АҒылшын тілі сабақтарында оқытушының аудиторияны ұйымдастыруы және оқыту технологияларын тиімді қолдану әдістері



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі363,72 Kb.
#6555

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУШЫНЫҢ  

АУДИТОРИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ  

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ 

 

Н.С. Абубакирова 

(Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және  



өнерді насихаттау орталығы, Шымкент қ., Қазақстан

 

Ғылым  мен  техника  дамыған  және  елдердің  өзара  бәсекелестігі  күн 



сайын  күшейе  түскен  ХХІ  ғасырда  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  жан-

жақты  тереңдеп,  ағылшын  тілін  меңгеру  аса  қажет.  Оның  үстіне,  еліміздің 

дүние  жүзіндегі  дамыған  50  елдің  қатарына  ену  стратегиялық  бағытын  іске 

асыру үшін, шетел тілін, әсіресе ағылшын тілін меңгерген білімді де білікті 

ұрпақ тәрбиелеудің маңызы зор.  

Ағылшын  тілін  сапалы  оқытудың  кілті  –  оқытушыда.  Бүгінгі  таңда 

оқытушылардың  өз  біліктілігін  өсіру,  сабақ  алды  дайындық  қызметі, 

аудиториядағы  ұйымдастыру  қабілеті,  оқыту  әдістемесі  т.  б.  барлығы  да 

оқыту сапасына тікелей әсер ететін факторлар болып табылады.  

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеті: 

-  сабақ  барысында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  әрбір  тіл 

үйренушінің  ойлау  қабілетінің  дамуына,  пікір  алмасуға,еркін  сөйлеу 

әрекеттерін жандандырып, сауатты жазуына толығымен мүмкіндік туғызу; 

-  тіл  үйренушілерді  шет  елдердің  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрыптары  мен 

күнделікті тыныс тіршілігімен таныстыру

-  оқыту  технологияларына  қатысты  оқу  құралдарын  зерттеу,  оны 

тәжірибеге енгізу. 

Білім  беру  саласының  негізгі  бағыты  жан-жақты  білімді,  сауатты, 

ынталы,  адамгершілігі  мол  азаматты  тәрбиелеу.  Қазіргі  қоғамдағы 

әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мемлекеттік  тіл  мен  қатар  ағылшын 

тілін оқытып үйретудің жаңа жолдарын іздеу талап етіп отыр. Соның ішінде 

ең маңыздысы төмендегідей. 

1. Оқытушының сабаққа толығымен дайын болуы шарт

Әр  бір  оқытушы  сабақ  өтер  алдында  жан-жақты  мұқият  дайындалып, 

оқытудың  бағыттарын  күшейтіп,  ағылшын  тілін  оқытудың  тиімділігін 

арттырулары керек. Сабақ алды дайындықтың толық болуы – сабақты сапалы 

өткізудің кепілі. Егер сабаққа оқытушының дайындығы жақсы болса, оқыту 

нәтижесі де жақсы болады. Оқытушы сабаққа дайындалу  барысында, өзінің 

білім  өресі  мен  кәсіптік  қабілетін  шыңдап  қана  қоймай,  методикалық 

тәжірибені де жинақтайды. Оқытушының оқулықты талдап зерттеуі, оқулық 

жөніндегі  түсінігін  тереңдетіп  оқытудың  жаңа  жолдарын  және  әдістерін 

табуына қөмектеседі. 

2.  Тіл  үйренушілердің  деңгейіне  қарай  сабақ  өту  және  оқыту 



бағдарламасын жан-жақты қарастыру

Бағдарлама – күнделікті оқыту жұмысының басты құралы. Ол әр кезеңде 

оқыту  жұмысының  түйіні,  нысанасы  және  оқыту  моделі  жақтарында 


маңызды  рөл  атқарады.  Бағдарламаны  мұқият  зерттеу  арқылы,  әр  кезеңде 

оқыту  жұмысына  жалпылық  таным  қалыптасып,  ұзақ  мерзімді  оқыту 

жоспарын  жасап,  әрбір  тараулардың  мазмұны  жөнінде  нақтылы  нысананы 

белгілеуге болады. 

Оқытушылардың  оқулықты  пайдалану  тәсілі  әр  түрлі  болады.  Кейбір 

оқытушылар  тек  ғана  оқулық  бойынша  сабақ  өтеді,  кейбір  оқытушылар 

оқулыққа  сүйенгенімен  оның  кейбір  мазмұндарына  өзіндік  өзгеріс  енгізеді, 

ал кейбір оқытушылар оқушылардың деңгейіне қарай өзі материал жинақтап 

сабақ  өтеді.  Дегенмен,  сабақтың  ретті,  ұласпалы  ғылыми  өтілуі,  сабақ 

оқытудың  тиімділігін  арттыру  бұл  үшін  оқулықты  зерттеп,  оның 

құрылымдық жүйесін және оқыту мақсатын анық білу керек. 

3.  Оқыту  әдістерін  жан-жақты  қарастыру  және  тіл  үйренушілердің 



деңгейін зерттеу. 

Бағдарлама  жалпы  бағыт  бағдар  бергенімен,  нақтылы  оқыту  әдісін 

оқытушы өзі белгілейді. Сондықтан ағылшын тілін оқыту барысында тыңдау, 

сөйлеу,  жазу  және  аудару  сияқты  оқыту  принциптері  мен  әдіс-тәсілдерін 

жақсы  игеру  керек.  Сабаққа  дайындалғанда  әр  сабақтың  мазмұнын  толық 

жеткізу,  мәселені  шешу,  үйрену  тактикасын  жаттықтыру,  іс-әрекет 

ұйымдастыру,  қабілетін  жетілдіру  сияқтылардың  барлығына  нақтылы  әдіс-

тәсіл ойластыру керек. 

Сабақтың  жанды  да  жалынды  өтілуі  үшін  үйренуші  тұлғалардың 

белсене ат салысуы өте маңызды. Сабаққа қызыға қатынасуына кепілдік ету 

үшін,үйренушілердің оқу деңгейі мен үйрену стилі сияқты жақтарын мұқият 

зерттеп,  өтілетін  сабақтың  мазмұны  мен  формасын  студенттердің  нақтылы 

жағдайына  қарай  бейімдеу  керек.  Осылай  істегенде  ғана  сабақ  сіңімділігін 

жоғарлатуға болады. 

4. Оқу-танымдық деңгейіне, жас ерекшелігіне мән беру. 

Оқу-танымдық деңгейі жастың өсуіне байланысты дамып отырады. Оқу-

танымдық  қабілетінің  әр  түрлі  болуына  байланысты  тіл  үйренушілердің 

үйрену  тәсілі  де  сан  түрлі  болады.  Мысалы,  жас  жеткіншектердің  көбі 

практикалық  үйрену  тәсілін  ұнатса,  ересектер  талдау  жасау  тәсілі  арқылы 

үйренуді  ұнатады.  Кейбір  топтағы  оқушылар  танымдық  қабілеті  әр  түрлі 

болатындықтан, оларға да түрліше оқыту әдісін қолдану керекЖас шамасы 

әр түрлі адамдардың оқу-танымдық деңгейі және талғамы болады. Көбінесе 

тіл үйренушілер сабақтың ойын және тақырыпты талдау тәсілдерін ұнатады. 

5. Аудиториядағы сабақты ұйымдастыру

 


Тіл үйренушілерге жақсы оқулық таңдалғаннан кейінгі шешуші нәрсе – 

оқытушының 

осы 

оқулықты 



мүмкіндігінше 

толық 


пайдаланып, 

үйренушілердің  тілге  деген  қызығушылығын  арттырып,  оларға  мол  тілдік 

білім беруінде. Аудиториядағы ұйымдастыру – сабақты жақсы өтудің бірден-

бір факторы, ол аудиториядағы оқыту іс-әрекетінің сәтті жүргізілуіне тікелей 

әсер етеді. 

Аудиториядағы  сабақты  ұйымдастырудың  маңызы  мен  құрылымы. 

Оқытушының  аудиториядағы  басты  міндеті  –  үйренуге  тиімді  орта 

ұйымдастыру.  Аудиториядағы  сабақтың  сәтті  өтілуі  ұйымдастыру 

тактикасының  ұтымдылығына  байланысты.  Сабақты  қалай  бастап,  қалай 

аяқтау,  оқытушының  қалай  нұсқау  беруі,  сабақ  өту  барысында  қандай 

атқаруы,  міне,  осылардың  барлығы  аудиториядағы  сабақтың  сәтті  өтілуінің 

кепілі. 


Аудиториядағы  ұйымдастыру  жалпы  алғанда  оқытушының  мақсатына, 

ұйымдастыру шеберлігіне байланысты болады. Аудиториядағы ұйымдастыру 

шешім жасау және әрекет ету болып екіге бөлінеді. Шешім жасау – қандай 

шара  қолдану,  бұл  шараны  қашан  және  қалай  қолдану  сияқты  жақтарды 

қамтиды. Ал, әрекет ету – осы шешімдерді нақтылы орындау барысы болып 

табылады.  Аудиториядағы  ұйымдастырудың  ең  негізгі  шеберлігі  –  түрлі 

мәселелерді бір жақты ету, мәселелерді шешудің әдісі мен ұтымды әрекетін 

дұрыс 


талдау 

сияқты 


жақтарынан 

бейнеленеді. 

Аудиториядағы 

ұйымдастыру,  оқытушының  нұсқау  беру,  іс-қимылды  ұйымдастыру  тәсілі, 

зейін  қойып  тыңдамайтын  студенттерді  қалай  басқару  және  оқыту 

жұмысының  ретін  бақылау  әдісі  сияқтыларды  қамтиды.  Осы  мәселелерді 

дұрыс шешу әрбір оқытушының міндетті. 

Аудиториядағы  оқыту  жұмысын  ұйымдастыру  оқытушының  толық 

дайындығын  қажет  етеді.  Оқытушының  басты  міндеті:  мәнді  мағыналы, 

қызықты  және  шынайы  материалдарды  тауып  аудиториядағы  іс-әрекетті 

ұйымдастыру барысында оқытушы өзінің орнын дұрыс таба білу. Оқытушы 

аудиторияда  ұйымдастырушы  (organizer)  ғана  емес,  бақылаушы  (controller), 

тексеруші  (assessor),  жебеуші  (promter),  қатысушы  (participant),  ақпарат 

беруші  (source  of  information).  Демек  оқытушының  оқыту  жұмысына 

лайықты  араласуы  тіл  үйренушімен  оқытушы  арасындағы  үйлесімді 

байланыс орнауына септігін тигізеді. 

Оқыту технологияларын тиімді қолдану әдістері: 

1.  Саралап  оқыту:  Мұндай  оқытудың  басты  мақсаты  –  дарынды 

балаларды  зерттеу,  қолдау  және  мадақтау.  Саралап  оқытуда  елеулі 

жетістіктерге  жету  үшін  мынадай  мақсаттар  қою  керек:  а)  нақтылы 

бағдарлама жасау; б) материалдық базаның жеткілікті болуы. 

2.  Дамыта  оқыту:  Дамыта  оқыту  өте  күрделі,  біртұтас  педагогикалық 

жүйе.  Дамыта  оқытудың  мақсаты  мәтінде,  мазмұнында,  оқытушының  рөлі 

мен 


атқаратын 

қызметінде, 

әдіс-тәсілдерінде, 

тіл 


үйренушінің 

белсенділігінде.  Дамыта  оқыту  үрдісінде  білім  дайын  берілмеуі  тиіс,  тіл 

үйренуші  тереңіне  қарқынды  ой  еңбегін  қажет  ететін  тапсырманы  орындау 

арқасында жетуі керек. 



3. Интербелсенді әдіс: Интербелсенділік деген сөз, «антеракция» деген 

ұғымнан шығады. Ал, интеракция жеке тіл үйренушілердің, топтың, жұптың 

өзара  біріккен  әрекетке,  бір-біріне  алма  –  кезек  әсер  етуі.  Бұл  әдіс  сұхбат 

құруда  тіл  үйренушілердің  белсенділігін  арттырады.  Бірігіп  жұмыс  істеуге 

үйретеді. 

4. Ақпараттық әдіс: «Ақпарат» дегеніміз не? «Ақпарат» сөзі түсіндіру, 

баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді. Ақпараттық процестерді жүзеге 

асыратын негізгі құрал компьютер екені баршамызға белгілі.  

Ақпараттың түрлері төмендегідей: 

 

Кinds of information 



Literature 

Textual 


texts, topics, advertisments e.t.c. 

numeral 


digit-multiplication table, exercises 

picture information 

pictures, tables, fotos e.t.c. 

musical 


sounds, music, words. 

video  


films, short dialogues e.t.c. 

 

 



Осы  кестедегі  келтірілген  акпараттар  мен  әдебиеттер  туралы 

мәліметтерге  жасалған  талдау,  олардың  өзара  ұқсастығы,  әдебиеттерде, 

берілетін ақпараттар тәлім-тәрбие мен білім көзіне жатады және акпараттық 

дүниетанымдық қызмет атқарады. 

 

Әдебиеттер 

 

1.  Пассов  Е.И.  Урок  иностранного  языка  в  средней  школе.  –  М.:  «Просвещение», 

1988. – 223 с. 

2.  Пассов  Е.И.  Коммуникативный  метод  обучения  иноязычному  говорению.  –  М.: 

«Просвещение», 1991. – 222 с. 

3. [Электронный ресурс] Режим доступа: 

http://www.monografias.com/ trabajos18/the-

communicative approach/the-communicative-approach.shtml



 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет