Аэрофототїсіріс негіздері



бет3/6
Дата13.04.2023
өлшемі125 Kb.
#82026
1   2   3   4   5   6
3. Аэрофототүсіріс жасау

Азрофототүсіріс жұмыстары авиация министірлігінің авияциялық отрядтарымен арнайы келісім шарттары арқылы жасалады, Топографиялық


аэрофототүсірісті жасау және олардың материалдын әзірлеу үшін, немесе аэрофототүсірістерді фотограмметриялық өңдеу үшін мемлекеттік геодизиялық бақылаудың территориялық инспекциясынан рұқсат алу керек. Сонымен топографиялық түсіндіреді және олардың пландық-биіктік негіздеуін орындау үшін координаталар жүйесін келісіп шешеді.
Аэрофототүсіріс процесі алдында аэрофототүсірті маршруттарының орнын, жұмыстардың мөлшері мен мерзімін белгілейді, аэрофототүсірістің негізгі параметрлерін есептеп шығарады, ұшу картасын жасайды, аэрофототүсірті және навигациялау жабдықтарының түзулігін тексереді, жергілікті жермен танысады.
Стереотопографиялық аэрофототүсіріс арнайы топографиялық аэрофотоаппараттар түрімен жүргізіледі. Аэрофотоаппараттар бір фотосуретті алуға қажетті жұмыстар циклінің ұзақтығымен сипатталады.
Қазіргі кезде АФА-да ол 1,5—2 с-қа созылады.
Фотокамераның объективі жергілікті жерді анық геометриялық дұрыс кескіндеу үшін қолданбалы рама жазықтығында құру қызметін атқарады. Фотоаппараттың затворы фотокамераға жарықты түсірудің ұзақтығын реттейді. Қолданбалы раманың төрт жылжымайтын қабырғалары таңбалы координаталар белгілері болып саналады, олар фотосуреттің тікбұрышты координаталар жүйесін анықтайды. Қолданбалы раманың өлшемі аэросуреттің форматына сәйкес болады. АФА-ның кең таралған кадрлар форматтары 18X18, 23X23, 30X30 см.
Аэрофотоаппараттарды негізгі оптикалық осьті тік жағдайға автоматты түрде келтіру үшін гидротұрақтандыру қондырғысымен жабдықтайды. Бұдан басқа, олардың жергілікті жердің жарықталғандығына байланысты түсіру уақытын автоматтандыру үшін арнайы құрылғылары болады. Аэрофототүсіріс жұмыстарымен қатар фотографиялау биіктігін радио биіктік өлшеуіштермен және үшу биіктігінің шайқалуын статоскоппен анықтайды. Осы аспаптардың көрсетуі әрбір аэросуретті фотографиялау кезінде белгіленеді.
Аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығын, форматтың масштабын және аэросуреттің өзара қайта беттесуін геологиялық барлау жұмыстарының әр кезеңіне, фотограмметриялық өлшеулердің қажетті дәлдігіне, жер жағдайына және аэрофотографиялау нәтижелерін фотосуреттер арқылы анықтаудың дұрыстығына байланысты белгілейді.
Ұшу-түсіру жұмыстарын аэрофототүсіріске дайындалған карта бойынша навигациялық аспаптар көмегімен жүргізеді. Самолетті бірінші маршрутқа шығарады. Командалық аспапқа фотографиялау аралығын және затвордың суретке түсіру шамасын енгізеді, аэрофотоаппаратты жұмыс жағдайына келтіріп, оны белгілі бір бұрышқа бұрады да фотоаппараттың осін вертикаль жағдайға келтіреді. Әр маршрут үшін ұшып-кіру, жарма және шығу бағдарлары болады. Аэрофототүсірілетін учаскеге жақындағанда радио биіктік өлшеуішті, статоскопты және гидротұрақтандырғыш фотоқұрылғыны қосады.
Фототүсіру жұмыстарының шеттерін жобаланған трассадағы су жиналу бассейндерінің орналасу шеттеріне байланысты белгілейді. Аэрофототүсіру жұмыстарының негізгі параметрлерін, мөлшерін және істелу мерзімін заказ беруші белгілейді. Аэрофототүсірістің параметрлерін фотографиялау масштабына 1 : т, аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығына fK және маршруттың орнын еске алып аэросуреттердің өзара берілген бойлық және көлденең қайта жабылуына байланысты анықтайды. Аэрофототүсірті жабдықтарын іріктеп алу және параметрлерін есептеп шығаруды заказ берушімен бірге ұшу-түсіруші отряд трассаның картада белгіленген әр маршруттың фотографиялау жазықтығының орта орнына немесе жер төсемінің негізгі үйінділері мен жазбаларының орналасу варианттарына және трасса ауданына жақын жатқан су жиналу бассейндеріне байланысты жасайды.
Маршруттың шектес аэрофотосуреттерінің өзара бойлық қайта беттесуі, ал параллель маршруттарының көлденең қайта беттесуі болады. Жергілікті жердің аэросуреттерінің аттас жалпы кескінделетін учаскелерінің өзара бойлық қайта беттесуі 60%-ке, ал көлденең қайта беттесуі 20—40%-ке тең болады деп қабылданады. Олар аэросуреттің қайта беттесу өлшемінің оның қабырғасының ұзындығына қатынасымен белгіленеді.
Самолеттің бағытын аэрофототүсіріс кезінде өткен жылдардағы түсірістердің фотосуреттерінен жасалынған ұшу картасы немесе фотосхема арқылы анықтайды. Түсірістің картадағы маршрут орнын және негізгі параметрлерін фотографиялаудың орта масштабына байланысты анықтайды, ал ол аэрофотокамераның фокустық қашықтығымен және самолеттің ұшу биіктігімен анықталады.

Трассалау зонасында биіктік өзгерісі едәуір болғанда аэрофототүсіріс бірнеше абсолют биіктіктер немесе трассанын көлбеулігіне параллель учаске сызықтарының бойымен жүргізілуі тиіс. Мұндай жағдайда аэрофототүсіріс тапсырмасында тек қана оның масштабын көрсетіп қоймай, тағы да жобалау жұмыстарының зонасы мен аэрофототүсірістің көлбеу жерлеріндегі аэрофототүсірістің берілген масштабының тұрақсыздану шектері көрсетіледі.


Стереотопографиялық аэрофототүсірісте жер бедерін бейнелеп түсіру фотограмметриялық әдіспен лаборатория жағдайында жасалынады. Ол үшін далада тек қана бірсыпыра контур нүктелердің биіктік белгілерін анықтау қажет, яғни биіктік дайындығын жасау керек; аэросуретте танылған контур нүктелері биіктік тану белгілері деп аталады.
Стереотопографиялық түсірісте биіктік дайындау тірек нүктелерінің биіктік тану белгілерінің биіктігін табудан тұрады, олардың саны және анықтау дәлдігі топографиялық картаның масштабына, жер бедері қимасына, фотограмметриялық өндірудің тәсіліне жэне ұшу-түсіру жұмыстарының сапасына байланысты болады. Нұсқауларда ескертілгендей әрбір екі қайта беттескен аэросуретте төрт биіктік тану белгілерін анықтау керек.
Биіктік тану белгілерін контурдың аэросуретте оңай айырып танылатын ашық жерлерінен таңдайды, өйткені беткейлер мен жер бедерінің тік еңіс жерлерінен ғылыми өңдеу кезінде қателік кетуі мүмкін.
Мүмкіндігінше биіктік белгілерді су иінінде анықтаған дұрыс, мұның өзі жер бедерінің суретін салу жөніндегі одан кейінгі жұмысты нақтылайды және биіктік нүктелерді ғылыми өңдеу әдісімен түсіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Аэросуреттерді стереоскопиялық қарау кезінде міндетті түрде биіктік белгілерін тану керек. Таным объектісін нақтылау үшін түйреуден басқа, жергілікті жердің және жер бедерінің элементтерінің қысқаша сипаттамасы жазылады.
Белгілердің биіктіктерін анықтау үшін геометриялық, тригонометриялық немесе барометрлік нивелирлеу пайдаланылады, мұның өзі жергілікті жердің талап етілетін дәлдігіне және физикалық-географиялық жағдайларына байланысты. Аэросуреттерден тікелей фотоплан дайындау мүмкін емес, өйткені олардың масштабтары әр түрлі және жер бедеріне, нормальдан фотоға түсіру кезінде аэрофотоаппараттың оптикалық осінің ауытқушылығы салдарынан бұрмаланады. Оларды бір масштабқа келтіру және бұрмалауды жою үшін трансформациялау жүргізіледі, ол үшін әрбір аэросуретте координаталары белгілі төрт контурлық нүктелер болуы қажет.
Аэросуреттерде танылған жергілікті жердің контурлы нүктелерінің координаталары тірек жүйесі пункттеріне аэротүсіргілерді байланыстыра отырып алынады; далалық суреттерде танылатын нүктелер пландық танымдық белгілер деп аталады. Фотограммометрияның қазіргі заманғы әдістері аэротүсіргілердің сұлбалық нүктелерін трансформациялау үшін қажетті көптеген координаталардың пландық геодезиялық негізін фотограмметриялық топтау жолымен ғылыми өңдеу жағдайында алуға мүмкіндік береді. Далада пландық танымдық белгілердің тек фотограмметриялық желілерді негіздеуге қажет мөлшерін ғана орнатады. Пландық танымдық белгілердің санымен олардың арасындағы қашықтық жасалатын картаның және аэросуреттің масштабына, жергілікті жердің бедеріне, танымдық белгілердің пландық негізіне, оларды орналастырудың фотограмметриялық жиілендіру әдісіне байланысты. Даладағы танымдық белгілердің арасындағы қашықтықтар әр түрлі болады, мысалы, 1 : 5000 масштабты карта үшін—3,5 км-ден 22 км-ге дейін, 1 : 10000 масштабты карта үшін— 1,5 км-ден 9 км-ге дейін.
Пландық белгілердің координаталарын алу үшін тура және кері белгілерді, теодолиттік жүрістерді және т. б. қолданады. Пландық таным белгілерінің бекітуінің типтік схемалары топографиялық түсіргі жөніндегі тиісті нұсқауларда көрсетіледі.
Аэросуреттерде жердің орналасу жағдайын анықтау үшін жергілікті жердің белгіленген контурларын жергілікті жерден айырып таниды да аэросуреттерге ине шаншып белгілейді. Аэросуреттерді екінші жағынан шаншылған жерді қоршап шеңбер жүргізіп, оның жанынан жергілікті жердің ең жақын контурына қатынасы тұрғысынан таным белгісінің орналасуының сұлбасын жасайды. Оның үстіне, таным объектісін нақтылай түсу үшін сұлбаның жанында тиісінше түсініктеме жазу болады.
Фотограмметриялық жиілік жүйелерін одан әрі дамытудың қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін контурлық нүктелерді танып-білудегі жіберілетін қателік жасалып отырған топографиялық картаның масштабында 0,1 мм-ден аспауы тиіс. Пландық таным белгілері ретінде аэросуреттерде анық бейнеленген жергілікті жердің айқын контурларын таңдап алу керек. Пландық танымдық белгілер жергілікті жерде ағаш діңгектерге бекітіледі.
Фотограмметриялық ғылыми өңдеу жұмыстары. Ғылыми өңдеу жұмыстарының міндеті—жергілікті жердің топографиялық планын жасау үшін аэротүсіргілерді біржола өңдеу болып табылады. Бұл жұмыстарға аэротүсіргілердегі бұрмаланушылықтарды түзету, оларды бір масштабқа келтіру, пландардың түп-нұсқаларын жасау және стереотопографиялық түсіру кезінде жер бедерін салу енеді.
Трансформациялау үшін қажетті тірек нүктелері далалық геодезиялық жұмыстар процесінде алынуы мүмкін. Алайда бұл көп енбек пен уақыт жұмсауды талап етеді, сондықтан түсіргіні негіздеу үшін қажетті тірек нүктелерінің шектеулі мөлшерін ғана анықтайды. Тірек нүктелерін трансформациялау үшін қажетті мөлшерде одан әрі жиілендіру ғылыми өңдеу жағдайларында триангуляциялық жүйелерді, аэросуреттерден алынатын бұрыштық элементтерді құрудың көмегімен жасалады. Контурлық нүктелердің жағдайын анықтаудың мұндай әдісі фототриангуляция деп аталады; мұнда нүктелердің орналасу жағдайы планның жазықтығында ғана болса, ол жазықтық, ал нүктелердің орналасу жағдайы кеңістікте ғана белгіленсе, онда кеңістіктік болуы мүмкін. Фототриангуляциялау әдісі аэросуреттің нөлдік бұрмалау нүктелерінен жүргізілген бағыттардың арасындағы бұрыштар жергілікті жердегі сондай бағыттардың арасындағы горизонталь бұрыштарға тең болуына негізделген.
Аэросуреттердің еңкіш бұрышы шағын пландық аэротүсіргіде және биіктіктерінің айырмашылығы аз жергілікті жердің бедері кезінде, нөлдік бұрмалаушылықтардың нүктелерінің орнына түсіргінің басты нүктесін немесе оның жанындағы бұл жағдайда орталық нүкте деп аталатын кез келген контурлық нүкте пайдаланылса, онда іс жүзінде бағыттарда елеулі қателіктер болмайды. Биіктіктерінде үлкен айырмашылықтар бар таулы жер үшін фототриангуляциялық торларды құру кезінде бағыттардың бастамасын надир нүктесі атқарады.
Маршруттық фототриангуляцияны алаңның 55%-тен астамын бойлай қамтыған аэросуреттерден тікелей құруға болады. Мұның өзі әрбір түсіргіде үш мәрте қамту аймағының болуына мүмкіндік береді, соның арқасында сабақтас екі түсіргіде әрбір аэротүсіргінің орталық нүктесі бейнеленеді. Мысалы, С2 нүктесі II түсіргінің центрі I және III түсіргіде бейнеленеді. Әрбір түсіргіде оның орталық нүктесін және көршілес түсіргілердің танымдық орталық нүктелерін инемен шаншып белгілейді және осы нүктелерді жалғастыратын сызықтар базистер немесе бастапқы бағдарлағыш бағыттар деп аталады. С{С2, С2Сз, С3С4 және тағы басқа сызықтар осындай бағыттар болып табылады. Әрбір түсіргідегі С орталық нүктелері шаншылған жерлер айқын көрінетін 1 жэне 2, 3 және 4 контурлық нүктелерін анықтайды; оларды байланыстырушы нүктелер деп атайды. Содан соң әрбір аэротүсіргінің орталық нүктесінен осы түсіргіде танылған барлық
байланыстырушы нүктелерге бағыттар жүргізеді. Осыдан кейін қағаз бетінде түсіргілердегі барлық базистердің, мысалы, С1 С2 базисінің орташа мәніне қарағанда 1—2 см үлкен көлемде бірінші базисті құрады және кальканың көмегімен осы базиске аэротүсіргілерден сол базистің ұштарынан аттас нүктелерге сызылған бағыттарды көшіреді. Мұндай бағыттардың қиылысатын жерлерінде 1 және 2, 3 және 4 т. б. нүктелердін пландық орналасу жағдайы алынады.



Осылайша CjC2 бірінші базисі түсірілген масштабта бағдарланбаған жазықтық фототриангуляцияның торын алуға болады. Мұндай тор аэросуреттерді трансформациялау және фотопландарды жасау үшін, пландық негіз ретінде пайдалану үшін, оны редукциялау, яғни тиісті масштабқа келтіру және координаталардың қабылданған жүйесіне қатысты тиістісін бағдарлау үшін қажет. Торды редукциялау үшін оның ортасында координаталары жергілікті жерге тиісті геодезиялық өлшеулерден аңықталған ең кем дегенде екі нүкте болуы қажет, мұндай нүктелер әдетте.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет