Ағылшын тілін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#6608
1   2   3   4   5   6   7   8

№ 13,14 дəріс 

Шет тілін оқыту əдістемесінің  басқа ғылымдармен байланысы 



Дəріс мазмұны 

• Əдістеменің негізгі мəселелері 

• Əдістеменің педагогика ғылымымен байланысы 

• Əдістеменің лингвистика ғылымымен байланысы 

• Əдістеменің психология ғылымымен байланысы 

Шет  тілін  оқыту  əдістемесі  -  шет  тілін  оқу  орындарында  оқыту  үшін 

қолданылатын, ғылыми негізделген теория. 

Əдістеменің негізгі мəселелері мыналар: 

1) шет тілін оқытудың мақсаттары 

2) шет тілін оқытудың мазмүны 

3) шет тілін оқытудың əдістері мен тəсілдері  

4) əдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы 

5) оқыту қүралдары 

6) əдістеменің негізгі қағидалары 

Əдістеме 

педагогика 

ғылымымен, 

психология, 

лингвистика 

ғылымдарымен тығыз байланысты. 

Педагогика  -  жас  ұрпақты  оқыту  жəне  тəрбиелеу  жөніндегі  ғылым. 

Педагогика  ғылымында  оқыту  жəне  оның  əдістері  негізгі  қағида  болып 

табылады.  Шет  тілін  оқытуды  үйрену  үшін  педагогиканы  білу  шарт. 

Педагогиканың  бір  саласы  дидактика  деп  аталады.  Дидактика  мектепте 

оқытудың негізгі жолдарын зерттейді. 

Əдістер  -  дидактиктердің  айтуы  бойынша,  белгілі  бір  тақырыпты 

оқытудың жолдары. 

Шет  тілін  оқыту,  математиканы,  тарихты  оқыту  əдістемелері  сияқты 

дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады жəне оны байытады. 

Мысалы: "көрсету" принципі тұңғыш рет шет тілін оқыту əдістемесінде 

қолданылды. 

Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды жəне басқа 

да  пəндерді  оқытуда  да  қолданылады.  Шет  тілін  оқыту  дегеніміз  - 

оқушыда  тыңдау,  сөйлеу,  оқу  жəне  жазу  дағдысымен  біліктілік 

қалыптастыру.  Егер  біз  дағды  мен  біліктіліктің  психологиялық  мəнін 

түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз. 

Шет тілін оқытуда психологияның негізгі қағидаларын сөйлеу əрекетіне 

байланыстыра отырып пайдалану 

қажет. 

Көрнекті  психолог  Н.И.  Жинкин  сөйлеу  əрекетін  зерттей  келіп,  сөздер 



мен  оларды  пайдалану  мидың  кинетикалық  орталығы  арқылы  жүзеге 

асатынын айтты. 

Мұғалім  оқушыны  тілге  үйрету  барысында,  тыңдау  мен  сөйлеудің  бар 

мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз - жаңа таңбалы 

білім  алудың  жаңа  жолдарын  игеру  деген  сөз.  Осы  жаңа  жолды  жасау 

тілді үйренуде маңызды орын алады. 



Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. 

Сондықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау 

жолдарын білуі керек. 

Есте  сақтау  қабілетінде  ерікті,  еріксіз  есте  сақтау  болады.  Бұл 

проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір 

нəрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нəрсе туралы белгілі бір 

қиындықтарды,  мəселелерді  талдағанда  ғана  іске  қосылаты-нын  айтады. 

Ол  үшін  мынадай  тəжірибе  өткізілген.  "А"  тобындағы  студенттерге 

жаттауға  сөздер  тізімі  берілген.  Ал  "Б"  тобындағы  студенттерге  сөздер 

берілмей,  оларға  ағылшын  тілінде  мəтін  берілген  жəне  сөздермен 

жұмыстың  түрлері  жəне  сұрақтар  берілген.  Келесі  сабақта  екі  топ 

студенттері 

бақылау 

жүмысын 


жазған, 

эксперимент 

"Б" 

тобы 


студенттерінің сөздерді есте жақсы сақтағанын көрсетті. 

Психология  ғылымы  əдістемеге  көп  көмек  көрсетеді.  Шет  тілін 

үйренуде  ана  тілінің  орны  мен  оның  шет  тілін  үйрену  кезеңдеріндегі 

қызметі,  əр  түрлі  дағды  мен  біліктілік  түрлерінің  сəйкес  келуі,  жаңа 

тақырыпқа  арналған  əдістер  мен  тəсілдерді  таңдай  білу,  т.б.  психология 

ғылымының негіздерін білу қажет. 

Əдістеме  ғылымы  жүйке  жүйесі  физиологиясы  ғылымымен  де 

байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары 

жүйке  жүйесінің  қызметі  -сөйлеу  жəне  ойлау,  жүйке  жүйесінің  ерекше 

қызметі.  Бүл  қызмет  түрі  тек  адамда  ғана  дамыған.  Павловтың  теориясы 

бойынша,  дабылдар  адамның  сезіну  мүшелері  арқылы  келіп  түседі. 

Адамның əрекетінің бір түрі -сөйлеу əрекеті. 

Əдістеме  ғылымы  лингвистика  ғылымымен  тығыз  байланысты,  себебі 

лингвистиканың  негізгі  проблемалары  тіл  мен  ойлау,  грамматика  мен 

сөздік т.б. əдістемеге де қатысы бар. 

Əдістемеде  лингвистика  ғылымының  оқу  материалын  іріктеудегі 

зерттеулері  негізге  алынады.  Көптеген  атақты  лингвистер  лингвистика 

теориясын  ғана  зерттеп  қоймай,  оларды  тілді  оқытуда  қалай  пайдалану 

керек екендігін де зерттеген. 

Шет тілін оқыту əдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мəселелері 

бар: 

1) шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары 



2) əртүрлі  мектептерде  алдыңғы  қатарлы  мұғалімдердің  тəжірибесін 

зерттеу жəне қолдану 

3) тəжірибелер арқылы жаңа əдістемелік тақырыптар енгізу 

Соңғы кезде тəжірибе жасау əдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін 

оқыту  əдістемесінде  зерттеу  қажет  ететін  проблемалар  көп.  Жаңа  оқыту 

материалдары  мен  технологиясы  жаңа  идеяларды,  шешімдерді,  əдіс-

тəсілдерді қажет етеді. 

Оқу  шет  тілінде  оқытылатын  мектептерде  ағылшын  пəнінің  білімдік, 

тəрбиелік мақсаттары басқа пəндермен байланысты жүргізіледі. 

Пəн аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады. 



1. Шет тілінің орыс тілі жəне қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары 

жəне айырмашылықтары түсіндіріледі. 

2. Оқушыларға  тарихқа,  жағрафияға,  əдебиетке,  еңбекке  қатысты 

мағлұматтары бар мəтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады. 

Осының  нəтижесінде  сабақта  оқушылар  аталған  пəндерге  қатысты 

материалдарды  ағылшын  тілінде  сапалы  түрде  ұғып,  сөздерді  қатесіз 

айтуға, сауатты жазуға үйренеді. 

Ағылшын  пəні  өзге  пəндермен  тығыз  байланысты,  сондықтан  мұғалім 

өзара  байланыстыра  өткізуге  қолайлы  тақырыптарды  алдан-ала  іріктеп, 

анықтап  алады.  Өйткені  2-ші  тілді  үйретуде  жүргізілетін  сөйлеу  əрекеті 

тіл пəнін басқа пəндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады. 

Пəндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын 

əдебиеті  пəнімен  мəтіндер  арқылы  байланыстырылады.  Мұнда  сабаң 

сайын  өткізілетін  көркем  тілмен  жазылған  оқу  материалдары  (əңгіме, 

ертегі,  мақал-мəтел,  т.б)  оқушының  лексикалық  сөздік  қорларын 

молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып 

сөйлеуге дағдыландырады. 

Көркем  шығармалар  мазмұнындағы  ұлттық  дəстүр,  салт-сана,  тəлім-

тəрбиені  сипаттайтын  материалдарды  ағылшын  тілі  сабақтарында 

дидактикалық материал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі, қазақ тілі 

жəне орыс тілі пəндері тығыз байланыста, бірлікте өткізіледі. 

Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, 

септік  жалғауларының  кейбір  ұқсастықтары  да  айтылады.  Сондай-ақ, 

оқушы  өзінің  үйренген  сөздерін  ағылшынша  айтып,  сөздік  қорын 

байытып,  тіл  байлығын  арттырады,  ауызша  сөйлеу  тілі  дамиды,  тілдік 

білімі  жетіледі,  оқығанын,  түсінгенін  ағылшынша  айту  дағдысы 

қалыптасады. 

Ағылшын  тілі  мен  дүниетану  пəндері  арасында  адам  мен  қоршаған 

орта,  табиғат,  өсімдіктер,  жануарлар,  аңдар,  туған  ауыл  еңбектері, 

мамандық,  халықтар  достығы  туралы  əңгіме,  ертегі,  мақал,  жұмбақ, 

жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінгендерін ағылшынша айтатын 

болады. 


Ағылшын  тілі  мен  математика  пəні  бойынша  математикалық  үғымдар 

мен  есептеуге  байланысты  сөздерді  үйре-ту  арңылы  оқушының  сөздік 

қоры  молаяды.  Мысалы:  сандарды  ағылшынша  білу,  қосу,  көбейту,  алу 

сан  есімнің  түрлеріне  байланысты  сөз  тіркестерін,  сөйлемдерді  ағыл-

шынша айтып дағдыланады. 

Ағылшын  тілі  мен  бейнелеу  өнері  арасындағы  байланыс  арқылы 

табиғат,  ұлттық  өнер  бояулары,  өрнек,  сəндік  бұйымдарын  айтуға 

ңолданылатын сөз жəне сөз тіркестері оқушының сөздік қорын молайтып, 

байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. 

Əсіресе, көп көңіл бөлетін жайт - ағылшын тілінде айтылатын сөздерге 

екпінді  дұрыс  түсіріп  айту,  адамдардың  көңіл-күйін,  қуанышын,  ренішін 

білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу. 



Ағылшын тілі мен еңбек пəні арасындағы байланыс бүйымдардың 

көркемдігін, қажеттілігін, пайдасын, тиімділігін ағылшынша жеткізе 

білуден, ұлттық еңбек түрлері: ыдыс-аяқ, тағам өзірлеу, киім тігу, т.б. 

байланысты сөздерге талдау жасағаннан туындайды. Білім берудегі негізгі 

мақсат жан-жаңты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-толғауы 

бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды ңалыптастыру болып 

табылады. 

Əр  тілді  оқытудың  жүйелеу,  жинақтау,  танымдық  қарым-қатынас  жасау 

сияқты үш түрлі қызметі болады. 

Осындай  функциялар  негізінде  оқу  процесінде  білім  мазмұнының 

тұжырымдамасы  жасалынады.  Тұжырымдамада  тəрбие  процесін  байыта 

түсудің,  жаңартудың,  жетілдірудің  мақсаты  мен  келешектегі  даму 

жолдары анықталып, болжамдар жасалынады. 

Атап  айтқанда,  оқу  процесін  жаңартудың  негізгі  ұстанымдарына 

дамыту,  демократияландыру,  реалистік  шектеу  саясаты,  интеграциялау 

жатады. Оқу-тəрбие ісін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми 

анықтайтын,  болжайтын  идеялар  мен  қағиданың  ғылыми  негізі 

жинақталады. 

Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, 

педагогика,  əдістемелік  зерттеу  жүмыстары,  жалпы  білім  беретін 

мектептегі басқа да тіл пəнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты - 

шет  тілін  оқыту  арқылы  өнегелік  жəне  эстетикалық  жағынан  жан-жақты 

дамыған, саяси-идеялық жағынан сенімді еңбек сүйгіштікке тəрбиелеу. 

Бүгінгі  оқыту  процесінде  қатынастың  бағыт  беру  арқылы  жалпы 

дүниеге  деген  көзқарасын  қалыптастыру  бірінші  орында  тұр.  Осындай 

мақсаттармен  қатар  қазіргі  кезде  шет  тілін  жаңа  əдістемелермен, 

ұстанымдармен  оқыту  қажеттілігі  туып  отыр.  Қай  тілдің  болмасын 

механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн: 

1) сол тілдің жүйесі қалай құрылғанын 

2) ол тəжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек? Демек, қазақ тілінің 

құрылысы сияқты қатынастық 

тəсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу 

материалдың тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде жəне 

оны талдауда оның қызметтік жағын ескеру, білімнің базалық жəне жыл- 

жымалы құрамдарын анықтау, оқыту əдістемесі мен тəрбиені 

интеллектуалды пайдалы жəне өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды. 

 

 

 



 

 

№ 15,16 дəріс 

 

                                     Тындауға жəне сөйлеуге үйрету 


Дəріс мазмұны 

 

• Тіл - қарым-қатынас құралы 



• Тықдау мен сөйлеудегі негізгі қиындықтар 

• Сөйлеу жəне ауызша жаттығулар 

• Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады? 

                                 Сөйлеуге үйрету əдістері 

 

 

                                         Сөйлеу əрекетінің түрлерін оқыту 



 

 

 



Тіл  -  қарым-қатынас  құралы.  Тіл  сөйлеу  арқылы  жүзеге  асады,  сөйлеу 

арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны 

ең алдымен қатынас қүралы ретінде оқимыз. 

Сөйлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден тыңдап түсінуден, екіншіден 

сөйлеуден тұрады. 

Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: 

1) диалогтық 

2) монологтық 

Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған: 

1) сөйлеу тілін түсіну 

2) бағдарлама  бойынша  алынған  мөлшерде  шет  тілінде  əңгіме  жүргізе 

білу,  сөйлей  білу.  Бұл  -  сөйлеудің  тəжірибелік  мақсаты.  Ауызша  сөйлеу 

шет  тілін  үйретудің  маңызды  құралы.  Ол  лингвистикалық  материалды 

таныстыру  құралы: дыбыстар,  сөздер,  грамматикалық  құрылымдар. Жəне 

бұл  сөздік  үлгілер  мен  сөздікті  меңгеру  құралы,  əрине,  ол  айту 

дағдыларын  қалыптастыру болып табылады.  Сөйлеу  -  сабақтың  маңызды 

бөлігі.  Ауызша  сөйлеу  -  оқушылардың  мəтінді  тыңдау  мен  оқу  кезіндегі 

оқылған материалды тексеру құралы. 



Тындау мен сөйлеудегі негізгі қиындықтар 

Тыңдау,  түсіну,  меңгеру  оқушылар  үшін  қиынға  соғады,  себебі  олар 

дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсінуі керек. Оқушылар бұл 

процесті  өзінің  туған  тілінде  өте  жеңіл  орындайды,  ал  шет  тілінде  қатты 

қиналады. Сондықтан, тыңдағанда өте зерек болуы керек жəне ойлай білуі 

керек.  Ерік-зейінін,  еске  сақтау  қабілетін  толық  пайдалану  дыбыстарды 

еске сақтауға көмектеседі. 

Ол үшін үш негізгі факторды еске сақтау керек: 



1) лингвистикалық материал 

2) материалдың мазмұны 

3) материалды беру жағдайы 

Оқушыларға  шет  тілін  үйретуде  негізгі  3  қиыншылық  бар: 

фонетикалық, лексикалық жəне грамматикалық. 

Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық 

құрамының айырмашылығын-да кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын 

өз тілінің дыбыстарына үқсатып айтады. 

Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады. 

Сондықтан  тыңдау  дағдыларының,  дыбыстар  мен  дауыс  ырғағының 

жаттығулары өте қажет. 

2.  Лексикалық  қиындықтар  -  ағылшын  тілінің  аналитикалық 

құрылысымен  жəне  инфинитив,  көсемше  құрылымдарының  өте  көп 

қолданылуына байланысты. 

Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады. 

 

3.  Тыңдауға  берілген  материалдың  мазмұны  да  түсінуге  əсер  етеді. 



Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін мыналарды ескеру қажет: 

а) 


материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай 

қиын сөздер бар? 

ə) материал түрі: суреттеу ме, əңгіме ме? 

б) 


материалды тыңдауға əзірлік. 

в) 


материал үзінді ме, əлде толық па? 

г) 


материал диалог түрінде ме, əлде монолог па? Монологтық сөйлеу 

оңай, сондықтан тыңдауға тиімді. 

. Материалды тыңдау жағдайы өте маңызды. 

1) Сөйлеу жылдамдығы 

2) Сөйлеу қарңыны: басында жай басталуы қажет. Сөз топтарының 

арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты 

деңгейге 1 минут - 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз: жай 

қарқын -90 сөз. 

3)  Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет. 

4)Сөйлеп  түрған  адамның  барлығы,  егер  таза  тілде  сөйлеуші  адам  өзі 

түрса өте жақсы. Ал ең қиыны диалогты тыңдау керек. 

5) "Көру"  құралдары  заттар  немесе  қимыл  тектес  болуы  мүмкін.  Олар 

көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет. 

6) Сөйлеушінің 

даусы 

да 


тыңдаушыға 

əсер 


етеді. 

Мүғалімнің 

даусына 

үйренген 

оқушылар 

басқа 


адамның 

сөйлегеніне 

түсінбеуі 

мүмкін. 


Сондыңтан 

мұғалім 


дау- 

ыс 


ырғағын 

барынша 


өзгертіп 

отыру 


керек. 

Ағылшын 


тілінде 

сөйлеу 


— 

тілді 


игерудің 

ең 


қиын 

түрі, 


бір 

екі 


сөзден 

түратын 


сөйлем 

құрастыру 

үшін 

сөйлеу 


дағды- 

сын қалыптастырып, машықтану керек. 



Бүл  көп  дайындықты  қажет  етеді,  ал  мектепте  оқушы  өз  ойын  айтып 

түсіндіруі  қиын.  Мұғалімнің  бүл  үшін  қолданылатын  əдістері  өте  аз. 

Оқушы  жай  ғана  естігенін  қайталайды,  үлгі  бойынша  берілген  сөздерді 

жазады.  Əрине,  бүл  механикалық  жаттығулар  өте  қажет,  бірақ  жылдан 

жылға  оларды  сөйлеу  машығынсыз  қолдану  ешқандай  пайда  бермейді. 

Оқушы  бір  нəрсе  туралы  айтқысы,  түсіндіргісі  немесе  сұрағысы  келсе 

тілдік  қорды  пайдала-нуы  қажет  жəне  оған  мұғалім  көмектесіп  отыруы 

керек. Осы психологиялық фактор үнемі есте болуы керек. 

Басқа фактор - психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есінде қалған 

сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлеу үлгілерін грамматикалық формаларды, 

құрылымдарды сөйлеу үшін ңолданады. Сондықтан мұғалім белгілі бір 

тақырыпты, жағдайды пайдаланып, сөздерді, грамматиканы үйрете 

отырып сөйлеуге ынталандыру қажет. Мұғалім оқушыларды əзірленген 

сөйлеуден əзірленбеген сөйлеуге біртіндеп əкелуі керек. 



Сөйлеу жəне ауызша жаттығулар 

Біз сөйлеу жəне ауызша жаттығуларды айыра алумыз керек. 

Сөйлеу - ол тілдің сөйлеу мүшелері арқылы жүргізілетін процесс. 

Мысалы: 


1) 

Оқушы сыныпта өзінің басынан өткен оқиға туралы баяндайды. 

2) 

Үйге берілген тақырып бойынша мұғалім сұрақ қояды. 



      3)  əңгімені оқып, мəтіннен жаңа мағлұмат алады. 

Сөздерді үйрету үшін ауызша жаттығулар фонетиканы, грамматиканы 

қолданылады. Көбіне олар жаттығулар болады. Мысалы: тақпақты жатқа 

айту, айту жəне сөйлеу дағдысы жақсы қалыптасады. 

Ал берілген сөздер мен мəтіндерді пайдаланып сөйлем құрастыру да өте 

пайдалы жаттығу. Ауызша жаттығулар сөйлеуді дамытады. Бірақ, олар тек 

сөйлеуге əзірлейді жəне сөйлеу жаттығулары болып есептелмейді. 

Біздің  мектептерде  оқушыларды  стандартты  ауызша  ағылшын  тіліне 

үйретеміз,  ол  жазбаша  сөйлеу  стандартына,  соның  ішінде  монологтық 

сөйлеуге  өте  жақын.  Сөйлеуде  қысқа  сөйлемдерді  пайдаланған 

орынды.Сөйлеу  жасанды  болмауы  үшін  сөйлеу  тілінің  ерекшеліктерімен 

таныстыру қажет.  

Диалогтық құрылымдар əртүрлі. Олардың төрт негізгі түрін 

қарастырайық. 

1) Сұрақ-жауап 

2) Сұрақ - сүрақ 

3) хабарлама - хабарлама 

4) хабарлама - сұрақ 

Диалогтық сөйлеуге үйретуде осы 4 түрін де қолдану қажет.Ауызша 

сөйлеуге қалай үйретуге болады? Ауызша сөйлеуге, яғни шет тілінің 

əңгімелесу түрін түсінуге жəне сөйлесуге үйрету үшін əрбір сабақта 

мұғалім ағылшын тілінде сөйлеуге тиіс. 

1) Бұл үшін ағылшын тілінде: 


а)  сыныпқа жаңа материал берілу 

ə) жаңа материалды түсіну 

б)  түсінгенін тексеру 

в)  түсінгенін бекіту керек. 

3) Мұғалім тыңдап түсінуді дамыту үшін ауызекі сөйлеу жəне дағдылық 

жаттығуларды қолданады. 

Дағды жаттығулары: 

а) лингвистикалық қиындықтарды жеңуге арналған 

ə) психологиялың қиындықтарды жеңуге арналған 

Бірінші топқа: 

а) Фонетикалық жаттығулар: 

Екінші топқа мынадай жаттығулар жатады: а) Есту жадын дамытатын 

жаттығулар. 

 

 



№ 17,18 дəріс 

                                      Жазуға үйрету 



Дəріс мазмұны 

• Жазуға үйрету туралы түсінік 

• Жазуға үйретуде кездесетін қиындықтар 

• Жазуға үйретудің жолдары 

• Жазу жұмыстарының түрлері 

Грамматикадан  берілетін  мағлұматтарды  бекітіп  сауатты  жазуға 

дағдыландыру  үшін  түрлі  жаттығу  жұмыстары,  ағылшын  əліпбиін  дұрыс 

білу,  дыбыстардың айтылу  түрлерін, оның фонетикасын  дұрыс  айта  білу, 

орфографиясын,  орфоэпиясын  білу,  сұрақтарға  жауап  беру,  жұрнақтары 

көрсетілмей  берілгенін  дұрыс  жазу,  тірек  сөздерден  сөйлем  құру,  түрлі 

диктант, мазмұндама, шағын шығарма оқыту жұмыстары жүргізіледі. 

Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын жəне маңызды іскерлік, жазу 

арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі əріптерді, дыбыстарды қолдануға 

үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну іскерліктерін 

дамытады. 

 


                                 

 

 



 Жазу іскерлігіне каллиграфия, орфография жəне шығарма кіреді. Жазу 

өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі біліктіліктерді дамыту 

арқылы үйрету керек: 

1) ағылшын əріптерін жаза алу біліктілігі 

2)дыбыстарды əріптерге немесе əріптер қосындыларына өзгерте алу 

біліктілігі 

3)сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу 

біліктілігі 

4)өздерінің ойларын жеткізу үшін əртүрлі жаттығулар жасай алу 

біліктілігі. 

Төмендегі факторлар жазу біліктіліктерін дамытуға өте қажет: 

1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау; 

2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның жəне сөйлемнің 

айтылу жолдарын /артикуляция/ білу; 

3. Айтылып жатқан əріптерді, əріп қосындыларын көзге елестете алу; 

Жазу əрекетіндегі қол бұлшық етінің жұмысы. 

Сонымен, жазуға көз, құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшық еті, тіл, көмей 

қатысады.  Ақтық  маңызды  факторлардың  бірі  -  дұрыс  жазудың 

қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу. 

Жазуға цйренуде кездесетін кейбір қиыншылықтар. Ағылшын тіліндегі 

а,  о,  е,  п,  м,  д,  х,  т,  н  əріптерін  жазу  мемлекеттік  тілде  оқытылатын 

балаларға қиын емес, себебі, бүл əріптер мемлекеттік тілде кездеседі.  

Сондықтан,  сабақ  үстінде  бұл  əріптерді  дұрыс  жазғызу  үшін  көп 

жаттығулар жасау керек. 

Оқушылардың  ағылшын  сөздерін  қолды  үзбей  бір-біріне  тіркестіріп 

жазуы  қиын,  сондықтан  кішкентай  əріптерді  қолын  алмай  жазғызу  үшін 

көп жаттығу керек. 

Мемлекеттік  тілде  оқытылатын  балаларға  ағылшын  орфографиясы  көп 

қиыншылық келтіреді. 

Əртүрлі сөздердегі əртүрлі əріптердің немесе əріптер қосындыларының 

оқылуы кейде бірдей болады: еуе-І.Əріптердің көбі кейбір сөздерде 



оқылады, ал кейбіреуінде оқылмайды: Ағылшын тіліндегі əріптердің 

айтылуы мен орфографиясының сəйкес келмеуінің себебі ағылшын 

тілінде əріптерден гөрі дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс жəне 6 дауысты 

əріп бар.  

Ағылшын орфографиясын  білу  үшін, оның  заңдылықтарын  жақсы білу 

қажет.  


Жазуга  үйрету.  Шет  тілін  үйретудегі  өте  маңызды  жəне  күрделі 

жұмыстардың бірі - жазу. 

Ағылшын  тілін  жазуға  үйрену  дегеніміз  -  сол  тілдің  əріптік  жəне 

дыбыстық  жүйесін  білу,  оны  сөйлей,  айта,  қолдана  білу.  Жазу 

каллиграфиядан,  орфографиядан  жөне  шығарма  жаза  білуден  тұрады. 

Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады: 

1. Алғашқы алфавиттің əрпін жаза білу дағдысы. 

2. Дыбыстарды 

білу дағдысы. 

3. Сөз жəне сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы. 

4.  Əртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы. 

Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап 

етіледі:  

1) сөзді тыңдай білу  

2)сөзді айта білу 

3) көру факторы 

4) қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану. Сонымен, жазу процесінде 

адамның сезіну мүшелері - көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады. 



Жазуга  үйретудің  жолдары.  Оқушыларды  шет  тілінде  əріптерді, 

сөздерді,  сөйлемдерді  жазуға  үйрету  үшін  көп  жаттықтыру,  жақсы 

үлгілерімен таныстыру қажет. 

Каллиграфияға оқытудың кезеңдері: 

I. Мұғалім 

балаларға 

карточкада 

жазылған 

үлкен 

жəне 


кішкентай əріпті көрсетеді. 

Мысалы: ВЬ Карточканың бірінші бетінде əріптер жазылған болса, екінші 

жағында сөздер жазылады. 

II. 


Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын 

түсіндіреді. Мысалы, Q əрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек 

құйрығын жазғандағана қолды қағаздан айыруға болады 

III. 


Əріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің əр қимылын түсіндіруі 

керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан дəптерлерінде 

қайталайды. 

III.  Мұғалім 

балалардан 

əріптерді, 

сөздерді 

жазуды 


талап 

етеді, 


ал 

өзі 


əр 

балаға 


жақындап 

жазуға 


көмек- 

теседі. 


Жазу 

қабілетін 

дамыту 

үшін 


бала 

үйде 


де 

əріптерді, сөздерді жазуға жаттығады. 

Оқушыларды  таза,  жақсы  жазуға  үйрету  үшін  мұғалім  өзі  жақсы  жаза 

алуы  керек.  Тақтадағы  көрнекі  құралдар  да  өте  жақсы  талапқа  сай 

жазылуы қажет. 


Орфография, қатесіз жазу, əріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету жəне 

орфографияда 

кездесетін 

қиыншылықтарды 

жою 

үшін 


мұғалім 

төмендегідей жаттығуларды жасата алады: 

I. Көшіру 

а) ұқсас сөздер 

ə) естілуі ұқсас жазылуы əртүрлі сөздер: 

Оқушылар бүл сөздерді жазғанда оның құрамындағы əріптерді атауы 

керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек: 

Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға 

үйретуге болады. 

II.  Диктант  -  жаттығудың  қиындау  түрі.  Диктанттың  мынадай  түрлері 

бар: 

а) көріп 



жазу 

диктанты. 

Мұғалім 

тақтаға 


сөзді, 

фраза- 


ны,  сөйлемді  жазады,  ал  балалар  оларды  оңып  жазылу  жол- 

дарын 


есте 

сақтауға 

тырысады. 

Содан 


кейін 

мұғалім 


сөздерді 

тақтадан 

сүртіп 

тастайды, 



ал 

балалар 


есте 

қалған 


сөздерді дəптерлеріне жазады. 

ə) жаттығу диктанты. Мұғалім сөйлемді оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға 

жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі əріптерді атап шығады. Содан 

кейін,  балалар  сөйлемді  дəптерлеріне  жазады,  ал  мұғалім  қатарлардың 

арасында  жүріп,  оқушылардың  жұмысын  қадағалайды.  Сөйлемді  дұрыс 

жазған бала тақтаға шығып, сөйлемді жазады. 

Диктанттың бұл түрі 10-12 минутқа созылады. 

б) диктантты 

өз 

бетімен 


жазу. 

Үйде 


жаттап 

келген 


мəтінді 

не 


тақпақты 

оқушылар 

сыныпта 

жатқа 


айтады, 

кейін сол тақпақты немесе мəтінді дəптерлеріне жазады. 

III.  Үлгі бойынша сөйлемді жазу. 

Бүл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі оқушылар оны жазу үшін 

сөйлемді өз бетімен жалғастырады. 

 

IV.  Сұрақтарға жауап беру. 



V.  Шығарма. 

Шығарма жазуға үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады: 

а) естіген 

немесе 


оқыған 

əңгімені 

жазу. 

Білім 


деңгейі 

төмен 


сыныптарда 

əңгіменің 

маңызды 

сөздерін 

тақтаға 

жазып қою керек. 

ə) суретті, затты немесе белгілі бір оқиғаны суреттеу; 

б)  бір тақырыпқа арналған мəтіннің бөлігін суреттеу; 

в)   оқыған мəтінге жоспар құру; 

г) бір 


тақырып 

туралы 


шығарма. 

Басында 


оқушылар 

жоспар құрады, кейін жоспар бойынша əңгіме жазады; 

г) хат жазу. 

Əдетте  мүғалім  оқушыларға  ағылшындықтардың  хатты  қалай  бастап 

жазып, немен аяқтайтынын түсіндіреді. 


Жазу  біліктіліктерін  бағалау  үшін  мұғалім  оқушыларға  таныс  бақылау 

жұмыстарының түрін қолдануы керек. 



Тест жазу арқылы бақылау: 

1) оқушының əріп жазуды қалай игергенін тексеру үшін мұғалім баланы 

тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады 

2) каллиграфия 

жəне 

орфография 



саласындағы 

оқушылардың 

біліктілігін мұғалім диктант арқылы тексереді. Диктант жазғанда мұғалім 

сөйлемдерді екі рет оқиды. 

Біріншіден  диктанттың  мазмұнын  толық  оқып  шығып,  содан  кейін 

сөздерді  бір-бірден  оқиды.  Диктантты  жазып  болғаннан  кейін  мұғалім 

тағы бір рет оны оқып шығуы керек. 

5-6-сыныптарда диктант жазу 5-6 минутқа созылады. 

7-11 сыныптарда - 15-20 минут 

Əр сыныптағы диктанттың көлемі: 

6-сынып - 20 сөз 

7-сынып - 30 сөз 

8-сынып - 50-60 сөз 

9-сынып - 60-70 сөз 

10-сынып - 70-80 сөз 

11-сынып - 80-100 сөз  

3) оқушының жазу біліктілігін мұғалім шығарма арқылы да 

тексереді.  

 Мұғалімдер мен əдіскерлердің көбі қате жазылған сөздердің астын 

сызып қою керектігін айтады, себебі оқушы осы қателерді түзеп өзінің 

жазу, грамматика салаларындағы біліктіліктігін əрі қарай дамытады. 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Жазуға үйретудің анықтамасы қандай? 

2. Ағылшын тілін оңытудағы жазудың алатын орны қандай? 

3. Жазуды үйретудегі негізгі қиындықтар қандай? 

4. Жазу жүмысының қандай түрлерін білесіз? 

5. Бағдарламадағы жазуға ңойылатын талаптарды аныңтаңыз. 

6. Мүғалімнің  кітабында  қойылған  талаптарды  жазуға,  оқытуға 

қойылатын талаптармен салыстырыңыз. 

7. Сыныптағы оқушылардың қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып 

оларға сай келетін жазу жүмыстарының түрлерін анықтаңыз. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет