Ағылшын тілін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#6608
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту жəне бақылау қызметерін іске асырады. 

Ал оқушының міндеті- оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара-

қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену жəне шет тілінде түсінгенін 

айтып, еркін сөйлеуге талпыну жəне мəтінде кездесетін таныс емес 

сөздердің мағынасын түсіну. 

    Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы. Мұғалімге    

қойылатын талап- оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. 

Оқушыны оқу материалының (тілдік жəне сөйлеу) дағдыларын үйретуге, 

жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдастыруы тиіс. 



  Мұғалімнің бастапқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, 

себебі, шет тілі- оқушылар үшін жаңа пəн жəне ана тілінен кейінгі екінші 

тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескерген жөн. Бірінші сабақтардан 

бастап əр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет, ол үшін оқыту тəсілі 

мен тəртібін дұрыс құра білу керек.  


 Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету жəне 

үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілді ауызша жəне жазбаша 

қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады. 

 Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының білуі жəне 

жаттығуды қалай орындағанын, байланыс құралы ретінде қолданғанда 

немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б. анықтау жатады. 



3.Оқушының қызметтері. Оқушының негізгі міндеті- оқу құралдарымен 

танысып, формасын, маңызын жəне қолдануын түсіне білу. Келесі 

міндеті- жаттығу. Жаттығу дегеніміз- оқу материалын бірнеше рет есту, 

сөйлеу жəне көру мүшелері арқылы өткізіп, оны есте сақтау. 



    Шет тілін жаттығусыз оқып- үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір 

міндеті- қолдану, яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана 

білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-əрекеті тығыз 

байланысты, бұл оқытудың əдістемесін анықтауы қажет. 

 Əдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен 

танысуына , жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Əдістеме 

дегенімізді оқушының оқуын басқару тəсілі деп түсінуімізге де болады. 

И.Л.Бим көрсеткендей, əдістеменің негізгі жəне қосалқы түрлері бар. 

Негізгі əдістемеге:  

1) 


таныстыру 

2) 


жаттығу 

3) 


қолдануды жатқызуға болады 

               Қосалқы əдістемеге: 

1) 

бақылау 


2) 

түзету 


3) 

бағалау жатады 

               Ал оқушының қызметінің негізгі əдістеріне 

1) 


танысу 

2) 


жаттығу 

3) 


қолдануды жатқызуға болады. 

               Қосалқы əдістерге өзін бақылауды алуға болады. 



  

         №5,6 дəріc 

 Шет тілін оқытудың мақсаттары 

Дəріс мазмұны 

• Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік 

• Тəрбиелік мақсаты 

• Білім беру мақсаты 

• Дамыту маңсаты 

• Əр сабақтың негізгі жəне қосалқы мақсаттары 

Ағылшын  тілін  оқыту  мақсаттары  мен  міндеттері.  Оқытудың  мақсаты 

оқу бағдарламасымен айқындалады. 

Оқу  бағдарламасында  пəн  атаулары  мен  тақырыптары,  сағат  саны 

белгіленеді,  бұл  оқытудың  негізгі  құжаты  болып  табылады.  Бұл  құжат 



оқулықпен  салыстыру  барысындағы  өзгерістердің,  толықтырулардың 

көрінісі.  Сондықтан  мұғалім  өзінің  оқыту-тəрбие  жүмысын  осы 

бағдарламаларға  сүйене  отырып  жоспарлап,  жүзеге  асыруы  тиіс. 

Бағдарламаның  түпкі  жəне  қосалқы  мақсаттарын  ажырата  білу  керек, 

себебі əр сабақтың негізгі жене қосалқы мақсаттары болады. 

Негізгі жөне қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы 

мұғалім үшін айқын болуы керек. Оқытудың негізгі үш түрі бар: 

1)тəрбиелеу 2)ағарту 3) дамыту 

Оқыту мақсатының төрт түрі бар: 

1) тəрбиелік 

2) дамыту 

3) ағартушылық 

4) тəжірибелік (практикалық) 

Оқытудың тəрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін 

оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай 

сөйлейтінін естігісі жене сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді 

ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, 

заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін 

тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы 

керек, ол тыңдай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мəдениетті сөйлей білуге 

шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға - дос, жолдас, бауыр" 

деген моральдық қағиданы есте ұстаған жөн. 

Оқушылар  оқуға  үйренеді,  кітап  оқи  білудің  тəрбиелік  маңызы  зор. 

Ағылшын  тілінде  оқуды  үйрету  оқу  мəдениетін  көтеруге  көмектеседі. 

Сондай-ақ  мəнерлеп  оқу  да  оқушының  мəдениеттілігін  көрсетеді.  Оқу 

арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады. 

Балаларды  оқи  білуге,  ақыл-ой  еңбегінің  тəсілдеріне  үйрету  керек,  ол 

жазбаша  жəне  ауызша  жаттығулар  жасау  үшін  ңажет.  Оқушылар 

оқулықты,  сөздікті  жəне  анықтамалықтарды  пайдалана  білуі  керек, 

оңулық  белгілерін  түсіне  білуі  керек.  Оқыту  эстетикасы  талғамды  да 

қалыптастырады. 

Ағылшын  тілінде  білім  алу  мен  тəрбие  "еducation"  деген  бір  сөзбен 

беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. 

Оқытудың  дамыту  мақсаттары.  Дамыту  мақсаттарын  оқушылардың 

сезім,  қозғалыс,  ақыл-ой,  ерік-жігерін  дамыту  арқылы  жүзеге  асыруға 

болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес. 

Оқу-ұйымдастыру  білігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  дамытушылық 

мақсаттардың  негізі  болып  табылады.  Себебі,  оқушының  тіл  білімі 

деңгейін  жоғарлату  жəне  сол  тілде  ойлауды  дамыту  -  тіл  білімін 

дамытудың басты мақсаты. 

Əйтсе  де,  оқытудың  барлық  мақсаттары  өзара  тығыз  байланысты. 

Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену 

үшін өте маңызды. Сондықтан осы мақсаттарды алға қою арқылы қалаған 

тілді меңгеруге болатынын көреміз. 



Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық 

қызметі өте зор. Əрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мəдениетінің 

тікелей көрсеткіші (мəселен, француз тілі - француздар мəдениеті туралы 

хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мəдениетінің көрсеткіші болып 

келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық 

туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының 

бəрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты. 

Ана  тілін  оқып  үйренгенде  тілдің  негізгі  құралдары  -сөздер  мен 

грамматикалық  формалар  туралы  түсінік  қалыптасады.  Ал,  шет  тілінің 

терминдерімен  салыстыру  арқылы  оқушы  туған  тілдің  сөздері  мен 

грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғалім 

бірінші  сабақтан  бастап  ана  тілі  мен  шет  тілін  салыстыра  отырып 

оқытады. 

Мысалы:  Верещагина,  Притыкина  ағылшын  тілін  өлең  арқылы 

таныстыруды  үсынады  ("What  is  your  name?").  Мысалы,  дауысты 

дыбыстың  үзақ-қысқалылығы,  т.б.  сипатына  қарай.  Шет  тілінде  оқыту 

логикалық  ойлауды  дамытады.  Мысалы,  Listen,  read  and  comparе.  Тілді 

үйрену  тыңдау,  көру,  есту,  қозғалыс  мүшелерін  белсенді  пайдалануға 

үйретеді, ол есті, зейінді, қиялды, ұғымды дамытады. 

Оқытудың  тəжірибелік  мақсаты.  Оқытудың  тəжірибелік  мақсатын 

түсіну  үшін  шет  тілі  пəнінің  ерекшелігімен  танысуымыз  қажет.  Тіл  - 

сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. 

Бұл 

пəнді 


оңытуда 

оқушылар 

шет 

тіліндегі 



атаулармен, 

құбылыстарымен  танысады.  Танысу  ауызша  жəне  жазбаша  түрде  жүреді. 

Осы  екі  түрді  меңгеру  шет  тілін  игерудің  тəжірибелік  мақсаты  болып 

табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша жəне жазбаша түрде пайдала-на 

білуі тиіс. 

Шет  тілін  тыңдап  түсіне  білу  (аударғанша)  жөйе  сөйлей  білу  ауызша 

түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе 

жазу жəне шет тілінде жазылған мəтінді оқи білу жатады. 

Сызба түрінде былай көрсетуге болады: 

  Тілдің қатынас құралы 

 

Тыңдау,  сойлеу,  жазу  жəне  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  оқушының 



тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей əсер етеді. 

Тілді  жақсы  меңгеру  үшін  бастауыш  сыныптарда  осы  төрт  дағдының 

негізін  берік  қалыптастыру  қажет.  Бастауыш  кезеңде нені  оқып  үйренуге 

болады? 


Жоспарланған  нəтижелер  оқу  бағдарламасында  көрсетілген.  Оқыту 

əдістемесін  кешенді  дұрыс  пайдалану  -  оны  оқытудағы  белгілі  бір 

нəтижеге  жетуге  болатынын  көрсетті.  Мысалы,  5-сыныпта  1  минут 

үзақтығындағы  сезді  түсінуге  мүмкіндік  бар.  Мысалы:  "On  a  Sunday  in 

spring?"  мəтінінде  1000  баспалық  белгісі  бар  мəтінде  "Кім?  Қайда? 

Қашан?" сұрақтарына жауап беретін ақпарат жəне тəрбиелік мəні бар. 



Бастауыш кезеңнің аяғында оқушы мыналарды білу тиіс: 

- Амандасу – Good morning!! 

- Қалын сұрау - Неllо! H

OW 


are you? 

- Қоштасу - Goodbye! 

- Таныстыру – Тhis is Міке. 

- Жауап беру - Неllо! Glad to meet you. 

- Туған күнмен қүттыңтау - Нарру вirthdау! 

- Жаңа жылмен қүттықтау - Нарру New Үеаr! 

- Рұқсат сүрау - Мау I ......  

- Кешірім сүрау - I аm sorrу. 

- Рахмет айту - Тhank уоu! 

-  Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, 

мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып жəне суреттеп беру. 

Сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою. 



Бастапқы кезде оңу мен жазу негіздері қаланады. 

Оқушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу тех- 

никасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. 

Дауыстап оқу, жазу бірінші оқу кезеңінде қалыптастырады. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Неліктен əрбір мұғалім оқыту бағдарламасын толық білуі тиіс? 

2. Орта  жəне  орташа  мектептерде  шет  тілін  оқыту  қандай  мақсаттарды 

көздейді? 

3. Шет тіліне оқытудың үш мақсатының негізгі мəні неде? 

4. Шет тілінің оқыту багдарламасын алып, оқыту мақсаттарымен толық 

танысып шығыңыз. 

5. Бағдарламаның  түсініктемесін  қарап  шығып,  шет  тіліне  оқытудың 

мақсаттарын анықтаңыз. 

6. Өзіңіз  сабақ  беретін  сыныптардағы  сөйлеу  іс-əрекеттерінің  сандық 

жəне сапалық ерекшеліктерін анықтаңыз. 

7. Осы  тақырыппен  танысқаннан  кейін  мүғалімдерге  арналған  түрлі 

оқулықтармен танысып шығыңыз. 

 

№ 7,8 дəріс 



Ағылшын тілін оқытудың мазмүны 

Дəріс мазмұны 

• Оқытудың мазмұны - əдістеменің негізгі мəселесі 

• Лингвистикалық компонент 

• Психологиялық компонент 

• Əдістемелік компонент 

Оқытудың  мазмұны  əдістеменің  негізгі  мəселесі  болып  табылады. 

Мазмұн  ағылшын  тілін  пəн  ретінде  қалай  жəне  нені  оқыту  керектігін 

анықтайды. 

Оқытудың мазмұны негізгі 3 компоненттен тұрады: 


1) лингвистикалық 

2) психологиялық 

3) əдістемелік 

Мүғалім  осы  3  компонентке  байланысты  нені  оқытуды  білуімен  қатар, 

неге осы 3 компонентке сүйеніп оңыту керек екенін білуі керек. 

Лингвистикалық  компонент.  Лингвистика  ғылымынсыз  оқытудың 

мазмұнын  анықтау  мүмкін  емес.  Лингвистика  ғылымы  -  тілді  белгілі  бір 

таңбалар  жүйесі  ретінде  зерттейді.  Адамдар  бұл  таңбалар  жүйесін  өзара 

түсінісу  үшін  қолданады.  Ал  əдістеме  осы  белгілерді  оқыту  жолдарын 

іздейді. 

Лингвистика 

тілдің 

нормаларын, 



оның 

дыбыстың, 

морфологиялық-синтаксистік,  лексикалық  жақтарын,  оның  ауызша  жəне 

жазбаша түрлерін зерттейді. 

Сонымен  бірге  тілдің  белгілі  бір  белгілер  жүйесі  мен  қызметін 

қарастырады.  Ал  сөйлеу  дегеніміз  -  осы белгілер  жүйесін  қарым-қатынас 

барысында  қолдану.  Тіл  мен  сөйлеу  бір  қүбылыстың  екі  құрамдас  бөлігі, 

олар бір-бірін толықтырады. 

Тілдің  жəне  сөйлеудің  өзіне  тəн  бірліктері  бар.  Тілдің  бірліктеріне: 

фонема, морфема, сөз, фразеологиялық бірлік, микро жəне макромəтіндер 

жатады. 

"Оңытудың  мазмұнын  анықтауда  тілге  немесе  сөйлеуге  үйрету  керек 

пе?", "Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе əлде сөйлеуді үйрету керек пе?" 

деген сұрақтар пайда болады. 

Тілді  лингвистикалық  феномен  ретінде  оқытса,  ол  тəжірибелік  қарым-

қатынас  құралы ретінде  қолданылмайды. Егер  грамматиканы, лексиканы, 

фонетиканы  карым-қатынас  құралы  ретінде  қолдануда  бір-бірінен  бөлек 

оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды. 

Ағылшын  тілін  оқытуда  сөйлеуден  тілге  қарай  жүру  жүйесін  сақтау 

немесе  тілді  ұйымдастырған  мақсатты  сөйлеу  процесі  арқылы  үйрету 

керек.  Сөйтіп,  мазмұнның  лингвистикалық  компоненті  шығады,  оған 

мынадай  тілдік  материалдар  жатады:  нақты  іріктелген  фонетикалық, 

грамматикалық, лексикалық минимумдер жəне тілдік материалдар, сөздік 

үлгілер.  Іріктеу,  жүйелілік  жəне  мөлшер  қарым-қатынастың  мөлшеріне 

байланысты.  Тілдік  үлгі  сөйлем,  диалог,  монолог  түрінде  беріледі  жəне 

сөйлемнің түрлері ретінде беріледі. Осындай тілдік үлгілер тілдің жүйесін 

құрайды жəне ол үйренушінің есінде қалады. 

Ал  оқыту  бірліктері  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  сөйлемдер 

арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады. 

Оқыту  мазмұнына  тіл  білімінің  əлеуметтік  лингвистика  бөлімі  де  əсер 

етеді.  Бүл  бөлімде  тілдің  мəдениетпен,  қоғаммен  қарым-қатынасы 

зерттеледі. 

Лингвистика  əдістеме  мен  оқытудың  лингвистикалық  компонентін 

анықтауға  мүмкіндік  береді.  Лингвистикалық  компонентке  тілдік  жəне 

сөйлеу материалдары кіреді. 


Тіл  -  ұлттық  негізгі  белгілерінің  бірі.  Сондықтан  шет  тіліне  үйрету 

белгілі  бір  жүйеге  үйрету  ғана  емес,  сонымен  қатар  сол  тілде  сөйлейтін 

халықтың  мəдениетіне  үйрету.  Қазіргі  əдістемеде  елтану  туралы 

мəліметтер көп колданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін 

зерттеуге арналған. Олар тыңдауға жəне оқуға арналған мəтіндер арқылы 

беріледі. 



Психологиялык  компонент.  Психология 

ғылымынсыз 

оқытудын 

мазмұнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-əрекеті мен оның 

қалыптасуын  зерттейді.  Шет  тілінде  сөйлеу  де  адамның  іс-əрекетінің 

түріне жатады. Сөйлеу əрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - 

психолингвистика  деп  атайды.  Мүнда  адамның  сөйлеу  əрекеті, 

тыңдағанда  жəне  сөйлегенде  жүретін  іс-ңимылды,  əрекетті  ойлау  моделі 

ретінде  зерттейді.  Психолингвистер  сөйлеу  жəне  тыңдау  процесінде 

қандай 


тілдік бірліктер қандай тəртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тəртіппен 

оқылатынын зерттейді. 

Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қалыптасады; тыңдау мен оқуда тілдік 

материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады. 

Диалог, əңгіме, мəтіндер тек сөйлеу əрекеті арқылы жүзеге асырылады. 

Сөйлеу  əрекеті  -  тілдік  жəне  сөйлеу  материалы  дағдылары  мен  біліктілік 

арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады. 

Дағды  дегеніміз  -  жаттығу  мен  қайталау  арқылы  автоматтандырылған 

іс-əрекеттің  бөлігі.  Мысалы:  А.Леонтьев  сөйлеу  дағдысы  деп  өте  жоғары 

дамытылған сөйлеу əрекетін айтады. 

Шет  тілін  меңгеру  -  тілдік  дағдылар  жүйесін  үйрену,  ол  үшін  тілдік 

біліктілік 

керек. 

Тілдік 


біліктілік 

шығармашылық 

іс-əрекетпен 

байланысты.  Ол  ойлаумен,  эмоциямен,  елестетумен  байланысты.  Ал  Е.И. 

Пассов  дағдыға  -  айту,  грамматикалық,  лексикалық,  графикалық, 

орфографиялық, оқу жəне жазу дағдысын жатқызады. 

Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникативтілік мақсат 

үшін тілдің дағдысын жөне біліктілігін пайдалана білу жолы жатады. 



Əдістемелік  компонент.  Қазіргі  дидактика  ғылыми-оқу  процесінде 

оқушының  белсенділігін  арттыруға,  əдістерді  жоспарлауға,  ұйымдастыру 

мен  бақылауды  пайдалануға  көп  көңіл  бөледі.  Бүл  жағдайда  мұғалім  оқу 

процесін  ұйымдастырушы  болып  табылады.  Оқушының  белсенділігіне 

басты назар аударылады. 

Тілді  үйренудің  нəтижелілігі  оқушығатікелей  байланысты,  олар 

мүмкіндігінше  шет  тілінде  көп  сөйлеп,  тыңдап,  оқып,  жазулары  керек. 

Немесе М. Уест сөзімен "А language is not a subject which can be taught: it is 

a subject which must be learnt” 

Тілдік  ортаның  болмауы  тілді  оқыту  ісінде  кері  əсер  етеді.  Сондықтан 

мұғалім сабаққа шығармашылықпен əзірленуі керек, тілді үйренуді оқушы 

тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да ұмытпауы керек.Тіл сабағы 

 


бастауыш  сыныптарда  аптасына 3-4  рет  болса, жоғары сыныптарда  1 рет 

болады, сондықтан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін 

окушыны оқу əдістеріне, тəсілдеріне үйрету керек. 

Мысалы, оқушы тілдік дəлелді бақылап үйренеді. 

Белгілі  бір  сөзді  айтып  үйренуде  сөздің  айтылуының  айырмашылығын 

үйренеді, сол арқылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады. 

Оқыту  процесінде  екі  тілдің  ұқсастықтарын  да  пайдалану  қажет 

Оқушыны  жазу,  оқу  тəсілдеріне,  оқулықты,  оқу  құралдарын  пайдалануға 

үйрету қажет. 

Осы  айтылғандардың  барлығы  оқытудың  3-ші  компонентін  - 

əдістемелік компонентті құрайды. 

Əдістемелік  компонент  -  оқудың  тəсілдерін  үйрену,  карым-қатынас 

жасау үшін тілдік дағдыны жəне біліктілікті қалыптастыру. 

Шынында  да,  белгілі  бір  дағдысыз,  білімсіз  шет  тілін  окып-үйрену, 

сөйлеу,  айту,  жазу  мүмкін  емес.  Ол  үшін  күнде  шамалы  болса  да  оқып 

тұру қажет, сөздерді жаттау қажет. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ. 

Сонымен 3 компонентті атайық: 

1. Лингвистикалық компонент: тілдік жəне сөйлеу материалы. 

2. Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптастыру. 

3. Əдістемелік компонент: оқыту тəсілдерін игеру əдістері. 

 

 

№9,10 дəріс 



Ағылшын тілін оқытудың 

əдістемелік қағидаттары 

(принциптері) 

Дəріс мазмұны 

• Оқыту принциптері - оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы 

• Оқыту принциптерінің түрлері 

• Оқытудың арнайы принциптері 

• Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері 

Оқыту принциптері - оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы болып 

есептеледі, принциптер негізінде оқытудың мақсаты, мазмұны істері 

арасындағы қарым-қатынас анықталады. 

Арнайы қағидаттар 

Қарым-қатынас  жасауға  бағытталған  қағидат  қазіргі  заманғы 

əдістемелік  негізгі  принцип  болып  есептеледі.  Бұл  қағидат  бойынша 

оқушыларға  ағылшын  тілін  үйрету,  тыңдап  түсіну,  сөйлеу  іс-əрекеттері 

арқылы ауызша сөйлеуді арттыру, оқу жəне жазу арқылы жазбаша қарым-

қатынас жасау жүзеге асырылады. 

Яғни,  ағылшын  тілінде  оқыту  бағдарламасы  аяқталғанша  сейлесу, 

əңгімелесу арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс. 

Екінші оқыту қағидаты - бөлу жөне біріктіру арқылы. Сөйлеудің əрбір 

түріне  төн  таңдау  іс-əрекеті,  лексикалық-грамматикалық  сипаттамаға  сай 



болады.  Сонымен  бірге,  тіл  үйрену  кезінде  дыбыстауға  үйрену,  сөзге, 

грамматикаға,  сөйлем  жасауға  үйренген  кезде,  барлың  сөйлеу  іс-

əрекеттері  қоса  жүреді.  Шет  тілге  үйренудің  алғашқы  кезеңінде  бөліп 

оқыту немесе біріктіріп оқыту негізінде іске асады. 



Үшінші  қагидат  -  ана  тіліне  сүйене  оқыту  принципі.  Бұл  қағидат 

бойынша, 

барлық 

грамматикалық, 



лекси-калық, 

орфографиялық 

қиындықтар 

ана 


тіліндегі 

бала-малармен 

салыстырмалы 

түрде, 


балалардың ана тілін-дегі білімі ескеріле үйретіледі. 

 

Бірізділік 

қағидаты 

бойынша 


барлық 

материал 

бірін-бірі 

жалғастыратын  негізде  берілуі  керек.  Ана  тілінде  берілген  материалдың 

негізінде беріледі. 

Жцйелілік қағидаты бойынша белгілі бір жүйе бойынша оқыту процесі 

бір мақсатты көздейтін іс-əрекет болуы тиіс. Əрбір жаңа алынған тақырып 

өткен  тақырыпты  күрделі  түрде  қайталап,  тереңдете  жалғастырылуы 

керек. 


Ғылымилық  қағидаты,  яғни  теориялық  тəжірибемен  байланысы. 

Ағылшын  тілін  оқытуда  алынған  білімді  тəжірибеде  дəлелдеуге  үлкен 

көңіл  бөлінеді.  Іс-əрекет  кезінде  ғана  оқушының  білім  жəне  материалды 

меңгеру  дəрежесі  анықталады.  Берілген  материалды  игерген  оқушы  əрі 

қарай басқа да ғылым салаларын пайдаланғанда, техника, өнер саласында 

өз білімін пайдалана алады. 



Сцрақтар мен тапсырмалар 

1. Оқытудың қағидаттары дегеніміз не? 

2. Шет тіліне оқытудың əдістемелік қағидаттарын білу не үшін керек? 

3. Арнайы қағидаттарға қандай принциптер жатады? 

4. Жалпы дидактикалық қағидаттарға қандай принциптер жатады? 

5. Бағдарламаның  "Түсініктеме"  бөлімін  қарап  шығып  шет  тіліне 

оқытудың қандай қағидаттарын орындау керек екенін анықтаңыз. 

Оқу əдістемелік кешенін талдап шығыңыз, оның авторлары қарым-

қатынас жасауға бағытталған қағидатты, ана тіліне сүйене отырып оқыту, 

тəрбиелеп оңыту, үғынып түсіну қағидаттарын қалай жүзеге асырғанын 

анықтаңыз. 

 

№11,12 дəріс                 



Ағылшын тілін оқыту құралдары 

Дəріс мазмұны 

• Оқыту құралдары туралы түсінік 

• Оқыту құралдарының түрлері 

• Негізгі оқыту құралдары 

• Көмекші оқыту құралдары 

Оқыту  құралдарына  оқу-тəрбиелеу  процесін  ұйымдастыру  мен  өткізу 

үшін  көмек  ретінде  қолданылатын  техникалық  жəне  техникалық  емес 

құрал- жабдықтар, заттар жатады. 


Мұғалім  əрбір  қүралды  қайда,  қашан,  қалай  қолдануды  жəне  қандай 

нəтижеге жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолдануына 

қол жеткізе алады. 

Оқыту  құралдарын  топқа  бөлу.  Орта  мектепте  қолданылатын  оқыту 

құралдарын мынандай топқа бөлуге болады: 

1) пайдаланылуына байланысты негізгі жəне қосымша 

2) оқушыға немесе мұғалімге арналған 

3) ақпаратты қабылдау түріне байланысты есту, көру, көріп-есту 

4)техниканы  пайдалануына  байланысты  техникалық  жəне  техникалық 

емес 

Негізгі  оқыту  құралына  оқу-əдістемелік  кешені:  оқулық,  мұғалімге 



арналған кітап жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланғанда 

техникалық оқыту құралдары өте қажет. 

Мысалы:  2  жəне  3-сыныпқа  арналған  оқу-əдістемелік  кешенінде 

оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар. 

Ал  4  жəне  5-сыныптарда  грамматиканы  пайдалану  ағылшын  тілінің 

дыбыстарының  айтылу  дағдыларын  үйретіп  тыңдау  жəне  оқуды 

дамытады.  Қосымша  оқыту  құралдарына  компьютерлер  мен  бейне 

материалдар жатады. 

Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша 

құрал болып есептеледі. 

2-сыныптағы  негізгі  құралдарға  -  бағдарлама,  мүғалім  кітабы,  оқулық, 

дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады. 

4-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, 

көрнекілік  қүралдар:  суреттер,  грамматикалық  таблицалар,  диафильмдер, 

кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады. 

5-сыныпта  -  бағдарлама,  оқулық,  мұғалім  кітабы,  грампластинка, 

көрнекіліктер жатады. 

Қосымша  қүралдарға  осы  оқу-əдістемелік  кешеніне  кірмеген,  міндетті 

емес  құралдар:  транспаранттар,  кодоматериалдар,  диафильмдер,  тарату 

материалдары, карточкалар, ойыншықтар, т.б. заттар жатады. 

1. Бағдарлама 

бұл 



мұғалімнің 

белгілі 


бір 

сыныпта 


жұмыс 

жүргізу 


үшін 

қолданатын 

мемлекеттік 

құжаты. 


Мұғалім 

бағдарламаның 

түсініктемесін 

ұқыпты 


оқып, 

оқытудың 

мақсаты, 

мазмұнын 

біліп 

алуы 


керек. 

Мыса- 


лы, 

1985 


жылғы 

түсініктемеде 

оқыту 

ауызша 


түрде 

жүргізіледі деген. 

Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жүмыс жүргізуін, олардың 

сыныптан  тыс  жүмыстарына  көңіл  бөлінеді.  Егер  бағдарламада  тілді 

оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту əдістемесі де өзгеруі тиіс. 

Түсініктемеден  кейін  бағдарламаның  өзі  беріледі,  онда  оқытудың 

тақырыптары  (үлгі)  жəне  оқытудың  түрлеріне  қойылатын  талаптар 

көрсетіледі. 



2. 

Екінші маңызды құрал - мұғалімге арналған кітап. 

Бұл оқу-əдістемелік кешенінің негізгі мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа 

кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап 

білуге тиіс.Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай 

құралмен жұмыс жасайтындығын анықтап алады. Құралдардың керегін 

таңдап, болмаса, өз бетімен əзірлеуі тиіс. Содан кейін мұғалім кітаптың 

түгел мазмұнымен танысуы керек. Онда əр тоқсандағы сабақ 

жоспарларының үлгілері берілген. Сол арқылы мүғалім жоспар құрады. 

Мұғалімдік кітапты əр ұстаз əр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулері бұл 

кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары 

кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты 

қолданып бəрін кітаптағыдай əзірлейді де, белгілі бір сабақтың 

ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес. 

Кітапты  қолданудың  ең  дұрыс  түрі  -  оны  толықтырып,  сынып 

оқушыларының  ерекшелігі  мен  қабілетін  ескеріп,  жоспар  жасау.  Осы 

тəртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады. 

3. Оқулық - ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір 

сыныпқа арналған оқу-əдістемелік кешеннің жүйесін қалыптастырады. 

Мысалы,  4  немесе  2-сыныпқа  арналған  оқулықта  оның  ауызша  оқуға 

негізделгені  көрсетілген.  4-сынып  оқулығының  бірінші  бөлімі  ауызша 

кіріспе  бөлім  суреттермен  берілген.  Ал  2-сыныпта  тапсырмалары  бар 

суреттермен берілген жəне қосымша дыбыстық жазбалары бар. 

Оқулықтың  негізгі  бөлігі  бөлімдерден  (Units)  түрады.  Əр  сабақтың 

құрылымы  сөйлеуге  үйретуді  қалыптастыру  жолдарын  көрсетеді. 

Мысалы,  2-сынып  оқулығындағы  əр  Unit-тің  бірінші  бөлігі  ауызша 

сөйлеуге арналған (look and say), екінші бөлігі оқуға (read), үшінші болігі 

жазуға (write), төртінші бөлігі үй тапсырмасына (home work) арналған. 

Мұғалім  оқушыны  кітаппен  таныстыруы  керек:  белгілерді  түсіндіріп, 

сөздікпен  жұмыс  істеуді  үйрету.  Оқушы  кітабын  жақсы  пайдалана  білсе, 

ағылшын тілін өзіндік оқуға көмек болады. 

4. Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуды үйренуге арналған құрал. 

Үйге  тапсырмалар  беру  өте  қажет.  Қосымша  мəтіндерді  оқу  тəжірибелік, 

тəрбиелік,  ағартушылық,  дамытушылық  бағыттармен  берілген.  Оқу 

мəтіндерінің  ерекшеліктері  оқуға  қызықтырады,  сол  үшін  оқудың 

тұрақтылығын  жəне  оны  бақылауды  сақтау  керек.  Мəтіндердің 

əдістемелік  ерекшеліктері  бар,  олардың  соңында  тапсырмалар  мен 

сұрақтар беріледі. 

Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны 

ерекше. Ол оқу кешенінің құрамына кіреді жəне елтанушылық, 

лексикалық мəтіндер арқылы немесе əртүрлі диалогтар түрінде беріледі. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет