Ағылшын Билет жауаптары Билет 1 Introducing. Our college. Alphabet


The Noun (зат есім) – заттың атын білдіріп, кім, не, кімдер, нелер деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады



бет6/32
Дата08.06.2023
өлшемі73,56 Kb.
#99593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
The Noun (зат есім) – заттың атын білдіріп, кім, не, кімдер, нелер деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.
Мысалы:
who is this? – бұл кім?
what is this? – бұл не?
Ағылшын тілінде көптеген зат есімдер артикльдермен қолданылады (артикльдерді біз бөлек материалда қарастырамыз).
Зат есімдер бөлінеді:
1. лексикалық мағынасына қарай:
1) Жалқы есімдер (Proper) – ат, фамилия, географиялық атаулар, апта күндері т. б.:
John, Charles Dickens, Trafalgar Square, Moscow, the United Kingdom, Victory Day.
2) Жалпы есімдер (Common) – заттар, құралдар, әрекеттер, күйлер, сезімдер.
2. структурасына қарай:
1) жай man – ер адам, tank – танк
2) туынды (демек құрамында түбірден басқа суффикстер немесе префикстер, кейде екеуі де болуы мүмкін):
reportбаяндама, есеп teacher – мұғалім detachment – бөлім,
3) күрделі (екі немесе одан да көп түбірден тұрады):
headacheбас ауруы workman – жұмысшы
3. көпше түрінің жасалу жолына қарай:
1) дұрыс (көпше түр –s жұрнағы арқылы жасалады):
a map (карта) – maps (карталар) a pen (қалам) – pens (қаламдар)
Орфографиялық ерекшіліктері: егер сөз -o, -s, -ch, -sh, -x, ке аяқталатын болса -es жалғану арқылы жасалады:
hero (батыр) – heroes (батырлар) dress (көйлек) – dresses (көйлектер)
егер сөз алдында дауыссыз тұрған -y әрпіне аяқталатын болса, -y -i болып ауысады , сөз соңы -ies болады;
city (қала) – cities (қалалар)
түбірдегі -f, -fe -ve ге ауысып, сөз соңында -ves болады;
leaf (жапырақ) – leaves (жапырақтар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет