2А сыныбында 10 оқушы болған, бірақ мамыр айының басында Манаспай С деген ұл бала келді.Сыныптың сапасы -54% . Бірінші жарты жылдықпен салыстырсам сапа 16%-ға төмендеген. Себебі Қыдырбай А мен Али А екінші жарты жылдықта сабаққа мүлде дайындықсыз келіп, сыныптың сапасын едәуір төмендетті. Пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар деп Тұрсын М. Жолдасбай Ж, Уалихан Т, Нағашыбек А, Байбулат А атауға болады.Бұл оқушылар сабаққа үнемі дайындықпен келеді. Ал Нурсеитова А мен Сейлбай А –дың есте сақтау қабілеттері төмен, берілген үй тапсырмасын да орындамай келеді.
2Ә сыныбында20 оқушы бар. Бұл сынып былтырғы оқу жылында екі топқа бөлініп оқытылған. Биылғы оқу жылында бөлінбей қалды. Әрине, 45 минутта 20 оқушымен жұмыс жасаған өте қиын. Сабақ аптасына бірақ рет болады. Сыныптың білім деңгейі орташа, білім көрсеткіші - 45%. Бұл сыныпта сабаққа немқұрайлы дайындықпен келетін оқушылар баршылық. Атап айтсам, Ержанұлы Б, Даулетбай М, Қалдыбай А, Марат Д, Джандаров Ә, Нұртаза С.
3А сыныбында 12 оқушы бар. Бұл сыныптың білім деңгейі жақсы, сапасы -66%. Үнемі сабаққа дайындықпен келетін оқушылар - Бағашар Ж, Тумабек Б, Байқоныс Е, Абдуали А, Қайып Г және Тұрсынқызы М. Ал Серік Б, Құнақын Ұ, Серік А, Алимхан А –дың білім деңгейлері тұрақсыз.Сабаққа бірде дайындалып, бірде дайындықсыз келеді. Сыныпта үлгерімі төмен оқушылар - Чаймерденов Б, Нұрбақ А. Бұл оқушылардың қабылдауы қиын, есте сақтау қабілеттері төмен және жазу каллиграфиясы да нашар.
3Ә сыныбында 11 оқушы бар. Бұл сыныпта атына заты сай Бекболат Дарын деген өте қабілетті оқушы бар. Дарынның пәнге деген қызығушылығы , есте сақтау қабілеті өте жоғары, сабаққа да үнемі дайындықпен келеді.Екінші тоқсан бойынша сыныптың білім сапасы өте төмен болды /36%/. Дегенмен де екінші жарты жылдықта Молдахмет С мен Мұхит Э сабаққа тиянақты дайындықпен келіп, сыныптың сапасын 18%-ға көтерді. Сондай-ақ бұл сыныпта пәнге деген қызығушылығы төмен оқушылар да бар. Олар Манасбай Н, Абдрей М,Нұрқасым
4Ә сыныбында 22 оқушы бар. Бұл сынып та осы оқу жылына дейін яғни, 4-ші сыныпқа дейін топқа бөлініп оқытылып келген. 22 оқушымен жұмыс істеу өте қиын болды. Сабақта барлық оқушыны қамту мүмкін болмады. Сол себепті де сыныптың сапасы бірінші жарты жылдықта 40% - ы ғана көрсетті. Дегенмен де екінші жарты жылдықта Амантай А мен Болатбай А сабаққа қызығушылық танытып, сыныптың сапасын 18%-ға көтерді.