Аға оқытушы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу шетел тілдері кафедрасы Адибай А. 1-курс туденті фтф



бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі31,3 Kb.
#65093
  1   2

Ахмет Байтұрсынұлы түркі терминологиясының негізін қалаушы
Нұрдыбаева А.Қ.
аға оқытушы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Шетел тілдері кафедрасы
Адибай А. 1-курс туденті ФТФ

Ахмет Байтұрсынұлы ғасырлар бойы басынан сан алуан қиындықтар өтіп, өркениеттер көлеңкесінде қалған халқын сауаттандыруды, білім-ғылымын дамытуды армандаған, сол жолда талмай еңбек еткен ағартушы-педагог, сара сөзден түрен салған ақын, қазақ баспасөзінің үлгісін көрсеткен алғашқы публицист, дала руханиятының құндылықтарын көтеруге орасан зор күш жұмсаған мәдениет қайраткері.


Ахмет Байтұрсынұлы мектепте мұғалімдікті атқара жүріп қазақтың тілі мен әдебиетін зерттей бастаған. Қазақ халқының сауатын ашуды бірінші қойып, сауатты елдің санасыныңда жоғары болатынын тынбай айтумен болған. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен әріптері туралы ойжазбаларын ол 1912 -13 жылдары, «Айқап»журналында, «Қазақ» газетінде жариялаған.
Ол ең алдымен қазақ балаларының сауатын ашу үшін оларға арнап әліппе«Оқу құралын» жазуды мақсат етті және оны 1912 жылы Орынборда басып шығарды. Екі жыл өте «Бастауыш мектеп»атты кең көлемді ғылыми мақаласын жазды. Тағы екі жылды өткізіп Байтұрсынов қазақ тілін пән ретінде оқытатын «Тіл-құрал» оқулығынын басып шығарды(1912-16жылдар аралығы). Қазаққа талмай жұмыс жасаған дара тұлға бүкіл түркі дүниесіне үлгі болды. Өткен ғасырдың басында түркі халықтары бірінен соң бірі жазуларын өзгертіп әліп-билерін түзете бастайды.1926 жылы ғалым қазақтың жаңа алфавитін жазады.Оның халық аузында «Байтұрсын емлесі» атанған өміршең төте жазуын шығыс және оңтүстік Азия елдеріндегі қазақтар осы күнге дейін қолданып келеді.
Ахмет Байтұрсынұлы – бүкіл түркі тарихында ХХ ғасырдың басында зор өзгеріс жасаған кемел тұлға. Өткен ғасырдың басында қазақтың ұлттық ғылымының ілгерілеуіне себеп болған жұмыстарының бірі – әртүрлі ғылым саласына тиісті оқулықтар жасауға мұрындық болғандығы.Ол кезде елімізде оқу орындары өте аз, мектеп оқулықтары жоқтың қасы болатын. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі мен әдебиетін зерттей отырып, түрлі оқулықтар жасауды алға мақсат қылып қойды. Ол оқулықтар жазу мәселесіне өте жауапкершілікпен ұлт мүддесі тұрғысынан қарап,кирил таңбасымен жазылған қазақ алфавитін мойындамады.Ондағы ойы тұтас түркі халықтары бір әліпбиді қолданса арасы ажырамай , тұтасып өмір сүретініне сенді. Сонымен қатар қазақтың сөздерінің сол күйінде өзгермей ана тілінде таза сақталуы үшін төл әліп-биінің болуын қалады. Арап әрпімен жазғанда қолдың талмайтынын,ал орыс әрпімен жазғанда қолдың талып қалатынын да физиологиялық тұрғыдан дәлелдеп кетті. Ол « Арап әрпінен жасаған әліп-биімізге жер жүзіндегі әліп-би баласы жетпейді» деген болатын. Қазақтың кейінгі латын және кирилл әліпбилері де Байтұрсынұлының жазуы негізінде жасалды.
Байтұрсынұлы түркі халықтарының латын алфавитіне көшуіне көп қарсылық таныта білді. Өз тарапынан, арап әрпін қолдану сол кездегі шығып жатқан жазу машиналарына ыңғайсыз, деп уәж айтып, латын әрпіне көшуге бет бұрған әзербайжандықтарды құптамады.
А.Байтұрсынұлының башқұрт, қырғыз,татар ағартушы зиялыларымен бірге жұмыс жасағанын оның еңбектерінен көріп отырмыз. «Тәнім – татар, тілім – башқұрт, ойым – қазақ», «тіліміз – әртүрлі, ойымыз – біртұтас» деп, түркі әлеміне жар салған татар ғалымы Г.Ибрагимов екеуінің ғылыми көзқарастары ортақ, пікірлері үндес болды. Әсіресе, Г.Ибрагимовтың «Татар грамматикасы» мен «Әдебиет кануннары» А.Байтұрсынұлының ғылыми зерттеулеріне тың серпін бергені байқалады. Екі қайраткердің Бакуде өткен 1926-жылғы түркітанушылар съезіне қатысып, түркі халықтарының әліпбилерін латын әрпіне көшуіне қарсылық білдірулері олардың түркі тілдерінің келешегі жөніндегі ортақ ұстанымдарын, түркі өркениетіне терең мән бергенін көрсетеді. Әліп-би туралы арнайы баяндама жасаған әзербайжан өкілі Г.Ибрагимов қазақтың қазіргі әліпбиін түркі халықтарына үлгі ретінде ұсынып, әліпбиді өзгертудің тиімсіз әрі ешқандай қажеттілігі жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан түсіндірген.Конгрессте
А.Байтұрсынұлымен қатар Б.Чобан-заде және Х.А.Одабаш «Түрік тілінің пән сөздері» туралы баяндама жасады. Ахмет пән сөздерін қазақ тілінен немесе туысқан түркі тілдерінен алып, жат тілдерден кірген сөздерден тазалауды жөн көретінін нақты дәлелдермен жеткізді. Егер қолдана қалған жағдайда кірме терминдерді мейлінше қазақ дыбыстарына икемдеп қолдануды керектігін,ал дүниежүзінде қолданылатын ортақ әртүрлі ғылыми терминдерді қазақ тілінің табиғатына сәйкес дыбысталатындай етіп қабылдау керектігін айтып .
Бакудегі баяндамасында ол қазақ тілінің әдеби және халықтық, тіпті зиялылар тілі болып бай біртұтас қалыптасқанының арқасында басқа түркі тілдерімен салыстырғанда варваризмге төтеп бере алатынын айта отырып,Анадолы түріктерінің, әзербайжан тілдерінің бөтен сөздермен «ластанып», грамматикалық құрылымын өзгертіп, жадауланып кеткенін,сонымен қатар татар тілінің де варваризге толы екенін ескертті.Әдеби өзбек тілі мен қырым тілінің де бөтен сөздерді көп қосып қолданылуына сын айтты.Башқұрт,түркімен әдеби тілдерінің қалыптасып келе жатқанына қуанышты екенін жасырмады.Сонымен қатар варваризмдерден ада қырғыз тілінің әдеби тұрғыда қалыптасып жатқанын жеткізді.
Ол Орынборда білімпаздар құрылтайында нұсқаулық қабылдаған қазақ-қырғыздардың тәжірибесі басқа түркілерге тиімді болатынын дәлелдейді. Ол бұл туралы «Сол жол басқа түріктердің қолдануына теріс болмас. Құрылтай қарары да осы негізде болды. Бірақ жалғыз қазақ емес, басқалар да қолданатын болғандықтан түрік жұрттары тілдерінің жақындығына қарай топталып бөлінсін, пән сөз топ ішіндегі жұрттардың бәріне ортақ түрде алынсын» деген шешім қабылданған. А.Байтұрсынұлының түркі өркениетінен ажырамауды көздеп, отарлаудың басты шырмауы әліпби ауыстыру қажет деген себеппен бауырлас елдерге салатын шырмау екенінен сезіктенген және содан сақтанғысы келетіні айтпаса да түсінікті.
ХХ ғасырдың басындағы өркениеттен артта қалған,сауаты төмен түркі халықтарының дамыған елдермен олардың тілдерін білмей әзірше қатар жүре алмайтынын және ол өркениеттің материалдық және рухани құндылықтарын пайдалана алмайтынын, түсіндіре отырып,арадағы «биік қамалдың» бар екенін айтты.Сонымен бірге түркі халықтарының мәдени деңгейлерінің әркелкі екенін жеткізді. Осы әркелкілік даму процессінде де көрініс беретінін айтып өтті.Түркі халықтарының өздерінің рухани жетістіктерімен бөлісіп отыруы үшін олардың ортақ баспасөзі болу керегін түсіндірді және оның алғашқы қадамы түркі тілдеріндегі варваризмдерден ада болуы. Байтұрсынұлы бұл ретте түркі бауырлардың әдеби тілмен сала тілдерін дамытуда қазақ тілін үлгі етіп алуы керектігін ұсынды және олардың ана тілдерін бөтен сөздерден тазалау алу мүмкіндігінің зор екеніне , сонымен бірге өзара түсінісе алуына шүбә келтірмеді.
Қазіргі қазақ терминологиясының майталман ғалымдарының бірегейі профессор Шерубай Құрманбайұлының: «Ал бүгінгі қолданыстағы арнаулы лексикамызды құрайтын жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезеңде басылып тұрған «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттерінің беттерінен кездестіруге болады. Ал нақты ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дәл осы кезеңмен байланысты деген сөз.» деп қорытуы Ахмет Байтұрсынұлы салған арнаулы салалық терминдердің сара жолымен дамып келе жатқанына сенімдіміз. Кемеңгер ғалымның негізін салған термин жасау ғылымының бір кезеңдерде ұлттық сипаты еленбей үзіліп қалуы ұлттық термин саласын біраз ақсатқаны рас, дегенмен соңғы 20 жыл ішінде өркениетке аяқ басқалы Ахмет Байтұрсынұлы армандаған арнайы терминдердің қазақ тіліне бейімделе, бауырлас елдермен тығыз қарым-қатынаста зерттеліп дамып келе жатқаны айқын көрініс тапты.
ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлының педагогикалық және рухани тұрғыдан ықпал етуі мектеп-медреселерде білім алып жүрген қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, құмық, қарақалпақ жастарының қатты әсер алғанын ескерсек, қазақ кемеңгерінің ХХІ ғасырдың басында да жалпы түркі дүниесінің ғалымдарының жүгінетін шамшырағы және терминология саласының негізін қалаушысы болып қала береді деп ойлаймыз.
Биылғы жылы ұлтымыздың дарынды ұлы,кемеңгер ғалымы,Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 -жылдық мерейтойы дүние жүзі бойынша ЮНЕСКО көлемінде тойлану үстінде. Өзі із қалдырып кеткен отандық ғылымға Ахмет атамыздың еңбектерінің әлі де берер үлесі мол екендігіне сенімдіміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі :
1.Ахмет Байтұрсынұлы оқулары-2014.«Қазақ руханияты айнасы»республикалық ғылыми -практикалық конференция материалдары.ҚР Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Астана 2014. 34-35 бб. -200 б.
2.Ахмет Байтұрсынов Тіл тағылымы Алматы : «Ана тілі»,1992. 379-417 бб.
3. https://tilalemi.kz/article/2019



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет