Ағылшын тілі пәні бойынша 2016-2017 оқу жылындағы оқу бағдарламасының орындалуына және пәннің оқытылу сапасына қорытынды сараптама Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Сол себепті ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау.
2016-2017 оқу жылында маған бөлініп берілген жүктеме – 22 сағат. Оның 20 сағаты 0 мен 9 сыныптар бойынша негізгі сағат, үйден оқитын 9Ә сынып оқушысы Абдрей Дарханда - 1 сағат және 1 сағат - 5Ә сыныбындағы факультативтік сабақ .
Мемлекеттік стандарттың орындалуы 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларын жүзеге асыру аясында және 2016-2017 оқу жылына арналған «Әдістемелік нұсқау хатты» басшылыққа алып құрылған күнтізбелік жоспардың уақытында орындалуы өзімнің қадағалауымда жүзеге асырылды.
Ағылшын тілі пәнінен бастауыш сыныптар бойынша 0А, 0Ә, 1а, 1ә, 1б, 2а, 2ә, 3а, 3ә, 4ә, 4б сыныптарына және 5-9 сыныптар бойынша 5ә, 8ә, 9ә сыныптарына сабақ беремін.