4Б сыныбында 17 оқушы бар. Менің оқу жылы бойынша сапа көрсеткішімнің ішіндегі ең төменгі сапа берген сынып. Сыныпта үлгерімі жоғары оқушылар да баршылық.Олар Нұрболат М, Құрманжан Т, Нусипахын С және Атығай Ж-ды атауға болады. Сыныптың сапа көрсеткіші - 41%. Себебі сыныпта бірнеше оқушының есте сақтау қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз, үй тапсырмасын орындамайды, сабаққа мүлде немқұрайлы қарайды. Сондай-ақ үйде ата-ана тарапынан қадағалау жоқ.Атап айтар болсам, Анарбек А, Аманбек Г, Оразалы А, Абдықалықова А.
5Ә, 8Ә және 9Ә сыныптары жалпы 51.6% сапа көрсеткішін көрсетті. Жекелеген сыныптарға тоқталсам,
5Ә сыныбында сапа көрсеткіші бірінші тоқсанда - 47% , екінші тоқсанда - 41%, үшінші және төртінші тоқсанда - 47% -ы көрсетіп тұр, яғни екінші тоқсанда 6%-ға төмендеп, үшінші тоқсанда қайтадан көтерілді. Өйткені Бәкір М тест жұмыстарынан төмен баға алып, тоқсандық бағасы «3» болды. Сыныптың білім сапасын айтарлықтай төмендетті. Оқушылар ағылшын тілін бірінші жыл оқып отыр. Сондай-ақ бағдарлама өте күрделі. Бір сабаққа берілген тапсырмалар өте көп.Дегенмен де есте сақтау қабілеті жоғары оқушылар баршылық. Мысалы Жақан Г, Масент Д, Нұрданғали Г, Асқар М және Бақыт А сияқты оқушылар ағылшын тілін қызығушылықпен оқып, жоғары білім деңгейін көрсетті және де «British Buldog» интеллектуалдық ойынына қатысты.Осы ойында Бақыт Ардақ жүлделі екінші орынды иеленіп, дипломмен марапатталса, басқаларына сертификат табыс етілді. Бұл сыныпта сондай-ақ білім деңгейі төмен оқушылар да бар. ҚораласА, Жанболат М, Молдабаев Е, Барат А –дың есте сақтау қабілеттері төмен, сабаққа немқұрайлы дайындалады. Үй тапсырмасын мүлде орындамайды, факультатив сабаққа да келмейді. Барат Абылай берілген ағылшын тілі оқулығын да жоғалтқан.
8Ә сыныбы бірінші және екінші тоқсандарда - 56%, үшінші тоқсанда - 50%, ал төртінші тоқсанда - 56% білім сапасын көрсетті. Бұл сынып бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда білім сапасын 6%-ға төмендетіп тұр. Себебі Тұрсынәлі Д мен Жолдасбай Ш бұл тоқсанда өздерінің сабаққа немқұрайлы дайындықпен келгенін көрсетті. Берілген тапсырмаларды да уақтысында орындамай келді. Ал Қонай Аружан сыныптағы үздік оқушы. Аружан ағылшын тілінен ғана үздік емес, ол сыныптағы озат оқушы, сынып мақтанышы. Сондай-ақ «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған фестивальде Қонай Аружан «National traditions of the Kazakh people» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал 9Ә сыныбы бірінші тоқсанда 55%-ы білім сапасын көрсеткен.Ал екінші және үшінші тоқсандарда 50%-ы көрсетіп отыр. Өйткені бұл тоқсандарда Баубек Сырым мен Сматова Жанаргүлдің қорытынды бағасы «3» болды. Сырым мен Жанаргүл үй тапсырмасын толық орындамады, сабаққа жүйелі дайындалмай келді, жұмыс дәптеріне толық жазбады. Келесі тоқсанда бұл оқушыларға сабаққа жүйелі дайындалу ескертілді. Сыныпта пәнді қызығушылықпен оқитын оқушылар да бар. Олар Әуелбекова А, Сламжан Б және Солтанбек Ж. Әуелбекова Аяулым пән бойынша мектепішілік өребәйгеден бірінші орын алып, аудандық өребәйгеге қатысты.Болашақта тіл маманы болсам деген арманы бар. Аяулымнан үлкен үміт күтемін.