Параграф 3. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылық объектісіне жататын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және аса құнды құжаттарды есепке алу тәртібі
Байланысты: Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын
Параграф 3. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылық объектісіне жататын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және аса құнды құжаттарды есепке алу тәртібі
270. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылығы объектісіне жататын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары арнайы мемлекеттік есепке алуға жатады.
Бұл құжаттарға есепке алу парақтары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық игілік объектілері қатарына жатқызылған қатарына сипаттамасы жасалады.
271. Аса құнды құжаттарды есепке алу:
1) аса құнды құжаттары бар қор тізімі бойынша;
2) аса құнды құжаттар, істер тізімдемесі бойынша немесе аса құнды істердің нөмір (нөмірлік) тізімі бойынша жүргізіледі.
Аса құнды құжаттар, істер тізімдемесінде олардың алдыңғы есепке алу нөмірлері сақталып қалады.
272. Аса құнды істердің, құжаттардың тізімдемесі мұрағат қорындағы істер мен құжаттардың бір немесе бірнеше тізімдемесіне, аталмыш тізімдемедегі аса құнды сақ. бір./ес. бір. санына байланысты, мұрағатқа қажет данада аса құнды құжаттарға жасалады.
Егер құжаттар, істер тізімдемесіндегі мұрағаттық құжаттардың көптеген бөлігі аса құнды болып саналатын болса, аса құнды құжаттардың, істердің жеке тізімдемесі жасалмай, алдыңғы тізімдеме көшіріледі. Бұл жағдайда оған нөмірлік жасалады.
273. Сақтандыру қорын жасау мақсатында аса құнды құжаттарды, істерді көшіру туралы мәліметтер тиісті құжаттар, істер тізімдемесіне немесе олардың сақтандыру көшірмелерін жүргізгеніне қарай нөмірліктерге енгізіледі.
Қорытынды жазбада тізімдемеге немесе нөмірлікке енгізілген аса құнды сақ. бір./ес. бір. жалпы саны көрсетіледі. Барлық сақ. бір./ес. бір. көшіріліп біткен соң берілген тізімдеме немесе нөмірлікке - «Барлық сақ. бір./ес. бір. көшірілді, уақыты, қызметі, қолы» көрсетіледі.
274. Аса құнды құжаттар тізімдемесі, нөмірліктер, аса құнды құжаттар (бұдан әрі – АҚҚ), істер тізімдемесінің тізілімінде есепке алынады.
Мұрағаттық құжаттарды аса құнды құжаттарға жатқызғанда тізімдемеде «Ескертпе» бағанында сақ. бір./ес. бір. тұсына «АҚҚ» белгісі қойылады.
Басқа есепке алу құжаттарында «АҚҚ» белгісі мұрағаттық қордың нөміріне, құжаттар, істер тізімдемесі нөміріне қойылады, бұл белгі қызметтік болып табылады және сақ. бір./ес. бір. мұрағаттық шифрына кірмейді.