Терезе блоктарын орнату және бекіту. Витрина мен витраждардың құрылымдары Терезе қорабы өзіне бекітілген жармалардан тұратын раманы құрайды. Терезелер үлкен өлшемді болғанда, олардың қаттылығын қамтамасыз ету үшін тік және жазық білеушелер орнатылады. Терезенің жоғарғы тік осімен ашылатын бөлігі желкөз, ал үлкендеу және жазық осі бойынша ашылатын бөлігі фрамуга деп аталады.
Терезе әйнектері жармаларда қарастырылған кертіктерге орнатылады. Әйнектерді шегемен, ағаш штапиктермен бекітеді. Әуелі терезе қорабының сыртың периметрі бойынша дәрілейді де, орамалы материалмен (рубероид, қарақағаз) қаптайды. Терезе қорабы қабырғада алдын ала қарастырылған ағаш тығынға шегелер арқылы бекітіледі.
Терезе блогы мен қабырға арасындағы тік және жазық жіктері гипс ерітіндісіне сіңірілген талшықпен немесе полимер материалдары көбіктерімен толтырылып нығыздалады.
Қосарланған жармалар көбіне ішке қарай ашылады. Сыртқы жел жүктемесі терезе әйнегін ішке қарай итеріп сындырмасы үшін терезе жармаларын сыртынан әйнек салады. Ішкі жармалар жақсы, жеңіл ашылуы үшін олардың өлшемдері сыртқыдан кіші болады. Ұңғы жаңқтаулары сыртынан және ішінен сыланады.
Қазіргі сәулет өнері мен құрлыста біртұтас қабырға қоршауы кеңінен қолданыс тапқан. Олар терезе, тұтас панельдер, аралық қабырғалар қызметтерін бірден атқарады. Мұндай қабырғалық қоршаудың жеке бөлшектері болат немесе алюминий профильдерінен жасалған қаңқаға бекітіледі.
Қоғамдық ғимараттарда витраждар бір, екі және үш әйнекті болуы мүмкін. Витраждар мен витриналар біртұтас қабырғаны алмастыруы мүмкін. Витраждар ішінде немесе сырттай жанаса орналасады. Сыртқы өйнек тік немесе еңкісті (10-15%) етіп әйнектеледі. Витраждар мен витриналар жеткілікті жылу ұстамды, дыбыс оқшаулағыштығы нормаға сәйкес және берік болуы тиіс.
Соңғы жаңа үлгідегі терезе құрылымы Сәулетшілер мен жобалаушылардың мол тәжірибесі мен шығармашылық ойланыстарының арқасында терезелердің жаңа түрлерін шығаруға мол мүмкіндік туды. Олардың сарқылмас еңбегінің арқасында полимерлі материалдардан жаңа терезе құрылымдары дүниеге келді.
Рама мен жарманың бүкіл периметрі бойынша өтетің біркелкі тіреуіш тығындағыштар (кең орналасу бетіне байланысты) ауа мен ылғал өтпеуін қамтамасыз етеді. Жүйенің негізгі артықшылықтары мен құндылығы:
1. Әдемі, көркем сыртқы бейнесі.
2. Қайырмалардың (фальц) негізі біртегіс болғандықтан, оңай тазаланады.
3. Құралдарының мықты бөліктерден тұратындығына байланысты бұзушылардың мүмкіншілігі төмен.
4. Профильдің үш камералық құрылымына байланысты жылу ұстамдылық деңгейі биік.
5. Салмағы жеңіл, тотығуға қарсылығы күшті.