.  бірінші  жартысында  Батыс  Европада  топырақ 

туралы  2  көрініс  пайда  болды:  агрогеологиялық  және  агримәденихимиялық 

(Агрогеологиялық бағытты жақтаушылар Фаллу, Берендт, Рихтгофен және б. 

топырақты  үгілу  әсерінен  тығыз  тау  жыңыстарынан  пайда  болатын  бос  тау 

жыңысы  ретінде  қарастырады.  Өсімдіктер  қорек  элементтерін,  үглу 

барысында 

босайтын, 

тартып 


алуда 

пассивтік 

роль 

атқарады. 



Агримәденихимиялық  бағыты  Таер,  Либих  және  т.б.  еңбектерімен 

байланысты. Осы бағыттың өкілдері топырақты  – қорек элементтерінің көзі 

ретінде қарастырды. Таер гумус теориясының авторы: өсімдіктер топырақтан 

органикалық  затпен  қоректенеді.  Либих  бойынша:  топырақ  –  табиғи  деңе, 

одан өсімдіктер минералдық қорек заттарын сіңіреді.). 

1725 ж. Ресейде Ғылымдар Академиясы ашылды және орыс ғалымдарымен 



топырақтардың  алғашқы  зерттеулері  басталды.  М.В.  Ломоносов 

бойынша:  топырақтың  дамуы  уақыт  бойында  өсімдіктер  мен  тау 

жыңыстарының  өзара  әрекеттесуі  нәтижесінде  жүреді.  Ғылымдар 

Академиясымен  мемлекеттің  табиғи  жағдайларын  зерттеу  мақсатымен 

экспедициялар  ұйымдастырылды,  олар  Ресей  кең  территориясының  жер 

байлықтары және ауыл шаруашылығы туралы алғашқы материалдарды берді. 

ғылыми генетикалық топырақтану немесе Докучаев кезеңі

А)  XIX    ғ.  екінші  жартысында    -  жаратылыс  тарихи  немесе  генетикалық 

топырақтануды  құрастырушы  В.В.  Докучаев.  В.В.  Докучаев  топырақтың  - 

өздік табиғи деңе, оның қалыптасуы 5 табиғи топырақ түзуші факторлардың 

(климат,  жер  бедері,  өсімдік  және  жануарлар  әлемә,  топырақ  түзуші 

жыңыстар, мемлекеттің жасы) өзара әрекетесуінің күрделі процессі. Топырақ 

уақыт  бойында  және  кеңістікте  үзіліссіз  өзгеруде  («Русский  чернозем», 

1883).  В.В.  Докучаевтың  ұсынысы  бойынша,  табиғаттың  бөлек  факторлары 

мен құбылыстарын ғана емес, олардың арасындағы заңдылық байланыстарды 

зерттеу қажет («К учению о зонах природы», 1899). В.В. Докучаев Солтүстік 

жарты шарының топырақтарының жіктелуі схемасын өндеді және 5 әлемдік 

географиялық зоналарды (бореалдық, тайгалық, қара топырақтар, аэральдық, 

латериттік)  бөлді,  әр  біреуі  анықталған  топырақтар  дамуымен,  үгілу 

процесстерімен,  грунтпен,  климат  жағдайларымен,  өсімдік,  фауна 

сипатымен,  жер  бедерімен  көрсетіледі.  В.В.  Докучаев  топырақтың  зерттеу 

әдістерін өндеді, топырақтанудын негізін құрады, топырақ түзілудін көптеген 

заңдылықтарын  дәлелдеді  және  топырақтар  қарқынды  құнарлығын 

жоғарлату  практикалық  шараларын  ұсынды.  В.В.  Докучаев  көп  еңбектердің 

авторы (225 баспа еңбегін қалтырды), олардың арасында негізгілер: «Русский 

чернозем» (1883), «К учению о зонах природы» (1899), «Материалы к оценке 



земель  Нижегородской  губернии»(1884-1886),  «Материалы  к  оценке  земель 

Полтавской  губернии»(1889-1894),  «Наши  степи  прежде  и  теперь»  (1892) 

және т.б. 

В)XIX    ғ.  аяғы  -  В.В.  Докучаевтың  шәкірттерінің  арасында  Н.М.  Сибирцев 

ерекше  бөлінеді,  ол  топырақтанудың  бірінші  оқулығының  авторы,  В.В. 

Докучаевтың  топырақ  туралы  ілімінің  негізін  дамытушы  және  жүйеге 

келтіруші,  топырақ  анықтамасын  дәлелдеді,  бірінші  жоспарға  климат  және 

жер  бедерінің  түрлі  жағдайында  өсімдік  пен  тау  жыңыстарының    өзара 

әрекеттесуін  көрсетті,  топырақ  түзуші  факторларын  биотикалық  және 

абиотикалық  топтарына  бөлді.  Ол  топырақтар  жіктелуіне  маңызды 

ескертулерді  еңгізді,  топырақтардың  зональдылық,  интразональдылық  және 

азональдылық  бөлуін  дәлелдеді,  «топырақ  жыңысы»  түсінігін  ұсынды  және 

В.В.  Докучаевтың  құрғақшылықпен  күресу  жұмыстарын  жалғастырды.  В.В. 

Докучаевтың  мектебінің  дамуының  жалғастырушылардың  арасында  П.А. 

Костычевпен 

топырақтар 

зерттеуі 

өткізілді. 

Ол 

агрономиялық 



топырақтанудын  негізін  қалаушы,  топырақ  пайда  болуын  өсімдік 

тіршілігімен  байланыстырды  және  топырақты  «өсімдік  тамырларының 

негізгі  массасы  жететін  жердің  беткі  қабатының  тереңдігімен  анықтады». 

П.А.  Костычев  топырақ  құнарлығында  суға  тұрақтылық  құрылыстың  және 

топырақ пайда болуында гумустың ролін көрсетті. Ол агротехника жолдарын 

топырақ қасиеттерімен және климат жағдайларының ерекшеліктерімен тығыз 

байланыстырды. 

XX  ғ. басы – орыс топырақтану дамуындағы жаңа кезеңі: кең масштабта 

докучаев  әдістерінің  қолдануымен  топырақтардың  зерттеулері  өткізіледі 

(Л.И. Прасолов, К.Д. Глинка, С.С. Неуструев, Б.Б. Полынов, Н.А. Димо, П.С. 

Коссович  және  т.б.).  Зерттеулердің  ерекшелігі:  топырақ  генезисы 

тұжырымдамасына,  топырақтардың  жіктелуі  мен  номенклатурасына 

аймақтық  қарастар.  К.Д.  Глинкамен  тау  жыңыстарының  үгілуі, 

топырақтардың  генезисы,  географиясы  және  жіктелуі  бойынша  бір  қатар 

қайталмас  жұмыстар  жасалған,  топырақтану  бойынша  фундаменталдық 

оқулығы  (1908)  жазылды,  В.В.  Докучаев  атындағы  Топырақтану 

институтының 

ұйымдастырушыларының 

бірі. 

П.С. 

Коссович 

– 

топырақтардың  физикалық,  химиялық,  агрохимиялық  қасиеттерінің 



зерттеудің  негізін  салушы.  өзінің  еңбектерінде  «Основы  учения  о  почве» 

(1911),  «Курс  почвоведения»  (1903),  «Почвообразовательные  процессы  как 

основа  генетической  почвенной  классификации»  (1910)  топырақтар  туралы 

мәліметтерді  жүйеледі  және  топырақ  түзілу,  топырақтардың  жіктелуі  мен 

эволюциясы туралы сурақтар қарастырылды. 

- советтік кезеңі: Ұлы Октябрьдық социалистік революциясыжаңа кезеңнің 

басталуын  анықтады.  Жинақталаған  материалдардың  және  зерттеулердің 

жетекшілігін  ССРБ  ҒА  құрылған  В.В.  Докучаев  атындағы  Топырақтану 

институты  басқарды.  Кезеңнің  жетістіктері:  жаратылыстық  ғылымдар 

арасында 

топырақтанудын 

маңызын 

көрсетіп 

ССРБ 

ғылымдар 



Академиясында арнайы кафедра ашылды және 1927 ж. К.Д. Глинка алғашқы 

академик-топырақтанушы болып таяғандалды. 1927-1930 жж. арасында Орта 



Азияда,  Қазақстанда,  Кавказда,  Украинада  және  Белоруссияда  топырақ 

зерттеулері  кең  жүргізіле  басталды.  К.Д.  Глинка  басқаруымен  топырақ 

карталары  құрастырылды  және  топырақтардың  физикасы,  химиясы, 

биологиясы,  генезисы  туралы  ілімі,  географиясы  мен  каторграфиясы 

дамыды.  К.К.  Гедройц  топырақтың  сіңіру  қабілеттілігі  туралы  ілімді 

құрастырды. Советтік кезеңнің негізгі жетістіктері: 

 

топырақ-биоклиматтық  белдеулер  және  әлемдік  облыстары  туралы, 



топырақ  зоналары,  фациялары  және  провинциялары  туралы  биоклиматтық 

негізінде жалпы топырақ-географиялық ілімнің өнделуі, ол әлемдік топырақ 

ресурстарының  есеп  базасы  болады  (Л.И.  Прасолов,  И.П.  Герасимов  және 

т.б.); 


 

В.И.  Вернадскийдің  биогеохимиялық  ойларының  негізінде  үгілу 



қыртысы  және  ландшафтар  геохимиясы  туралы  жалпы  ілімнің  өнделуі, 

топырақ жамылғысының эволюциясын зерттеуде және пайдалы қазбалардың 

территориясын  мелиоративтік  бағасын  берумен  іздестіруде  өте  маңызды 

(Б.Б. Полынов, В.А. Ковда және т.б.); 

 

Өсімдіктерді  қоректендіру  және  тыңайтқыштарды  қолдануда  ірі 



теориялық  жетістіктер,  агрохимия  мектебінің  болашақ  дамуына  маңызды 

(Д.Н. Прянишников); 

 

Топырақтың  органикалық  заттарының  зертеулерін,  агрофизикалық 



және  мелиоративтік  зерттеулерін,  топырақтың  физика-химиялық  және 

химиялық қасиеттерінің зерттеулерін өткізуінде генетикалық және топырақ-

агрономиялық  зерттеулердің  дамуы  (И.В.  Тюрин,  И.С.  Кауричев,  Н.А. 

Качинский, А.Н. Соколовский және т.б.); 

 

Топырақтардың  біріңғай  жіктелуі  мен  диагностикасын,  топырақтарды 



картаға  түсіруін,  топырақ  құрылысының  зертеулерін,  бонитировка 

принциптері  мен  әдістерін,  экономикалық  бағалауын  жетілдіру  (И.П. 

Герасимов, Н.Н. Розов, В.М. Фридланд және т.б.); 

 



Ресей мен бірлестік республикаларының топырақиарының зерттеулерін 

дамыту және монографиялық қорытындылардың шығуы; 

 

Субтропикалық  және  тропикалық  белдеулердегі  топырақтардың 



зерттеуіне 

советтік 

топырақтанушылардың 

кең 


қатысуы 

және 


монографияларды шығару (М.А. Глазовская және т.б.); 

 



Топырақтардың орыс атаулары халықаралық қолдануын алды. 

4. Қазақстандағы топырақтанудың дамуы.  

Алғаш  рет  Казакстан  топырактары  туралы  араб  окымыстылары  Ибн-

Хардадбах,  Ибн-Хаукаль,  Ибн-Русте  және  баскалардың  еңбектерінде  X 

ғасырда  айтыла  бастады.  Олар  сор  топырактар  және  саздар  Сырдарья 

езенінің  (Отырар  маңайында)  аңғарында  кездесетінінкөpceттi.  Петр  I  және 

Екатерина  II  заманындағы  экспедицияға  катысушылардан,  П.И.  Рычковтан 

(1762), П.С. Палластан (1770), И.П. Фалькіден (1770-1771) және басқалардан 

өте кеңейтілген және нақты ғылыми мәліметтер түскен.И.И. Лепехин (1795), 

С.Г.  Гмелин  (1806),  Э.А.  Эверсман  (1840),  Ш.Уәлиханов  (1855),  П.П. 

Семенов-Тяньшанский (1855-1857), К.М. Беер (1856), Ф. Рупрехт (1866), Г.И. 



Танфильев  (1902)  және  басқалар,  топырақ-өсімдік  жамылғысының  зона 

бойынша  таралатынын  атап  көpceттi,  топырактардьң  кейбір  ерекшеліктерін 

сипаттады,  жекеленген  өлкелерді  аудандастыруға  әрекет  жасады,  мысалы 

Каспий ойпатының маңы (Борщов, 1865). 

Ш.Ш. Уәлиханов Балқаш маңайындағы сор топырактарға, сортаң сусыз 

Семей  өлкесінің  даласына,  Тянь-Шань  тауы  бөктерінің  жер  өндеу 

ерекшеліктеріне,  ол  жердегіқазақ  дихандарыныңөз  егін  алқаптарына  "суды 

ағыны жылдам өзендерден, арықтар арқылы шығаратынына, тары мен бидай" 

егетініне көңіл бөлген. 

1861  ж.  Э.А.  Эверсман  Орал  қазақ  жасақтары  территориясының 

(БатысҚазақстан)  алғашкы  сызбалық  топырақ  картасын  жасады,  онда 

қаратопырақ,  сортаңдар,  жайылма  топырақтары  және  т.б.  керсетілген.  Ф.Ю. 

Левинсон-Лессинг  (1890)  "Қыргыз  даласының  топырақтары  жайлы 

ескертпелерінде"  Ақтөбе  облысының  солтүстік  бөлігінің  топырақтарына 

қысқаша  сипаттама  берді.  Кейінрек  А.Я.  Гордягин  (1894-1899)  Батыс 

Сібірдің  оңтүстігіндегі  (Петропавлдан  Көкшетауға  дейін)  топырақ-

ботаникалық  зерттеулер  нәтижесінде  қаратопырақтын  орманды  және  дала 

зоналарын,  зона  тармақтарын,  оларға  тән  кебірлер  және  сұр  орман 

топырақтарын  бөліп  көрсетті.  1902  ж.  Г.И.  Танфильев  Epтic  етегіндегі 

жазықты  аралап  қаратопырақты,  күрең  топырақты,  сортаң  және  сорды 

сипаттады. 

XX  ғасырдың  басында  Ci6ip  және  Ташкент  темір  жолы  салынғаннан 

кейін,  Қазақстанның  табиғи  ресурстарына  қызығушылықұлғайып,  кең 

алқаптарда жан-жақты топырақтық және биологиялық зерттеулер жүргізілді. 

Бұған  себеп,  Ресейдің  негізгі  жер  өңдейтін  аудандарында  құрғакшылыктың 

жиілеуі  мен  өнімнің  болмауы,  соның  салдарынан  бірнеше  рет  1901,  1905 

және  1911  жылдары  қайталанған  аштық  болды.  Жұтқа  ұшыраған  орыс 

шаруаларын  Қазақстанның,  Орталық  Азияның,  Сібірдің  және  Қиыр 

Шығыстың 

тыңқұнарлы 

жерлерінеқоныстандыруға 

және 


ондағы 

топырақтарды  зерттеуге  мүмкіндіктуды.  1906-1910  жж.  Ресейдің  орталық 

аудандарынан бұл аймақтарға2,5 млн. шаруалар қоныстандырылды. 

Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысын жүйелі зерттеу 1907-

1916 жж. К.Д. Глинканың басшылығымен қолга алынды. Топырақ зерттеуге 

Ресейдің  белгілі  топырақтанушылары  С.С.  Неструев,  А.И.  Бессонов,  Р.И. 

Аболин,  МИ.  Рожанец,  Г.М.  Тумин,  В.И.  Искюль,  Ф.И.  Левченко,  Б.А. 

Скалов,  А.И.  Хаинский,  А.  Райкин,  Н.Д.  Емельянов  және  т.б. 

жұмылдырылды. 

Топырақ 


зерттеулеріҚазақстанның 

барлық 


облыстарыныңүлкен 

территорияларын  қамтыды  және  маңызды  ғылыми  нәтижелер  алынды. 

Экспедиция  жұмыстарының  нәтижелері  бойынша  алғаш  рет  топырақ 

жамылғысының 

географиялық 

таралуының 

жалпы 

заңдылықтары 



айқындалды 

және 


топырақ 

зоналарының 

шекаралары 

белгіленіп, 

топырақтардыңнeriзriтиптері 

мен 


түрлерінің 

морфологиялық 

және 

химиялыққасиеттері  зерттелді,  әлемдік  танымға  ие  болған  топырактардың 



жаңа  типтері:  сұр,  сұр-коңыр  топырақтар  бөлінді.  Зерттеулер  бойынша 

топырақ зоналары және биіктік белдеулерініңқұрылымы анықталды, топырақ 

классификациясының 

сызбасы 

белгіленді. 

Қазақстанның 

жазық 


территорияларында солтүстіктен оңтүстікке дәйекті ауысатын келесі топырақ 

зоналары: қаратопырақ, күрең, құба және сұрқұба зоналар айқындалған еді. 

1909-1915  жж.  К.Д.  Глинка  басшылығымен  Л.И.  Прасолов,  А.И. 

Бессонов, Александровский, С.С. Неуструев Қазақстанның тау жүйелерініңщ 

негізгі биіктік топырақтық белдеулерін және топырақ типтерін анықтады. 

1918-1928  жж.  И.В.  Ларин,  Н.А.  Димо,  Р.И.  Аболин,  И.П.  Герасимов, 

Е.Н.  Иванова,  Е.В.  Лобова,  ТФ.  Якубов,  В.А.  Дубянский  және  басқалар 

Қазақстанның  топырақтарын,  өсімдіктерін  және  топырақтық-ботаникалық 

аудандарының табиғи-тарихи жағдайларын нақты сипаттады. 

XX 


г. 

20-жылдарынан 

бастап 

Қазақстандағы 



топырақзерттеулерішаруаларды  ұжымдастыруға,  жергілікті  тұрғындарды 

отырыкшылдыққа  көшіругежәне  шаруашылықтарда  жерге  орналастыру 

жұмыстарын жүргізуге байланысты жаңа қарқынға ие болды. Қазақ КСР-ның 

Жерге  орналастыру  Халық  комиссариатының  топырақтар  бюросы,  Су 

шаруашылығы  басқармасы  және  Мемлекеттік  Жерге  орналастыру  тресті 

республиканыңәр  аудандарында  ipiмасштабты  топырақтық-ботаникалық 

және  агроэкономикалық  зерттеулердііскеасырды.  Оған  қазақстандық  жас 

топырақтанушылар  У.У.  Успанов,  Я.Ф.  Дубовник,  СП.  Матусевич,  И.А. 

Бесполуденов, А.В. Мухля, А.Ф. Большаков, В:М. Боровский, А.Г Гаель, М.С 

Малюгин,  Е.С  Останин,  В.В.  Федоров  қатысты.1935  ж.  Қазақ  тыңайтқыш 

және  агротопырақтану  институты  В.Р.  Вильямс  атындағы  Қазақ  жерөңдеу 

институты  болып  кайта  құрылды  және  мұнда  М.А.  Глазовская,  И.П. 

Герасимов сияқты белгілі топырақтанушылар жұмыс icтеді,кейін ол ҚРҰҒА 

топырақтану институты болып аталды. 

Топырақтанушылар ұжымы (В.М. Боровский, М.А. Погребинский, К.Д. 

Қаражанов,  Н.Л.  Якупова,  Р.Х.  Киевская,  ТФ.  Некрасова,  И.К.  Асанбаев, 

К.Ш. Фаизов, СИ. Соколов, СА. Никитин, Ж.У Аханов, Л.И. Пачикина, Н.Т. 

Колесникова,  В.А.  Корниенко,  Ж.У.Мамытов  және  т.б.)  «Қазақ  ССР-ның 

топырақтары» 

сериясынан, 

Республика 

облыстарының 

топырақ 

жамылғысының  кешенді  сипаттамасына  арналған  14  томдық  монография 

басып  шығарды,  үлкен  региондар  және  табиғи  зоналар  топырақтары  жайлы 

монографиялық  мәліметтер,  топырақтар  систематикасы  мен  диагностикасы 

құрастырылып, мелиорация, эрозия, микробиология, минералогия және басқа 

мәселелер жөнінде түпкілікті қорытындылар жасалды. 



5. Топырақ - биосфераның экологиялық қуысы.  

Топырақ (педосфера) – 1) литосфераның маңызды компоненттерінің бірі 

(жалпы  геологиялық  және  ерекше  экологиялық  жоспарында);  2)  құнарлығы 

бар  ерекше  табиғи-тарихи  деңе  және  құрлықта  тіршілік  өнделуінің 

айналымдық сипатын қамтамасыз ететін полифункционалды табиғи жүйе; 3) 

өзара  қамтамасыз  етілген  тепе-теңдіктердің  күрделі  жүйесінің  алғысынан 

химиялық  элементтердің  массаалмасу  ғаламдық  айналымдық  процесстерін 

реттейтін  планетарлық  механизм;  4)  өзара  тығыз  байланыста  болатын  4 


фазадан  тұратын  көп  фаздық  полидисперсті  жүйе;  5)  биосфераның  басқа 

жүйелерімен үзіліссіз өзара әрекеттесуде болатын ашық динамикалық жүйе. 



 

Дәріс №2 Топырақ түзуші факторлар 

Топырақ түзілу факторлары. 

Топырақ түзілу факторлары туралы ілінің авторы В.В. Докучаев болады, 

ол  топырақты  –  ерекше  табиғи  дене,  келесі  факторлардың  тығыз  өзара 

әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады деп анықтады. 



Топырақ  түзуші  факторлар  –  топырақ  пайда  болуына  әкелетін 

факторлар:  климат,  тірі  ағзалар,  топырақ  түзуші  жыңыстар,  жергілікті  жер 

бедері, мемлекеттің жасы (уақыты), адамның өндіріс әрекеті. 

7.Топырақ түзілудің экологиялық факторлары.  

Топырақ түзілудің экологиялық факторлары: климат, тірі ағзалар, топырақ 

түзуші жыңыстар, жергілікті жер бедері, мемлекеттің жасы (уақыты). 

7.1  Атмосфералық  климат  –  метеорологиялық  элементтердің  орташа 

немесе  шеткі  көрсеткіштерімен  (температура,  шашыңдар,  ауа  ылғалдылығы 

және  т.б.)  сипатталатын  және  тәуліктік,  мерзімдік,  жылдық  өзгерістердің 

ауытқұлары туралы мәлімет беретін жергілікті (жер шары, құрлық, мемлекет, 

облыс, аудан және б.) атмосфераның орташа жағдайы. 

Топырақ процесстерінің табиғатында маңызды климаттық көрсеткіштер 

температуралық  жағдаймен  және  ылғалдылықпен  сипатталады,  себебі 

олармен  топырақтың  су-температуралық  режимі  және  биологиялық 

процесстері  байланысты.  Биологиялық  және  топырақ  процесстерінің  негізгі 

энергия көзі – күн радиациясы, ал ылғалданудын негізгі көзі – атмосфералық 

шашыңдар.  Атмосфера  мен  топырақ  арасындағы  алмасу  нәтижесінде 



топырақтың  гидротермиялық  режимі  –  маңызды  қасиеті  қалыптасады. 

Климат негізгі термиялық топтарының бөлінуінде  вегетациялық мерзімде 10 

0

С жоғары орта тәуліктік температуралардың қоспасы алынады (№ 1 кесте). 



№ 1 кесте. Климаттың негізгі термиялық топтары 

10 


0

С жоғары климаттың негізгі 

термиялық топтары, 

0

С 



Температуралардың қоспасы 

Суық (полярлы) 



< 600 

Суық-қоңыржай (бореалдық) 

600 - 2000 

Жылы-қоңыржай (суббореалдық) 

2000 – 3800 

Жылы (субтропикалық) 

3800 – 8000 

Ыстық (тропикалық) 

>8000 

Топырақ-биоклиматтық  немесе  топырақ-биотермиялық  белдеулері  – 

жер  шарын  қоршайтын,  еңдік  белдеулер  түрінде  орналасқан  климаттың 

термиялық топтарының анықталған өсімдік және топырақтар типтері. 

Топырақ  зерттеулерінде  шашындармен  ылғалдану  жағдайында 

климаттың 6 негізгі топтарын ажыратады (№ 2 кесте).  

№ 2 кесте. Ылғалдану жағдайы бойынша климаттың негізгі топтары 

Высоцкий – Иванов бойынша 

климаттардың топтары 

Ылғалдану коэффициенті (ЫК) 


Өте ылғалды (экстрагумидты) 

>1,33 


Ылғалды (гумидты) 

1,33 – 1 

Жартылай ылғалды (семигумидты) 

1 – 0,55 

Жартылай құрғақ (семиаридты) 

0,55 – 0,33 

Құрғақ (аридты) 

0,33 – 0,12 

Өте құрғақ (экстрааридты) 

<0,12 

Ылғалдану  коэффициенті  –  шашыңдар  мөлшері  мен  олардың 

ылғалдануы арасында ара қатысының көрсеткіші. 

Климаттың топырақтүзуші фактор ретінде ролі: 

1.

 



Биологиялық  және  биохимиялық  процесстерді  дамыту  факторы. 

Температура  мен  ылғалдылықтың  анықталған  жағдайында  өсімдік  типі, 

органикалық  заттың  пайда  болуы  мен  бұзылу  жылдамдығы,  топырақ 

микрофлорасы  мен  фаунасының  құрамы  және  әрекетінің  қарқындылығы 

қамтамасыз етіледі. 

2.

 



Атмосфералық  климат,  топырақтың  қасиеттері  мен  құрамы  арқылы 

шағылып,  топырақтың  су-ауа,  температуралық  және  тотығу-тотықсыздану 

режиміне көп әсер етеді. 

3.

 



Топырақта минералдық қосылыстардың айналуы (үгілудің бағыты мен 

жылдамдығы, топырақ түзуші өнімдерінің жинақталуы және т.б.) климатпен 

тығыз байланысты. 

4.

 



Топырақтардың су және жел эрозиясына әсер етеді. 

7.2 Тірі ағзалар. 

Топырақ 


түзілуінде 

ағзалардың 

тобы 


қатысады: 

құрлық 


биоценоздарының жасыл өсімдіктері, микроағзалар және жануарлар.  Жасыл 

өсімдіктер  –  топырақтағы  органикалық  заттың  бір  ғана  алғашқы  көзі  және 

оның  негізгі  топырақ  түзуші  функциясы  –  заттардың  биологиялық 

айналымы,  нәтижесінде  топырақтың  беткі  бөлігінде  потенциалдық  энергия 

мен  азотты  және  күлді  элементтердің  жинақталуы  жүреді,  бұл  топырақтың 

құнарлығының  дамуына  әкеледі.  Өсімдіктер  формациялары  туралы  ілімнің 

авторы В.Р. Вильямс. Келесі өсімдіктер формациялары бөлінеді: 

1.

 

Ағаш  формациясы  (тайга  ормандары,  жалпақ  жапырақты  ормандар, 



ылғалды  субтропикалық  және  ылғалды  тропикалық  немесе  жаңбырлы 

ормандар); 

2.

 

Ауыспалы  ағаш-шөп  тестік  формациясы  (ксерофитты  ормандар, 



саванналар); 

3.

 



Шөп  тестік  формациясы  (қоңыржай  даласы,  субтропикалық  бұтақты 

даласы); 

4.

 

Шөл формациялары (суббореалдық, борреалдық және тропикалық); 



5.

 

Қына-мүк формациясы (тундра, батпақтар). 



Микроағзалардың  топырақта  әр  түрлі  топтары  кездеседі  (бактериялар, 

балдырлар,  саңырауқұлақтар,  актиномицеттер).Олардың  саны  1  г  топырақта 

млн.-нан  млрд.-қа  дейін  есептеледі.  Микроағзалардың  массасы  3  –  7-8  т/га. 

Микрофлораның мөлшері мен қарқындылығы жыл мерзімдік динамикасына 

бағынады,  себебі  топырақтың  гидротермиялық  режимі  өзгереді  және 

микроағзалардың  көп  қайталанатын  генерациясы  жүреді.  Микроағзалармен 



бай келетін – қара және сұр майда топырақтары, кедей болатын – тундра мен 

солтүстік  тайга  топырақтары.  Топырақта  ең  таралған  микроағзалар  тобы  – 

бактериалар. 

Топырақ  фаунасы  көп  санды  және  алуанды  (қарапайымдылар, 

омыртқасыздар  және  омыртқалылар).  Жаңбыр  құрттарының  әрекеті 

топырақтың  физикалық  қасиеттерін  (саңылаулығы,  аэрациясы,  су 

сыйымдылығы  мен  су  өткізгіштігі)  жақсартады,  гумус  мөлшерін,  алмасу 

негіздердің қоспасын жоғарлатады, қышқылдығын төмендетеді. Топырақтың 

суға төзімділігі пайда болады. 



1.1

 

Жер бедері формаларының 3 тобын ажыратады:  

Макрорельеф–  үлкен  аймақтың  жалпы  көрінісін  анықтайтын  жер 

бедерінің ең ірі формалары: жазық, үстірт, тау жүйелері. Оның пайда болуы 

жер қыртысындағы тектоникалық құбылыстарға байланысты. 

Мезорельеф  –  орташа  мөлшерлі  жер  бедерінің  формалары:  құлама 

етектер, төбелер, алқаптар, қойнаулар, террасалар және олардың элементтері 

–  жазық  участкілер,  түрлі  тік  баурайлар.  Оның  пайда  болуын  негізінен 

құрлық  бөлек  участкілерінің  баяу  көтерілу  мен  түсуі  көп  әсер  етуші 

экзогендік геологиялық процесстер анықтайды. 

Микрорельеф  –  алаңы  кішкентай  (бір  неше  кв.дм-ден  бір  неше  жүздік 

кв.м-ге  дейін)  жер  бедерінің  кіші  формалары,  салыстырмалы  биіктігі  1  м 

шекарасында ауытқыйды (төмендеген орындар, төбешіктер, түсіп екетулер). 

Жер  бедерінің  тегіс  бетінде  төмендеп  кету  құбылыстарынан,  мұздық 

деформацияларынан және басқа себептен пайда болады. 

Жер  бедері  күн  радиациясы  мен  шашыңдардың  таралуының 

экспозицияға  және  тік  баурайларға  байланысты  негізгі  факторы.  Ол 

топырақтың  су,  жылу,  қорек,  тотығу-тотықсыздану  және  тұздық  режиміне 

әсерін  көрсетеді.  Қазіргі  кезде  жер  бедері  бойынша  орналасуына  және 

шашыңдардың  таралуына  байланысты  топырақтардың  келесі  топтарын 

(ылғалды  реттері)  ажыратады:  автоморфтық,  жартылай  гидроморфтық, 

гидроморфтықтопырақтар. 



Автоморфтық  топырақтар  –  беткі  сулардың  бос  ағысы  жағдайында, 

грунт  суларының  терең  орналасуында  (6  м  терең)  тегіс  бетінде  және 

баурайларда қалыптасады. 

Жартылай  гидроморфтық  топырақтар  –  беткі  сулардың  уақытша 

тұрып  қалуында  немесе  грунт  сулары  3-6  м  тереңдікте  орналасқанда 

қалыптасады. 

Гидроморфтық  топырақтар  -  беткі  сулардың  ұзақ  тұрып  қалуында 

немесе грунт сулары 3 м терең емес орналасқанда қалыптасады. 

Жер бедері эрозиялық процесстердің дамуына әсер етеді. Су эрозиясына 

баурайлық  жер  бедері  жағдайы,  ал  жел  эрозиясына  құрғақшылық  және 

континеталдық климаты бар жазық жер бедері аудандары қолайлы болады. 

1.2


 

Топырақтың  дамуы  мен  қалыптасуындатопырақ  түзілудін  әр  бір 

жаңаайналымы  (мерзімдік,  жылдық,  көп  жылдық)  топырақ  кесіндісінде 

минералдық  және  органикалық  заттардың  айналуында  анықталған 

өзгерістерді әкеледі. Топырақ жасының 2 түсінігін ажыратады: 


Топырақтың  абсолюттық  жасы  –  топырақтың  қалыптасуы  басынан 

қазіргі уақыттқа дейін өтілген жасы. 



Топырақтың  шартты  жасы  –  топырақ  түзілу  процессінің 

жылдамдығы,  топырақ  дамуының  бір  сатысының  келесі  сатысына  ауысу 

жылдамдығы. 

1.3


 

Топырақ  түзуші  жыңыстар  –  топырақтың  аналық  негізі,  оған 

өзінің  механикалық,  минералогиялық  және  химиялық  құрамын,  физикалық, 

химиялық,  физика-химиялық  қасиеттерін  береді,  олар  болашақта  топырақ 

түзілу  процессінің  әсерінен  әр  түрлі  дәрежеде  біртіндеп  өзгереді.  Жердің 

қатты қабаты – литосфера құрамында бөлінеді: 

Магмалық  (атылған)  жыңыстар  -    силикатты  балқыдан  (магмадан) 

пайда  болған,  жер  қыртысының  тереңдігінде  (тереңдік  жыңыстар  - 

интрузивтік)  немесе  Жер  бетіне  құйылған  магмадан  (құйылған  жыңыстар  - 

эффузивтік), құрылысы кристаллдық (граниттер, пегматиттер, дуниттер және 

т.б.).  литосфераның  құрамында  95  %,бірақ  топырақ  түзуші  болып  негізінен 

тек таулы облыстарда болады. 



Метаморфиялық  жыңыстар  -    екінші  реттік  массивты-кристалдық 

жыңыстар,  жер  қойнауында  магмалық  немесе  шөгіндік  жыңыстардан  терең 

өзгерістер  нәтижесінде  пайда  болған  (тақта  тастар,  гнейстер).  Топырақ 

түзілуде мәні аз. 



Шөгіндік жыңыстар – массивты-кристаллдық жыңыстардың немесе тірі 

ағза қалдықтарының үгілу өнімдерінің шөгінділері. Сынық, химиялық тұңба 

және  биогендік  болып  бөлінеді.  Химиялық  және  биогендік  пайда  болған 

шөгіндік  жыңыстардың  арасында  топырақ  түзілуінде  маңызды  болатын  – 

карбонатты шөгінділер (ақ тас, мергель, доломит, бор). 

2.

 

Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері.  

Адамның  өндірістік  әрекеті  –  топырақ  қасиеттері  мен  тәртібтерінің 

өзгерістерін  шақырушы,  табиғи  топырақ  түзілу  әсерімен  салыстырғанда  тез 

жүретін,  адамның  топыраққа  және  топырақ  түзілу  процессінің  дамуының 

қоршаған  орта  жағдайларының  кешеңіне  саналық,  бағытталған  әсер  ету 

факторы. 

3.

 

Топырақ түзілу процесі, оның түсінігі.  

Топырақ  түзілу  процессі  –  топырақтың  күрделі  жүйелі  қалыптасу 

кезеңдерінің  ауысуы:  тау  жыңыстар  минералдарының  және  топырақтың 

айналуы  (трансформациясы),  топырақта  органикалық  қалдықтардың 

жиналуы 


және 

жүйелі 


трансформациясы, 

органо-минералдық 

қосылыстардың  күрделі  жүйесінің  пайда  болуымен  минералдық  және 

органикалық  заттардың  әрекеттесуі,  топырақтың  беткі  бөлігінде  биофилдық 

элементтердің, 

біріншіден 

қорек 

элементтердің, 



жинақталуы 

(аккумуляциясы), топырақ кескінінде және оның беті бойынша су ағысымен 

топырақ түзуші өнімдерінің тасымалдануы (миграциясы). 

Топырақ 


түзілу 

процессі 

биофизика-химиялық 

процесстердің 

категориясына  жатады.  Қандай  болса  да  топырақтың  генезисы,  минимум,  3 

кезеңдік сатыдан тұрады: 

1.

 

топырақ түзілуінің басталуы немесе бастапқы топырақ түзілу процессі



2.

 

топырақтың даму сатысы, бұнда аналық жыңыстың субстраты топыраққа 



сипатты  қасиеттерін  біртіндеп  қалыптастырады;  осы  сатыда  топырақ  түзілу 

факторларымен тепе-теңдіктің болмауы – топырақ түзілу процессі дамуының 

себебі; 

3.

 



топырақтың  жыңысы  қалыптасқан  сатысында  айналымдық  қайтымды 

процесстер  басымды  болады;  биогеоценоздардың  топырақ  қасиеттері  және 

биоөнімділік  деңгейлері  тұрақты,  топырақтың  орта  факторларымен  тепе-

теңдікке жақын болуынан. 



4.

 

Үгілу, оның түрлері.  

Топырақ  түзуші  жыңыстардың  қалыптасуы  үгілу  процесстермен 

байланысты. 

Желге мұжылу (үгілу) – атмосфера, гидросфера және биосфера әсерінен 

тау жыңыстары мен олрадың құрайтын минералдардың сандық және сапалық 

өзгерістерінің күрделі және түрлі процесстерінің бірлестігі. 

Желге  мұжылу  (үгілу)  қыртысы  –  желге  мұжылу  (үгілу)  процессі 

жүретін тау жыңыстарының горизонттары. Екі зонаға бөлінеді: беткі немесе 

қазіргі  кездегі  және  тереңдік  немесе  көне.  Топырақ  түзілу  процессі  жүретін 

қазіргі  үгілу  қыртысының  қалындығы  бір  неше  см  2-10  м-ге  дейін 

ауытқыйды. 

Факторлардың  басымдылығына  байланысты  үгілудін  3  формасын 

ажыратады: 

Физикалық желге мұжылу (үгілу) – химиялық құрамының өзгеріссіз тау 

жыңыстары мен минералдардың механикалық бөлінуі. 



Химиялық  желге  мұжылу  (үгілу)  –  жаңа  минералдар  мен 

қосылыстарының түзілуімен көрсетілген тау жыңыстары мен минералдардың 

химиялық өзгерістері және бұзылуы. 

Биологиялық желге мұжылу (үгілу) – ағзарадың және олардың тірішілік 

өнімдерінің  әсерінен  тау  жыңыстары  мен  минералдардың  механикалық 

бұзылуы  және  химиялық  өзгерістері.  Жыңыстардан  ағзалар,  топырақ 

қалыптасуына  жағдай  жасап,  өзінің  деңесін  құруға  қажетті  минералдық 

заттарды алады және оларды жыңыстың беткі горизонттарында жинақтайды. 

5.

 

Топырақ профилінің (кескінінің) қалыптасуы. 

Топырақ кескіні – топырақ түзілу үрдістерінің біртектілігіне байланысты 

біріктірілген  топырақ  горизонттарының  жиынтығы.  Топырақ  кескінінің 

құрылысы біртіндеп, белгілі заңдылықтар бойынша, біреуі келесісіне ауысып 

отыратын, 

жекеленген 

топырақ 


горизонттарының 

морфологиялық 

белгілерімен анықталады. 

Көптеген  топырақтар  кескіндерінің  құрылысы,  егер  оларға  жоғарыдан 

төмен  қарай  қараса,  салыстырмалы  түрде  бір  типті:  жоғарыда  орман 

төсенішінің,  шымды  құрайтын  өсімдік  қалдықтарының  кішігірім  қабаты, 

тереңіректе  әр  түрлі  дәрежеде  қарашірікпен  немесе  қарашіріндімен  боялған 

горизонт,  ал  оның  астында,  аналық  жыныс  пен  ортадағы  өтпелі  горизонт 

қалыптасқан. 

Топырақ  кескінінің  қалындығы  мен  тереңдігі,  топырақ  түзілу  типі  мен 

топырақ  түзілуіне  кететін  уақытқа  тәуелді  және  де  кең  ауқымда  өзгеруі 


мүмкін.  Топырақ  кескіні  қалың  болған  сайын,  құнарлығы  жоғары  болады. 

Топырақ  кескінінің  құрылысы  мен  қалыңдығы  топырақ  түзілу  үрдістерінің 

бағыты мен сипаты туралы мағлумат береді, сол арқылы пайдалану жолдары 

бойынша  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Осы  себептен  топырақ 

кескінінің  жазбасын  жазу  топырақты  картографиялауда,  дақылдарды 

өсірудің  агротехникалық  шараларын  құрастыруда,  нақты  шаруашылық 

жүргізу  тәсілдерінде  маңызды  орын  алады.  Топырақ  кескіндісін  сипаттау 

үшін оның жекеленген горизонттарының жазбасы жазылады.   



 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет