Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен


Жақсы ата-ана атанудың "оқуы жоқ"



бет5/5
Дата06.02.2023
өлшемі79,5 Kb.
#65343
1   2   3   4   5

Жақсы ата-ана атанудың "оқуы жоқ"


Психолог-блогер Динара Болаттың пікірі.

Екі баланың анасы мыңжылдықтың басындағы қазақ ата-анасы "интеллекуалды жетік, өзінің ішкі проблемалары шешілген, моральдік-толық, қаржылық жағдайы бар, балаға өзі үлгі болатындай мықты болуы керек" дейді. Урбанизация күшейген қоғамда ата-ана ұл-қызын индивид деп қабылдағанымен, жеткілікті түрде көңіл бөлуге уақыт таба бермейді.


Психолог-ана бұған қатысты "Қазіргі балалар интеллектуалды, эмоционалды өте белсенді. Сол себепті тез шаршайды. Рухы әлсіз. Ата-ана тарапынан сүйіспеншілік пен достық қолдауын қажет ететінін" айтады.

"Барлық бала жақсы компьютер болмауы мүмкін, бірақ барлық бала керемет "ксерокс"


АҚШ өнер академиясының түлегі, кәсіби киносценарист-журналист Мұрат Есжан "баланың көз алды ата-ана үшін қасиетті жерге айналуы керек" дейді.
– Онда өтірік айтуға, теріс қылық жасауға, біреуді балағаттауға, жамандауға, арақ-темекіге жолауға, ұрсысуға, пара беруге, кісіге қиянат жасауға, заң бұзуға, тағы басқа теріс әрекет жасауға болмайды. Керісінше, жақсылықтарды балаға көрсетіп жасаған ләзім. Америкалықтар айтады, "барлық бала жақсы компьютер болмауы мүмкін, бірақ барлық бала керемет "ксерокс" деп. Өзің рөлде белдік тақпай, телефонмен сөйлесіп келе жатып, балаңа "балам, заңды сыйла" деп қалай ақыл айтасың? – дейді төрт баланың әкесі. Ол балаға интернеттен де жақын бола алмасақ, тізгіннен айырылу қаупін барын ескертеді.

Киносценарист-журналист Мұрат Есжан / Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан


Мұрат Есжан отбасындағы атмосфераны перзентпен үйлесімнің басты кілті деп түсіндіреді. "Жұмыстағы, тұрмыстағы мәселе отағасымен бірге есіктен ілесе еніп, елдің бәрінің ұнжырғасы түсіп, еңсесі езіліп тұрған үйде бала да өзін бақытты сезінбейді. Сондықтан, ерлі­-зайыптылар балалардың көзінше өзара ұрсыспау керек және үнемі балалармен сырласып, олардың өз ойын бүкпесіз айтуына мүмкіндік беріп отыруы қажет". Жас ата-аналарға ол мынадай төрт инсайт-кеңес ұсынады:
"Біріншіден, баланың тұлғалық ерекшелігіне емес, іс-әрекетіне баға беріп үйренгеніміз жөн. Бала табыстың кілті туа бітті қабілет емес, еңбек екенін, адам еңбектенсе ғана нәтиже болатынын біліп өсуі керек.
Екіншіден, балаға үнемі таңдау беру қажет. Ол еркімен жіберу деген сөз емес. Мысалы, оған екі таңдау бересіз. Асылы, ол екеуі де сіздің таңдауыңыз, бірақ, бала өзі таңдағанда, құлшынысы көбірек болады. Мәжбүрленген адам секілді сезінбейді. Оған "балам, бірінші сабағыңды оқып алып, содан соң есік алдын сыпырып тастайсың ба, әлде, бірінші сыпырып алып, сабағыңды сосын оқисың ба? Өзің таңдай ғой" деген секілді таңдаулар жатады.
Үшіншіден, біз баланың кем тұсын жөндеуге күш саламыз. Керісінше, қай салада қабілеті жоғары, қызығушылығы басым, сол бағытты қаузаған дұрыс.
Төртіншіден, қазақ арасында көп байқайтын әдет, балаға мотивация бере алмаймыз. "Сенің қолыңнан келеді" дегеннен гөрі, "осыны қоя сал", "одан да ананы бүйтсейші" деп бетін қақпайлаймыз. Осылайша, бір нәтижеге бір-ақ рет ұмтылып, болмай қалса, қолын сілтей салатын адамдарды тәрбиелеп жатырмыз. Өйткені, өзіміз де сондаймыз. Міне, осыдан арылу қажет".

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет