Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен



бет2/5
Дата06.02.2023
өлшемі79,5 Kb.
#65343
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ағаш тамырымен

Оқи отырыңыз: Қыздың тәрбиесіне қырын қарамаған қазақ неге оны назардан тыс қалдырып алды?
"Баланы жастан..." деген дәстүрлі тағлым бойынша Эдип комплексі, Маугли синдромы, басқа да маңызды кезеңдерді сәтті өткеру ата-ана үшін ең ұлағатты уәзипа. Психология ғылымының осызаманғы нұсқаулығы бойынша, ата-ана балаға 5 жасқа дейін аса мұқият болып, психикасының дұрыс қалыптасуына жағдай жасауы тиіс.
Бала өсіп, есейген сайын құрдастарымен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді. Біртіндеп достар шеңберін құру арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Алаөкпе асқынғанда, өтпелі шақта жасөспірім ата-анаға қарағанда құрдастар-құрбыларына көбірек көңіл аударады. Бұл – заңдылық.
Тұлға → ағайын → туыс → дос (сырлас) → сыныптас/группалас → көзтаныс → ұстаз → әріптес → кумир ...
Оқи отырыңыз: Қазақ отбасында әкенің орны қандай болған? Қазір қандай?

Баланың даму кезеңіндегі көлденең (горизонталь) қарым-қатынас / Informburo.kz


Осылайша бала өз бетінше көлденең байланыстарын кеңейтуге және нығайтуға кіріседі. Өзінің қатарластарымен, әртүрлі жастағы көзтаныстарымен, таңдауы түскен адамдармен қарым-қатынас орнатады. Ата-анадан бөліну процесінің өте маңызды бөлігі – өз әлемін, қарым-қатынасы мен байланысын құрады. Бұл байланыстар неғұрлым жақсы, мығым, алуан түрлі болса, адамның күш-ресурсы соғұрлым молайып, өмірге құштарлығы еселене түседі.
Көлденең қарым-қатынаста ғана жыныстық (өмірлік жолдасы), іскерлік (кәсіби), достық, жасампаздық потенциалы толық ашылады және жыныстық энергия еркін айналады. Ал, тік қатынаста ата-ана мен бала арасындағы байланыстар, ұрпақтар арасындағы, иерархия мен тағдырға негізделген туабітті құндылықтар көрініс табады.
Тобықтай түйін, тік қатынас – адам болмысының ірге-қаңқасын қаласа, көлденең байланыс – өрісін кеңейтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақ қоғамында бала тәрбиесіндегі әженің рөлі қандай болған?

Әкеге қарап ұл өсер


"Әкесін тыңдап" емес. Демек әке әйелін базарға шығарып, өзі үйде жұмыссыз отырып "еңбекқорлық" туралы ақыл айтса, бала масыл боп өсері сөзсіз. Шылым тартып тұрып ұлын темекіден тыятын, ұстап алса зекіп салатын ата-ана оның санасында сенімсіздік, кереғар катарсис тудырады. Сөз бен істің сәйкестігі – басты феномен. Сіздің әр ісіңіз "өсиет", солай бойға сіңетін қасиетке айналады. Жауапкершіліктің бір ұшы өзіңізді ұстанымыңызда.
Бір қызығы, бала маскүнем әке-шешесінің әдетін жек көріп, жиреніп өссе де өмірлік қиын жайттарда бейсаналы түрде ішімдікке салынып кетуі мүмкін. Бұл жиі кездесетін факт. Яғни жеме-жемге келгенде ұзақмерзімді жады қоймасынан таңдау жасайтын кісі эгосы көре-көре "көзге сіңген" жолды шешім етіп қабылдайды.
"Не ексең, соны орасың" дегендей, сәбидің отбасы-ошақ қасында көріп, сезінген тәрбиесі, айналасындағылармен қарым-қатынасы оның алдағы өміріне тікелей әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет